Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні және формалары
Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары мыналар: 1) Халықаралық сауда; 2) Халықаралық несие; 3) Өндірістік факторлардың (еңбек, капитал) халықаралық ауысуы; 4) Халықаралық ғылыми – техникалық байланыстар; 5) Экономикалық интегр Макроэкономикалық құбылыстар мен процестер көптеген үй шаруашылығы мен фирмалардың қабылдаған шешімінің нәтижесінде пайда болады, сөйтіп микродеңгейде қалыптасады. Дегенмен сыртқы экономикалық байланыстарды, яғни оның ашықтық деңгейін ескермесек, кез келген ұлттық экономиканы талдау толық болмас еді. Ұлттық экономиканың өзара әрекет ету заңдылықтарын зерттей отырып, халықаралық сауданың себептерін, төлем қозғалысы, сол сияқты сауда қарым-қатынасын, оның қоғам игілігіне әсерін регламенттеуші және айқындаушы экономикалық саясатқа көңіл бөлу қажет. Мемлекеттердің табыстары мен төлемдерінің балансын талдауды талап ететін сыртқы тепе-теңдікке қол жеткізу макроэкономикалық мәселе болып табылады, себебі мұндай баланстың болмауы ішкі экономикалық саясатты жүзеге асыруда біраз проблемалар тудыруы мүмкін. Ең ежелгі және дәстүрлі халықаралық экономикалық қарым-қатынас формасы сыртқы сауда болып табылады. Халықаралық сауда қатысушы елдер арасындағы жиынтық тауар айналымы. Жекелеген елдер үшін ол импорт және экспорттан тұрады. Халықаралық сауданың себептерін зерттеу – халықаралық сауданың әр алуан теорияларының басты мәселесі. Халықаралық сауданың классикалық теориясының негізін салушы ағылшын экономистері А.Смит, Д.Рикардо. Олар халықаралық сауданың көмегімен мамандануды дамытып, өздерінде бар ресурстардың өнімділігін көтеріп, осылайша шығарылатын тауарлар мен қызметтердің көлемін ұлғайта алатынын, демек сол арқылы әр ел халқының тұрмыс жағдайын жақсартатын құрал екенін дәлелдеді.
XX ғасырдың басында швед экономистері Э.Хекшер, Б.Олин өндіріс факторлары арақатынасының теориясын жасап шығарды.
«Леонтьев парадоксы» Хекшер-Олин теориясын дамытуға мүмкіндік берді: 1) бір жағынан, барлық өндіріс факторларын еңбекке, капиталға, жерге әкеп тіреуге болмайды, екінші жағынан, өндіріс факторларының біртектес емес екенін, яғни оның сапасын есепке алу керек; 2) табиғи ресурстың бір бөлігі өндіріс процесінде тек капиталдың үлкен ассоциациясы арқылы қатыса алады; 3) мемлекетпен жүргізілетін сыртқы сауда саясатының халықаралық мамандануға әсерін ескеру керек. Экономистер осы күнге дейін дүниежүзілік саудадағы жаңа тенденцияларға түсінік алу үшін өндіріс факторларының арақатынасы теориясының негізгі тұжырымдарын қалайша жаңартуға немесе ауыстыруға болатындығы жөнінде пікір таластырып келеді. Бұл мынадай неотехнологиялық теориялардың тууына әкелді: - төмендеуші шығындар теориясы (немесе «масштаб эффектісі»); - технологиялық айырылу теориясы; - өнімнің өмірлік цикл теориясы; - бәсекелестік артықшылықтар теориясы. Сыртқы сауда экспорт, импорт сыртқы сауда айналымы туралы мәнді ұғымдардың көмегімен бағаланады. Экспорт мен импорттың ақша өлшеміндегі барлық сомасы сыртқы сауда айналымын құрайды, ал елдің экспорты мен импортының арасындағы айырма сыртқы сауда балансын көрсетеді. Сыртқы сауданың бұл көрсеткіштерінен басқа да көрсеткіштер есептеледі: экспорттық квота, сыртқы сауда квотасы. Сыртқы сауда дегенеміз – салық жєне импорт пен экспортқа тікелей шек қою арқылы сыртқы сауданы мемлекеттік реттеумен байланысты сыртқы экономикалық саясаттың салыстырмалы дербес бағыты. Көрсетілген факторлардың әрекеті қазіргі сыртқы сауда саясатындағы екі тенденцияның тұрақты өзара әрекетін тудырады: либерализация және протекционизм. Протекционизм – ішкі нарыќты шетел бєсекесінен қорғауға бағытталған мемлекет саясаты, кейде сыртқы нарыќты жаулап алуға да бағытталады. Либерализация (еркін сауданы қорғау) – сыртқы сауда байланысының дамуына кедергі келтіретін кеден және басқа да кедергілерді бәсеңдетумен байланысты. Сыртқы сауданы жүргізуде мемлекетпен қолданылатын құралдарды тарифтік және тарифтік емес деп бөлуге болады. Кесте Б 9.2 Date: 2016-11-17; view: 603; Нарушение авторских прав |