Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






IMS-ті стандартизациялау және оның қызметтері





IMS үш халықаралық стандарттау ұйымдарының – 3GPP, 3GPP2 және ETSI жұмыс нәтижесі.

ETSI-дің бастасымен 3GPP 1998 жылдың соңында құрылды. GSM/GPRS-тің келесі даму сатысы болатын, техникалық спецификациялар мен ұялы желінің 3-ші ұрпағын (UMTS желілері) жасау мақсатында құрылған.

3GPP2 мен серіктестік сол жылы құрылды. Ол тағы сол ETSI-тің бастауымен және Халықаралық электрбайланыс одағымен (МСЭ) IMT-2000 жоба аясында 3G желісінің стандартарын жасау үшін құрылған. 3GPP2 ұйымының негізгі үлесі ұялы 3G желілері стандартарын дамыту үшін құрылған, CDMA2000-ды (IP-транспорт, SIP-сигнализациясы) IMS концепциясын таратылуы, MultiMediaDomain (MMD) жалпы атаудағы спецификациямен сипатталған.

Осы екі серіктестік, IETF Комитетінде стандартизацияланған IP-протоколдарының үйлесімін кең қолдана отырып 3G желісіне стандарттар жасады және келесі ұрпақ байланысының архитектура идеяларымен негізделген.

IMS түсігі бірінші рет 3GPP Release 5 (2002 ж. мамыр) құжаттарында көрсетілген. Ол құжаттарда сол кездегі IMS-тың негізгі міндеттері – IP протокол базасындағы ұялы желінің мультимедиалы қолдауы, GSM/GPRS(2.5G) және UMTS (3G) желі абоненттері арасындағы специфицирленген байланысты, сонымен қатар сымсыз желілер коммутациялық арналары бар IMS архитектура базасында 3G ұялы желілерінің өзара байланысу механизмі болды.

3GPP Release 6 (2003ж. қаңтар) құжаттарында IMS-тың бірқатар ережелері нақтыланды, сымсыз локалды желілер мен ақпаратты қорғау сұрақтары қосылды (абоенттік сертификаттарға кілтті қолдану).

3GPP Release 7 құжаттарында ұялы және стационарлы желілер арасында байланысын қарастырады. Яғни, бұл нақты қадам ұялы және стационарлы желілерді конвергенциялау бағытында жасалған.

Release 7 cпецификациясы стационарлы желілеріне екі негізгі кілттік функция қосады:

- Network Attachment, стационарлық желіде қолданушыларға қажетті аутентификация механизімін қамтамасыз етеді. Өйткені оларда қолданушының идентификациялық SIM-картасы болмаған.

- Resource Admission, байланыс сеансын қамтамасыз ететін стационарлық желілерде желі ресурстарын резервтейді.

IMS концепсиясын стационарлық желілерде кеңейту бағытындағы жұмыстар TISPAN Комитетімен жүргізіледі. ETSI тарапынан IMS архитектурасына қызығушылық жаңа жұмыс тобын құруға әкеледі (2003 ж.), ол белгілі TIPHON (Telecommunications and Internet Protocol Harmonization for Advanced Networks) және стационарлық желі стандарттарына жауапты SPAN (Services and Protocols for Advanced Networks) Техникалық комитет тобымен біріккен. 2003 жылы құрылған сәтінен ETSI TISPAN ұйымы NGN желілерінің техникалық талартарын жасайтын негізгі кілттік мүшесіне айналды.

TISPAN стандартизациясы бірнеше этаптарға бөлінді, әрқайсысынаң нәтижесі келесі Release болатын. 2005 жылдың желтоқсанында Release 1 NGN нақты аяқталды. Ол өзінде SIP-қосымшасы үшін 3GPP IMS (IP Multimedia Subsystem) стандартты растайды, сонымен қатар SIP-қосымшасы емес қосымша функционалды блоктар мен ішкіжүйелерді қолдауды қосады.

2008 жылдың басында NGN Release аяқталды. Ол IMS базасындағы IPTV және NGN-IPTV-ге жаңа кілттік түсінік енгізді.

TISPAN IPTV-дің іске асырудың екі нұсқасын көрсетеді:

- IPTV-дің мамандырылған ішкіжүйесі, NGN ортасындағы қолданыстағы рыногқа бағдарланған шешімдерін енгізу;

- IMS базасында IPTV шешімі, телевизиондық қызметтер мен әртүрлі телекоммуникациялық қызметтерді біріктіруге мүмкіндік береді (дауыстық қызметтер, мәліметтерді жіберу қызметі мен желіде қалу қызметтері)

2008 жылдың басынан TISPAN NGN Release 3 талаптарымен жұмыс істеуді бастады. Ол талаптарға мыналар жатты: IPTV-ді заманауиландыру, IP желілерінің өзара байланысы, NGN қауісіздігін жоғарлату, QoS қызмет сапасын жақсарту.

IMS стандарттары, мультимедиалық сервистер және оларды интеграциялауды басқару үшін арналған желілік домен анықтайды. Аталған домен, 3GPP стандарттарының бесінші шығарылымда сипатталған үшінші ұрпақты желі архитектураларының бөлігі болып табылады. 3GPP стандарттарының бірінші толқыны, қазіргі сәттегі қолданыстағы үшінші ұрпақ желілері 1999 жылы аяқталып, «99-шы шығарылым ретінде белгілі болды. Бұл стандарттар өзінен 2G ядролары үшін жаңа 3G интерфейсін (W-CDMA) ұсынатын. Екі жылдан кейін 3GPP радио жетімділігін жақсарту мақсатында «4-ші шығарылым» атты стандарттар сериясын шығарды.

2002 жылдың мамырында 3GPP HSPDA технологиясын сипаттайтын бесінші стандарттар сериясын шығарады. Ол стандарттарда IMS айналасындағы сервистер заманауиландыруы болды. 3GPP IMS-тың көптеген жазылу стандарттарына жауапты болғанымен, IMS IETF жасаған протоколдар негізіндегі жүйе болған. Сол сәттен, 3GPP IMS түсінігін анықтап, индустрияның 3GPP және ETSI сияқты басқа қатысушылары оның дамуына үлкен көлемде үлестерін қосты. IMS UMTS-тің өзгеруі және эволюциясы үшін құрылғанына қарамастан, оның спецификациясы қол жетімді технологиялардан тәуелсіз мұқиятты түрде жасалынды. Басқаша айтқанда, IMS көптеген қолжетімжілік тәсілдерін қолдады – GSM, W-CDMA, CDMA 2000, Wireline Broadband Access, WiMax, WLAN. IMS-ты жасаушылардың мақсаттарының бірі, қолжетімділік деңгейінен тәуелсіз, сервистік доменге икемді архитектура жасау болды.

IMS-тің қызметтері. Әрине, жаңа желілік архитектура мен технологиялық ерекшеліктері абоненттерге қызметтрді ұсыну базасы ғана болады. Сол себепті қызметтерді ұсыну платформасы оператар желісінде кілттік элемент болып табылады.

3GPP cтандарттарымен сипатталған функционалдық элементтері базасында дайын қызметтерді салуға болады:

- ұялы жартыдуплексті байланыс, абонентпен push to talk (poc) баспасын басып, абонентпен лезде байланысу;

- абоненттер тізімін қалыптастыру және көрсету, сонымен қатар group тобын басқару;

- лезде хат алмасу, чат немесе бөлек хаттармен instans messaging;

- абоненттің қатысуы, абоненттің немесе абоненттік құрылғының актуалды жағдайының көрсетілуі (желіде, желіден тыс, бос емес, жиналыста т.с.с) presence;

- абоненттің lcs локациясы;

- әртүрлі voice call continuity (vcc) типті қолжетімділік арасындағы әртүрлі байланыс желі немесе қызметтер аудару сессия арасындағы хендовер.

- әртүрлі желілердің мәліметтер жіберуінің өзара байланысы Circuit Switched adm IMS (CSI);

- Conferencing конференциясын ұйымдастыру.

Функционалды элементтерді тәуелсіз қызметтерде қолдануға болады. Сонымен қатар өз арасында комбинациялап немесе шеттегі провайдер қызметтерімен қолдануға болады. Мысалы, Presence функционалды априорасының элементі PoC-да шақырылып отырған абоненттің желілік жағдайын, ал Group функционалды элементі – топтардың құрылуында қолданылады. VCC қызметі арқасында, алдағы уақытта, хендоверді дауысты қызметтерде ғана емес, оған қоса мәліметтерді жіберуде, мысалы, IPTV сеансын теледидардан коммутаторға ауысуында қолдануға болады.

Функционалды элементтердің басты ерекшелігі, стандарттарда нақты түрде сипатталған және әртүрлі құрылғы өндірушілер базасында бірдей жұмыс істеуі. Яғни оператор осы немесе басқа өндірушілер байланып қалмауын білдіреді.

IMS базасында функционалды элементтерден басқа өндіруші іске асырған қызметтер бар. Оларға IP Centrex-ті жатқызуға болады. Оның қарапайым Centrex-тен басты ерешелігі әртүрлі желі абоненттерді бірыңғай топқа бірлестіруі болды.

Хаттар алмасу (Instant Messaging). Messagin және Presence – бұл екі қызмет әдеттегі телефон байланысын өзгертеді.

Messaging әдеттегі SMS/MMS функционалдықтарын біріктіреді, одан бөлек текстілік конференцияны «Messaging»-деп аталатын чат көмегімен ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Қызметтердің үш түрі бар: жедел хабарламалар IM(Immediate Messaging), сессиялық хабарламалар (Session Based Messaging) және кешіктірілген хабарламар DDM (Deferred Delivery Messaging).

Жедел хабарламалар IM абонентпен басты түрде хабарламаларды лезде алмасуға мүмкіндік береді. Желілік элементтердің өзара жұмыс принципі әдеттегі SMS-ке ұқсас. Абонент басқа абонентке хат жібергеннен кейін, ол бірінші берілген қызмет серверіне жіберіліп өңделеді. Сосын қызмет сервері абонентке жетімділігін тексеріп хатты жібереді, немесе абоненттің желіде тіркелуін күтеді.

Хаттар сессиясы (SBM) абоненттерге өз арасында нақты уақыт режиміне жақындалған чаттарды ұйымдастыру мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл желі байланыс операторларына қарапайым абонентердің телефонындағы ICQ-дің ауыстыруына мүмкіндік береді. Одан бөлек IMS бір уақытта абоненттер арасында сессиялар жүргізуін, бизнестегі абоненттер үшін әртүрлі конференция түрлерін ұсынады, мультимедиалық мәліметтерді жіберуі мен диалог арқылы текст алмасу паралель жүреді. SBM байланыс орнауының принципі абоненттер арасындағы қарапайым дауысты сұхбаттасуға ұқсас: шақырылым жіберіледі, байланыс орнайды, өзара хабарламалар жіберіледі. Әр хабарлама бөлшектеніп қайта жіберілудің арқасында, хабарлама көлемі еркін болуы мүмкін.

Кешіктіріліп жіберілетін хабарламалар (DDM) MMS-тың принципін қайталап, абонентке осы және басқада хабарламаларды жүктеу сілтемелерін жібереді.

Абоненттің жағдайы (Presence). Қатысу немесе Presence қызметі телекоммуникация әлемінде қоңырау шалу мен хабарламаларды жіберу принціпінде төңкеріс жасай алады.

Presence қызметі, абонент қызмет көрсету аясынан тыс жерде немесе оның шоты бұғаттаулы болғанда, үлкен көлемдегі бос қоңыраулар мен хабарламалардан сақтап қалуға көмек береді. Бұл дәл осы уақытта терминалдың контакт тізіміндегі абоненттің статусы көрсетілуімен мақсатына жетеді. Егер әріптесінің желіде жоқ болса, оған қоңырау шалудың пайдасы жоқ.

Қызмет тек қарапайым абонентермен қоса ұжымдық абоненттердің қызығушылықтарын арттыруда. Presence абоненттері басқа әртекті абоненттер тобына, қай жерде болмасын статусын өз бетімен қоя алады. Яғни абонент бәріне жиналыс кезінде «қолжетімсіз», ал басшыларына «әңгімелесуге дайынмын» болуы мүмкін.

 

Date: 2016-06-06; view: 820; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию