Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






йымдастырылған оқу қызметінің тақырыптық жоспары.

Арастырылды Бекітемін

«Ақбота» мектеп жасына «Ақбота» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дейінгі балаларға арналған

мекеме КМҚК мекеме КМҚК директоры

әдістемелік кеңесінде ________ А.Б.Кишкиндаева

«____»_____ 2016 ж. «____»_____ 2016 ж.

 

.

Оқу жылына арналған

йымдастырылған оқу қызметінің тақырыптық жоспары.

Топ: «Тұлпар»екінші кіші

Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыптар Мақсаты,міндеттері ҰОҚ саны
  Құртақандарға арналған үйшік   Мақсаты:Заттардың ішінен берілген екі (ақ, қызыл) түсті заттарды таңдап алу қабілеттерін қалыптастыру. Міндеттері:1.Түстің әртүрлі заттардың белгісі болып табылатынын және олардың сипатын білдіру үшін қолданылуы мүмкін екенін көрсету; 2. Ұсақ қол моторикасын жетілдіру; 3. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.  
  Суретті құрастыр   Мақсаты: Геометриялық фигураларды беттестіру арқылы суретті құрастыру. Міндеттері:1.Геометриялық пішіндерді атауды, оларды салыстырып, түстерін атай білуге үйрету; 2.Балалардың тілдерін дамыту; 3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.  
  Көңілді балықшылар   Мақсаты:Балаларды судың қасиетімен таныстыру (тұнық, жылы, сұйық және т.б.). Міндеттері:1.Балаларды әртүрлі тәсілдермен судан затты алу дағдысына жаттықтыру; 2.Ұсақ қол моторикасын дамыту; 3.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.  
  Көкөністер Мақсаты: Дөңгелекті сопақтан айыра білу қабілеттерін қалыптастыру. Міндеттері:1.Дөңгелекті сопақшадан ажырата білуге үйрету; 2.Заттармен жұмыс істеу ептіліктерін дамыту; 3.Бір біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.  
  Күзгі жапырақтар Мақсаты: Заттардың түстері жайлы білімдерін бекіту. Міндеттері:1.Заттарды түстері (қызыл,сары, жасыл) бойынша іріктеуге үйрету; 2.Ұсақ қол моторикасын дамыту; 3.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.  
  Түрлі–түсті мозайкалар Мақсаты: Заттарды түстеріне қарай кезекпен қою қабілеттерін қалыптастыру. Міндеттері:1.Балалар назарын түстің әртүрлі заттарды бейнелеу үшін қолданылуы мүмкін екенін, түстері бойынша нысандарды алмастыруды үйрету; 2. Түстер туралы білімін жетілдіру; 3. Жұмысты тиянақты орындауға тәрбиелеу;  
  Қуыршаққа арналған дәмділер (көлемдері әр түрлі заттарды екі топқа бөлу) Мақсаты: Көлемдері әр түрлі заттарды екі топқа бөлу дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері:1.Балаларды өлшемі мен түсі бойынша әртүрлі геометриялық фигураларды кезектестіруге үйрету; жеке қызыл, көк түстер туралы түсінікті бекіту; 2.Ұсақ бөлшектерді бауға тағуды орындай отырып, ұсақ қол моторикасын дамытуды жалғастыру; 3.Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу;  
  Түрлі– түсті фигуралар Мақсаты: Геометриялық фигураларда түсіне қарай кезектестіріп орналастыруға үйрету (дөңгелек, төртбұрыш). Міндеттері:1.Түрлі түсті геометриялық пішіндерді – шеңбер мен үшбұрышты орналастыруды үйрету; 2. Ұсақ қол моторикасын жетілдіру; 3.Жұмысты тиянақты орындауға тәрбиелеу;.  
  Түрлі– түсті таяқшалар Мақсаты:Затарды көлеміне қарай салыстыра білуге және оларды көлеміне қарай орналастыра білуге үйрету. Міндеттері:1.Әртүрлі заттарды өлшемі бойынша салыстыруды және оларды үлгідегідей орналастыруды үйрету; 2.Ойлау қабілетін дамыту; 3.Бір біріне көмекетесе білуге тәрбиелеу;  
  Дөңгелек күн Мақсаты:Геометриялық фигуралар туралы білімдерін тиянақтау (үшбұрыш, дөңгелек,шаршы). Міндеттері:1.Балаларға таныс геометриялық фигуралар (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) туралы білімді бекіту; 2.Қабылдауды, есте сақтауды, ойлауды дамыту; 3.Талпынушылық пен білуге құмарлыққа тәрбилеу.  
  Таңертең. Үлкен – кіші. Бір – көп. Мақсаты: Таңертең- тәулік бөлігімен таныстыру. Міндеттер:1.Таныс заттарды көлеміне (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету; 2.Айналасындағы бірдей бір және көп затты таба білу дағдысын дамыту; 3.Шыдамдылыққа және қызығушылыққы тәрбиелеу;  
  Күндіз. Шеңбер. Бір-көп. Мақсаты:Күндіз-тәулік бөлігімен таныстыру.Шеңбер туралы түсініктерін қалыптастыру, заттарды салысты ра білуге үйрету. Міндеттері:1.Таңертең күндіз тәулік бөлігін ажырата білулерін қалыптастыру.Сөйлеу барысында осы сөздерді қолдануға және осы сөзді сөйлеу барысында пайдалануды үйрету; Заттың санымен (бір-көп) таныстыруды жалғастыру, геометриялық фигура-шеңбермен таныстыру, шеңбердің көлемі жағынан әртүрлі (үлкен-кіші) болатынын түсіндіру; 2.Шеңберді сезім-қозғалыс түйсіктері арқылы зерттеу қабілеттерін дамыту; 3.Танымдылық қызығушылыққа тәрбиелеу;  
  Кеш.Үлкен–кіші.Бір-көп. Мақсаты:Кеш-тәулік бөлігімен таныстыруды жалғастыру,тәулік бөлігін ажырата білулерін қалыптастыру. Міндеттері:1.Кеш тәулік бөлігімен таныстыруды жалғастыру. Үлкен- кіші түсініктерін бекіту; заттарды көлеміне қарай сәйкестендіру қабілетін пысықтау; 2.Бір зат қайда, көп зат қайда тұрғанын ажырата білу қабілеттерін дамыту; 3.Танымдылық қызығушылыққа тәрбиелеу;  
  Түн. Бір-көп.Шеңбер. Мақсаты:Тәулік бөлігі- түнмен таныстыру;өлең мәтінінде тәуліктің қай мезгіліайтылғанын ажырата білуге үйрету. Міндеттері:1.Тәулік бөлігі түнмен таныстыруды жалғастыру. Заттар жиынтығын салыстыруды, бір зат қайда көп зат қайда тұрғанын ажыратуды үйрету; 2.Шеңбер пішінді заттардың суретін салуды жаттықтыру; 3.Зерделілікке тәрбиелеу.  
  Сол жақта-оң жақта. Заттарды сәйкестендіру. Дөңгелек. Мақсаты:Сол жақта-оң жақта кеңістік түсініктерін қалыптастыру.өзінен тікелей бағыттағы кеңістікті ажырата білуге үйрету. Міндеттер:1.Саны жағынан әркелкі заттарды салыстыруды, қайсысы оң қол, қайсысы сол қол екендігін ажыратуды, қоршаған ортада дөңгелек пішінді заттарды сезім-қозғалыс және көру қабілеті арқылы табуды үйрету 2.Оң жақ, сол жақтарын табуға жаттықтыру; 3.Тәрбиешінің тапсырмасын тиянақты орындауға тәрбиелеу;  
  Таң, күндіз, кеш,түн. Мақсаты: Үлкендер мен балалардың іс әрекетінен тәулік мезгілін ажырата білуге үйрету. Міндеттері:1.Тәуліктің қарама қарсы мезгілдерін айыра білу:таңертең-кеш,күндіз-түн.Жапсырманы дайын пішіндерге кезектілікті сақтай отырып жапсыру тәсілдерін үйрету; 2.Қағаз бетінде бағдарлауды (сол жақта-оң жақта) жетілдіру; 3.Жұмысын орындағанда ұқыпты болуға тәрбиелеу;  
  Шаршы.Ұзын-қысқа. Сол жақта-оң жақта. Мақсаты: Геометриялық фигураларды атау және тану, шаршы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Міндеттері:1.Ұзындығы жағынан бір-біріне қарама-қарсы затты (ұзын-қысқа) салыстыруға үйрету. Геометриялық фигура – шаршымен таныстыру; 2.Сезім-қозғалыс түйсіктері арқылы зерттеу қабілеттерін дамыту; 3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу;  
