Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы.





Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні

Ақша өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады:

1. жалпыға тікелей айырбасталу;

2. айырбас кұнының дербес формасы;

3. оның сыртқы заттық өлшемі.

Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау, мүмкіншілігінің бар екенін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі кысқарды және тек коғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны тікелей пайдаланудың көлемі едәуір кеңейді.

Акшанын айырбас құнынын дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада колдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды баска банктерге сатуы және тағы баска.

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

Ғалым-экономистердің арасында алтынның акшалай тауар ретіндегі рөлі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша кызметтерін атқару рөлін орындауды тоқтатты дейді.

 

Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы.

Ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны. Ақшаның тағы да бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші. Мысалы, құнды тауарға салса, оның ақшалай көлемі кұн санап азая береді. Өйткені, ол тауарды сактау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады. Ал, егер, құн ақшаға салынса, ондай шығын болмайды. Ақшаның мәнін көрсетуші оның атқарымы болып есептеледі. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі жағдайда да ақшаның атқарымдары бұрынғыдай.

1. Ақша кұнды өлшеуші ретінде.

2. Ақша, айналым кұралы ретінде.

3. Ақша төлем құралы ретінде.

4. Ақша корлану кұралы ретінде.

5. Дүниежүзілік ақша атқарымы ретінде.

 

Date: 2016-11-17; view: 378; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию