Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шетел тілі сабағында коммуникативтік ойындардың рөлі





«Ойынсыз, ертегісіз, әнсіз, фантазиясыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі деген болмайды», - деп атақты педагог Сухомлинский ойынға ерекше мән берген.

Шетел тілін мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргеннен кейін де шетел тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, щетел тілін мектепте оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты – оқыту әдіс-тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.

Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін мұғалім алдын ала жоспар құрып алуы тиіс. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:

Ойының өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес келуі;

Ойынға бөлінетін уақыттың нақыт белгіленуі;

Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т.б. нақтылануы қажет;

Ойынға қажетті мтериалдардың түгел дайындалып қойылынуы;

Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал-мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы;

Пысықталатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық материалдардың анықталуы;

Ойынның өту барысының жоспары жасалынуы;

Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі. Ойынның бір ерекшелігі, ол қушылардың сабақта өздерін еркін ұстауаларына, ойларын қысылмай айтуға жағдай жасайды. Бастауыш сыныптарға шетел тілі сабағын қызықты етіп өткізу үшін сабақта мына ойындар қолданылады.

Фонетикалық ойындар;

Әріптерге байланысты ойындар;

Оқу ережесіне байланысты ойындар;

Сөйлеу қабілетін дамытуға арналға ойындар;

Грамматикалық ойындар;

Сан есімге арналған ойындар;

Алғаш әріптерді үйреткеннен бастап әрбір әріптен келетін зат көрсетіп өтсек, онда ол әріп оқушының есінде қалады.

Мысалы:

A a – ananas

B b – bonbon

C c – chien

D d – dauphin

Сонымен қатар әрбір әріпті дұрыс қатесіз жазуда бастауыштан басталады. Ол үшін арнайы дәптер немесе әріпті мұқият тақтаға жазған дұрыс. Дыбыстарды толық меңгерген оқушы өздерді дұрыс оқи алады. Оны дұрыс оқыту, оның қатесін дұрыстау әр мұғалімнің міндеті.

Шетел тілі – қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шетел тілі оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екіаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолдануда.

Шетел тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстынмды жаңа тәсілдерін пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық теғхнологиялардың алатын орны зор. Интернет арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқытуға және грамматикаға арналған тесттерімен жұмыс істей алады.

Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды. Қазақстан Республикасының мемлекет аралық тілі – шетел тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммункативтік технология арқылы оқыту тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Оқытушы сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыға үйретуге тиісті ақпараттармен білім қорын жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық-коммункиациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі.

 

Date: 2016-07-05; view: 843; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию