Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ЖТД (6 курс)және интерн-терапевттерге (7курс) арналған емтихан сұрақтары
1. Инфекциялық аурулар жағдайлардың стандартты анықтауы 2. Тағамдық токсикоинфекциялар. Сүйеніш критериялары, диагностика алгоритмі. Учаскелік дәрігердің тактикасы. 3. Оба. ҚР табиғи ошақтары. Тіркелген іңдеттің стандартты анықтамасы. АҚИ тіркелгенде дәрігердің тактикасы. Ошақта іңдетке қарсы шаралар. 4. Гиповолемиялық шок. Клиникасы. Емдеу принциптері. 5. Инфекциялық қызмет құрылымы және ұйымдастырылуы. Халық арасында тіркелген аурулар құрылымында инфекциялық патологияның орыны 6. Бөртпе сүзегі. Диагностикалық алгоритмі және тексеру жоспары.Ошақтағы эпидемяға қарсы шаралар алдын алу. 7 Туляремия. Тіркелген іңдеттің стандартты анықтамасы. Учаскелік дәрігердің тактикасы. 8. Жедел бауыр энцефалопатиясы. Клиникасы. Қабылдау және жан сақтау бөлмелеріндегі емдеу принциптері. 9. Инфекциялық аурулар принциптері мен диагностикалау тәсілдері. 10 Пастереллез. Ерте диагностика критериялары.Учаскелік дәрігердің емдік тактикасы 11. Диарея синдромы. БДСҰ анықтамасы мен жіктелуі. 12. Бас миінің ісініп-қабынуы. Клиникасы. Емдеу принциптері. 13. Инфекциялық аурулар кабинеті (ИАК). Ұйымдастыру әдістемелік жүмысы. 14. Жедел токсоплазмоз. Заманауи диагностикалық әдістері және этиопатогенетикалық емінің принциптері. Ошақта эпидемияға қарсы шаралар. 15. Қазақстан Республикасында вирустық гепатиттердің өзекті мәселелері. 16. Түйнеменің болжамды және ықтималды стандартты анықтауы. 17.Описторхоз. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Емі. 18.Жедел бруцеллёз жағдайдың стандартты анықтауы. Замануи диагностикалық әдістері және этиопатогенетикалық емінің принциптері. Ошақта эпидемияға қарсы шаралар. 19. Ботулизммен ауырған қауқастардың емдеу принциптері. 20. Инфекциялық аурулардың ерте диагностикасы және оның маңыздылығы. 21. Сіреспе. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы 22.Тағамдық токсикоинфекциялар. Диагностикасы, дифференциалды диагностикасы. 23. Бруцеллёздің емдік принциптері. 24.Серотерапия Принциптері. Антитоксикалық сарысулар. Серотерапияның асқынулары. 25. Ботулизм. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Профилактикасы. 26. Тырысқақ. Диагностикасы, дифференциалды диагностикасы. 27. Қызамық. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Ерте диагностикалау критериялары.Учаскелік дәрігердің емдік тактикасы 28. Вирусты гепатит А. Диагностикалық критерийлері және емі. Алдын алуы. 29. Менингококкцемия. Науқасты емдеу. 30. Инфекциялық-токсикалық шок. Клиникасы, Емдеу принциптері. 31. Инфекциялық науқастарды госпитализациялау ережелері. 32. Геморрагиялық қызбалар (БСГҚ). Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Ерте диагностикалау критерийлері.Учаскелік дәрігердің тактикасы диагностикасы. 33. Дизентерия. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. 34.Дифтерия. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. 35. ПТР- созылмалы вирусты гепатиттердің диагностикасы. 36. Сальмонеллёз. Диагностикалық алгоритмі. Учаскелік дәрігердің тактикасы 37. Тұмау және ЖРВИ. Емханадағы емі. 38. Эхинококкоз. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. 39. Инфекциялық стационарлар және инфекциялық бөлімшелердің құрылымы мен ережесі. 40. Вирусты гепатиттер және жүктілік. Ауру ағымының және науқастарды жүргізудің ерекшелігі. 41. Құтыру. Дифференциалды диагностикасы. Профилактикасы. 42. Листериоз. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы Диагностикасы. Емі. 43. Инфекциялық науқастарды анықтауда ЖПД ролі. 44. Жедел дизентерия. Диагностикасы, екшеу. Учаскелік дәрігердің терапиялық тактикасы. 45. Менингококкты инфекция. Менингит, диагностикалық алгоритмі. Учаскелік дәрігердің терапиялық тактикасы. 46. Герпестік инфекция. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. 47. Инфекциялық науқастарды анықтау, тексеру, ауруханаға жатқызуға жолдама берудегі ЖПД міндеттері мен ережелері. 48. Вирусты гепатит «В». Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. 49. Жедел бруцеллез. Диагностикасы, дифференциалды диагностикасы. 50. Цитомегаловирусты инфекция. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. 51. Инфекциялық ауру ағымының кезеңділігі. 52..Паратиф А, Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникалық көрінісі. Диагностикалық критериялары және учаскелік дәрігердің терапиялық тактикасы. 53. ЖРВИ, дифференциалды диагностикасы. 54. Қызылша. Этиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. 55. Инфекциялық науқастарды тексерудің ерекшеліктері. 56. Вирусты гепатит С. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникалық көрінісі. 57. Сальмонеллёздың диагностикасы және емі. 58. Тілме. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. 59. Инфекциялық аурулардың заманауи өзектілігі. 60. АИВ – инфекция. Жіктелісі. Клиникасы. Диагностикасы. Емдеу принциптері. 61. Емхана жағдайында Вирусты гепатиттердің ерте диагностикасы. 62. Инфекциялық аурулардың кезеңдері және диагностикасы мен емдеуі үшін олардың маңыздылығы. 63. Іш сүзегі. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. 64. Вирусты гепатиттер мен механикалық сарғаюдың дифференциалды диагностикасы. 65. Тырысқақ. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. 66. Жедел вирусты гепатитке күдік туған кездегі учаскелік дәрігердің клиникалық эпидемиологиялық диагнозының критерийлері және терапиялық тактикасы. 67. Аденовирусты инфекция. Этиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. 68. Висцеральді лейшманиоздар. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. 69. Желшешек. Этиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. 70. Вирусты гепатиттердің сарғаюсыз, көмескі, субклиникалық түрлері. Диагностикасының принциптері. 71. Шигеллёздар. Диагностикасы. 72. Инфекциялық аурулар кезіндегі менингиттің синдромы. 73. ЖІИ ошағындағы эпидемияға қарсы шаралар. 74. Вирусты гепатит Д. Этиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. 75. Жеделдеу бруцеллез. Диагностикасы және емі. 76. Эпид. паротит. Этиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. 77. Инфекциялық ауруларды үйінде емдеуді ұйымдастыру. 78. Лептоспироз. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы, диагностикасы. 79. Шигеллездардың диагностикалық критериялары. Лабораториялық мәліметтерді түсіндіру (интерпретация). 80. Геморрагиялық қызбалар (КҚГҚ). Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы, диагностикасы. 81. АИВ –ассоцирленген аурулар және синдромдар туралы түсінік. 82. Шигеллёздар. Учаскелік дәрігердің ерте диагностикалау критерийлері және терапиялық тактикасы. Декреттендірілген контингенттің жүргізу ерекшеліктері 83. Менингококкты инфекциямен науқасты емдеу. 84. Инфекциялық аурулардағы жалпы токсикалық синдромы, олардың соматикалық аурулардан ерекшеліктері. 85. Шигеллездармен ауратың науқастарды емдеу принцептері. 86. Паразитарлы ауруларда бауырдың зақымдануы (описторхоз). Халық арасындағы описторхоздын алдын алуын жүргізілетін ағарту жұмыстары. 87. Қазақстанда және дүние жүзінде АИВ|ЖИТС эпидемиологиялық жағдайы. 88. Безгек. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. 89. Вирусты гепатиттердің диагностикасындағы биохимиялық анализдердің, ИФА (маркерлік диагностика), ПТР (сапалық және сандық анализ, генді типтеу) қорытындыларына интерпретация беру. 90. Емханада инфекциялық ауруларды алдын алу. 91. Түйнеме. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникалық жіктелісі. Клиникасы. Диагностикасы. 92. Созылмалы вирустық гепатиттер. Жіктелуі. Бауыр зақымдануымен өтетін клиникалық синдромдар. 93. Вакцинопрофилактика 94. Созылмалы бруцеллёз. Патогенез ерекшелігі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. 95. АИВ–инфекция. Ерте диагностикасы және екшеу диагностикасы. 96. Тұмау және басқа ЖРВИ- лар профилактикасы. 97. Оба. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. 98. Вирусты гепатиттердің ақыры. 99. Емхана деңгейінде инфекциялық аурулардың диспансеризациясының және реабилитациясының принциптері. 100. Ішектік иерсинеоз. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. 101. Ботулизмның екшеу диагностикасы. 102. Инфекциялық аурулар кезінде қанның жалпы анализіндегі негізгі өзгерістердің түрі. 103. Тырысқақпен ауратын науқастардың қарау және емдік принцептері. 104. Вирусты гепатиттер және гемолитикалық сарғаюлардың дифференциальды диагностикасы. 105. Псевдотуберкулёз. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емдеуі. 106. Жұқпалы аурулардың диагностикасында эпидемиологиялық анамнездің мәні. 107. Сіреспе. Диагностикасы, екшеу диагностикасы. Жоспарлы және шұғыл алдын алуы. 108. Созылмалы гепатиттің диагностикасы. 109. Инфекциялық аурулардағы лимфоаденопатия синдромы. 110. Инфекциялық мононуклеоз. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. 111. Ботулизмнің клиникалық сипаттамасы және ерте диагностикасы. 112. Вирусты гепатиттердің диагностикасындағы иммунологиялық, биохимиялық және морфологиялық тәсілдер. 113. Дизентерияның атиптік және субклиникалық түрлері. Диагностика негіздері. Емдеуі. 114. Парагрипп. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алуы. 115. Тұмаудың алдын алуы мен емдеуінің заманауи жағдайы. 116. Сальмонеллез. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емдеуі. 117. Анафилактикалық шок кезіндегі шұғыл көмек. 118. Менингококты инфекцияға күмән болған жағдайғыда ЖТД тактикасы. 119. Тілме. Этиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емдеуі. Алдын алуы. 120. Сальмонеллёздің диагностикасы және екшеу диагностикасы. 121. АИВ –инфекцияның лабораториялық диагностикасы. 122.Сальмонеллезді емдеу принциптері. 123. Іш сүзегінің асқынулары, диагностикасы. 124. Вирусты гепатиттердің вакцинопрофилактикасы. 125. Туляремия. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. 126. Түйнеменің екшеу диагностикасы. 127. Инфекциялық аурулар ошақтарында жүргізілетін індетке қарсы шаралар. Диареялық синдромы бар науқас адамды тексеру жоспары мен диагностика алгоритмі. 128. Менингококкты инфекция. Менингококкцемия Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы, екшеу диагностикасы. 129. ЖІИ екшеу диагностикасы. 130. Біріншілік терілік аффект синдромымен сипатталатын инфекциялық аурулар 131. АИВ–инфекциясы. Өзектілігі. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. 132. Амебиаз. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. 133. Диарея синдромы кезіндегі ЖТД тактикасы. 134. Вирусты гепатит Е. Эпидемиология ерекшелігі. Клиникасы Диагностикасы. 135. Жәншау /Скарлатина/. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. 136. Аса қауіпті аурулар анықталғанда ЖТД тактикасы. 137. Қызылша. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. 138. Уотерхауза-Фридриксен синдромы. 139. ҚР иммунопрофилактикасының ұлттық күнтізбесі. 140. Іш сүзегі. Диагностикасы. Екшеу диагностиксы. 141. Риновирусты инфекция. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Алдын алуы. 142. Ұзақ қызбамен ауыратын науқастың диагностикалық алгоритмі және тексеру жоспары. 143. Іш сүзегі. Емдеу жоспары. Нәтижесі. Диспансеризациясы. Алдын алуы. 144. Респираторлы-синтециальді вирусты инфекция. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. 145. Қазақстан Республикасында АИВ жұқтырған адамдарға көмек көрсетуді және АИВ–инфекцияның алдын алуын ұйымдастыруына арналған нормативті және заңды құжаттар. 146.Тұмау. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. 147. Терілік лейшманиоз жағдайлардағы стандартты анықтамасы. лабораторлық диагностиканың заманауи әдістері мен этиопатогенетикалық емінің принциптері. 148. Инфекциялық аурулардың лабораторлық диагностикасы және мәліметтердің интерпретациясы. 149. Паратиф А. Этиопатогенетикалық терапияның диагностикалық алгоритмі және принциптері. 150. Сары қызба. Диагностикалық критерийлары. Учаскелік дәрігердің эпидемияға қарсы терапевтикалық тактикасы. 151. Ішек инфекцияда бактериологиялық тексеріске материал жинау ережелері. 152. Тұмау. Лабораторлық диагностикасының алгоритмі. Учаскелік дәрігердің эпидемияға қарсы терапевтикалық тактикасы 153. Ку қызбасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. 154. Қазақстан Республикасында АИВ жұқтырған адамдарға көмек көрсетуді және АИВ–инфекцияның алдын алуын ұйымдастыруына арналған нормативті және заңды құжаттар. 155. Құтыру. Аурудың стандартты анықтамасы. Емдеу принциптері. 156. Ку қызбасы. Диагностикасы, екшеу диагностикасы. Емі. 157. АИВ тесттің оң және теріс қорытындыларында адамдарға кеңес беру ерекшеліктері. Қауіпті топтарға кіретін адамдарға кеңес беру ерекшеліктері. 158. Лептоспироз. Екшеу диагностикасы. Учаскелік дәрігердің эпидемияға қарсы терапевтикалық тактикасы 159. Қызамық және жүктілік. 160. Дизентерия ошағындағы эпидемияға қарсы шаралар 161. Аса қауіпті инфекцияларға (АҚИ) эпидемиологиялық қадағалау жүргізу. ҚР өзекті АҚИ. 162. Инфекциялық мононуклеоз. Диагностикасының алгоритмі. Учаскелік дәрігердің эпидемияға қарсы терапевтикалық тактикасы 163. Жүкті әйелдердегі вирусты гепатиттер 164. Менингококкты инфекцияның ошағындағы эпидемияға қарсы шаралар 165. Анықталған АҚИ стандартты түсініктемелері. Табиғи ошақтық АҚИ.Анықталған жағдайда учаскелік дәрігердің тактикасы. 166. Безгек. Диагностикасының алгоритмі. Емдеу және алдын алу принциптері. 167. Энтеровирусты инфекция.Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. 168. Вирусты гепатиттер ошағындағы эпидемияға қарсы шаралар 169. Ересектер мен жасы 18 айдан жоғары балаларда АИВ инфекция диагностикасының алгоритмі. 170. Кеңе энцефалиті.Табиғи ошақтары. Жіктелісі. Анықталған кеңе энцефалитінің стандартты анықтамасы. 171. Күл ауруы. Диагностикасы, екшеу диагностикасы. Емі. Алдын алуы. 172. АИВ–инфекцияға эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру. 173. Полиомиелит. Аурудың стандартты анықтамасы. Диагностикасының принциптері. Емі, алдын алуы 174. Іш сүзегі. Диагностикасы, екшеу диагностикасы. Емі. Алдын алуы. 175. АИВ–инфекцияның этиологиялық эпидемиологиясы. 176. Орнитоз. Диагностикасының принциптері. 177. Тұмау. Диагностикасының алгоритмі. Емі. Профилактикасы. 178. Іш сүзегі ошағындағы эпидемияға қарсы жұмыстар. 179. АИВ жұқтырудың аса қауіпін тудыратын адамдар топтары арасында алдын алу шараларын ұйымдастыру және жүргізу. 180. Хламидиоз. Учаскелік дәрігердің тактикасы. 181. Брилл-Цинсер ауруы. Клиникалық эпидемиологиялық сипаттамасы. _ 182. Анадан балаға берілетін АИВ-инфекцияның алдын алуы.. Перзентханада және әйелдерге кеңес беру мекемелерде АИВ пен жұқтырылған жүкті әйелдерді қадағалау жүргізу ерекшелігі. 183. Криптококкоз. Учаскелік дәрігердің тактикасы. 184. Жедел дизентерияның және сальмонеллездің екшеу диагностикасы 185. АИВ пен инфицирленгендердің диспансеризациясы. Ересек адамдардың және балалардың «Д» схемасы. 186. Пневмония (оба, түйнеме)синдромымен жүретін инфекциялық аурулар. Клиникасы. Диагностикасы. Учаскелік дәрігердің тактикасы 187. Тропикалық безгек. Клиникасы мен патогенезінің ерекшелігі. Дәрігердің тактикасы 188. АИВ инфекцияда жиі кездесетін оппортунистикалық аурулар. Медикаментозды емі, алдын алуы. 189. Трахеит (тұмау)синдромымен жүретін инфекциялық аурулар. Ерте диагностикалау критерийлері және учаскелік дәрігердің тактикасы 190. Жедел дизентерияның және тырысқақтың нормоволемиялық ағымының екшеу диагностикасы. 191. АИВ инфекцияның терапиялық принциптері.. 192. Түйнеме. Диагностикасының принциптері. Емі. Алдын алуы. Учаскелік дәрігердің тактикасы. 193. Дизентерия. Ерте диагностикалау критерийлері және учаскелік дәрігердің тактикасы. 194. Инфекциялық аурулар реконвалесценттердің шығару принциптері. 195. Эхинококкоз. Диагностикасының критерийлері. Емі. Алдын алуы. 196. Вирусты гепатит В. Диагностикасының принциптері.Емі. Алдын алуы. 197. Инфекциялық аурухана құрылымының ерекшеліктері. 198. Герпетикалық инфекция. Диагностикасы. Екшеу диагностикасы Емі. Алдын алуы 199. Вирусты гепатит А. Этиология. Эпидемиология. Патогенезі.Клиникалықкөрінісі. Учаскелік дәрігердің тактикасы. 200. Инфекциялық аурулар кабинеті. Инфекциялық аурулар алдын алуынұйымдастыру 201. Вирусты гепатит С. Диагностикасының критерийлері. Емі. Алдын алуы 202. Оба. Диагностикасының алгоритмі. Учаскелік дәрігердің тактикасы
Есептер Есеп №1. Науқас Ц., 50 жаста, қала тұрғыны (1 қабаттағы коммун. пәтер) жедел ауырған: жоғары қызба 4 күн бойы, селқостық. Диурездің біртіндеп азаюы, құсу бел аймағының ауырсынуы. Қарағанда: беттің ісінуі, денесінде сызықты геморрагиялық бөртпелер, субсклералық қанқұйылу, гепатолиеналды синдром. Болжам диагнозды атаңыз.
Есеп №2. Науқас К., 30 жаста, құндыз етін бөлшектеген. 3 күннен соң кенеттен дене температурасы 390-400С дейін көтерілді, қалтырау, бас ауыруы, бұлшықеттер ауырсынуы, әлсіздік пайда болды. Сол қолдың білек аймағы терісінде іріңді-қан құрамды көпіршік пайда болған. 2-3 күннен кейін түбі қара струппен жабылған жара түзілген. Қатты ауырсынуы байқалған. Температура барлық күнде жоғары. Анағұрлым ықтимал, болжам диагнозды атаңыз.
№3 Есеп. Клиникаға Ж., жеміс-көкөніс базасында жұмыс жасаушы аурудың 2-ші күні жоғары температура, бас ауыруы, бұлшықет, буын ауырсынуы, іштің, әсіресе оң мықын аймағында ауырсыну, жүрек айну, құсу, кілегейлі сұйық нәжіс шағымдарымен келіп түсті. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері және склерасы шамалы сарғайған, денесінде және аяқ-қолда ұсақ нүктелі бөртпе, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы байқалады, бауыр және талағы ұлғайған. Сіздің болжам диагнозыңыз?
Есеп №4. Науқас, 48 жаста, емханаға аурудың 3-ші күні келіп қаралды. Оң жақ мықын аймағы ауырсынады, жүрек айну, тәулігіне 2-3 рет сұйық нәжіс, дене температурасы 37,80С. Өз ауруын асханадан тағамданған жаңа капустадан жасалған салатпен байланыстырады. Анағұрлым ықтимал диагнозды атаңыз.
Есеп №5. Науқас М., 25 жаста, 5 күн бойы ЖРВИ бойынша дәрігерге қаралып емделген, соңғы 2 күнде температура қалыпты, дегенмен жағдайы нашарлаған: тәбеті жойылған, жүрек айну пайда болған, әлсіздік күшейген, несептің қоңырлануын байқаған. Анағұрлым ықтимал, болжам диагнозды атаңыз.
Есеп №6. Науқас Б., 22 жаста, жедел таңғы сағ. 6.00 дан бастап ауырған қалтырау, эпигастрий аймағы ауырсынуы, іштің өтуіне шағымданады. Қарағанда: дене температурасы 390С, көп реттік құсу, сулы көп мөлшерде сасық иісті нәжіс, «батпақты балшық»тәрізді. Кеше кешкісін ет қосылған салат жеген. Алғашқы диагноз? Есеп №7.Науқас К., 30 жаста, жедел ауырған, қалтырау, бас ауыруы, жүрек айнуы пайда болған. 6 сағаттан соң 3 реттік құсу, дене температурасының 38,60С дейін жоғарылауы қосылған. Келесі күні іштің ауырсынуы сол мықын аймағында байқалған, нәжісі сұйық, аз мөлшерлі, кілегейлі. 10-12 ретке дейін. Диагноз?
Есеп №8. Науқас 25 жаста, аурудың 3-ші күні қатты қалтырау, дене температурасының 390С дейін жоғарылауы, балтыр бұлшықеттерінің ауырсынуы шағымдарымен келіп түсті. Шошқа фермасында бақташы болып жұмыс істейді. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, санасы айқын, температурасы 390С, беті ісінкі, склерасы сәл сарғайған. Тері жамылғысы қалыпты түсті, аяқ-қолдары, денесінде дақты-папулезды бөртпе анықталады. Жүрек-кантамыр, тыныс алу, асқорыту жүйелері патологиялық өзгеріссіз. Қағу симптомы оң мәнді. Жалпы қан анализінде – лейкоцитоз, нейтрофильді ығысумен. Жалпы несеп анализінде – протеинурия, бірен-саран эритроциттер, лейкоциттер анықталады.Қандай диагноз туралы ойлауға болады?
Есеп №9.Ауру жедел басталған. Көп мөлшердегі нәжіспен дефекацияға шақыру, құсу пайда болған. Кейін нәжіс «күріш қайнатпасы» сипат алды, аяқ-қолдардың құрысуы қосылды. Температура бастапқыда субфебрилді, диарея дамуына байланысты 350С дейін төмендеді. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Есеп №10.Науқас 19 жаста, ауру жедел 1-ші тәуліктің соңында дене температурасы 400С дейін жоғарылауымен, қалтыраумен, аяқ-қолдың дисталды бөлігінде ұсақ нүктелі геморрагиялық бөртпенің пайда болуымен басталған. Менингеалды симптом жоқ. Ауыру алдында 7 күн ринитпен ауырған. Диагноз?
Есеп №11.30 жастағы науқаста бір ай бойы толқып тәрізді қызу байқалған, қалтырау және қатты терлеумен қоса жүрген. Қызуды жеңіл көтерген, ірі буындарының тұрақсыз ауырсынуы байқалған. Жақасты және қолтықасты лимфатүйіндері пальпацияланады. Диагноз?
Есеп №12. Науқаста кенеттен дене қызуы 390С дейін көтерілген, қалтырау, бастың ауруы, құсу, кеуде және аяқ-колдың терісінде геморрагиялық бөртпе пайда болған. Ентікпе. Өкпесінде сырыл жоқ. Жүрек соғысы тұйық. Тамыр соғысы байқалмайды. Іші жұмсақ және ауырсынусыз. Бауыр және талақ ұлғаймаған. Керниг симптомы екі жағынанда оң. Тұрғанға дейін желке бұлшық еттерінің сіреспесі(ригидтілігі). Диагнозы, ағымының түрі? Тексеру.
Есеп №13. Іш сүзегімен ауыратын науқаста аурудың 3-ші аптасында кенеттен дене температурасы төмендеген, тершеңдік, тері қабаты бозғылт, тахикардия, АД-70/30, ұйыңқы тәрізді сүйық нәжіс пайда болды. Науқаста қандай асқыну пайда болды? Қандай шұғыл шара қолдану керек?
Есеп №14. Іш сүзегімен ауыратын науқастың қызуы қалпына келгеннен кейін 21 күні жағдайы нашарланды: бас ауырсынуы, әлсіздік, үйқысыздық, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының 37,40С, кейін 380С дейін көтерілуі пайда болған. Қарағанда: тері қабаты бозғылт, іш терісінде бірен-саран розеолалар пайда болған. Тахикардия, гипотония. Тілі ылғал, тамыр астында қалың жабындымен жабылған. Іші біркелкі ісінген. Бауыр мен талақ ұлғайған. Қараған кезде илеоцекалді аймағында «крепитация» байқалады.Науқастың нашарлануын немен байланыстырады?
Есеп №15.Науқас М. 50 жаста, тері оңдеуші, ауруханаға аурудың 4-ші күні сол жақ бетінің ісінуне және көздің сыртқы аймағына аздап шиқан шыққан шағымдарымен келіп түсті. Дене температурасы 390С болған. Келесі күні бетінің ісігі және көзінің шиқаны ұлғайған. Сол тәулікте жоғары қабақта түссіз көпіршік пайда болған. Лайық терапия қолданғанда процес кері даму алды. Диагнозы? Тән емі?
Есеп №16.Науқас П. 18 жаста, кенет бас ауруы, дене сырқырауы, құрғақ жөтел, мұрының бітелуіне шағымданған. Объективті қарағанда дене қызуы 390С, беті гиперемияланған, ісінген, айқын конъюнктивит, склерит. Жұмсақ таңдай кілегей цианозды түспен гиперемияланған. Ішкі ағзаларында өзгерістер жоқ. Дене қызуы 390С. Клиникалық диагнозды көрсетіңіз. Диагнозды тез анықтайтын лабораторлық әдістерін атаңыз. Науқасты бақылау тактикасы.
Есеп №17.Науқас 70 жаста. Аурудың 5-ші күні. Бас ауру, нашар ұйқы мазалаған. Қарағанда: склерасының инъекциясы, беттің қызаруы. Кеуде және аяқ-қолдар терісінде розеолезді петехиальді бөртпе қаптап кеткен. Жүрек тондары тұйық. Тахикардия. Гепатолиеналді синдром. Менингеалді симптомдары жоқ, Анамнезден қойылған: науқас 20 жыл бұрын бөртпе сүзегімен ауырғаны анықталды. Сіздің анықталған диагнозыңыз? Тексеру жоспарын құрыңыз.
Есеп №18.Науқаста 7 күн бойы дене қызуы жоғары. Бас ауру, нашар ұйқымен шағымданады. Об-ті: склерасының инъекциясы, 2 күн бұрын кеуде және аяқ-қолдарында розеолезді петехиальді бөртпе пайда болған. Жүрек тондары тұйық. Пульс 100 рет/мин. Өкпесінде сырыл жоқ. Бауыр және талағы ұлғайған. Менингеалды симптомдары күмәнді. Анағұрлым ықтимал, диагноз және тексеру жоспары.
Есеп №19.Науқас аурудың 5-ші күні емханаға жалпы әлсіздік, бас ауру, жағдайының нашарлауы, аздап құрғақ жөтел, ұйқысыздық, тәбеттің төмендеуі шағымдарымен келді. Ауруы біртіндеп басталған, 1-ші күні дене қызуы 37,30С, келесі күні 37,60С, 4-ші күні 380С болған. Об-ті: дене қызуы-38,50С, адинамия, тері жамылғысы бозғылт, жұтқыншақтың гиперемиясы. Катаралды көріністер жоқ. Тілі ылғалды, қалыңдау, түбірі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, аздап үлкейген. Бауыр қабырға доға астында пальпацияланады. Талағы ұлғаймаған.Диагнозды анықтау үшін тексеру жоспары? Қандай ауру болуы мүмкін
Есеп №20. Науқас К., әлсіздік, жүрек айну, дене қызуының көтерілуі, склерасының сарғаюы, зәрдің қоңырлауы шағымдарымен келіп түсті. Эпиданамнез: науқас балық аулаумен айналысады. ауырғанына 1 жылдай, оң жақ қабырға астының ауырсынуы болған. Объективті: жағдайы орташа ауыртпалықта. Склерасының, тілінің жүгеншік шырыштысының және жұмсақ таңдайының аздап сарғыштығы байқалады. Тері жабындысының түсі әдеттегідей. Бауыры ұлғайған, ауыршаң. Талағы қараған кезде сезілмейді. Қан анализінде: Л-12000. П-5%, Э-40%, лимф.-4%, М-11%, РОЭ-24мм/сағ, тік билирубин 38 ммоль/л.Сіздің диагнозыңыз? Тексеру жоспарын құрыңыз. Есеп 21.Науқасқа С. 28 жаста әлсіздік, жүрек айну, тәбетінің төмендеуі, дене ызуының көтерілуі, склерасының сарғаюы, зәрдің қоңырлауы шағымдарымен келіп түсті. Объективті қарағанда жағдайы орташа, тахикардия, склерасының аздап сарғыштығы байқалады. Бауыр ұлғаймаған, іштің оң жақ қабырғасы ауырсынады. Қан анализінде: Л-10.000, П-5%, Э-70%, с -13%, лимф.-4%, М-8%, РОЭ-14мм/сағ, тік билирубин 40 ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз? Анағұрлым ықтимал, болжам диагноз және тексеру жоспары. Емі.
Есеп №22 Науқас тамыз айында еңбек демалысын ауылда өткізіп келген. Кешікпей әлсіздік, кешке дене қызуы 38,20С, тершеңдік, кейін дене қызуы толқын тәрізді сипат алды. Бұлшық еттерінде, буындарында ауырсыну пайда болған. Науқас жұмысын жасай берген, дәрігерге 3-4 ай бойы қаралмаған. Оң жақ аталық ұрық безінің аймағында ісіну пайда болып, ауырсыну күшейгесін дәрігерге қаралған.Қандай ауру туралы ойлауға болады?Тексеру жоспарын және емін құрастырыңыз.
Есеп №23.Учаскелік дәрігерге ауылда тұрып жатқан 42 жастағы азамат буындарының ауырсынуымен әсіресе жамбас-сан буынның, тершеңдік, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі және дене қызуының көтерілуі шағымдарымен келді. Райт реакциясы оң, титрі 1:400, Хедельсон реакциясы +++. 2 аптадан кейін азамат Т. жанұясында 40 жастағы әйелі және 12 жастағы қызы ауырған. Ауру жедел басталған, дене қызуы жоғары болған. Одан басқа жанұясында 3 жасар баласы болған, ол ауырмаған. Азамат Т-нің жеке шаруашылығында сиыр және 5 қой бар. 3 жасар баласынан басқалары малға қарауға қатысқан, шикі сүт ішкен. Инфекция көзімен жұқтыру жолын көрсетіңіз және эпидемияға қарсы шаралар өткізіңіз. Есеп 24.Науқас Б., 29 жаста, аурудың 2-ші күні әлсіздікке, көз алдында заттың көбеуіне, құсу, ауызының құрғақтануына шағымданады. Қарағанда: дене қызуы 36,90С, қабағының птозы, мидриаз, анизокория, дауысының қарлығуы. 2 күн бұрын үйде дайындалған саңырауқұлақтің консервісін жеген. Болжам диагнозы?
Есеп №25.Науқастауызының құрғақтануы, қалтырау, құлақ сырғалығының артында ауырсыну пайда болған. Аурудың 2-ші күні. Дене қызуы 380С. Оң құлақ алдында ретромандибулярлы аймағына дейін таралған ісік бар. Қараған кезде ауырсынбайды. Регионарлы лимфадениті жоқ. Бауыры мен талағы ұлғаймаған.Сіздің диагнозыңыз?
Есеп №26. Науқасі жедел ауырған, нәжісі жиі, сулы иіссіз. Құсу болмаған, дене қызуы қалыпты. Об-ті: t-360С, тері қабаты салқын, құрғақ. Тілі құрғақ. Өкпесінде өзгерістер жоқ. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 120 рет/мин, АД-80/40 мм с.б. Іші тартылған, шұрылдайды. Ішін қараған кезде ауырсынбайды. Сіздің диагнозыңыз? Тексеру жоспары және емі.
Есеп №27. Науқас 51 жаста, 6 күн бойы ауырған, әлсіздік, дене сырқырауы, бастың ауруы, жүрек айну, ұйқысыздық, оң жақ қабырға астының ауырсынуы пайда болған. Кейін зәрісі қоңырланғанын байқаған, ал 3 күні туыстары оның сарғайғанын айтқан. Сұрастырған кезде анықталған: тіс дәрігерінде емделген. Об-ті: жағдайы орташа ауылықта. Тері қабаты мен склерасы сарғайған.Бауыры 3см. қабырға доғасы төмен, қараған кезде сезіледі. Қан анализінде: Л-6700, П-6%, Э-70%, лимф.-42%, М-12%, РОЭ-4мм/сағ, тік билирубин 97 мк/моль, тік емес-40мк/моль, холестерин-5ммоль, сулема-1,92,тимол-12ед. АЛАТ-2,5,АсАТ-1ммоль.Сіздің диагнозыңыз?
Есеп №28. Апта бойы 7 сынып оқушысының дене қызуы 380С-38,30С. Мұрын бітелуі, жөтел, бас ауруы. Қарағанда: фолликуласы айқынырақ артқы жақ бадамшабезінің аймағы және жұтқыншақ доғашығы гиперемияланған. Оң жақ көзі ісінген, конъюнктивасы нәзік қабықпен жабылып гиперемияланған. Бауыры ұлғаймаған. Сіздің диагнозыңыз? Тексеру жоспары және емі.
Есеп №29. Науқас 25 жаста аурудың 10-ші күні буындарының ауырсынуы, әлсіздік, тәбететінің төмендеуі, жүрек айну шағымдарымен дәрігерге келді. ИФА мен қанды зерттегенде: NBsAT, анти- Hbcor, IgM, анти- HAV IgG. Сіздің қорытынды интерпретацияңыз?
Есеп №30. Науқас И., 35 жаста, неврологиялық емханаға оң жақ бетінің парезі диагнозымен келіп түсті. 13 күн бұрын құлағаннан кейін мұрынның оң жақ қанаты жарақаттанып тері қабаты зақымданған. Медициналық көмегіне жүгінбеген. Емханаға түскенде науқас ауызын ашуға талаптанғанда мимикалық бұлшық еті тартырып және ауырсынған себептен аузын ашалмайды. Сондықтан «сардоникалық күлкі» түріне ұқсайды. Диагнозы? Емі.
Есеп №31. Науқас тұрып қалған ет котлетін жегеннен 4 сағаттан кейін ауруханаға келіп түсті. Симптомдары: жиі құсу, сулы нәжіс және айқын гипотония. Болжам диагноз? Емдеу шаралары?
Есеп №32. Инфекциялық бөлімшеге аурудың 3-ші күні науқас аздап тамағының ауырсынуы, әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының 37,5-380С дейін жоғарлауы, дауысының тембрі өзгеру шағымдарымен келді. Об-ті: жағдайы орташа, тері қабаты бозғылт, жұтқыншағы гиперемияланған, бадамшабезінің гипертрофиясы, домалақ тәрізді, бетінде доғашығының және кішкентай тілшігінде таралған сұр маржан түсті қабықшамен жабылған, оны сыпырып алып байқаған кезде қансырайды. Тілшігінің рефлексі төмендеу.Теріастылық жасушасы ісік емес. Жақасты және мойының артқы лимфатикалық түйіндері қараған кезде білінеді. Өкпесіндегі тынысы везикулярлы. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған, пульс 89 рет/мин, АД-110/70 мм с.б. іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыр мен талақ ұлғаймаған.
Есеп №33. Науқас Н. вокзалдан жедел жәрдеммен жеткізілді. Іштің ауырсынуы, жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс шағымдарымен келіп түсті. 2 сағат бұрын үй тағамдарымен тамақтанған. Қарағанда тері қабаты бозғылт, тілі ақ жабындымен жабылған, эпигастрий аймағындағы ауырсыну.
Есеп №34. Науқас, 18 жаста учаскелік дәрігерге тамақтың, бастың ауырсынуы, нашар күй, дене қызуының 38,80С дейін көтерілуі, науқастанып жүргеніне 10 күн болған. Дәрігер қарағанда баспа, жақасты және мойының артқы лимфатикалық түйіндерінің, бауыр және талақтың ұлғаюы, склераның және тері қабатының субиктериялығы, лейкоцитоз, лимфомоноцитоз болған.
Есеп № 35. Науқас 25 жаста, учаскелік дәрігерге нәжістің тұрақсыздануы, тәбеттің төмендеуі шағымдарымен келді. Өзін 6 ай бойы ауырып жүргенін айтады. Шілде айында ауыл шаруашылық жұмыстарында болған, арықтан су ішкен. Ішінің оң жағында ауырсыну пайда болған, күніне 4-10 рет жиі сулы нәжіс. Бисептол қабылдағаннан кейін нәжісі тұрақталған. Кейін сұйық нәжіс жиі мазалаған. Объективті: дене қызуы 37,20С, тәбеті төмендеген. Іштің оң жақ мықынасты аймағы ауырсынады. Жартымсыз, көп мөлшерлі әйнектәріздес шырышты, канмен араласқан нәжіс. Сіздің диагнозыңыз? Тексеру жоспары?
Есеп №36. Тырысқақпен ауыратын науқастың сусыздану дәрежесін келесі симптомдарымен көрсетіңіз: көп мөлшерлі құсу, сұйық нәжіс, естен тану, құрысу. Тері қабаты құрғақ, үстаған кезде салқын. Еріннің, мұрын ұшының цианозы. Түрі ұшталған, көзі шүңірейген. Ауыз қуысының және конъюктиваның шырыштысы құрғақ, гиперемияланған. Афония. Есеп №37. Науқас А., 37 жаста, қабылдау бөлімшеге ессіз күйінде түсті. Ауру саңырауқұлақ соусын жегеннен 3 сағаттан кейін, қатты ауырпып түскен. Жағдайы ауыр. Дене қызуы қалыпты. Акроцианоз. Коллапс. Ауруы іштің қатты шаншып аурудан және қайталамалы құсудан басталған, кейін іші өткен. Нәжәсі көп мөлшерлі, сулы. Науқас 3 күн бұрын Үндістаннан келген.
Есеп №38. Науқас М.40 жаста, аурудың 1-ші күні іштің ауырсынуы, жүрек айну, құсу шағымдарымен келіп түсті. Объективті: дене қызуы 38,60С, тері қабаты бозғылт, тілі ақ жабындымен жабылған, ішін қараған кезде эпигастрий аймағында жай ауырсыну болған. Анағұрлым ықтимал, болжам диагноз және тексеру жоспары.
|