Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тігістің 1-2 алу, жара ревизиясы,антисептиктермен санацияСтр 1 из 2Следующая ⇒
Амниотомия жасау Ұрық басымен кіші жамбас шығаберісінде тұрғандағы қынап арқылы қарау кезінде анықталады: сегізкөз ойығы мен симфиздің ішкі бетінде ұрық басы орналасқан, отырғыш сүйек қырлары анықталмайды, сагитальді жік тіке өлшемге сәйкес Босанушы босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізуге келісім берді. Жатырды жиырылтатын заттардың енгізуінің тиымды уақыты: 10 ЕД окситоцина бұлшықетке ұрық туылғаннан кейін 1 минут соңында Жүкті әйелді сыртқы акушерлік тексеру кезінде жатыр түбінде жұмсақ консистенциялы ірі бөлік анықталады, кіші жамбас кіреберісінде – тығыз консистенциялы ірі бөлік, шар тәрізді, сол және алдыңғы жағында – тегіс беткейлі, оң және артқы жағында – бүдір беткейлі. Мүмкін болатын диагноз: Баспен келүі, 1-ші позиция, алдыңғы түрі Босануы 10 сағатқа жалғасқан босанушы әйелде қағанақ суы кетті. Әйел аяқ астынан бозарып, жүрек аймағында ауру сезім, қорқу сезімі пайда болды. Қарап тексергенде АҚ 70/50 мм рт. ст., цианоз, ұрықтың жүрек соғуы минутына 100-110 рет. Болжама диагноз: Қағанақ суының эмболиясы Босанушы әйелді қынаптық тексергенде: жатыр мойнының ашылуы 8 см, қағанақ қабы жоқ. Ұрық басымен келіп тұр. Сагитальді тігіс көлденең өлшемге сәйкес, үлкен және кіші еңбек бір деңгейде.Ұрық басының қондырылуының ең ықтимал түрі: Алдыңғы төбемен қондырылу Босанатын әйелдің жамбас өлшемдері қалыпты, ұрықтың болжам салмағы 3000,0 гр. Қынаптық тексергенде: жатыр мойнының ашылуы 7 см, қағанақ қабы жоқ. Мұрын, ауыз, иек анықталады. Бет сызығы сол қиғаш өлшемде, иек симфизден оң жақта. Мүмкін болатын акушерлік тактика: Табиғи босану жолдары арқылы босануды жүргізу 23 жастағы босанушы әйелде ашық түсті қағанақ суы кетті. Екінші босану. ІА – 108 см. ЖТБ - 36 см. 10 минутта 3 толғақ, 35-40 секундтан. Ұрықтың жүрек соғуы анық, ырғақты, минутына 130 рет. Қынаптық тексергенде: жатыр мойнының ашылуы 5 см, қағанақ қабы жоқ. Ұрық аяқтарымен келіп түр. Мүмкін болатын акушерлік тактика: Кесар тілігі операциясын жасау Босанудың I кезеңі. Жатыр мойнының тегістелген, ашылуы 4 см. Ішкі ернеу кеңістігінің бір жағынан жұмсақ тін, екінші жағынан қағанақ қабы анықталады. Ұрық басы кіші жамбас кіреберсінде. Қынап арқылы зертегеннен кейін орташа мөлшерде канды бөліністер пайда болды. Болжам диагноз: Плацентаның толық емес жолда орналасуы Босанудан кейін 30 минуттан кейін босанған әйелде аз мөлшерде қанды бөлінділер пайда болды. Жағдайы қалыпты. Ps минутына 80 рет. АҚ 110/70 мм.сб.бб. Бірінші кезекте қандай шараларды жүргізу қажет: Жатырдың сыртқы массажы Дәрігер ұрықты аяғынан классикалық бұру жасады. Мүмкін болатын келесі босандыру әдісі: Ұрықты жамбасынан экстракция жасау Қайта босанушы 39 апталық жүктілікпен толғақ қызметі басталуымен перзентаханаға түсті. Шағымдары жоқ. АҚ 140/95 мм. сб.бб., зәрінде белок 1,32 г/л. І кезеңнің жүргізу жоспарында дәрігердің ең ықтималды тактикасы: Эпидуралды аналгезия Босанушы әйелде ұрықтың болжамалы салмағы 4500,0 гр. Босанудың II кезеңіне 1 сағат болды. Күшенуі жақсы, ұрық басының жылжыуы жоқ, орналасуы 4/5. Төменгі сегменті толғақтан тыс кезде ауырсынады. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны толық ашылған, жиектері ісінген. Басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Ең ықтимал диагноз: Клиникалық тар жамбас. Жатыр жыртылу қаупі Қайта босанушы әйел жүктілік мерзімі 38 апта, түскен кезде ұрық қозғалғанда күшейетін ішінің төменгі бөлігінде тұрақты ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде 1,5 жыл бұрын кесар тілігі жасалынған. Жатыры қалыпты тонуста. Операциядан кейінгі тыртық аумағын пальпациялағанда ауру сезімі күшейеді. Ең ықтимал диагнозы: Тыртық бойымен жатыр жыртылуының басталуы. Қайта босанушы, жыныс жолдарынан аз мөлшерде қанды бөліністер бөлінуімен келіп түсті. Анамнезінде: алғашқы босануы эндометритпен асқынған. Ұрықтың жүрек соғысы анық, 140 соққы/минутына. Қынаптық тексеру: жатыр мойны ашылуы 6 см, плацентаның жиегі анықталады. Қағанақ қабы бүтін. Бөлінділер қанды, орташа мөлшерде. Акушердің ықтимал тактикасы: Амниотомия Алғаш босанушы босану қызметінің әлсіздігіне байланысты окситоцинмен босануды күшейту жүргізілді. Күшену басталғаннан 10 минуттан соң ұрықтың жүрек соғысы 100 - 90 соққы/минутына, тұйық және аритмиялық, КТГ бойынша кеш децелерациялар. РV: жатыр мойнының ашылуы толық, ұрық басы кіші жамбастың кең бөлігінде. Акушердің ықтимал тактикасы: Кесар тілігін жасау Қайта босанушы босануда 4 сағат. Қағанақ суы 6 сағат бұрын кеткен. PV: жатыр мойнының ашылуы 5 см, көз ойығы, мұрын түбі, аузы, бет сызығы оң қиғаш өлшемде. Иегі сол жақта алдында, мүйіске қол жетпейді. Ықтимал диагноз: Босанудың I кезеңі. Қағанақ судың босануға дейін кету. Бетпен келудің алдыңғы түрі. Алғаш босанушы 28 жаста перзентханаға жүктіліктің 35 аптасында қағанақ суы кеткенен 6 сағаттан соң келіп түсті, босану қызметісіз. Акушердің тактикасы: Спонтанды толғақ басталғанша күту тактикасы Әйелге босану және босандыру кезінде өзі қалаған қалпын еркін таңдауы мүмкіндік береді: Босану күшейтуін азайтады Босанудың екінші кезеңінде ұрықтың жағдайын бағалау үшін жүрек соғысы тыңдалады: Әрбір күшенуден соң Плацентаның жолда орналасуына байланысты кесар тілігі операциясын жасау кезінде 1300 мл-ден көп қан кетті. Консервативті әдістер нәтижесіз. Бұл кезде ең ықтимал акушердің тактикасы: Б-Линч бойынша комперссиондық тігіс салу Алғаш босанушы күні жеткен жүктілікпен босану қызметі басталғанан 2 сағаттан соң келіп түсті. 10 минутта 4 толғақ 50-55 сек., күшену сипатымен. Қынаптық тексеруде жатыр мойнының ашылуы толық, басы кіші жамбас қуысында. Ең ықтимал диагноз: Өте тез босану Ерте босанғанан кейінгі кезең, қан кетуі 350 мл, қан кету жалғасуда. Жатырдың сыртқы массажынан кейін қатайды, соң тағы да босаңсып кетті. АҚ -100/60 мм.с.б.б. Тамыр соғысы 90 соққы минутына. Ең ықтималды әр қарай шара: Окситоцинді көктамырға енгізу Қабылдау бөліміне жүкті әйел келіп түсті, жүктілік мерзімі 37 апта. Леопольд-Левицкийдің екінші тәсілін орындау кезінде анықталды: жатырдың оң жақ бүйірінде ұрықтың ірі, тығыз, қозғалмалы бөлігі пальпацияланады. Ең ықтимал диагноз қайсысы: Ұрықтың көлденеңінен келүі, 2 позиция Таза жамбаспен жатуда Цовьянов бойынша қол тәсілімен көмек беру қай сәттен басталады: Жамбас жарып шыққанда Алғаш босанушы әйел перзентханаға 13 сағат 30 минутта, ретті толғақ басталғанына 3 сағат және қағанақ суы кеткеніне 1сағат 20 минут өткенде келіп түсті. Партограмманы қандай уақыттан бастаған дұрыс: 13 сағ 30 мин Жүкті әйелжүктіліктің 34 аптасында үйінде бір рет эклампсия ұстамасы болған. Перзентханаға туысқандарымен жеткізілді. Түскен кезде: санасы тежелген, АҚ – 180/110 және 170/100 мм с.б.. Магнезиалды терапияның бастапқы дозасы қандай болу керек: 5 грамм құрғақ зат немесе 20 мл 25% MgSO4 Босанушы босануда 12 сағат. Әйелдің және ұрықтың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 38,4°С. Қанында 20х109 дейін лейкоцитоз. Аталған дәрілік заттардың қайсысы берілген жағдайда ең нысаналы және ДДСҰ тағайындауларымен сәйкес келеді: ампициллин Мерзімі жеткен жүктілігі бар қайта босанушы, босану әрекеті басталғанынан 2 сағаттан кейін келіп түсті. Толғақтар 5-6 минут сайын, 20-25 секундтан. Қағанақ қуығы бүтін. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 130 рет. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны жайылған, ашылуы 2 см., қағанақ қуығы бүтін. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне орныққан. Мүйіс анықталмайды. Бұл акушерлік жағдай неге тән: босанудың латенттік фазасына Босанушы әййел босанудың екінші кезеңінде болғанына 2 сағат, шаршаған. Жүктілік мерзімі 41 апта. Жамбас өлшемдері 25-28-31-20 см. Ұрықтың болжам салмағы 4200,0, жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 160 рет. 10 минутта 4 күшену 50-55 секунд0000000000000тан. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны толық ашылған, басы кіші жамбас кіреберісінен итеріледі. Бұл жағдайдың болжам себебін анықтаңыз: ірі ұрық Партограммада босанушыда әлсіз толғақ күші белгіленеді: Нүктемен Босану бөліміне жүкті әйел мерзіміне жеткен жүктілікпен босану әрекетінсіз түсті. Төмендегі аталған шаралардың қайсысы АИТВ инфекцисын анадан балаға берілуін төмендетуінде эффективті: антиретровирустың алдын алу фонында жоспарлы түрде кесар тілігі Туберкулездің қандай түрінде жүктіліктің І триместрінде үзуге көрсеткіш: Фиброзды -кавернозды туберкулез Жүктіліктің 32-33 аптасы, мерзімінен бұрын қағанақ суының кеткен. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚ 120/80 мм рт ст. Пульс 78 соққы минутына. Жатыр қозбаған. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ретті 136 соққы минутына. Қағанақ суы ашық түсті, мөлшері аз, иіссіз. 2010 ж. Протоколдар бойынша мүмкін болатын антибактериалдық терапиясының схемасы: Эритромицин 500 мг-нан күніне 3 рет 7 күн Гипотиреозбен жүкті әйелдерді емдеу принциптері: Бүкіл жүктілік бойынша орын басушы гормон терапиясы тиреоидты гормондармен ТТГ және Т4 деңгейін бақылауымен Жүктілік мерзімі 29-30 апта - жүкті әйелде Верльгоф (идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура) ауруы анықталды. Қанды зерттегенде тромбоциттер саны 30*109/л. Мүмкін болатын сапалы ем: Кортикостероидтар Жүктілікті жалғастыруға қандай жүрек ақауы жиі қарсы көрсеткіш болып табылады: Аортальді стеноз Жүкті әйел жүктілік мерзімі 32-33 апта,қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚ 120/80 мм.рт.ст. Пульс 78 соққы минутына. Жатыр қозбаған. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ретті 136 минутына. Қағанақ суы ашық түсті, аз мөлшерде, иіссіз. 2010 ж. Протоколдар бойынша мүмкін болатын акушерлік тактика: Эритромицин және дексаметазон фонында жүктілікті жалғастыру УДЗ-де жүктіліктің 33-34 аптасында аз сулылық анықталды. Ұрық өлшемдері гестация уақытына сәйкес келеді, ақаулар анықталмаған. Ұрықтың жүрек соғу жиілігі 155-160 соққы минутына. Мүмкін болатын акушерлік тактика? Жүктілікті жалғастыру, ұрық жағдайының мониторингісі Әйелдер кеңесіне жүкті әйел анамнезінде екі жүктілігіде ұрық салмақтары 4500 және 5000 гр аяқталған. Жүктіліктен тыс уақытында қант мөлшері қауіпті. Жатыр өлшемі 8-9 аптасына сәйкес келеді. Қан құрамындағы қант мөлшері аш қарынға - 6,6 ммоль/л, тәуліктік зәрде - қант. Мүмкін болатын диагноз: Жүктіліктің 8-9 аптасы. Гестационды диабет Холестатикалық гепатозға ең тән клиникалық симптом: Терінің қышуы І триместрде, жүкті әйелде екіншілік истмико-цервикальді жетіспеушілік анықталды әйелдер кеңесінің дәрігерінің мүмкін болатын тактикасы: Стационарға истмикоррафияға жіберу Алғаш жүкті әйел Н. 20 жаста, жүктілік мерзімі 7 – 8 апта, жүрек айну, құсу 10 рет күніне,дене салмағының 2 кг төмендеуі. Жағдайы қанағаттанарлық, апатия, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі, АҚ 110/70 мм.рт.ст, пульс 80 соққы минутына. Жалпы қан талдауы –қалыпты. Диурез өзгермеген. Аталғандардың лабораторлы көрсеткіштердің қайсысы осы патологияның ауырлық дәрежесін нақтылайды: Зәрде ацетонның пайда болуы Алғаш жүкті әйел Л. 31 жаста, жүктіліктің 35 аптасы балтырда ісінудің болуымен стационарға келіп түсті. АҚ – 160/100 мм рт.ст, 150/100 мм рт.ст, зәрде ақуыз жоқ. Аталған препараттардың қайсысын тағайындау қажет: Допегит Жүктілік кезіндегі артериалді гипертензияның қандай асқыну көбінесе тән: Преэклампсия Жүктіліктің 34 аптасы қасаға сүйегі және бел аймағында ауру сезім бар. Жүрісі үйрек тәріздес. Мүмкін болатын диагноз: Симфизиопатия Жүктілердегі диффузды және түйінді токсикалық зобтың орта дәрежелік ауырлық кезіндегі дәрігердің жүргізу тактикасы: Жүктіліктің асқынуында ауруханаға жату Босану үйіне жүктіліктің 24 аптасында дене қызуының 38,5С дейін жоғарлауы, бел аймағында ауру сезімге шағымданып келді. Көрсетілген шағымдар алғаш рет. Объективті: соққылау симптомы бірден ауру сезімді. ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған. ЖЗА – протеинурия, лейкоцитурия. Мүмкін болатын диагноз: Жүктіліктің 24 аптасы. Гестационды пиелонефрит Әйелдер кеңесі қабылдауында жүкті әйелде жүктіліктің 30 аптасы мерзімінде алғашқы рет АҚ 160/80 мм.рт.ст дейін көтерілді. Ең ықтимал болатын тактика? АҚ қайтадан өлшеу Көбінесе жиі жүктілерде болатын анемияның түрі: Темір тапшылықты гипохромды анемия Алғаш жүкті С. 33 жаста. жүктіліктің 35 аптасымен балтырда ісіктің болуымен стационарға келіп түсті. АҚ – 140/90 мм сб бб, 130/90 мм сб бб, зәрде ақуыз 1,0 г/л. Қынаптық қарауда «жетілу үстіндегі жатыр мойны». Қандай ең ықтимал жүргізу тактикасы: 37 аптаға дейін жағдайының мониторингісі Артериальді гипертензияның емінің нәтижелігінің информативті критериі АҚ тұрақтануы Ұрық жұмыртқасының дамуының бірінші қауіпті кезеңі: Имплантация Ұрықтың көлденең орналасуында ең жиі болатын асқыну: Қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі Жүктіліктің 1 триместріндегі гестациялық пиелонефрит кезінде протоклдар бойынша қолдануға ұсыныоған антибактериалды препараттар: Жартылайсинтетикалықпенициллиндер Мүмкін болатын жүректің туа пайда болған ақауының келесі түрінде жүктілікті жалғастыруға болады: Операциядан кейінгі ашық артериалды тармақ Өкпе туберкулезі кезінде жүктілікті үзуге ең ықтимал көрсеткіш: Өкпеде таралған деструктивті үрдіс Жүктілік кезінде қант диабетінің мүмкін болатын асқынуы: Ұрықтың макросомиясы Ауыр артериалды гипертензияға тән: диастолдық қан қысымы ≥110 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес Келесі қынаптық мәліметтерге байланысты жатыр мойнының Бишоп бойынша жетілу дәрежесін анықтаңыз. Жатыр мойны сақталған, тығыз, артқа қарай бағытталған, қынаптық бөлігінің ұзындығы 3,0-3,5 см. Сыртқы ернеуі саусақ ұшын өткізеді. Ұрық басы 5/5. 0-1 Жүкті әйел К. Жүктіліктің 7 аптасында 20-25 рет тәулігіне құсуға шағымданады. Жалпы жағдайы ауыр. Салмақ жоғалту 10 кг құрайды. Жүкті әйел тағады да, сүйықтықты да іше алмайды. Тері мен шырышты қабаттары құрғақ. Дене температурасы 37,3°С. Тамыр соғуы -120 рет/мин, АҚҚ 80/50 мм.с.б. Зәрінде ацетон + + + +, белок-0,066г/л. Қан анализінде жалпы белок-54г/л, билирубин- 25мкмоль/л. Қандай патология туралы ойлауға болады: Жүктілер құсуы ауыр дәреже Жүкті әйел 23 жаста, 30 апталық жүктілікпен патология бөліміне әлсіздікке, шөлдеуге, тойымсыз аштық сезімге, суықтықты тәулігіне 5-6литрге дейің ішуіне шағым айтып түсті. Әйелде терінің қышуы, көп зәр шығуы мазалайды. Бірінші жүктілігі 27-28 аптада, мерзімінен бұрын өлі ұрықпен босану, осы жүктілігі – екінші. Жүрек соғысы айқын, ырғақты. Қандағы қант мөлшері 10, 2 ммомль/л. Зәрде 5ммоль /л. Болжам диагноз: қант диабеті Босану стационарына жүктілігі 40 апта құрайтын қайтадан босанушы жүктілік кезінде АИВ тест сынағының нәтижесінсіз келіп түсті. Босану кезінде АИВ экспресс-тесті оңды нәтиже берді. Босану кезінде 8 сағат. АИВ-ті анадан балаға таратудың жоғарлататын ең басты факторы болып табылады: Ана қанында АИВ концентрациялануы (вирусты жүктеме) Қайталап босанушы 27 жаста 32 апталық жүктілік, плацента толығымен босану жолында орналасқан. Перзентханаға жыныс жолдарына бір рет пайда болған қанды бөліністерге байланысты түсті. Дәрігердің іс әрекеті? қан кетудің қайталануында кесар тілігі Кесар тілігі операциясы кезінде плацентаның толық ажырауы және Кювелер жатыры анықталды, ДВС басталды. Дәрігердің тактикасы? a. Iliaca interna байлау, жатыр экстирпациясы, ДВС пен күресу Жүктілік кезінде ұрық жағдайын бақылау үшін, қандай зерттеу ең тиімді болып саналады: Жатыр түбінің биіктігін өлшеу Күні асқан жүктілік сипатты: Бас сүйектері қатты, жіктері мен еңбектері тарылған Уақытынан бұрын босануда ұрықта РДС-ң алдын алу үшін дексаметазонның қандай дозасы тағайындалады, протоколдарға сәйкес: 6 мг х 2 р ет тәулігіне 2 күн Жүкті әйелде, жүктілігінің 37 аптасында байқалды: АҚ 140/90 мм сын.бағ., жалпы зәр анализінде - белок 0,35 г/тәулігіне. Ең ықтимал диагноз қайсысы: Преэклампсияның жеңіл дәрежесі ктілігінің 17-18 аптасымен диспансерлік есепте тұрады. Пациентте диастолалық қысымы кезеңді 90 мм с.б және одан да жоғарыға көтеріліп тұрады. Алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы ең ықтимал: Созылмалы гипертензия Дәлелденген медицина ұсынысы бойынша преэклампсия кезінде тұрысуды алдын алу үшін ең нәтижелі препарат? магний сульфаты Босанғаннан кейін эндометрий құрылымының физиологиялық қалпына келуі қанша уақытта: 6–8 аптада Сазонов-Бартельс бойынша босанудан кейінгі кезеңде инфекцияның таралуының бірінші этапына жатады: Босанғаннан кейінгі эндометрит, босанудан кейінгі жара Босанушы Л., 30 жаста, кесар тілігі операциясынан кейінгі 5-ші тәулік. Шағымдары: операциядан кейінгі жара орнының ауру сезімі, дене қызуының жоғарлауы 38,50С дейін. Status localis: тігістің гиперемиясы және ісінуі, жағымсыз иісті сары-сұр түсті аз мөлшерде бөлінділер. Операциядан кейінгі жара аймағының мүмкін болатын маңызы бар манипуляция: Тігістің 1-2 алу, жара ревизиясы,антисептиктермен санация Лактацияны басуға мүмкін болатын көрсеткіш: Іріңді мастит босанудан кейін 6 тәулікте 23 жастағы науқас температурасы 38,5С көтерілуіне, сол жақ сүт безінің ауырсуына, әлсіздікке шағымданды. Жағдайы орташа ауырлықта. Сол жақ сүт безі сыртқы-жоғарғы квадранты аймағына гиперемияланған, тығыздалған, ауырсуынады. Жалпы қан талдауы: лейкоциттер-13000, Hb-120г/л, нейтрофильдердің солға ығысуы, ЭТЖ 35 мм/сағ дейін. Мүмкін болатын диагноз: Инфильтративті мастит Босанғаннан кейінгі мерзімдегі эндометрит дамуының ең жиі себебі: хориоамнионит Алғашқы босанушы әйелде босанғаннан кейінгі 5-ші тәулікте t =39ºC, қалтырау, ұйқысы бұзылған, қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған және ауырсынады. Сүт бездерін тексерген кезде: оң жақ сүт безінің жоғарғы сыртқы аймағында қызару анықталды. Терінің өзгерген жерінде жұмсарған аймағы бар, аз қимылдайтын инфильтрат анықталады. Дәрігердің тиімді тактикасы: хирургиялық Босанғаннан кейін жатыр түбі деңгейі... орналасқан. кіндік деңгейінде Нәрестенің гемолитикалық ауыруында алмастырып қан құюға билирубиннің сағатына қандай мөлшерге көтерілуі көрсеткіш болып табылады: 6 мкмоль/л 28 жасар босанушы әйел күні жетілген тірі, салмағы 3900г, бойы 53 см, сәбиді дүниеге әкелді. Туылған кезінде сәбидің жүрек соғысы 120 минутында, тері жабындысы ақшыл қызғылт, тынысы ретті минутына 16, рефлексі белсенді, бұлшық еттің тонусы қалыпты. Апгар шкаласы бойынша ықтимал баға? 9-10 балл Босану кезінде суы - мекониалді. Екінші кезеңде ұрықтың басы туылғаннан кейін ықтимал іс-әрекет: Еш шара қолданбай нәрестенің толық тууылуын күту Неонатальді сепсистің негізгі себебі: В-тобындағы гемолитикалық стрептококк Жана туған нәрістенің жеңіл дәрежелі гемолитикалық ауруына билирубиннің қандай денгейі сәйкес? 70 – 85,5 мкмоль/л 2 апталық қыз балада сүт бездерінің туа бітті ұлғаюы байқалады, жыныс жолдарынан кезеңді түрде аздаған қанды бөліністер көрінеді. Анасында жүктілік пен босану ағымы асқынусыз. Ең мүмкін диагноз? нәрестенің гормональды кризі Босанғаннан кейін жаңа туған нәрестені жүргізуді төменде аталған әдістердің қайсысынан бастайды: Құрғатып, анасының ішіне жатқызып, үстін жауып қою Шала туылған нәрестелердің өліміне ең жиі себеп болып табылады: Респираторлы дистресс – синдром Апгар шкалаcы бойынша 4-6 баллға сәйкес келетін бала жағдайын таңдаңыз: жеңіл асфиксия жағдайы Нәрестеде туылғаннан кейін басында шүйде бұдыры аймағында орналасқан жұмсақ тіндердің ісігі анықталады. Ісік беткей орналасқан, жіктері мен еңбектерімен шектелмеген. Болжам диагноз: босану ісігі Нәрестеде босанғаннан кейінгі 4-ші тәулікте кіндік жарасынан серозды бөлінділер, жеңіл қызару, кіндік сақинасының аздап инфильтрациясы анықталады. Жүргізу амалы: кіндік сақинасын жергілікті өңдеу Қабылдауға 19 жастағы науқас етеккірінің болмауына шағымданып келді. Анамнезінде әпкесінде де етеккірі келмеген. Объективті: бойы 148 см, мойны қысқа, мойнында қанат тәрізді қатпар, кеуде клеткасы бөшке тәрізді, жыныс мүшелері гипопластты, қосалқылары ұзанша тәж тәрізді. Қандай патология туралы ойлауға болады: Гонадтар даму аномалиясына Қабылдауға 19 жастағы науқас етеккірінің болмауына шағымданып келді. Анамнезінде әпкесінде де етеккірі келмеген. Объективті: бойы 148 см, мойны қысқа, мойнында қанат тәрізді қатпар, кеуде клеткасы бөшке тәрізді, жыныс мүшелері гипопластты, қосалқылары ұзанша тәж тәрізді. Диагнозды дәлелдеу үшін қажет зерттеу: Кариотипін анықтау Н.,19ж. етеккірінің болмауына шағымданып келді. Анамнезінде әпкесінде де етеккірі келмеген. Объективті: бойы 148 см, мойны қысқа, мойнында қанат тәрізді қатпар, кеуде клеткасы бөшке тәрізді, жыныс мүшелері гипопластты, қосалқылары ұзанша тәж тәрізді. Әйел фенотипі. Кариотипі 45ХО. Гонадалар дисгенезиясының ең мүмкін түрі: Типтік Қабылдауға 18 жастағы науқас етеккірінің болмауына шағымданып келді. Анамнезінде әпкесінде де етеккірі келмеген. Объективті: бойы 182 см, екіншілік жыныстық даму белгілері жоқ. Қасағасында түктенуі өте сирек, әйел типтес. Жатыры рудиментарлық. Кариотипі 45ХО/46XY.Гонадалар дисгенезиясының ең мүмкін түрі: Таза Қабылдауға 17 жастағы науқас қазіргі уақытқа дейін етеккірінің болмауына шағымданып келді. Бойы 150 см, екіншілік жыныстық даму белгілері әлсіз дамыған, әйел типтес, жатыры кішкентай, қосалқылары пальпацияланбайды. Дифференциалды диагностика мақсатында эстроген-прогестеронды сынама жүргізілді – оң нәтиже. Аменореяның қай түрі болу ықтимал: Аналық безді Перименопауза кезеңінде ДЖҚ ең қолайлы гормоналдық гемостаз әдісі: Гестагендер Репродуктивті жастағы ДЖҚ кезінде гемостаз мақсатында қолданады: Хирургиялық гемостаз «Жүктілікті мерзіміне дейін жеткізе алмау» терминіне жиі сай келеді: Мерзімінен ерте босану Жатырдан тыс жүктілікте түтік жарылу типіне ең сипатты симптом: Ауру сезімінің тік ішекке таралуы Науқас етеккірдің 5 аптаға кешігуіне, тік ішекке берілетін толғақ тәрізді ауру сезіміне, жұғынды қанды бөлінділерге шағымданып түсті. OS: қынаптың және жатыр мойнының шырышы көгерген, қанды бөліністер. PV: жатыры қалыптыдан сәл үлкен, жұмсақ, қозғалады. Оң жақта ауру сезімді, жиектері анық емес қамыр тәрізді түзіліс байқалады. Артқы күмбезі тегіс, ауру сезімді. Ең ықтимал диагноз: Жатырдан тыс жүктілік Жатыр миомасы кезінде етеккір циклының ең ықтималды бұзылу типі: Гиперполименорея Жатырдан тыс жүктіліктің ең жиі себебі: Созылмалы сальпингит Н., 30 ж., ішінің төменгі аймағында кенеттен ауру сезімі дамуы, құсу, лоқсумен стационарға жеткізілген. Обьективті: бозғылт, АҚ 90/60 мм.с.б. Тамыр соғысы минутына 90. Іші қатты ауырады, Щеткина-Блюмберг симптомы оң. OS: жатыр мойны таза. PV: жатыры кішкентай, оң жақ қосалқылары аймағында ауырсынатын, қозғалыссыз 10х10 см түзіліс анықталады. Болжам диагноз: Аналық без киста аяқшасының бұралуы Миоматозды түйіндердің ең жиі орналасуы: Жатыр денесінде 36 жастағы науқаста сол жақ қосалқылар аймағында диаметрі 10 см дейін беті тегіс, контуры анық, қозғалмалы, ауырсынбайтын, эластикалық консистенциялы ісік тәрізді түзіліс анықталды. Шағымы жоқ. Кіші жамбас ағзаларының УДЗ жүргізілді: құрамында сұйықтығы бар біртекті емес консистенциялы сол жақ аналық безінің кистомасы анықталды. Аналық без ісігінің қандай түрі болу мүмкін: Серозды кистома 70 жастағы науқас 2 ай бойы кезеңді түрде қанды бөліністер бөлінуіне шағымданып келді. Менопауза 15 жыл. Қынаптық тексеруде: сыртқы жыныс мүшелерінде атрофиялық өзгерістерінің болмауы, жатыры аздап ұлғайған. Сол жақ қосалқылары аймағында, тугоэластикалық,қозғалысы шектелген, ауру сезімсіз түзіліс байқалады. Операцияның болжам көлемі: Қосалқылармен жатыр экстирпациясы Алдын ала қарау кезінде 40 жастағы науқастың жатыр мойнында ақшыл түсті аймақ анықталды. Жатыр мойнының лейкоплакиясы диагнозы қойылған. Кольпоскопия жасалды. Онкоцитологияға жағынды алынды. Диагнозы нақтыланды. Ең ықтимал емдеу тактикасы: Электроконизация 32 жастағы науқасқа аналық без кистасына байланысты жоспарлы операциялық ем күтілуде. Мүмкін болатын қосымша тексеру әдісі: Фиброгастродуоденоскопия Экстракорпоральді ұрықтандыруға абсолютты көрсеткіш:\ Екі жақты тубэктомия Гормоналдық контрацептивтердің негізгі әсерінің механизмі: овуляцияның тежелуі 26 жастағы әйелде етеккір тоқтағаннан 10 күннен кейін толғақ тәрізді ауырсыну, сосын қанды боліністер пайда болды. Қандай патология туралы ойлауға болады? жатырдан тыс жүктілік Симптомокомплекс: дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, қалтырау, қанды-іріңді бөліністер, жатырдың ауырсынуы, жатыр маңы клетчаткасының инфильтрациясының болмауы, ұрық жұмыртқасының элементтері іріңді ыдыраған жағдайда,бұл тән: Толық емес асқынбаған инфицирленген түсік Эстрогендерді трансдермальды жолмен еңгізу: эстрогендердің бауыр арқылы өтуі болмайды Қынап арқылы зерттегенде науқаста анықталды: сыртқы ернеуі жабық, жатыр сәл ұлғайған, жұмсарған. Оң жақ қосалқыларында жұмсақ, ауырсынатын, консистенциясы қамыр тәрізді түзіліс анықталады. Болжам диагноз: үдемелі жатырдан тыс жүктілік Жатырдан тыс жүктілік кезінде жатыр ќуысынан алынған ќырындыда гистологиялыќ аныќталады: хорион бүрлерінсіз децидуальды ткань Эндометриоидты кистада жабысу процесінің пайда болуы жиі немен байланысты?
етеккір кезінде эндометриоидты ошақтардың микроперфорациясымен 28 жасар науқас іштін төменгі жағында ауырсынуна, етеккір келгенде күшеюіне шағымданады. Етеккірдің алдында және соңында қоңыр аз мөлшерді қан бөліністер байқалады, бедеулік бес жыл бойы. 20 жасында аналық безінін кистасы жарылуына байланысты оң жақ аналық безінің резекциясы жасалды. РV: жатыр қозғалысы шектелген, мөлшері қалыпты, ауырсынусыз. Жатырдын артқы және оң жағында ісік анықталады, мөлшері 8,0 х 8,0 см, консистенциясы тығыз эластикалық, қозғалысы шектелген, жатырдың артқы бетіне бекіген, орташа ауырсынады. Лапароскопия кезінде шоколад түсті, қасындағы жатқан тіндермен жабысқан ісік анықталды. Болжам диагноз? эндометриоидті киста 25 жастағы пациентка учаскілік гинекологқа келді. Анамнезінде етеккірі 14 жастан, 6-7 күннен, ретті, ауырсынусыз. Бүгін етеккір циклының 16 күні. Жыныстық өмірі 20 жастан, ретсіз, некеде жоқ. Бірінші жүктілігі – 1 жыл бұрын, медициналық аборт, асқынусыз. Тиімді контрацепция әдісін таңдаңыз: презервативтер 20 жастағы әйел “әйелдер кенесіне” жыныс жолынан көп мөлшерде ірің тәрізді бөліністерге шағымданып келді. Айнамен ќарағанда ќынаптың кілегейі ќызарған. Жатыр мойнында беткейі жұмсаќ аќшыл-ќызыл түсті эрозия аныќталды, контактіде ќан кетеді. Дәрігердің алғашқы әс-әрекеті: биопсия Науқас 30 жаста, шағымдары: ішінің төменгі жағының ауырғандығы, субфебрильді дене қызуы, 2 апта бұрын мини-аборт жасалған. Қынаптық тексеруде: жатыр қалыпты мөлшерден сәл үлғайған, оң жақ қосалқылары аймағында сопақша пішінді, консистенциясы тығыздау, қозғалысы шектелген, пальпация кезінде қатты ауырсынатын түзіліс анықталады. Болжам диагноз? Сальпингоофорит Хью-Фитц-Куртис синдромы тән: хламидиозға, созға Науқас 28 жаста, жыныс жолдарынан иіссіз ірімшік тәрізді бөлініске, қышуға, күйдіріп ауырсынуға шағымданады. Болжам диагнозын қойыңыз: қынаптың кандидозы 40 жастағы науқаста жатыр ішілік контрацептив фонында пиосальпинкстын жарылу себебінен жайылған перитониттегі емдеудің оптимальды көлемі: қосалқыларымен жатыр экстирпациясы, іш қуысын дренаждау 37 жасқа дейінгі әйелде екіншілік аменорея, екіншілік бедеулік, «леп» келуі симптомдары қай сидромға тән? аналық бездің ерте қажу синдромы 25 жастағы науқас «Біріншілік бедеулік. Арнамалы екі жақты созылмалы сальпингоофорит, ремиссия сатысында» диагнозымен гинекология бөлімшесіне жолданды. Жатыр түтікшесінің өткізгіштігін анықтау мақсатында гистеросальпингография жасалды. Дәрігердің тактикасы: лапароскопия, адгезиолизис Науқас Г., 25 жаста дәрігерге біріншілік бедеулікке шағымданып келді. Гистеросальпингография жасалды. Бұл гистеросальпингографиялық көрініс тән: жатырдың қосарлануына Келесі гистеросальпингография суреті сәйкес келеді: эндометрий полипі Келесі лапароскопиялық сурет қай ауруға сәйкес келеді: түтіктік аборт 32 жастағы науқаста анамнезінде бедеулік, екі жақты аднексит жиі өршумен. Түскен кездегі шағымдары: дене қызуының жоғарлауы, қалтырау, іштің барлық бөлігінде ауырсыну. Объективті: дене температурасы 39,20С, пульсі – 128 рет минутына, АҚҚ -110/70мм.с.б.,ТАЖ -22 рет мин, тілі таза ылғалды, іш кебу, барлық аймақта қатайған, ауырсынады, Щеткин симптомы оң мәнді. Қынап арқылы тексергенде: жатыр мен қосалқалары қатты ауырсыну салдарынан пальпацияланбайды. Қынаптың артқы күмбезі тегістелген, ауырсынады. Болжам диагноз? Жайылмалы перитонит Берілген лапароскопиялық сурет қандай ауруға дұрыс сәйкес келеді? Date: 2016-06-06; view: 1900; Нарушение авторских прав |