Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Негізгі түсініктер мен терминдер
Айырбас Альтернатива Бөлу Интенсивті өндіріс Материалдық емес өндіріс Материалдық өндіріс Өндіріс Өндіріс факторлары Ресурс Таңдау Тұтыну Экстенсивті өндіріс
Бақылау сұрақтары 1. Қоғамдық өндірістің сатылары. 2. Экономикалық ресурстар және олардың түрлері. 3. Өндіргіш күштерге сипаттама. 4. Өндіріс құралдары және оларлың түрлері. 5. Қоғамдық өндірістің түрлері. 6. Ұдайы өндіріс және оның типтері. 7. Қоғамның экономикалық таңдауы. 8. Тиімділік проблемасына сипаттама. 9. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы.
Тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ Экономикалық жүйе және оның элементтері. Экономикалық жүйелер типтерінің жіктелуі. Аралас экономикалық жүйе.
Мақсаты: Экономикалық теорияның негізінде жүзеге асырылатын экономикалық саясат экономикалық мәселелердің шешілу механизмдері мен варианттарын қарастырады. Осы саясатты жүзеге асыру барысында біртұтас экономикалық жүйе дамиды. Экономикалық жүйе – бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесін көрсету. Негізгі түсініктер мен терминдер Өндіріс, Бөлу, Айырбас, Тұтыну, Ғылыми-техникалық прогресс, Дәстүрлі жүйе, Жабық экономика, Индустриалдық жүйе, Әкімшілік-әміршілік экономика, Нарықтық экономика Дәріс мән-мәтіні. Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды. Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады. Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы: «капитализм»; «социализм» – деген ұғымдар саяси жүйеге жатады. Ал «нарықты экономика», «аралас экономика» деген сөздер экономикалық жүйеге жатады. Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады. 1. Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет. 2. Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек? 3. Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?) 4. Кім үшін өндіру керек? 5. Өзгерген жағдайларға бейімделе ала ма? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі). Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады. Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды. Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады. 1. Меншік қатынастарының формалары бойынша: 1.1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады. 1.2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі. 1.3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді. 1.4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады. 2. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша: 2.1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде ауыл шаруашылығы натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады. 2.2. Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді. 2.3. Постиндустриалдық жүйе - бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала. Меншік қатынастарының формалары бойынша әр жүйеге төмендегідей қысқаша сипаттама беруге болады.
Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы: 1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді. 2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде. 3. Техникалық прогресс шектеулі. 4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады. 5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі. 6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.
Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы: Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы. Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы. Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады. 1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік. 2. Экономикада орталықтанған жоспарлау. 3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі. 4. Орталықталынған ресурстар қоры. 5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.
Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы: Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықты экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады. Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды. Нарықты экономиқаға тән қасиеттер: 1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы. 2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару. 3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы. Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы: Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі: 1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады. 2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады. Мұнда экономикалық саясатты жоспарлы түрде жүргізу қоғамның нарық талаптарына белсенді бейімделіп отыруына мүмкіндік тудырады. Сонын нәтижесінде экономиканы дамытудың күрделі мәселелері жаңаша әрі дұрыс шешіледі. Мысалы: өнімдердің құрылымы мен көлемі кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу арқылы және қоғамдық қажетіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы (және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы) анықталып отырады: бұл кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне және ол арқылы пайдасын молайтуға жағдайлар жасайды. Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды. Date: 2016-11-17; view: 424; Нарушение авторских прав |