Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Позитронды-эмиссионды томография 4 page
*+Коронарлы жетіспеушілік *Бейарнамалы коронарит *Тәж артериясының спазмы *Қанда эндорфиндер төмендеген *Тәж артерияларының атеросклерозы Науқас, 37 жаста. Шағымдары: әлсіздікке, дене қызуының 37,5ОС көтерілуі, физикалық жүктемеде аяқ бұлшықеттерінде ауырсыну.Қарау кезінде: жүректің сол жақ шекарасының үлкеюі, бүйрек артериялары проекция аймағында систолалық шу естіледі. Пульс сол білек артериясында әлсіреген. АҚҚ оң қолында– 140/100 мм.сын.бағ., сол қолда анықталмайды, аяғында – 170/120 мм.сын.бағ. АГ себебі не деп ойлайсыз: *Бейарнамалы аортоартериит (Такаясу ауруы) *+Бүйрек тамырларының фибромускулярлы дисплазиясы *Вегенер гранулематозы *Шенлейн-Генох ауруы *Қолқа коарктациясы
11 жасар бала, әлсіздікке, бас айналуға, физикалық жүктемеде жүрек соғуына шағымданады. Қарау кезінде - диффузды цианоз, саусақтары «дабыл жарғағы тәрізді», тырнақтары - «сағат әйнектері тәрізді». Жүрек шекарасы оңға кеңейген. Аускультацияда – ІІ қабырғааралығында төстің сол жағында өрескел систолалық шу. Мүмкін жүрек ақауын көрсетіңіз: *Өкпе артериясының ақауы *Өкпе артериясының стенозы *+тетрада Фалло *митралды қақпақша пролапсы *қолқа коарктациясы
25 жастағы науқас ер адам, басының ауруына, басының айналуына шағым айтып келді. Анамнезінде: соңғы 2жыл бойы ауырады.Қан қысымы жиі көтеріліп, кризбен жедел жәрдемді шақырады. Гипотензивті дәрілермен криздік жағдайы әрең басылады. Объективті қарағанда: Денне пішіні толықтау.Қан қысымы200/100мм.сын.бағ.ЖСС-90рет минутына. Жүрек тондары ритмді,анық.Іштің алдыңғы бетінде, кіндік үстінде тамырдың шуылы естіледі.Аурудың диагнозын анықтау үшін қандай тексеру жүргізу қажет? *Инфузияық ренография *+Бүйректің сцинтографиясы *Бүйректі ультрадыбысты тексеру *Бүйректің рентгенографиясы *Бүйрек веналарын катетеризациялау
Науқаста ақшыл көпіршікті қақырықпен жөтел, тыныштық күйінде ентігу, дене қызуының көтерілуі, жүдеу, жөтелге күшейетін төс аймағында ауырсыну. Қарау кезінде: науқас нашар тамақтанады (3 айда 12 кг арықтаған).Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Тері қабаты бозғылт. Аускультацияда өкпенің ортаңғы төменгі бөліктеріде құрғақ сырылдыр. Перкуторлы ортаңғы және төменгі бөлікте перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, анемия. Рентгенологиялық тексеруде: жиегі айқын емес ошақты өзгерістер, кей жерлерде біріккен, өкпенің ортаңғы және төменгі бөлігінің интерстициалды өзгерістері. Бұл жағдайды диагностикалау үшін қандай зерттеу маңызды? *көзделген томография *Бронхография *+фибробронхоскопия *пневмотахометрия *жалпы клиникалық тексеру
Әскери қызметкер, 19-жастағы ер адам, казармада тұрады, бөлімшеге құрғақ сырыл, қалтырау, дене қызуының 37.5 С дейін көтерілуіне, артралгия және миалгияға шағымданады. Рентгенде өкпе суретінің күшеюі, өкпенің төменгі бөліктерінде шекарасыз дақты қараюлар.Пенициллин және цефалоспоринмен емнен нәтиже жоқ. Бұл жағдайда қандай қоздырғыш мүмкін:// *Көк ірің таяқшасы *Гемофильді таяқша *пневмококк *+микоплазма *стафилококк.
Қуық үсті безінің аденомасы бар науқаста тұншығу ұстамасын басу үшін қандай препаратты беруге болмайды? *+Атровент *Астмопент *Дитек *Теофиллин *Сальбутамол
Науқас, 45 жаста көбінесе таңертеңгі уақытта 100 мл мөлшеріндегі шырышты-ірінді қақырықты жөтелге, 380C дейін дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Жөтел 5-6 жыл бойы мазалайды. Өкпеде әлсіреген тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Кандай диагноз болуы барынша мүмкін? *Созылмалы катаральді бронхит *Өкпе абсцессі *Ошақты пневмония *+Созылмалы ірінді бронхит *Бронхоэктаз ауруы
47 жастағы, қантты диабетпен ауыратын және пневмонияға байланысты ем алып жүрген науқас 2 аптадан кейін қайтадан қалтырап, шылқып терлеп, дене қызуы 39оС дейін жоғарылады. Тыныс алу жиілігі -32 рет минутына, пульс -108 рет минутына. Қан қысымы 110/70 мм.с.б. Қанда: лейкоциттер- 18 мың, таяқша ядролы -14%, сегмент ядролы -52%, лимфоциттер – 34%, эритроциттер тұну жылдамдығы – 48мм/сағ. Қаннан алтынды стафилококк егіліп алынды. Эхокардиографиялық зерттеуде қақпақшалар өзгермеген. Науқаста қандай асқынудың дамуы барынша мүмкін? *+Сепсис *Инфекциялық эндокардит *Жедел жүрек жеткіліксіздігі *Жедел тыныс жеткіліксіздігі *Жедел респираторлық дистресс-синдромы
38 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне артериялық қысымның жиі кенеттен 270\130 мм.с.б. дейін көтерілуіне, интенсивті бастың ауруына, жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі артериялық қысым -260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоциттер-9,2х109 /л, эозинофилдер-7%; глюкоза- 7,6 ммоль/л, несеп анализі патологиясыз. Электрокардиограммада- синусты тахикардия 100 рет мин, жүрек электрлік өсінің солға ығысуы, сол қарыншаның гипертрофиясы. Қорытынды диагноз қою үшін қандай тексеру барынша мәліметті? *+Қандағы котехоламиндерді анықтау *Қандағы кортизолды анықтау *Қандағы альдестеронды анықтау *Қандағы электролиттерді анықтау *Қандағы ренинді анықтау
48 жасар әйел стационарға түсті. Анамнезінен: соңғы 1,5 ай ішінде дене қызуының периодты түрде 38-390С дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, аздаған физикалық күш түсу кезіндегі ентігу; өз бетінше аспирин, оксациллин қабылдаған. Қарағанда: дене қызуы-38,50С, тері жабындары бозғылт, беті мен алақандарында бірен-саран петехиальды сипаттағы экзантемалар, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, тахикардия, төстің сол жақ қырында ІІІ-ІV қабырғааралықтарда диастолалық шу, артериялық қысым 150/30 мм.с.б., орташа гепатоспеномегалия. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ-ның аса жоғарылауы, α2 және γ- глобулиндердің, с- реактивті белоктың, сиал қышқылдарының жоғарылауы. Несеп анализінде- патологиясыз.Қандай ауруға күдіктенуге болады? *+Инфекциялық эндокардит және аорта жетіспеушілігі *Жедел ревматикалық қызба және қос жармалы стеноз *Жедел ревматикалық қызба және аорта жетіспеушілігі *Геморрагиялық васкулит *Ревматикалық емес миокардит
38 жастағы науқас стационарға артериялық қысымының жиі кенеттен 270/130 мм.с.б., дейін көтерілуіне, интенсивті бастық ауырсындына, жүоек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тертеңдікке, дене қызуының 380Сдейін көтерілуіне шағынданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бөзғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі қан қысымы 260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоцитоз, гипергликемия, адреналин және норадреналиннің жоғарылауы. Бүйрек үсті безінің компьютерлык томографиясында істік тәрізді, гипоэхогенді түзілім байқалады. Осы жағдайда қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс? *Нифедипин *Метопролол *+Фентоламин *Клофелин *Каптоприл
62 жастағы науқас кардиологиялық бөлімшіге басынық ауырсынуы және бас айналуға тағымданың түсті. Анамнезінен: 10 жыл бойына артериялық гипертензия бойынша диспансерлік есепте тұрады, екі жыл алдын миокард инфарктісін өткерген Жағдайының нашарлауы соңғы 1 айда, оны дәрлектерді тұрақты қабылдамауымен байланастырады. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, пульс минутына 86 рет, артериялық қысым 200/100 мм.с.б., жүрек жетіснеушілігі белгінері жоқ, аяұ тамырларының облитерирлеугі атеросклерозі белгілері бпр. Бұл жағдай қандай дәрмек дұрыс? *Эгилок *+Нормодипин *Конкор *Атенолол *Небилет
51 жасар ер адам, стационарға ұзақ ауырсынуға және оң қабырға астының түйіліп тұруына шағымданып түсті. Зерттегенде: сарғыштық жоқ, Кери симптомы оң мәнді, температурасы субфибрильді, ЭТЖ – 30 мл/сағ. Болжам диагнозы қандай? *+Созылмалы холецистит, өршу *Созылмалы панкреатит, өршу *Асқазан ойық жарасы, өршу *Созылмалы гепатит, өршу *Одди сфинктерінің дисфункциясы
17 жасар жас адам, амбулаторлы тексерілуде. Дені сау жағдайда 380С-қа дейін қызба пайда болды, сол кезде терісінде және кілеген қабатында геморрагиялық бөртпелер, экхимоздар пайда болды. Бір рет «мелена» болды, сосын нәжісте Грегерсен реакциясы екі апта бойы оң мәнді болып тұрды. Қанда тромбоциттер 60х109/л. Барлық белгілер өз бетімен ізсіз өтіп кетті. Осыдан алдын баспамен ауырып, сульфаниламид дәрмектерін қабылдаған. Қандай диагноз болуы мүмкін? *Мәллори-Вейса синдромы *Бейспецификалық жаралы колит *Тоқ ішектің дивертикулезі *+Верльгоф ауруы *Меккеля дивертикулі
Науқас 32 жаста. Шағымдары: жалпы әлсіздік, шаршағыштық, бас айналу, көз алдында «шіркейлердің» пайда болуы, ентігу, тырнақтарының сынғыштығы. Анамнезінен: 7 жүктілік болған, оның 4-інде түсік тастаумен аяқталған, етеккірі 5-7 күн, көп қан кетеді. Объективті: тері және көзге көрінетін сілемей қабаттары боз, таза, құрғақ. Тырнақтары жұмсақ, тез сынады. Ауыз бұрыштары тілінген. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -62 г/л, эр -2,6х1012/л, лейкоциттер 4,9х109/л, тромбоциттер – 180х109/л. Эритроциттердің тұну жылдамдығы - 30 мм/ сағ. Төменде аталған дәрілердің қайсысы ең ықтималды? *В12- дәрумені *Фолий қышқылы; *+Сорбифер-дурулес *Аскорбин қышқылы *Эритропоэтин
45 жасар ер адам тамақтанғаннан соң және физикалық күштемеден кейін болатын төс артының ауырсынуына, қыжылдауға, жеген тамақты кекіруге, тамақты жұтынғанда қиындықты сезіну мазалайды. Зерттегенде:ЭКГ патологиясыз; Эндоскопиялық пиброгастродуоденоскопия: томенгі өңештің спиинктері жабылмайды, гиперемия, өңештің шырышты қабаты ісінулі, бір қатар эрозиялар. Бұл жағдайда қандай дәрмектерді комбинациясы тиімді? *+домперидон + рабепразол *маалокс + ампициллин *омепразол + смекта *омепразол + маалокс *омепразол + но-шпа
32 жасар науқас жедел «қанжа» тәрізді эпигастри аймағының ауырсынуына шағымданады. Анамнезінен:сонғы 3 жылда 12 елі ішек ойық- жара ауруымен аурады, және де ол жиі ресидив береді. Н2 гистамин блокаторлары терапиясына реакция оң мәнді. Қан құю жасалған. Ранитидинмен төрт апта терапия жүргізгенде жара тыртықталған. Ары қарай емдеу тактикасы қандай? *+Кларитромицин+амоксициллин+омепрозол *Тетрациклин+метронидазол+омепрозол *Кларитромицин+метронидазол+квамател *Амоксициллин+де-нол+омепрозол *Амоксициллин+метронидазол+квамател
48 жасар науқас оң қабырға астының ауырсынуына, сарғыштыққа жалпы әлсіздікке шағымданып, қабылдау бөліміне түсті. Анамнезінен: ішімдікті көп ішеді, бір апта бұрын өңештің барикозды кеңейген веналарына қан кету болған. Қарағанда: терісі және склерасы сарғыш, телеангиэктазиялы, іші кепкен, гепатоспленомегалия. Қанда: анемия тромбоцитопения, ЭТЖ-44 мм/сағ жалпы билирубин тура пракция есебінен 68 мк/моль –л. Бұл жағдайда не тағайындаған жөн? *+Гептрал + жаңа тағайындалған плазма + дәрумендер С, К. *Преднизолон + гепабене + креон. *Гептрал + эритромасса + креон *Преднизолон + гепабене + креон. *Феррум-Лек + преднизолон + гептрал
Нозомикальды деп осы кезде пайда болған пневмонияны айтады: *Бұрын емделмеген адамда *Пациентті госпитализациялағаннан кейін 48 бұрын *Жүкті әйелде жүктіліктің 20-шы аптасынан кейін *+Пациентті госпитализациялағаннан кейін 48 сағат кешірек *Үй жағдайында басқа аурудан емделген науқаста
А. атты науқас, 58 жаста, 10-15 жыл бойына ІІ дәрежелі артериалды гипертензиямен жапа шегеді. Бір жыл бұрын алдыңғы қалқа аймағының ірі ошақты миокард инфарктын өткізді. Аталған науқастың еңбек диагнозы қандай? *Еңбекке жарамды, режим сақтау *+ІІ топ мүгедегі *Дене жүктемесімен байланысты емес жұмысқа ауыстыру *Түнгі ауысым жұмысына ауыстыру *І топ мүгедегі
ІІ дәрежелі артериалды гипертензиямен науқастарға келесі еңбек түрі көрсетілген: *Айтарлықтай дене жүктемесімен жұмыс *Айтарлықтай жүйке-психикалық шиеленіспен жұмыс *Түнгі ауысым *Шуыл, вибрация *+Шамалы дене жүктемесімен жұмыс
55 жастағы науқас әйел, ІІ дәрежелі артериалды гипертензиямен жапа шегеді. 12 жыл бойына АҚ 165/100 мм сын. бағ. дейін көтеріледі. Аталған науқас әйелге қолдаушы терапияның қандай схемасын қолдануға болады? *Нифедипинмен қысқа әсерлі монотерапияны *+-блокаторлар+диуретиктер *АПФ ингибиторлары+диуретиктер *АПФ ингибиторлары+кальций антагонистері+ жүрек гликозидтері *Адельфанмен монотерапия
Шылым шегуші бронхитінің жиі асқынуларымен 50 жастағы науқаста бүгін түнде өмірінде бірінші рет төс артында күйдіру ұстамасы және ұстаманың тыныс алумен байланысты емес 2-3 сағатқа созылған мойынға таралымы, күрт әлсіздік және тершеңдік пайда болды. Қандай ауруды алып тастау керек? *Мойын остеохондрозы *Спонтандық пневмоторокс *Өкпелік жүрек *+Миокард инфаркты *Өкпе инфаркты
Бірінші рет пайда болған стенокардия кезіндегі дәрігер тактикасы: *Үйге белсенді қатынаумен амбулаторлық жағдайда емдеу және бақылау *Науқас емханаға 2-4 сайын қатынай отырып амбулаторлық жағдайда емдеу және бақылау *Жоспарлы госпитализация (амбулаторлық жағдайды алдын ала емделумен) *+Шұғыл госпитализация *Емхананың күндізгі стационар жағдайында емдеу
62 жастағы науқас әйелді соңғы 2 жылда жүрген кезде пайда болатын, баспалдақтан түскен кезде күшейетін тізе буындарындағы, көбіне оң жағында ауырсынулар мазалайды. Қарап тексерген кезде выпот есебінен оң жақ тізе буыны көлемі біршама ұлғайған. Тізе буындарының R-графиясында, екі жағынан да бірдей айқындалған остеофитоз анықталды. Нозологиялық диагноз қойыңыз: *+Екіншілік синовитпен остеоартроз *Псориаздық артрит *Подагра *Рейтер ауруы *Бехтерев ауруы
50 жастағы науқас бүкіл денесінің ісінулеріне шағымданып келді. Ауру дамуына дейін 2 жыл бұрын 5 жыл бойына оң жақ жіліншік аймағында терең жара болған. АҚ жоғарыламаған. Қан талдауында: гемоглобин 45 г/л, несеп талдауында – үлес салмағы 1015, ақуыз 10 г/л, шөгіндісінде көптеген гиалинді және түйірлі цилиндрлер. Несепнәр, креатинин қалыпты мөлшерде. Зимницкий бойынша сынама өзгермеген. Болжамды диагноз: *+Екіншілік бүйрек амилоидозы *Созылмалы гломерулонефрит *Созылмалы пиелонефрит *Жедел пиелонефрит *Біріншілік бүйрек амилоидозы
48 жастағы науқасты анықталған АГ бойынша қарап тексерген кезде, несеп талдауында ақуыз 1,2 г/л, эритроциттер 10-15 көру аймағында, үлестік мөлшер 1012. Бүйрек УДЗ-да патология анықталмаған, несепнәр және креатинин – қалыпты. Анамнезінде – ерекшеліктерсіз. Болжамды диагноз: *+Созылмалы гломерулонефрит *Гипертониялық ауру *Созылмалы пиелонефрит *Подагралық нефропатия *Екіншілік бүйрек амилоидозы
Науқаста тамақ ішкеннен соң жарты сағаттан кейін, дене жүктемесі және денесі еңкейгенде пайда болатын және күшейетін жүрек аймағына таралымымен семсер тәрізді өсіндінің басында күйдіретін ауырсынулар. Алмагелмен толықтай басылмайды. Сондай-ақ ауамен кекірікату, тұншығу ұстамасы, жөтел байқалады. Барий жүзгінімен рентгенологиялық тексеру кезінде – контрасты массаның асқазаннан өңешке рефлюксі. Аталғандардың барлығы күмәндәндырады: *Рефлюкс-эзофагит *Өңеш обыры *+Кардия ахалазиясы *Бронх демікпесі *Созылмалы гастрит
44 жастағы науқас, анамнезінде бір апта бойына ішімдік пайдаланған. Соңғы қабылдаудан кейін 12 сағаттан соң – жүрегі айну, қайта-қайта, жеңілдік бермеген құсу, эпигастрийдегі дискомфорт, күрт әлсіздік. Қарап тексерген кезде – жағдайы ауыр, аузынан ішімдік иісі, есеңгіреген, өңі қуқыл тартқан. АҚ 60/20 мм сын. бағ., ЖҚЖ минутына 60. Іш пальпациясы ауырсынулы, бұлшық еттік қорғаныс жоқ, іш перде тітіркену синдромы теріс. Дәреті бір рет, оформленный. Болжамды диагнозы: *+Панкреонекроз *Экзотоксикалық шок *миокард инфарктының абдоминальды формасы *Тағамдық токсикоинфекция *Алкоголь суррогаттарымен улану
44 жастағы науқас оң жақ қабырға астындағы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуларға, қайта-қайта құсуларға шағымдарымен клиникаға түсті. Науқас 3 күн бойы ішімдік пайдаланған. Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозғылт, құрғақ, дене температурасы 38,6 0 С. Тамыр соғысы минутына 110. АҚ 80/40 мм сын. бағ. Тынысы везикулярлы, төменгі бөліктерінде екі жағынан біршама босаңсыған. Тілі өңезделген, құрғақ. Іші қампайған, жұмсақ, эпигастрииде ауырсынулы. Оң Кер, Керте, Воскресенский симптомдары. Науқаста қандай ауру болуы ықтимал? *Жедел холецистит *+Жедел панкреатит *Жедел гастрит *Асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруы *Бауыр циррозы
32 жастағы әйел адам жүрек қағуына, әлсіздік, күйгелектік, тершеңдік, арықтау шағымдарымен жалпы тәжірибе дәрігеріне келді. 1 жылдан аса ауыру. Объективті: әбігер, көздері жалтылдап тұр, қол саусақтарының треморы, Ромберг кейпінде қалыпты емес. Жүрегі: тахикардия, тамыр соғысы 1 минутта 110, АҚ 150/30, 160/40 мм сын. бағ. Дәреті – іш өтуге бейім. Науқасқа төменде көрсетілген диагноздардан болжамдысын қойыңыз: *Нейроциркуляторлы дистония *+Гипертиреоз *Гипотиреоз *Феохромацитома *Біріншілік альдостеронизм
!Егде және кәрілік жастағы тұлғалардағы пневмонияға не тән? *жедел басталуы *қызудың жоғары болуы *+аурудың созылмалы ағымы *ЭТЖ тез жоғарлауы * жоғары лейкоцитоз
!Асқазан диспепсиясының жара іспеттес түріне тән ерекше белгісі болып табылады: *қыжыл *жүрек айну *тез тойыну сезімі *+ашығу және түнгі ауырсыну *Тамақ қабылдағаннан кейінгі эпигастри кернегендей сезім болуы
!В12-дефицитті анемиясы бар науқастар үшін миелограммада ең көп таралады *төмендетілген сүйек кемігі *тұрақты сүйек кемігі *қанның барлық өскіндерінің гиперплазиясы *+мегалобластикалық қанның түрі *қан тамырлардың нормобластикалық эритроциттердің тітіркенген түрі
!Науқас Ф. 68 жаста соңғы жылдары басының ауруына, айналуына шағымданады. АҚҚ ың жоғарылауы 170/100 мм сын. бағ, әсіресе бастың қатты ауырсынған кезінде. Сұрау кезінде анасының АҚҚ жоғары болғаны анықталған. 56 жасында анасы инсульттан қайтыс боған. Науқастың тәбеті жоғары, көп шылым шегеді, сыра ішеді және майлы тағамдарды жақсы көреді. Науқастың диагнозы? *Артериялық гипертензия, I саты, қауіп III *+Артериялық гипертензия, II саты, қауіп III *Артериялық гипертензия, II саты, қауіп IV *Артериялық гипертензия, III саты, қауіп III *Артериялық гипертензия, III саты, қауіп IV
!Науқас А, 43 жаста, дизурияға, субфебрильді температуаға шағымданады. Жалпы зәр анализінде белок 0,333г/л анықталды,лейкоциттер 20-30 көру алаңында,бактерия +++, салыстырмалы тығыздығы 1010, рентгенде- екі бүйректің тостағанша-түбекше жүйесінің деформациясы, мочевина 7ммоль/л. Бұл паталогияға сәйкес емдеу препаратын тандаңыз. *азатиоприн *+ампициллин *ацикловир *атенолол *аллопуринол
!Амбулоторияға жұкті әйел келіп түсті, гестациялық мерзімі 8-10 апта. Шағымдары: дене температурасының 37,4-38,0°С дейін жоғарлауы, шамалы қалтырау, бел аймағындағы аурсыну. Анамнезінде: бұрында бүйрегі ауырған, сәйкесінше ем алған. Ұрғылау симптомы оң. ЗЖА: белок - 0,066 г/л, лейкоцитурия, пиурия, эритроцит 8-10 к/а., эпителий 6-8 к/а. Диагноз қойыңыз. * жедел пиелонефрит *жүктілік нефропатиясы *+созылмалы пиелонефрит *созылмалы гломерулонефрит * дисметаболитикалық нефропатия
!Науқас С, 16 жаста. 1 жыл бұрын қант диабеті диагнозы қойылған. Интенсивті инсулинотерапия жүргізіліп жатыр, инсулиннің тәуліктік дозасы 56 ХБ. Соңғы жарты жылда 8 кг салмақ қосылуын байқаған. Тәбеті жоғары. Күні бойы әлсіздік байқалған. Аш қарынға глюкоза деңгейі- 15,6 ммоль/л, 12,0 -3,5 ммоль/л, 16,00-18,1 ммоль/л. Зәрдегі глюкоза 0,5 пайыз, ацетон әлсіз оң. Науқастың бұл жағдайы неге байланысты туындаған? *инсулиннің созылмалы жеткіліксіздігі *+созылмалы инсулинмен улану *инсулинорезистенттілік тәул 100 ХБ *диабеттің лабильді ағымы * науқас емдәмді бұзған.
!Науқас 41 жаста. Дәрігерге қаралу кезіндегі шағымдары: ұйқышылдық, апатия, іш қату, салмақ қосу. Объективті қарау: тері құрғақтығы, шырышты қабаттардың бозғылттығы. ЭКГ-да синусты ритм, ЖЖЖ- 58 рет/мин. ЖЭО горизанталды орналасқан. ЖҚА Нв 100 г/л, холестерин – 9 ммоль/л. Болжам диагноз? * диффузды эутиреоидты жемсау *диффузды токсикалық жемсау *жеделдеу тиреоидит *+гипотиреоз *токсикалық аденома
!Науқас, 41 жаста. Дәрігерге ұйқышылдыққа,апатияға, іш қатуға, салмақ қосқанына шағымданып келді. Объективті тексеруде терісі құрғақ, шырышты қабаттары бозғылтт. ЭКГ-да синусты ритм ЖСЖ 58-рет мин.,ЖЭӨ горизантальді қалыпта. Жалпы қан анализінде - Нв 100 г/л, холестерин – 9 ммоль/л. Қандай зерттеулер диагнозды нақтылайды: Date: 2016-05-25; view: 791; Нарушение авторских прав |