Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жобалау қызметі





Қазақстан Республикасындағы ақпараттық технологиялар секторы ұлттық экономиканың барынша серпінді дамып келе жатқан сегменттерінің бірі. Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайға байланысты Қазақстандағы IT-нарығының жалпы көлемі, бағалаулар бойынша, 2009 жылы 90 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 7%-ға төмен.

NGN келесі ұрпақ желісі дүниежүзі бойынша көп жерлерде кең ауқымды қызмет ұсынатын «әлемдік дәрежедегі» коммутациялық жүйе. NGN жүйесі қызмет диапазонын кеңейту үшін таптырмайтын коммутациялық негіз ұсынады және де дүниежүзіндегі желілерді жабдықтаушылардың міндеттерін орындауына жағдай туғызады:

- жетілген қызмет түрлерін ұсыну мүмкіндігі;

- икемділікті қамтамасыз ету мүмкіндігі;

- шығыс қысқарғанда желілерді біріктіру;

- эксплуатациялық шығындарды азайту.

Сұраныс жылдан жылға артады. Келесі ұрпақ (NGN) цифрлік желісі өз абоненттеріне жоғарысапалы телефон және факс байланысын ұсынады, басымды халықаралық және қалааралық байланыс арналарына шығу, IP, IMS технологиясын пайдалану арқылы мәлімет тарату, интернетке қосылу, интеллектуалдық желі қызметін қолдану мүмкіндігін береді. Сондай-ақ көптеген телекоммуникациялық шешімдерді, келешек есептеулерді шығаруға жағдай жасайды. Қызмет көрсету аясын кеңейтуге ақпараттардың халықаралық көздеріне кіруге, байланыс бекеттері арасындағы қатынасты күшейтуге әрі арттыруға болады.

IT шығындарының құрылымы экономикасы дамыған елдер үшін сипатты болып табылады, яғни компьютерлік жабдықтардың үлесі БҚ және IT-қызметтері секторларының үлестерінен басым болады. 2009 жылғы компьютер жабдығына арналған шығындар шамамен 71 млрд. теңге, IT-қызметтері шығыны – 12,6 млрд. теңге құрады.

IT-саласында қазақстандық кәсіпорындардың қалыптасуында ең маңызды фактор мемлекеттік саясат болып табылады. 2007 және 2008 жылдары елдің мемлекеттік органдарының ақпараттандыруға инвестициялық шығындары бағалау бойынша 15,1 және 17,7 млрд. теңгені құрады. Дағдарысқа қарамастан, мемлекет IT-қызметтері нарығында ірі тапсырыс беруші болып қалады. 2009 жылы бюджеттен IT инвестициялауға 18,8 млрд. теңге бөлінді. 2004-2010 жылдарда «электрондық үкіметті» (бұдан әрі – ЭҮ) қалыптастыру және дамыту бағдарламаларын іске асыру, БҰҰ дайындаған, электрондық үкіметке ғаламдық дайындық бойынша рейтингте Қазақстанға соңғы жылы, Ресейді (59-орын), Беларуссияны (64-орын) және Украинаны (54-орын) артта қалдырып, 81-орыннан 46-орынға көтерілуге мүмкіндік берді. АКТ және мемлекеттік ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару облысында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында 2008 жылы «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы құрылды.

Ақпараттық технологиялар құрылымында үш ірі секторды көрсетуге болады: АТ-жабдықтарының өндірісі секторы, қорабтық (лицензиялық) бағдарламалық қамтамасыз ету секторы және IT-қызметтер секторы.

Қазақстанның IT-нарығы құрылымындағы өндіріс секторы және IT-жабдығын іске асыруда жалпы көлемінде басыңқы болып табылады (79 %), ол компьютерлерге, қазақстандық қоғамды ақпараттандыру үдерісін сүйемелдейтін желілік және периферийлік компьютерлік жабдыққа сұраныстың жоғары екендігін көрсетеді. Осы сегментте жұмыс істейтін кәсіпорындардың жалпы түсімі 2009 жылы 71 млрд. теңге шамасына жетті. Сарапшылардың бағасы бойынша қазақстандық қамтудың үлесі 2 млрд. теңгеден аспайды (2 %-ға жуық). Сектордың маңызды ерекшелігі оның импортқа тәуелділігі, ол микроэлектрондық құрушылардың жеке меншік өндірістік базасының болмауының салдары болып табылады.

Қазақстандық кәсіпорындар танымал халықаралық өндірушілердің компьютерлерін және сәйкесті жабдықтарын өткізумен, сонымен қатар жеке меншік сауда маркілерімен компьютерлерді жинау және өткізумен де айналысады. Қазақстандық өндірушілер БҚ сегментінде басым болып отыр (2008 жылғы сатылған компьютерлердің жалпы көлемінің 70%-дан астамы); бірақ ноутбуктер (0%) мен серверлер сегменттерінде біршама артта қалып келеді (14 %-дан кем).

Экономикалық бәсеңдеу және олармен байланысты бизнес пен халықтың сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі БҚ нарығына маңызды әсер етеді. 2009 жылы БҚ сатылым көлемі 6,6 млрд. теңге сомасын құрайды, ол 2008 жылға салыстырғанда 13 %-ға кемуіне әкеледі. Қазақстанда БҚ нарығында шетел өндірушілерінің өнімі басымды орын алады. Қазақстандық компаниялардың үлесі лицензиялық БҚ нарығында маңызды емес (2 %-ға жуық).

Қазақстан Республикасындағы АТ-қызметтері нарығының көлемі 2009 жылы 12,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 8 %-ға төмендеуге сәйкес келеді. Сараптамашылардың бағасы бойынша 2009 жылы IТ-қызметтерін ұсыну секторында қазақстандық мазмұнның үлесі 30 %-дан артық емес.

 

 

Date: 2016-06-06; view: 579; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию