Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ғылыми мақалаларын рәсімдеудің ережесі мен үлгісі





Мақалаларды дайындаған кезде келесі ережелерді басшылыққа алу керек.

Көлемі 3 беттен 5 бетке дейін, пішімі – А 4; тек doc және rtf пішімінде ғана, MS

Word редакторын пайдалану.

Шрифтің мөлшері 12 pt Times new roman (сyr), жоларалық интервал – дара,

барлық жағынан ашық шеттері 2 см, ені бойынша түзетілген, азат жолдың басындағы бос жер 0,8 см, кітаптық бағдар, автоматты тасымалдау, «әдеттегі» стиль.

3. Парақта мәтінді орналастыру:

1 жол – жұмыстың атауы (БАС ӘРІПТЕР, ортасы бойынша түзету, жартылай қою шрифт);

2 жол – бос;

3 жол – автордың (лардың) тегі, аты, әкесінің аты. Ортасы бойынша түзету;

4 жол – мекеме, қала (егер де ол мекеменің атына кіретін болса, қала көрсетілмейді). Ортасы бойынша түзету;

Одан әрі бір интервалдан кейін, мақаланың мәтіні болады (ені бойынша түзету).

4. Мақала аңдатпадан (бос жерлерімен қоса 800-1000 белгі, 7-8 жолдан аспайтын) және қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі негізгі сөздерден тұруы керек. Аңдатпа оның тақырыбы және құрылымы туралы жинақталған ұғым беретін, ғылыми шығарманың мазмұнының қысқаша сипаттамасы болып табылады. Аңдатпа мәтіннен басқа, 3 т. сәйкес рәсімделген, тақырыпты, авторлардың тегін, атын, әкесінің атынан, мекемені, қаланы қамтуы керек. Негізгі сөздер мақала мазмұнының барынша толық ашылуын қамтуы керек. Әрбір нақты материал үшін, олардың мағынасы тәртібімен, 5-6 негізгі сөзді (key words) беріңіз, яғни, мақаланың ең маңызды негізгі сөзі тізімде бірінші болуы керек. Тізімді салдыр-салақ немесе дұрыс жасамау, бұл сұраныстар бойынша, сайтқа сіздің жұмысыңызға қызықпайтын, бөгде адамдардың кіруіне алып келеді. Ұсынылған мақалаға қатысты, негізгі сөздерді (key words), көптеген заманауи ақпараттық жүйелердің, мәнмәтіндік іздеуді тек ғылыми жарияланымдардың атаулары мен аңдатпалары бойынша ғана жүзеге асыратындығын есте ұстай отырып, Abstract қосу керек.

5. Жалпы қабылданған қысқартулармен ғана шектелген жөн және оған жеткілікті түрде негіз болмаса, жаңа қысқартулар енгізуге жоламау керек. Енгізілген қысқартулардың мағынасын ашып жазған жөн.

6. Кестелерде, суреттерде, формулаларда нышандарды, белгілерді белгілеген кезде әртүрлі оқылулар болмауы керек. Суреттер айқын, таза болуы керек. Мәтіндегі суреттерде және кестелерде сілтемелер болуы керек. Барлық суреттердің және кестелердің атаулары болу керек.

Өлшем бірліктерінің, физикалық, химиялық, техникалық және математикалық өлшемдердің қабылданған қысқартуларын қоспағанда, сөздерді, есімдерді және атауларды қысқартуға жол берілмейді. Мәтінде формулалардың саны аз болуы тиіс. Формулалар сәйкес редакторда (математикалық және химиялық формулаларға арналған) терілуі керек. Кестелердің тақырыбы болуы керек, бос жолдардың қалуына жол берілмейді. Шартты қысқартуларды және нышандарды ескертуде түсіндіру керек.

Суретті материалдар мына пішімдерде ұсынылады: фотолар, суреттер үшін - tiff немесе jpeg (ақ-қара және түрлі түсті үшін 300 dpi); кескіндеме, диаграмма, сызбалар және т.с.с. үшін - exls, cdr. Суреттің артқы жағында немесе оның астында автордың тегі, мақаланың аты мен суреттің нөмірі көрсетіледі. Суреттер мәтін бойынша орналастырылуы тиіс және міндетті түрде жеке файлдар түрінде тіркелуі керек (ол кейін беттеу кезінде пайдаланылатын болады). Сурет астындағы жазулар, мақаланың соңында жеке тізіммен жазылады. Мақаланың соңындағы қолжазбаға барлық авторлар қолдарын қояды.

 

Тапсырма. Микротоптармен жұмыс. Мәтіннің мазмұнымен танысыңыз. Кілтті сөздерді табыңыз. Олар қандай тақырыптық топтарға жататынын анықтаңыз? Мәтіннің негізгі тақырыбын және тақырыпшаларын атап беріңіз. Мәтіннің бөліктерін орыс тіліне аударыңыз.Сұраулы жоспар құрыңыз.

А. Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрек экскреторлық орган ретінде организмнен азоттық зат алмасу өнімдерін – мочевинаны, креатинді, мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т.б. бөтен заттарды шығарады. Бүйректің басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа түседі.Несеп ағар – трубка тәрізді орган, оның бас жағының диам. 2 – 4 мм, ұзындығы 30 см-дей. Несеп ағар төмен қарай, кіші жамбасқа түсіп, одан әрі қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несеп ағарға өтуіне жол бермейді. Қуық – дөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл, кіші жамбаста орналасқан. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Зәр шығарушы канал – несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығарылады. Дені сау адам тәулігіне 4 – 6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей). Зәр шығару жүйесінің көп таралған аурулары: нефрит, пиелонефрит (бүйректің қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы), уретрит (несеп түтігінің қабынуы), т.б. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі.

Ә. Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе – адам мен жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын органдары. Теңізде тіршілік ететін қарапайымдардың организмінен бөлініп шығатын өнімдер (несеп, тер, т.б.) сыртқы ортаға диффузия арқылы немесе жиырылғыш вакуолялар көмегімен шығады. Төменгі сатыдағы көп клеткалы су жәндіктерінде (губка, ішекқуыстылар) және аз қозғалатын теңіз жануарларында (тікентерілілер) олар сыртқы ортамен байланысқан қуыстар арқылы шығып отырады. Төменгі сатыдағы құрттарда, сондай-ақ, приапулид, кейбір аннелид және полихеттердің дернәсілі мен моллюскілердің Зәр шығару жүйесі қызметін арнайы протонефридий түтікшелері атқарады. Бұл түтікшелердің бір ұшы сыртқа ашылады, ішкі жағы ерекше клеткалардан тұрады. Буылтық құрттардың көпшілік түрінің Зәр шығару жүйесі – метанефридий (метамерлі орналасқан жұп түтікше). Моллюскілерде мезодермадан дамыған зәр шығару органдарын целомодукта деп атайды. Ал шаянтәрізділердің Зәр шығару жүйесі – мишық безі (бастағы өскін түбінде орналасқан без).

Б. Зәр шығару жүйесі — адамның ағзасында, дәлірек, қанда, болатын зат алмасу процесі кезінде бөліп шыққан сұйық күйдегі соңғы қалдық заттарды сыртқа бөліп шығарып, ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе.
Зәр шығару жүйесіне кіретін бүйректе жаңадан қан түзетін гемопоэтин гормоны мен қан қысымын реттейтін ренин гормоны түзіледі. Егер зәр шығару жүйесінде ақау пайда болса, салдары ауыр болуы ғажап емес. Асқынған түрі кейде адам өліміне әкеп соғады.
Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер мыналар: қос бүйрек пен қос несеп ағар (зәр ағар); қуық, несеп жолы (несеп шығатын жол).
Қан тамырлары арқылы тасымалданатын қалдық заттардан бүйректе үнемі зәр түзіледі. Ол зәр несеп ағар арқылы қуыққа жетіп отырады. Қуықта жиналып қалған зәр несеп жолы арқылы сыртқа шығарылады. Тірлік етушілердің зәр шығару түтікшесі (несеп жолы) жыныс мүшесінен бөлінетін заттарды да шығаратын болғандықтан ол мүшені несеп-жыныс түтігі деп те атайды. Ұрғашыларда несеп түтікшесі (несеп жолы) қынаптың аузында (алдыңғы бөлігі — уретра) ашылады.
Зәр — сабанның түсіндей ашық сары болып келетін мөлдір сұйықтық. Егер зәрдің түсі қою сары немесе қоңыр түсте болса, денсаулық тұрғысында қиындық туындағанын, яғни, ақау пайда болғандығын білдіреді.

Date: 2016-11-17; view: 551; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию