Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Арт адамдардың әлеуметтік – медициналық реабилитациясы.





Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыста әр түрлі формалар мен әдістер қолданылады. Олар ұйде әлеуметтік көмек көрсету, шұғыл әлеуметтік қызмет және мекен – жайлық әлеуметтік қызмет пен көмек көрсету, тағы басқаларын жатқызуға болады. Бұл жүйеде әр түрлі мекемелер қызмет көрсетеді: күндізгі бөлімшелердің келуі, стационарлық мекемелер және арнайы қарт адамдар үйі.

Қарт адамдар әлеуметтік – медициналық реабилитацияны ерекше қажет етеді.

Қартаю мен ауыру — өте байланысты болып келеді, яғни екеуін бір деп қарастырады. Қартаюдың құралдары ретінде қол таяқтарды, жөтелді, мүгедектер арбасын жатқызамыз. Бірақ Америка Құрама Штаттарының көптеген зерттеулерінің көрсетуі бойынша, қарт адамдарда белсенді бола алады.

Әрине жасы жеткен сайын адамдарға медициналық көмек көп қажет етіледі. Яғни қартайған адамдарда әртүрлі аурулар түрлері байқалады. Олар кордиологтың, невропотологтың, геронтологтың көмегін қажет етеді. Қоғамның дамуын кең көлемде емханалардың, ауруханалардың, демалыс үйлері мен санаторилердің болуы көрсетеді. Мұндай мекемелер қарт адамдардың денсалығы үшін өте қажет.

Қарт адамдардың ауруының бір түрі – қарттық маразм болып табылады. Бұл организмнің өмірлік нышанының төмендеуін және мидің жұмыс атқару қызметінің төмендеуін көрсетеді. Осы аурумен ауырған адамдардың күш – қуаты әлсіздеп, психологиялық іс – қимылдың толық тоқталуы байқалады. Ол негізінен терең кәрілік шақта немесе аурудың қозған кезінде болады.

Көп жағдайда бұл ауру отбасының, жолдастарын, қоғамдағы өзінің мағынасының жоғалуымен байланысты. Осыдан барып ол өзінің керек емес екндігін түсінеді және сезінеді. Кейде ол ақыл – есінің кетуіне де әсерін тигізеді. Ондай ауруға шалдықпас үшін «сенім телефондары», қарт адамдар орталығы, олармен қарым – қатынас жасау мекемелері көмектеседі.

Зерттеулердің көрсетуі бойынша, есін жоғалтуды кішкене жоғалтуды тоқтатуға болады. Ол үшін қарт адамдардың психологиялық кемшілігіне, жасына, түріне, ортасына қарамай, олрмен жақсы қарым – қатынас жасау керек.

Қарт адамдардың келесі ауруының түрі бұл – қартаю шағындағы алкогализм. Алкогализм – бұл барлық жастағы ауру түрі, бірақ қарттар үшін ол өте үлкен мәселе болып табылады.

Қарт адамдар арасындағы мүгедектік те үлкен мәселе болып табылады. Сонымен қатар үлкен мәселелердің қатарына қарт адамдардаң құлағының естімей қалуы мен көзінің көруінің нашарлауын жатқызуға болады. 1993 жылдағы наурыздағы бүкіл дүние жүзілік конференцияда Америка Құрама Штаты соңғы 10 жылда жақсы сапалы есту аппараттарын шығаруда көптеген еңбектерін сіңірді.

Қарт адамдардың денсаулығы, ауру түрлері олардың өмірлік дәңгейіне, жақсы тамақтануына, өмірлік іс — әрекетіне, әлеуметтік қарым – қатынасына байланысты болып келеді. Егер адам жас кезінен дұрыс тамақтанса,спортпен шұғылданып, бос уақытын дұрыс өткізе білсе, ондай адамдар көп ауруға шалдыға қоймайды.

 

Әлеуметтік қызметкер қарт адамдардың физиологиялық денсаулығына мән беру керек, яғни оларды күнделікті споттық жаттығулармен айналысуға шақыру керек. Практикалық тәжіртбелердің көрсетуі бойнша қарт адамдардың өздерінің денсаулығын жақсарту үшін әртүрлі ойындарда, марафондарда, суық суға шомылу, шаңғы тебу жарыстарына қатысу керек.

Әрине, көп жағдайда ауру адамдар марафондық жарыстарға қатысуды ойламайды.(АМН Геронтология институтының зерттеу жұмыстары жүргізген бойнша, Ресейде 12 пайыз қарт адамдардың және 25 -30 пайыз одан үлкендердің көбісі төсек тартқан адамдар). Қартаю және адам денсаулығының нашарлауы медециналық көмекті әрдайым көрсетуді, үйге барып емдеуді, қарттар үйінде, ауруханаларда емдеу түрлерін қажет етеді.

Өмір ұзақтығы мәселесін қорыта келсек:

Көптеген мемлекеттердің зерттеу жүргізуі бойынша, қарттардың ұзақ өмір сүруі олардың өмірінің деңгейінің жақсылығы,м оның ішінде еңбек халінің жоғарылығы, дұрыс тамақтануы, әлеуметтік – материалдық жағдайының жақсы деңгейіне байланысты. Ғылымда дәлелденгендей, адамдардың өмірлік ұзақтығы биологиялық көрсеткіші бойынша 90 – 100 жыл болу керек. Ал кейбір зерттеушілердің айтуынша адамдардың өмір ұзақтығы 110 – 120 жылға дейін бару керек. Көп мемлекеттерде ұзақ өмір сүрген адамдар жеке аудандарда бұл көрсеткіш жақсы дамыған. Сонымен қатар дамыған елдерде адамдардың өмір ұзақтығының өсу көрсеткіші жоғарлауда. Бірақ жеке этаптарда, яғни соғыс, эпидемия, аштық және тағы да басқа кездерде бұл көрсеткіш төмендеді. Мысалы, Ресейде орташа өмір сүру деңгейі XX ғасырдың 30 жылдарында 45 жас болса, 80 жылдары 73 жасқа көтерілді.

 

Date: 2016-11-17; view: 386; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию