Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






E. инфекционды эндокардит





 

$$$059

Науқас, 30 жаста. Бас ауруына, бас айналуға, жүрек аймағында ауырсынуға, жүргенде тез шаршағыштыққа шағымданады.Бұл жағдайлар бала күннен байқалады. Қарау кезінде: дене қалпының пропорционалды емес (кеуденің жоғарғы бөлігі жақсы дамуы, төменгі жағы дұрыс дамымаған). Аяқта пульс әлсіз, толықтығы аз. ІІ қабырғааралығында және Боткин нүктесінде, ұйқы және бұғанаасты артерия үстінде систолалық шу, қабырғааралық артериялардың пульсациясының күшеюі. АҚҚ қолда — 170/100 мм сын.бағ., аяқта – 90/60 мм сынбағ..

АГ себебі не деп ойлайсыз:

A) Қолқа коарктациясы

B) Бейарнамалы аортоартериит

C) Қолқа саңылауының стенозы

D) Лериш синдромы

E) Рейно ауруы

 

 

$$$060

Бронхоэктазиялық сырқаты бар 23 жастағы науқаста, 2 аптадан бері жағдайы нашарлаған, ентігу, қан түкіру, қызба, қалтырау болған.

Салқындаумен байланыстырады. Қарау кезінде жағдайы орташа ауырлықта. Тері қабаты бозғылт, цианоз. Өкпенің төменгі артқы перифериялық бөлігінде ірі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Қол саусақтары «дабыл жарғағы» тәрізді, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрзді.

Қан анализінде-лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған.

Бұл сырқатты диагностикалау үшін қандай тексеру информативті?

А.Рентгенография

В.Бронхография

С. Спирография

D. Томография

Е. Ангиография

 

$$$061

25 жастағы ер адам, баскетбол бойыша қалалық құраманың мүшесі, шағымдары: жаттығудан соң 10 мин пайда болатын ентігу мен ұстамалы жөтел пайда болуы, тыныштық жағдайында басылады. Сіздің диагностикалық тактикаңыз:

А.Физикалық жүктемемен сынама B.Бронходилатациялық сынама

C.бронхоскопия

D.спирометрия

E.пневмотахометрия

$$$062

72 жастағы науқас көп жылдан бері ӨСОА зардап шегеді, жағдайы нашарлаған. Ентігу тұрақты, ұйқы кезінде горизонталды жағдайда күшейеді, в-агонистерімен нашар басылады.

Өкпеде құрғақ ысқырықты және бірен саран ылғалды сырылдар.

Спирографияда: ДФК 50% төмен. Дәрігер бронхолитиктермен сынама тағайындады.

Бронхолитикпен сынама қадай мақсатта тағайындалды?

A. бронхиальды демікпені диагностикалау мақсатында

B. Ем мақсатында

C. алдын алу

D. өмір сапасын жақсарту

E. Жүрек демікпесін диагностикалау мақсатында

 

$$$063

65 жастағы науқас, көп жылдан бері ӨСОА сырқаттанады, соңғы жылдары аз физикалық жүктемеде ентігу, тұрақты жөтел, әлсіздік байқалған.Қарау кезінде: тері қабаты бозғылт. Саусақтары «дабыл жарғағы тәрізді», тырнақтары «сағат әйнегі тәрізді». Өкпеде қатқыл тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл, төменгі бқлігінде бірен саран ылғалды сырыл.

Т.Ж.-38 рет мин.ЖСЖ-102соққы 1 мин. АҚҚ 140/90мм.сын.бағ.

Сыртқы тыныс қызметін зерттегенде: ДФК 60% төмен.Холинолитиктер ентігуді нашар басады.

Науқасқа қандай препарат тағайындаған дұрыс?

А.преднизолон

В.ипотропиум бромид

С. Вентолин

D.спирива

E. теофиллин

 

$$$064

49жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуының көтерілуі, ентігу (тыныс ала алмау), жудеуге, құрғақ жөтелге. Терең тыныс алғанда жөтел пайда болады. Ірі буындарда кезеңді ауырсыну, саусақтарда жансыздану мазалайды.

Анамнезінде: 10 жылдан бері созылмалы бронхитпен сырқаттанады, ем қабылдап тұрады. Соңғы жағдайының нашарлауы 2 аптадан бері.


Объективті: науқас астеникалық дене қалпы. Тері қабаты бозғылт. Т.Ж.-32 рет мин. Тыныс алу қиындаған. ЖСЖ-98рет мин. АҚҚ 145/90мм.сын.бағ. Аускультацияда «целлофан сықыры» тәрізді крепитация. Рентгенологиялық тексеруде көкеттің жоғары тұруы, өкпенің төменгі бөлігінде фиброзды өзгерістер. Сіздің диагнозыңыз қандай?

А. созылмалы обструктивті бронхит.

В.өкпе эмфиземасы

С. Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит

D. бронх демікпе

Е. жүрек демікпесі

 

$$$065

Науқас, 30 жаста, прекардиалды аймақта қысып ауырсынуға шағымданады, ұзақтығы 5-7 мин, ешқайда тарамайды, тез жүргенде туындайды, өздігінен басылады.Қарау кезінде: төстің сол жақ шегі бойынша қатқыл систолалық шу, ЖСЖ 80 рет мин. АҚҚ 115/70 мм сы.бағ. ЭКГ: Q тісшесі II,III, AVF, V3- V6 тіркемелерінде терең. Эхокардиоскопияда: қарыншааралық перде 3см, экскурсия 0,3см, артқы қабырға 1см, экскурсия 1см, жүрек лақтыру көлемі 80%. Мүмкін диагнозды көрсетіңіз:

A. митралды қақпашаның ревматикалық стенозы

B. рестриктивті кардиомиопатия

C. гипертрофиялық кардиомиопатия

D. дилатациялық кардиомиопатия

E. ЖИА, төменгі қабырғаның миокард инфаркті

 

$$$066

Емхана дәрігеріне 45 жастағы ер адам басының ауруына, бұлшық еттерінің әлсіздігіне, қол-аяқтарының ұюына, құрысуына,жиі зәрді шығаруына шағым айтады.Ауырғанына 2жыл болған. Дәрігерлерде тексеріліп, емделіп жүр.Гипотензивті дәрілердің әсері жоқ; тек қана верошпироннан кейін қан қысымы төмендейді. Қан қысымы 170/105 мм.сын.бағ.Тексергенде: калий-3;5 мэкв/л; натрий-148мэкв/л; Жүрек тондары ритмді; анық. ЖСС-100рет минутына.ЭКГ-де: экстрасистолиялар.

Сіздің диагнозыңыз:

A) Ишемиялық инсульт

B) Кон синдромы

C) Реноваскулярлы гипертензия

D) Артериялық гипертензия

E) Созылмалы пиелонефрит

 

$$$067

32 – жастағы науқас – ұзақ уақыт бойы шылым шегеді. Соңғы бір жылда төс артындағы және балтыр бұлшық еттеріндегі ауырсынуға байланысты жүктемені нашар көтереді. Дәрігерге сол жақ балтырының ауырсынуы мен ісінуіне байланысты қаралған. ЛЛп-0,6 200м. дейін жүргеннен кейін ұстамалы ақсақтық пайда болады. Болжам диагнозы қандай?

A) гиганттық жасушалық артериит

B) бейспецификалық аортоартериит

C) түйінді периартериит

D) геморрагиялық васкулит


E) облитерлеуші тромбоангиит

$$$068

Науқас 80 жаста, клиникага жедел артқы миокард инфарктісі диагнозымен келді. Бақылау кезінде науқаста кезеңді түрде эпилептикалық тырыспалар мен Чейн – Стокс тынысымен бірге есінен танып қалу эпизодтары анықталды. ЭКГ – да: Р тісшесі QRS комплексімен байланыспаған, Р – Р интервалының ұзақтығы = 0,80 с, R – R == 1,5к. ЖСЖ 35 рет минутына.

Болжам диагноз?

A) Эпилепсия

B) Толық атриовентрикулярлы блокада

C) Жүрекшелер жыбыры, брадикардиялық түрі

D) Қарыншалар фибрилляциясы

E) Синустық брадикардия

 

$$$069

Науқас 47 жаста, клиникаға жедел артқы миокард инфарктісі диагнозымен келді. Бақылаудың алғашқы тәулігінде кенеттен есінен танып қалды. Пульс және қысым анықталмайды. ЭКГ – да: қарыншалар асистолиясына өтетін синустық ритм. Емі?

A) Дефибрилляция

B) Лидокаин

C) Симпатомиметиктерді жүрекішілік енгізу

D) Көктамырға индерал

E) Ганглиоблокаторлар

 

$$$070

Науқас К. 55 жаста үйінде қаралды. Жиі жүрек жиырылуы фонында 2 рет есінен танып қалған. ЖСЖ – 35 рет минутына, АҚҚ 100/70 мм.с.б.б. ЭКГ – да: жүрекшелердің тәуелсіз ырғағы 100 рет минутына, қарыншалар ырғағы 30 – 35 рет минутына, QRS комплексі – 0,16", деформацияланған. Миоглобин және Т тропонин жоғарылаған. Миокард инфарктісі анықталған. Науқаста қандай асқыну дамыған?

A) Кардиогенді шок

B) Атриовентрикулярлы блокада ІІ дәрежесі, Венкебах периодтарымен

C) Толық атриовентрикулярлы блокада, Морганьи – Адамс – Стокс ұстамасы

D) Идиовентрикулярлы ырғақ

E) Синоаурикулярлы блокада

 

$$$071

19 жастағы жас адам, дәрігерге жүрек аймағында қысып ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде физикалық жүктемеде естен жағдайы болған. Ана жағынан туыстары арасында жас кезінде кенеттен болған өлім жағдайлары кездескен. Қарау кезінде: физикалық тұрғыдан жақсы дамыған, кеуде торның деформациясы жоқ. Тері қабаты түсі қалыпты. Аускультацияда жүрек ұшында өрескел систолалық шу естіледі, төс бойымен тарайды. АҚҚ 120/80 мм сын.бағ. ЖСЖ 84 рет мин. ЭКГ патологиялық Q тісшесі І, aVL, V5, V6 тіркемелерінде анықталады. Эхокардиограммада қарыншааралық перде және сол жақ қарынша айқын гипертрофиясы. Бұл жағдайда кардиалгияның генезі қандай?


A) Коронарлы жетіспеушілік

B) Бейарнамалы коронарит

C) Тәж артериясының спазмы

D) Қанда эндорфиндер төмендеген

E) Тәж артерияларының атеросклерозы

 

$$$072

Науқас, 37 жаста. Шағымдары: әлсіздікке, дене қызуының 37,5ОС көтерілуі, физикалық жүктемеде аяқ бұлшықеттерінде ауырсыну.Қарау кезінде: жүректің сол жақ шекарасының үлкеюі, бүйрек артериялары проекция аймағында систолалық шу естіледі. Пульс сол білек артериясында әлсіреген. АҚҚ оң қолында– 140/100 мм.сын.бағ., сол қолда анықталмайды, аяғында – 170/120 мм.сын.бағ.

АГ себебі не деп ойлайсыз:

A) Бейарнамалы аортоартериит (Такаясу ауруы)

B) Бүйрек тамырларының фибромускулярлы дисплазиясы

C) Вегенер гранулематозы

D) Шенлейн-Генох ауруы

E) Қолқа коарктациясы

$$$073

11 жасар бала, әлсіздікке, бас айналуға, физикалық жүктемеде жүрек соғуына шағымданады. Қарау кезінде - диффузды цианоз, саусақтары «дабыл жарғағы тәрізді», тырнақтары - «сағат әйнектері тәрізді». Жүрек шекарасы оңға кеңейген. Аускультацияда – ІІ қабырғааралығында төстің сол жағында өрескел систолалық шу. Мүмкін жүрек ақауын көрсетіңіз:

A. Өкпе артериясының ақауы

B. Өкпе артериясының стенозы

C. тетрада Фалло

D. митралды қақпақша пролапсы

E. қолқа коарктациясы

 

$$$074

25 жастағы науқас ер адам, басының ауруына, басының айналуына шағым айтып келді.

Анамнезінде: соңғы 2жыл бойы ауырады.Қан қысымы жиі көтеріліп, кризбен жедел жәрдемді шақырады. Гипотензивті дәрілермен криздік жағдайы әрең басылады.

Объективті қарағанда: Денне пішіні толықтау.Қан қысымы200/100мм.сын.бағ.ЖСС-90рет минутына. Жүрек тондары ритмді,анық.Іштің алдыңғы бетінде, кіндік үстінде тамырдың шуылы естіледі.Аурудың диагнозын анықтау үшін қандай тексеру жүргізу қажет?

A. Инфузияық ренография

B. Бүйректің сцинтографиясы

C. Бүйректі ультрадыбысты тексеру

D. Бүйректің рентгенографиясы

E. Бүйрек веналарын катетеризациялау

 

$$$075

 

Науқаста ақшыл көпіршікті қақырықпен жөтел, тыныштық күйінде ентігу, дене қызуының көтерілуі, жүдеу, жөтелге күшейетін төс аймағында ауырсыну.

Қарау кезінде: науқас нашар тамақтанады (3 айда 12 кг арықтаған).

Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Тері қабаты бозғылт. Аускультацияда өкпенің ортаңғы төменгі бөліктеріде құрғақ сырылдыр. Перкуторлы ортаңғы және төменгі бөлікте перкуторлы дыбыстың қысқаруы.

Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, анемия. Рентгенологиялық тексеруде: жиегі айқын емес ошақты өзгерістер, кей жерлерде біріккен, өкпенің ортаңғы және төменгі бөлігінің интерстициалды өзгерістері. Бұл жағдайды диагностикалау үшін қандай зерттеу маңызды?

А.көзделген томография

В. Бронхография

С.фибробронхоскопия

D.пневмотахометрия

Е. жалпы клиникалық тексеру

 

$$$076

Әскери қызметкер, 19-жастағы ер адам, казармада тұрады, бөлімшеге құрғақ сырыл, қалтырау, дене қызуының 37.5 С дейін көтерілуіне, артралгия және миалгияға шағымданады. Рентгенде өкпе суретінің күшеюі, өкпенің төменгі бөліктерінде шекарасыз дақты қараюлар.Пенициллин және цефалоспоринмен емнен нәтиже жоқ.

Бұл жағдайда қандай қоздырғыш мүмкін://

A. Көк ірің таяқшасы

B. Гемофильді таяқша

C. пневмококк

D. микоплазма

E. стафилококк.

 

$$$077

45 жастағы науқас жедел алдыңғы - пердеаралық миокард инфарктысы симптоматикасымен дәрігерге келді. 10 сағ. кейін жүрек жұмысының «қатып қалғанын» сезеді, әлсізддік күшейген, бас айналу пайда болған. ЭКГ-да: синустық ритм, ЖСЖ 78 рет минутына. Периодты түрде ұзақтығы 0,18с-тан жоғары, бұрыс, полиморфты пішінді, 2-3 кең қарыншалық комплекс пайда болады, одан кейін толық компенсаторлы пауза бар. Миокард инфарктысының қандай асқынуы орын алған?

A) Толық атриовентрикулярлы блокада

B) Қарыншалық тахикардия

C) Түйінді экстрасистолия

D) Суправентрикулярлы тахикардия

E) Қарыншалық экстрасистолия

$$$078

С. деген 45 жастағы науқас өңештен варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Соңғы екі ай ішінде оң қабырға астында ауыру сезімі мазалап, екі апта бұрын сарғаю дамыған. Алкогольмен көп әуестенеді. Объективті: Жүдеу. Терісі мен көздің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар байқалады. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-34 мм/сағ. жалпы билирубин тікелей фракциясы есебінен -74 мкмоль/л. Зерттеудің жоғары ақпаратты әдісі болып табылады:

A) бауырдың пункционды биопсиясы

B) трансаминазалардың белсенділігі

C) иммунологиялық статустың өзгерісі

D) тұнбалы сынамалардың өзгерісі

E) белок, белоктық фракциялар

$$$079

Әйел адам 32 жаста, профилактикалық тексеруге келген. Анамнезінде 14жасында буындарының және эндокардитпен өткен біріншілік ревматикалық шабуыл. Әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, физикалық күштемеден кейін ентігуге, кешке қарай табанның сыртқы бетінде ісіктің пайда болуына шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері қабаттары таза,бозғылт. Жүрек тондары тынықталған,дөрекі пансистолалық шу естіледі. Тізелері пастозды. Сіздің әрекетіңіз:

A. Динамикада бақылау

B. Ревматолог консультациясына жолдау

C. Кардиохирург консультациясына жолдау

D. Антибиотиктер және фуросемид тағайындау

E. Жүрек УДЗ мен доплерографиясына жолдау

$$$080

Ер адам, 62 жаста, Дәрігерге трофикалық жара шығуына байланысты келген. Анамнезінде – қант диабеті 2 түрі, 2 жыл бұрын манинил 1 т. 3 рет/күніне қабылдаған.

Объективті: терісі құрғақ, ісік жоқ. АҚҚ 130/70 мм.с.б. ЖЖС – 88 рет/ мин. Status localis: оң жақ табаны гиперемирленген, аздап ісінген, сыртқы бетінде шеттері біркелкі емес жара бар, көлемі 5х6 см. Оң жақ табанының перифериялық пульсациясы азайған. Қандағы қант – 14 ммоль/л, тәуліктік глюкозурия – 35г.

Науқастың еміндегі емханалық дәрігердің тактикасы?

А) сульфаниламидтер көлемін ұлғайту

В) сульфаниламидтерді бигуанидтармен бірге қолдану

С) стационарлық емге жіберу

D) диета және рациональды физикалық күш

Е) бигуанидтерге ауыстыру

$$$081

Науқас 40 жаста. Шағымдары: тұрақты шөлге, полиурияға, іш қатуға, эпигастрий аймағының ауырсынуына. 10 жылдан бері қант диабетімен ауырады.Ұзақ әсерлі инсулин қабылдайды - таңертең және кешке, қысқа әсерлі инсулин қабылдайды- таңертең, түскі уақытта және кешке. Анамнезінде: 12 ай бұрын ұзақ температуралы гриппен ауырған. Қарағанда: бет аймағы үлкейген, білезік буындары ұлғайған, бет терісінде безеулер байқалады. Тері жамылғысы құрғақ. Тексергенде - полиурия, зәр тығыздығы төмендеген. Аш қарынға гликемия 7.0ммоль/л, тамақтанғаннан кейін - 8.5ммоль/л.Бас сүйек рентгенографиясы – Түрік ершігі үлкейген.Басқа қандай тексерулер жүргізуге болады? А)Бас миының КТ В) Көз түбін қарауС) МРТ Д) УДЗ Е) Хирург кеңесі

$$$082

Біріншілік босанғанға дейінгі патронаж учаскелік мейірбикемен жүргізіледі:

A. Жүктіліктің бірінші триместрінде;

B. Жүкті әйелді емханада есепке алғаннан кейін;

C. Жүктіліктің екінші триместрінде;

D. Босанғанға дейінгі кез келген уақытта;

E. Жүктіліктің соңғы триместрінде;

 

$$$083

I дәрежелі гипотрофия типі бойынша пренаталды дистрофияға тән салмақ –бой коэффициентін көрсетіңіз:

А. 44-40

В. 49-45

С. 54-50

D. 59-56

Е. 60-57

 

$$$084

Бала I жүктілік, I босанудан, туылған кездегі салмағы 2900 г., ұзындығы 49 см. Әйелдің қан тобы А(II), Rh(+), баланың қан тобы АВ (IV), Rh (-). Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл. 3-ші тәулікте балада тері жамылғысының сарғаюы пайда болды. Емуі белсенді, құспайды. Биохимиялық қан анализінде тура емес билирубин фракциясы 90 мкмоль/л, трансаминазалар қалыпты. Болжам диагноз қандай:

A. пренаталды гипотрофия

B. Rh сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру

C. АВО сәйкессіздік бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы.

D. физиологиялық сарғаю

E. асфиксия кезіндегі сарғаю.

 

$$$085

7 күндік нәрестені патронаждық қарау: іштің төменгі бөлігінде, аяқ қолдарда, әр түрлі даму сатысындағы көпіршіктер байқалады (өлшемі 0,5тен 1,5 см дейін, серозды-іріңді қосылысы бар, көпіршіктердің негізі эритематозды дақтар фонында инфилтрацияланған). Никольский симптомы теріс. Көпіршіктерді ашқанан кейін эрозия қалады. Бұрынғы көпіршіктер орнында қабыршақтар қалмайды. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған. Дене температурасы субфебрилді. Сіздің диагнозыңыз:

A. Туа біткен буллезді эпидермолиз

B. Туа біткен сифилис

C. Синдром Лайела

D. Эксфолиативті Риттер дерматиті

E. Пемфигус (нәресте көпіршігі)

 

$$$086

2 апталық қыз бала. Шағымдары мазасыздық, себепсіз жылау, кенеттен шыңғыру. Анамнезінен: бірінші жүктілік,екінші жартысы гестоз фонында өткен, түсік тастау қаупі. Босану мерзімінде, асфиксиясыз. Объективті қарағанда:жағдайы орташа ауырлықта.Мазасыз, кезеңді құсулар болады. Гиперестезия, қылилық, симптом Грефе анықталды. Үлкен еңбегі 2,5х2,3см, керілген. Рефлекстер жылдамдатылған, мазасызданған кезде аяқ қолдары дірілдейді. Окулист қарауы: көз түбін зерттеген кезде веналардың толығуы, көру нервісінің дискісіне қан құйылған. Диагноз қойыңыз:

A. жұлын-милық босану жарақаты

B. орта дәрежелі асфиксия

C. жеңіл дәрежелі церебралды ишемия, қозу синдромы

D. орта дәрежелі церебралды ишемия, бас ішілік гипертензия

E. перинаталды энцефалопатия, тежелу сидромы

 

$$$087

2 жастағы балаға 2 апта бұрын АКДС екпесін жасады. 15 күні түнде кенеттен денесінде массивті ісік пайда болды. Анасарка. Зәр аз бөлінеді. Болжам диагноз:

A. Жедел гломерулонефрит

B. Аллергиялық реакция

C. Нефротикалық синдром

D. Жедел пиелонефрит

Жүрек шамасыздығы

 

$$$088

Отбасылық дәрігерімен уш жасар бала уй жағдайында тексерілді. Үш куннен бері науқастанып қалған дене қызуы 38 С. Жөтел, мұрыны бітелген. Жағдайы түнде нашарлаған, мазасыздық пайда болған, дауысы қарылығып жөтелі үрмелі боып қзгерген. Тыныс алуы шулы, тыныс алуы арақашықтықта естіледі, мұрық-ауыз үшбұрышының цианозы,боз, өңеш кілегей қабаты гиперемияланған, түйіршектелген. қабырға аралықтың ішке кіруі, сырыл естілмейді, пулсі 120рет минутына.Болжам диагнозыңыз:

А)бронхопневмония

В)обструктивтікбронхит

С)бронхиалдық демікпе ұстамасы

Д) бронхтағы бөгде денелер

Е) ЖРВИ ларинготрахит

 

$$$089

14 жастағы бала, шағымдары: жөтел, іріңді қақырықтың бөлінуімен, әлсіздік.

Объективті қарағанда: өкпеде перкуторлы – қорапты дыбыс, аускультативті – қатқыл тыныс, барлық аймақта әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Бронхограммада – бронхтың дистальды шеттерінің «сынған ағаш тәрізді» өзгеруі. Сіздің диагнозыңыз:

A) Жедел бронхиолит;

B) Ошақты пневмония;

C) Обструктивті бронхит;







Date: 2016-05-25; view: 731; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.056 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию