Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Инвестициялық климат пен тәуекелдер
Бұл бөлімде инвестициялық климаттың жеке басты факторларына баға беріп, олардың даму үрдістерін жақсару немесе нашарлау жағдайында қарастыру қажет. Жобаның сәтті жүзеге асырылуымен байланысты тәуекел факторларын бағалау қажет. Бизнес-жоспарда (ең болмаса ұлғайтылған) тәуекелдердің талдауы және оларды төмендетудің амалдарының барлығы осындай жобалардың пайдасына есептеліп, инвесторлардың қызығушылығын арттырады. Бизнес-жоспарды дайындау барысында келесі тәуекелдерді қарастыру жөн: 1. Технологиялық тәуекел. o Технологияның пайдаланылғандығы, жабдықтардың бар болуы, жөнділігі, жөндеуге жарамдығы; қосалқы бөлшектердің барлығы, қосымша жабдықтардың болуы; o Қызмет көрсетуші қызметкерлерді даярлау, жобамен қамтылған жағдайда кадрлық құрамның импорттық жабдықты қабылдау қабілеті; персоналды оқыту жоспарда бар ма, монтажға шетелдік мамандардың қатысуы; o Егер технология өндірісте игеріліп жатса – оның тұрақты және сенімділігіне сенім неге негізделеді; o Ұқсас түпкілікті тауарға ауысқан жағдайда технологиялық диверсификациялау мүмкіндігі. 2. Ұйымдық және басқарушылық тәуекел. o жұмысты орындаудың жоспар-кестесіның барлығы және оны орындаудың кепілдігі; барлық қатысушылардың жоспар-кестесін нақты орындауға қызығушылығының болуы; o ұйымдық олқылықтарды қайталау мүмкіндігі; o мамандандырылған басқарушы қызметкерлердің болуы (менеджерлерді сертификаттау); o жергілікті администрациямен қарым-қатынастар (оның жобаға қатысуға қызығушылығын көрсететін дәлелдерді келтіру өте маңызды); o шешімі жергілікті администрациямен қарым-қатынастарға тәуелді сұрақтарды көрсету. 3. Шикізатпен қамтамасыз ету тәуекелі. o басты шикізатты жеткізушілер туралы ақпаратты талдау: шикізат қорын қамтамасыз ету мүмкіндігі; o басқа шикізатқа көшу мүмкіндігі; o шикізаттыкірістік бақылауды ұйымдастыру мүмкіндігі. 4. Қаржылық тәуекел. o қазіргі қаржылық жағдай (тұрақты, қанағаттандырарлық, тұрақсыз); o несиені өтеу көздері; o жобаға қатысушылардың төлемеу мүмкіндігі. 5. Кепілзат пен кепілдіктер бойынша тәуекелдер. o кепілзаттың бар болуы, несиені өтеудің кепілдігі; o кепілзаттың өтімділігі (бағалы қағаздардың өтімділік дәрежесі) және материалдық кепілзаттарды тиімді пайдалану мүмкіндігі (жабдықтар, тауар, жылжымайтын мүлік). 6. Экономи калық тәуекелдер. o құнсыздану, өзара төлемеушілік сияқты мәселелердің шиеленісуіне әкелетін елдегі экономикалық жағдай нашарлаған болса, заңды тұлғаның экономикалық жағдайының тұрақтылығы; o шикізат, көлік, энерготасымалдаушы бағалары мен тарифтердің өсу мүмкіндігін бағалау, олардың дайын өнім құнына әсер етуін бағалау; o возможность снижения платежеспособного спроса на продукцию в районе ее реализации и его влияние на общий баланс товарно - денежных активов юридического лица; наличие запасных рынков сбыта. 7. Салы климатымен байланысты тәуекелдер. Ықтимал салық заңнамасының қатаюы заңды тұлғаның қаржылық жағдайын қанша нашарлатуы мүмкін. 8. Экологиялық тәуекелдер, қалдықтардың қоршаған ортаға жоспарланбаған шығарылуы үшін мүмкін айыппұл шаралары, олардың заңды тұлғаның экономичкалық жағдайына әсері. 9. Сақтандыру өтемін алмау тәуекелі. o Сақтандырудың болуы, сақтандыру шарттарының жіті қарастырылуы. 8. Ұйымдық жоспар (басқару және кадрлар) Бұл бөлімде келесі аспектілер қарастырылуы керек:
Аржылық жоспар 1. коммерциялық банктердің немесе басқа қарыз берушілердің (шетелдіктерді қоса алғанда) несие беруге келісімдері осы ұйымдардың сәйкес басшыларымен құжатты түрде расталған болуы керек, несие беру шарттары міндетті түрде көрсетілуі керек: мемлекеттік кепілдіктің бар болуы, пайыздық мөлшерлеме, несиені беру және өтеу мерзімдері, қосымша талаптар. Облыстық бюджеттен қайтарымды және ақылы қаржы алу туралы өтініш сұратылып отырған қаржының мақсатты жұмсалатыны туралы міндеттемемен нығайтылған болу керек. Салынған қаражат жойылған жағдайда талапкер мемлекеттік кепілдікті алуға тырысса, осы бөлімде тәуекелдерді сипаттап, кепілдіктің маңыздылығын негіздеу керек. 2. Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың қаржылық нәтижесі (пайда бойынша жоспары) өндірілген өнімді сатудан түскен түсімдердің бөлінуін, тоқсандар мен жылдар бойғы таза пайданың көлемін көрсетеді. 3.Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтаудың бастапқы деректері болып ақша түсімдері мен төлемдер жоспарының деректері табылады. Жобаны іске асырудың алғашқы екі жылы бойынша көрсеткіштер тоқсан бойынша бөлінумен көрсетіледі. Жобаның іске асырылатынының басты шарты болып әр уақыт интервалындағы ақша ағынының оң мәні табылады. 4. Инвестициялық жобаның тиімділігі таза дисконтталған кіріс көрсеткіштері кірістілік индексі, кірістіліктің ішкі нормалары, өтемділік мерзімі, залалсыздық межелі, бюджеттік әсер бойынша бағаланады. 5. Өтемділік мерзімі – осы бизнес-жоспар бойынша жобаны жүзеге асыруды бастаған уақыттан бастап, амортизациялық шығындарды қосқанда жинақталған таза кіріс пен инвестициялық шығындар арасындағы айырмашылықтың мәні оң болған уақыт аралығы. Таза дисконтталған кіріс, кірістілік индексі, кірістіліктің ішкі нормалары, өтемділік мерзімі – тиімділік талаптары. Осы тиімділік талаптарын есептеу барысында дисконттау мөлшерлемесі конкурсқа құжаттарды өткізген уақытта бағалы қағаздарды қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен кем болмау керек. Жобаның тиімділігін анықтау кезінде таза кіріс мен амортизациялық шығындар көрсеткіштері тек инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысына қатысты есептеледі, жұмыс істеп тұрған ұйымныңағымдағы шаруашылық қызметіне қатысты емес. 6. Залалсыздық пайда әкеле бастаған межелі өнімді өткізу көлеміне сәйкес келуі тиіс. Еспетлеген өнімді өткізу (шығару) көлемі жасалып жатқан кәсіпорынның жобалық қуатымен салыстырылады. Залалсыздық межелі тұрақты табыстардың мөлшері мен өнім бағасынынң әр түрлілігіне қатынасын өнімді өткізу көлеміне бөлгенде есептеледі. 7. Бюджеттік әсер – инвестициялық жобаның әсері осы жобаны жүзеге асыру барысындағы түсімдер мен облыстық бюджеттің төлемдері арасындағы сальдо. Есептерде түсімдер көлемі мен төлемдерді жобаны жүзеге асыру жылдары дисконттау жүргізіледі. Date: 2016-11-17; view: 356; Нарушение авторских прав |