  Алыс-жақын. Шаршы. Мақсаты:Суреттегі және өзіне тікелей байланысты орналасқан кеңістіктегі заттар туралы ұғым қалыптастыру, ата көрсету және ажырату (алыс-жақын). Міндеттері:1.Заттардың кеңістікте орналасуын (алыс-жақын) ажырату мен атауға үйрету; 2.Көру қабілетн дамыту; 3.Ұжым болып жұмыс жасауға тәрбиелеу;  
  Жоғарыда төменде. Логикалық тапсырма. Мақсаты:Заттардың суреттегі және өзіне тікелей байланысты кеңістікте орналасу бағытын ажыратып,атап көрсету қабілетін дамыту (жоғарыда-төменде). Міндеттері:1.Заттардың кеңістіктегі бағыттарын (жоғарыда-төменде) ажырата атай білуге үйрету. 2.Қоршаған ортада геометриялық фигураларға сәйкес келетін заттарды табу қабілеттерін дамыту; 3.Бірігіп жұмыс жасау қызығушылығына тәрбиелеу;  
  Алыс-жақын. Логикалық тапсырма. Мақсаты:Заттардың суреттегі және өзіне тікелей байланысты кеңістікте орналасу бағытын ажыратып,атап көрсету қабілетін дамыту (алыс- жақын). Міндеттер: 1.Заттардың кеңістіктегі бағыттарын (алыста-жақында) ажырата атай білуге үйрету. 2.Қоршаған ортада геометриялық фигураларға сәйкес келетін заттарды табу қабілеттерін дамыту; 3.Бірігіп жұмыс жасау қызығушылығына тәрбиелеу;  
  Үшбұрыш. Бір-көп. Мақсаты:Жаңа геометриялық фигура – үшбұрыш ұғымын қалыптастыру, геометриялық фигураларды тану және олады атау. Міндеттері:1.Таныс заттарды көлеміне (үлкен –кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыра білуге үйрету.Жаңа геометриялық фигура –үшбұрышпен таныстыру. Үшбұрышты заттарды табуға үйрету. 2.Үшбұрышты сезім-қозғалыс түйсіктері арқылы зерттеу қабілеттерін дамыту; 3.Сурет салғанда,дайын жапсырмаларды жапсыруда ұқыпты болуға тәрбиелеу;  
  Биік- аласа. Сол жақта-оң жақта. Мақсаты:Суретте және кеңістікте заттардың орналасу бағытынажырату мен атап көрсету (биік-аласа). Міндеттері:1.Таныс заттарды биіктігіне қарай (биік-аласа) салыстыруды, қағаз парағының оң жағын, сол жағын ажырата білуге үйрету. 2.Суреттегі және өзіне тікелей бағыттағы кеңістікті бағдарлай білу қабілетін дамыту; 3.Жолдасына көмек көрсетуге тәрбиелеу;  
  Дайын пішіндерді жапсыру. Мақсаты:Қағаз парағының бетінде бағдарлай білуге үйретуді жалғастыру. Міндеттері:1.Қағаз парағының оң жағын, сол жағын ажырата білу қабілеттерін бекіту; 2.Суреттегі және өзіне тікелей бағыттағы кеңістікті бағдарлай білу қабілетін дамыту; 3.Жолдасына көмек көрсетуге тәрбиелеу;  
  Ұзын-қысқа. Мақсаты:Ұзындығы жағынан бір-біріне қарама-қарсы екі затты салыстыруды үйрету. Міндеттер:1.Ұзындығы жағынан бір-біріне қарама-қарсы(ұзын-қысқа) екі затты салыстыруды үйрету; 2.Сезім –қозғалыс түйсіктері арқылы көру жадын дамыту; 3.Зерттеу жұмыстарына қызығушылығын тәрбиелеу;  
  Фигуралар туралы өткенді пысықтау. Бір-бірінің үстіне қойып және жанына қойып салыстыру амалдары. Мақсаты:Геометриялық фигуралармен таныстыруды жалғастыру. Міндеттері:1.Шеңбер,үшбұрыш–геометриялық фигуралармен таныстыруды жалғастыру; 2.Сезім-қозғалыс түйсіктері арқылы зерттеу қабілеттерін дамыту; 3.Тәрбиешінің тапсырмасын тиянақты орындауға тәрбиелеу;  
  Биік – аласа. Бір – көп. Мақсаты:Суретте және өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасу бағытын ажырату мен атап көрсету (биік – аласа). Міндеттері:1.Кеңістіктегі бағыттарды анықтауға (биік-аласа),таныс заттарды санына қарай салыстыруға үйрету; 2.Суреттегі және кеңістіктегі бағыттарды ажырата және атай білу қабілеттерін дамыту; 3.Бірлесіп ойнайтын ойындарға қызығушылықтарын тәрбиелеу;  
  Алдында – артында. Мақсаты:Суретте өзіне тікелей жақын кеңістіте орналасқан заттардың бағытын ажырату (алдында- артында) түсініктерін қалыптастыру. Міндеттері:1.Суретте және кеңістікте заттардың орналасу бағытын(алдында-артында) ажырату және айтуға үйрету; 2.Дөңгелек пішінді заттардың суретін салу қабілеттерін дамыту; 3.Тәрбиешінің айтқанын тыңдауға тәрбиелеу;  
  Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу. Мақсаты:Заттарды саны бойынша салыстыру дағдыларын қалыптастыру. Міндеттер:1.Заттар тобын санына қарай салыстыруға үйрету. 2.Баланың көру жадын,ойлау қабілетін дамыту; 3.Жағымды сезімталдыққа тәрбиелеу;  
  Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу. Мақсаты:Заттарды саны бойынша салыстыру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру. Міндеттері:1.Бір-бірінің үстіне қою және жанына қою тәсілі арқылы заттарды салыстыруды үйрету; 2. Баланың көру жадын,ойлау қабілетін дамыту; 3.Жағымды сезімталдыққа тәрбиелеу;  
  Алыс - жақын. Биік – аласа. Оң жақта – сол жақта. Мақсаты:Балаларда кеңістік бағыты болатыны туралы түсінік қалыптастыру. Міндеттері:1.Қағаздың оң жағын-сол жағын бағдарлай білуді(алыс-жақын,биік-аласа,оңжақта-сол жақта) үйрету; 2.Дайын пішіндерді жапсыра алу қабілеттерін дамыту; 3.Тәрбиешінің нұсқауын дұрыс орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу;  
  Алдында–артында. Оң жақта – сол жақта. Мақсаты:Кеңістік бағыты туралы түсінікті қалыптастыруды жалғастыру. Міндеттері:1.Кеңістікте оң жағын-сол жағын, алдын-артын бағдарлай білуді үйрету; 2.Кеңістікте, қағаз бетінде бағдарлай білу қабілеттерін дамыту; 3.Тәрбиешінің нұсқауын дұрыс орындауға, зейінді болуға тәрбиелеу;  
  Шаршы,шеңбер, үшбұрыш. Мақсаты:Геометриялық фигуралар туралы түсініктерді қалыптастыру. Міндеттер:1.Қоршаған ортадан геометриялық фигураларға сәйкес келетін заттарды табуға, салыстыруға үйрету; 2.Көру және түйсігі арқылы заттарды зерттеу қабілеттерін дамыту; 3.Ықыластыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу;  
  Геометриялық фигуралар. Мақсаты:Геометриялық фигуралар туралы түсініктерін тиянақтау. Міндеттері:1.Шаршы, шеңбер, үшбұрышты атап, айыра білуге үйрету; 2. Қоршаған ортадан геометриялық фигураларға сәйкес келетін заттарды табу қабілеттерін дамыту; 3.Тәрбиешінің нұсқауын дұрыс орындауға, байқампаз болуға тәрбиелеу;  
  Үлкен–кіші. Биік–аласа. Мақсаты:Әртүрлі заттар тобын көлеміне қарай айыра білуге үйрету. Міндеттер:1.Бір-бірінің үстіне қою арқылы (үлкен-кіші, биік-аласа) заттарды салыстыруды үйрету; 2.Заттарды оң қолмен солдан оңға қарай орналастыруды жаттықтыру; 3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу;  
  Үлкен–кіші. Ұзын– қысқа. Мақсаты:Әртүрлі заттар тобын ұзындығына қарай айыра білуге үйрету. Міндеттері:1. Бір-бірінің үстіне қою арқылы (үлкен-кіші, ұзын-қысқа) заттарды салыстыруды үйретуді жалғастыру; 2. Көру, байқау қабілетін дамыту; 3 Тәрбиешінің. нұсқауын дұрыс орындауға тәрбиелеу;  
  Заттардың ұзындығы Мақсаты:Ұзын, қысқа, ұзынырақ, қысқалау сөздерін пайдаланып, заттарды салыстыра білуге үйрету. Міндеттері:1.Бір-бірінің үстіне қою арқылы заттарды салыстыруды үйретуді жалғастыру, ұзын,қысқа, ұзынырақ сөздерін дұрыс қолдануға жаттықтыру; 2.Байқампаздығын, көру қабілетін дамыту; 3.Өз бетімен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу;  
Барлығы:  

 

 


<== предыдущая | следующая ==>
Порядок выполнения задания | Задание {{ 195 }} ТЗ 195 Тема 3-7-0

Date: 2016-11-17; view: 712; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию