Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Медициналық симуляция сценариі





Клиникалық жағдай: «Он екі елі ішектің ойық жара ауруы».

Ситуационная задача: Сіз – ОАА қабылдау бөлімінің кезекші дәрігерісіз.Сізге 56 жастағы ер адам қаралады.

Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Зерттеу жоспарын анықтаңыз

Ø Лабораторлы – құралдық зерттеулердің мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу және емдеуін анықтаңыз

 

Қорытынды нәтиже:

1. Сұрауды жүргізу (толықтылық, шағымдарды анықтау, ауру және өмір анамнезін нақтылап, анықтау)

2. Асқазан-ішек жолдарының аурулары бар науқасты қарап тексеру

3. Ойық жара ауруының диагностикасы(клиникалық мәліметтер)

4. Жалпы қан анализін, жалпы зәр анализін, биохимиялық қан анализін (АЛТ, АСТ, билирубин, глюкоза), нәжісті жасырын қанға тексеру, ЭФГДС

5. Ойық жара ауруы бар науқасты жүргізу тәсілі

 

«Он екі елі ішектің ойық жара ауруы» клиникалық жағдай бойынша

бағалау парағы (check-list)

 

Емтихан тапсырушының коды ______________________ Емтихан күні______________

Емтиханды қабылдаушы___________________________________________________

 

 

Қадамдарды бағалау критерийлері Баллдары
Дұрыс орындады Ескертулермен орындады Орындамады
  Шағымдарды жинау Шағымдарды нақтылау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? 1,0 0,5  
  Анамнезін жинау Анамнезді, соның ішінде жанұялық анамнезді айқындау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? 1,0 0,5  
  Физикальді қарау (терісін, шырышты қабаттарын және т.б.) 1,0 0,5  
  Тыныс алу жүйесі. Қарауды дұрыс жүргізу 1,0 0,5  
  Жүрек қан-тамыр жүйесі. Қарауды дұрыс жүргізу 1,0 0,5  
  Іштің пальпациясы – беткей және терең 1,0 0,5  
  Бауыр шекараларын анықтау 1,0 0,5  
  Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу 1,0 0,5  
  Лабораторлы – құралдық зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5  
  Салыстырмалы диагноз 1,0 0,5  
  Лабораторлы зерттеу – жалпы қан анализін, жалпы зәр анализін, биохимиялық қан анализін интерпретациялау 1,0 0,5  
  ЭФГДС мәліметтерін интерпретациялау 1,0 0,5  
  Қорытынды диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу 1,0 0,5  
  Емдеу тәсілін анықтау 1,0 0,5  
  Өмір сүру және ем дәмді өзгерту бойынша ұсыныстар 1,0 0,5  
    Базисті терапияны тағайындау   1,0 0,5  
  1,0 0,5  
  1,0 0,5  
  Келесі амбулаторлы бақылауды тағайындау жоспары 1,0 0,5  
  Науқаспен коммуникация нәтижелігі 1,0 0,5  
баллдардың ҚОРЫТЫНДЫСЫ      

Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:

Тамақтанғаннан кейін 2-3 сағат өткен соң, аш қарынға және түнде, тамақты, әсіресе сүтті қолданғаннан кейін басылатын эпигастридегі (көбірек оң жақтағы) сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Сонымен қатар қыжылдау, қышқылмен кекіру, кейде жеңілдікке алып келетін құсу мазалайды.

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты тұжырымдау Жауабы
Ауру сезімінің сипатын, оның орналасуын анықтау Іштегі ауру сезімінің сипаты қандай: жедел, сыздаған, күю, ұстама тәрізді? Ауру сезімі іштің қай бөлігінде? Эпигастрийде, көбінесе оң жақтағы сыздаған ауру сезімі
Тамақ қолданумен ауру сезімінің байланысы Тамақтан кейін ауру сезімі қай уақытта пайда болады? Ауру сезімі тағам қолданғананан кейін 2-3 сағаттан соң пайда болады
«Түнгі» және «аш қарындық» ауру сезімі Түнде немесе аш қарында ауру сезімі мазалайды ма? Ауру сезімі жиі аш қарынға және түнде мазалайды
Ауру сезімінің ұзақтығы Ауру сезімі қанша уақытқа созылады? 1-1,5 сағат көлемінде
Ауру сезімін жою Неден кейін ауру сезімі басылады? Тамақтан, әсіресе сүттен кейін басылады. Кейде Алмагель қабылдаймын, ол маған көмектеседі
Іштегі ауру сезімінің иррадиациясы Ауру сезімі оң, сол жақ қабырға астына, арқаға, жауырын ортасына беріледі ме? Жоқ
Диспепсиялық белгілер Кекіру, қыжылдау, құсу, кекіру мазалайды ма? Ия, қышқылмен кекіру, қыжылдау, жүрек айну қатты мазалайды. Кейде өзім құсықты шақырам, себебі содан кейін жағдайым жақсарады.
Ауру сезімінің физикалық жүктемемен байланысы Физикалық жүктемеден кейін ауру сезімі пайда болады ма? Жоқ
Үлкен дәретінің сипаты Іш қату, іш өтуге бейімділік бар ма? Соңғы кездері мені іш қатулар мазалайды
Ем дәм ерекшеліктері Сіздің ас үлесіңізде қандай тағамдар жиі болады? Бұрын ащы, тұзды, майлы тағамдарды, қою кофе жақсы көретінмін. Бірақ соңғы кездері бұл тағамдар ауру сезімін және қыжылдауды туындатады.
Ішімдік Сіз ішімдік қолданасыз ба? Қаншалықты жиі және қанша мөлшерде қолданасыз? Аптасына 2 рет 1 литр сыра қолданамын.
Темекі тарту Сіз темекі тартасыз ба? Қанша жыл? Күніне қанша темекі тартасыз? 20 жыл тартамын. Күніне 2 қорап темекі тартамын.
Науқаста және туыстарында басқа да созылмалы аурулардың болуы Сізде, туыстарыңызда АІЖ, бауырдың, жүректің созылмалы аурулары бар ма? Мен 5 жыл бұрын гастрит бойынша емделгенмін

Анамнезінде: Тамақтанғаннан кейін 2-3 сағат өткен соң, аш қарынға және түнде, тамақты, әсіресе сүтті қолданғаннан кейін басылатын эпигастрийдегі (көбірек оң жақтағы) сыздаған ауру сезімі 2 ай мазалайды. Сонымен қатар қыжылдау, қышқылмен кекіру, кейде жеңілдікке алып келетін құсу мазалайды. Дәрігерге қаралмаған, аталған симптомдар ем дәмді сақтағаннан кейін басылады. Жағдайының нашарлауы ем дәмді бұзғаннан кейін бірнеше күн мазалайды. Алмагель қолданғаннан кейін эпигастрийдегі ауру сезімі басылды, бірақ кейін түнде және аш қарында қайта мазалайтын болды.

Объективті: Жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Бойы 176 см, салмағы 60 кг. Тері жабындылары таза, қалыпты түсте. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 74 рет мин. АҚ 120/80 мм сб.б. Тілі ал-қызыл, ылғалды. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастрийде ауру сезімді (әсіресе оң жағында). Бауыры, көк бауыры ұлғаймаған. Үлкен дәреті таңертең болған, қалыпты. Зәр шығаруы еркін, ауру сезімінсіз. Ісіктері жоқ.

ЖҚА: Эритроциттер 4,3х1012, гемоглобин 131 г/л, ТК 0,9 лейкоциттер 6,2х109/л, с/я 62%, т/я – 2%, эозинофилдер 3%, лимфоциттер 28%, моноциттер 5%, ЭТЖ 3 мм/с. ЖЗА: мөлшері 100,0 мл, салыстырмалы салмағы – 1021, түсі – сары лейкоциттер – 0-1 к/а.
Биохимия: жалпы билирубин 12,7 ммоль/л, глюкоза – 4,3 ммоль/л АЛТ – 18 Ед/Л. АСТ – 14 Ед/л, Уреазды тынысты тест - +++ (оң)

ЭФГДС: Өңештің өтімділігі еркін, шырышты қабаты ал-қызыл түсті. Инсуффляция кезінде асқазан қатпарлары еркін ашылады. Асқазанның антральді бөлігінде шырышты қабаты қызарған. Асқазанда шамалы мөлшерде шырыш анықталады. Қақпа қалты еркін өтімді, қызарған, ісінген. Он екі елі ішек пиязшығының кілегейі қызарған, ісінген, борпылдақ. Алдыңғы қабатында нәзік фибринмен қапталған, қызыл түсті 0,8 х 1,0 см, дөңгелек пішінді, шеттері тегіс ойық жара анықталынады.

 

 

«Он екі елі ішектің ойық жара ауруы»

Date: 2016-07-05; view: 311; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию