Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Медициналық симуляция сценариі





Клиникалық жағдай: «Қолқа саңылауының тарылуы кезіндегі синкопе»

 

Жағдайлық есеп: Сіз – кардиологиялық бөлімшенің ординатор – дәрігерісіз. 39 жастағы ер адам келіп түсті.

Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Зерттеу жоспарын анықтаңыз

Ø Лабораторлы – құралдық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу тәсілін және емдеу жоспарын анықтаңыз.

Соңғы нәтиже (outcomes):

1. Жүрек дерті бар науқастарды сұрастырып және физикальді қарауды жүргізу

2. Қолқа саңылауының тарылуының клиникалық диагностикасының маңызы

3. Электрокардиография, тәуліктік ЭКГ мониторлау, эхокардиография, кеуде торы ағзаларының рентгенографисы, коронароангиография, жүректің сол жақ бөлігін катетеризациялау мәліметтерін интерпретациялау және ақпартты диагностика әдістерінің маңызы

4. Қолқа саңылауының тарылуының салыстырмалы диагностикасының маңызы

5. Қолқа саңылауының тарылуы фонындағы синкопесі бар науқастарды жүргізу тәсілі

 

«Қолқа саңылауының тарылуы кезіндегі синкопе»

клиникалық жағдай бойынша бағалау парағы (check-list)

Емтихан тапсырушының аты-жөні _____________________________________ Күні____________

Емтиханды қабылдаушы______________________________________________

 

Қадамдары бағалау критерийлері Баллдық бағасы
Дұрыс орындады Ескертулермен орындады Орындамады
           
1. Анамнезді жинау 1,0 0,5    
2. Қарау. АҚҚ өлшеу және ЖСС есептеу 1,0 0,5    
3. Өкпе аускультациясы 1,0 0,5    
4. Жүрек ұшын пальпациялау 1,0 0,5    
5. Жүрек аускультациясы 1,0 0,5    
6. Қолқа саңылауының тарылуының болуын негіздеу 1,0 0,5    
7. Алдын ала қойылған диагнозды құру 1,0 0,5    
8. Зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5    
9. ЖҚА, СРБ, АСЛ-О интерпретациялау 1,0 0,5    
10. ЭКГ интерпретациялау 1,0 0,5    
11. Тәуліктік ЭКГ мониторлау нәтижесін интерпретациялау 1,0 0,5    
12. Рентгенограмманы интерпретациялау 1,0 0,5    
13. ЭхоКГ интерпретациялау 1,0 0,5    
14. Коронароангиографияны интерпретациялау 1,0 0,5    
           
15. Жүректің сол жақ бөліктерін катетеризациялау нәтижелерін интерпретациялау 1,0 0,5    
16. Салыстырмалы диагнозды негіздеу 1,0 0,5    
17. Қорытынды диагнозды негіздеу 1,0 0,5    
18. Кардиохирург кеңесінің қажеттілігін негіздеу 1,0 0,5    
19. Науқасты операцияға дайындау бойынша шаралар жоспары 1,0 0,5    
20. Науқаспен оптимальді қатынасты орнатып, қобалжуды басу 1,0 0,5    
Барлығы        

 

Стандартталған әртістке (науқасқа) арналған сценарий тексті және рөлдің сипаттамасы:

Шағымдары: ентігу, кеуде артындағы қысып ауыру сезімі, бас айналу және физикалық жүктеме кезінде талмалар, әлсіздік.

 

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты құру Жауабы
Бас аналулар және талмалар Физикалық жүктемемен олар байланыстыма? Ия. Олар жүктеме кезінде немесе жүктемеден кейін бірден пайда болады
Олар дене қалпының өзгеруімен немесе дәрі қабылдаумен байланысты ма? Жоқ, байланыссыз
Кеуде артындағы ауыру сезімі немен қоздырылады? Қандай жағдайда кеуде артындағы ауыру сезімі пайда болады? Кеуде артындағы ауыру сезімі физикалық жүктеме кезінде пайда болады
Кеуде артындағы ауыру сезімдерінің иррадиациясы Ауыру сезімі қайда беріледі? Жоқ, ешқайда берілмейді
Ауыру сезімінің ұзақтығы Ауыру сезімінің ұзақтығы қандай? 15 минутқа дейін
Ауыру сезімі немен басылады Қандай жағдайда ауыру сезімі басылады? Тыныштықта
Ентігу сипатын анықтау Ентігу кезінде тыныс шығару, әлде тыныс алу қиындайды ма? Тыныс алу
Физикалық жүктемемен ентігудің байланысы Қандай жүктеме кезінде ентігу мазалайды? Шамалы жүктемеде

Анамнезінде: жас өспірім кезінде буындары ауырған және тізе буындары ісінген, бірақ жүрек жағынан өзгерістер анықталмады және ревматизм диагнозы қойылмады. Соңғы айларда ентігу және жүректің жиі соғуы пайда болып, бірітіндеп күшее бастады. Кенет физикалық жүктемені ұлғатқанда бірнеше рет есінен танған.

Объективті: бойы 172 см және салмағы 68 кг. Дене бітімі қалыпты. Тері жабындылары бозарған, шамалы акроцианоз, перифериялық ісіктері жоқ. ТАЖ 24 рет минутына. Өкпесінде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде майда көпіршікті сырылдар естіледі. Күшейген жүрек түрткісі пальпацияланады. Аускультация кезінде: қолқада 2 үннің әлсіреуі, мойын тамырларына берілетін және тұрып тұрған қалыпта азаятын оң жақ 2 қабырға аралықта дөрекі систолалық шу естіледі. АҚҚ 110/70 мм.сб.б., ЖСЖ - 86 рет мин. Бауыры қабырға доғасымен.

 

 

Date: 2016-07-18; view: 299; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию