Главная
Случайная страница
Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
уестігі және оның алдын алу
Кәмелетке толмағандардың нашақорлыққа
уестігі және оның алдын алу
Қазіргі уақытта нашақорлық проблемасы әлемдік қоғамдастықта өзекті болып қалуда және оның салдары ретінде жастар арасында есірткіні пайдаланумен байланысты ахуал барлық елдер үкіметтерінің алаңдаушылығын арттырып отыр. Қысқаша нашақорлық ұғымына тоқталып кетер болсақ, нашақорлық (гректің nark – қимылсыздық, mania – ессіздік, құштарлық мағанасында) – есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну», «нашақорлық» және «наркотизм» сөздерінің мағанасын ажырата білген жөн. Есірткілік заттарды тұтыну алкоголь мен темекі тұтынуға ұқсас: бұлардың бәрі «зиянды ләззаттарға» жатады, өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор) ретінде берілуі мүмкін. Егер есірткілерді тұтыну үзіліссіз және үнемі болса, тұтынушының организмінде өзгерістер болады, нәтижесінде есірткілерден болатын тәндік немесе психикалық тәуелділік туындайды.
Бұның нәтижесінде есірткілерді тұтыну ауруды («ломканы») азайтатын, басатын қажеттілікке айналады. Үнемі есірткілерді тұтынуға құштарлық нашақорлық деп аталады.
Оң профилактиканы насихаттайтын сарапшылардың пікірінше, қылмысқа қарсы күрес қаншалықты маңызды және қажет болуына қарамастан, басқа шаралар әлеуметтік сипаттағы шаралар болуы тиіс. Есірткіге ұсынысты ғана емес, сұранысты да төмендету қажет. Қоғамдағы әлеуметтік климатты өзгертуге қол жеткізу керек, оның ішінде нашақорлық – бұл әлеуметтік қолайсыздық белгісі екені де даусыз. Есірткіге тәуелділіктің құбылыс ретіндегі қауіптілігі есірткі заттарының тізбесі ұдайы өзгеріп, жаңа шептер құруына байланысты, оларды жеңу ахуалды елеулі талдауды, әдістемелік даярлықты және дәрігерлерге өтініш білдірген кездегі сияқты олардың практикалық қызметінің профилактикалық бағыты бойынша да уақтылы көмек көрсетудің практикалық дағдыларын дайындауды қажет етеді. Осыған байланысты нашақорлыққа қарсы күрес «синтетикалық» деп аталатын есірткілердің кең таралуына да, дәстүрлі болып кеткен есірткінің ұлттық түрлеріне, яғни бірінші кезекте қарасора және одан жасалатындар жататын есірткілерге байланысты жаңа бағытқа ие болады. Тақырыптың өзектілігі. Біздің елімізде нашақорлыққа қарсы күрес бойынша мақсатты бағытталған шаралардың жүйелі қабылдануына және іске асырылуына қарамастан, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне байланысты проблемалар сақталуда. Қазақстанда заңсыз есірткі айналымының көлемі өсуде, ол тек халықтың денсаулығына қатер төндіріп қана қоймай, экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайды, мемлекет жүргізіп жатқан экономикалық реформалар үдерісін тұрақсыздандыруда. Бұл ретте есірткіге тәуелді адамдардың жас шегіне қатысты мемлекеттік органдардың баса назарын аудару қажет, өйткені жасөспірімдер, жастар нашақорлығы анағұрлым қауіпті және кейіннен оның өлімге әкелетін зардаптары бар. Жасөспірімдер мен жастардың есірткіге тәуелділігі бала туудың төмендеуіне және көбіне нашақор ата-аналарына керек емес мүгедек балалардың дүниеге келуіне, сондай-ақ дәл осы жастар арасындағы өлімнің жоғары болуына әкеп соғады.
Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды теріс пайдаланатын адамдардың жалпы санынан есірткіге тәуелді 14-тен 30 жасқа дейінгі адамдардың үлесі 49,2 % құрайды, атап айтқанда 23036 адам, оның 20423-і 18-ден 30 жасқа дейінгілер. Осыған байланысты нашақорлық тақырыбы қоғамда өзекті күйінде қалып отыр, ол үнемі көтеріліп отыруы және мемлекеттік деңгейде өзінің тиісті шешімін табуы тиіс.
Проблема.
2013 жылы ішкі істер органдары есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты 5161 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады оның ішінде жас өспірімдер алдыңғы қатарда, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 3,5% көп - 4988 адам. Ресіми деректерге сенсек Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сатуға қатысты 2011 жылы барлығы 9230 қылмыс, 2012 жылы 8380 қылмыс, 2013 жылы 4034 қылмыс тіркелді.Тіркелген есірткі қылмыстарының жалпы санынан Қазақстан Республикасы ҚК-нің 259-бабы бойынша қылмыстардың үлес салмағы 2009 жылы – 95,3%, 2010 жылы - 95,3%, ал 2011 жылы – 92,5 % құрады. Осы кезеңдерде тіркелген есірткі қылмыстарының санынан қалған тиісінше 4,7 %, 4,7 % және 7,5 % Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы» деген 250-бабына, сондай-ақ «Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды талан-таражға салу немесе бопсалау» деген 260-бабына, «Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды тұтынуға тарту» деген 261-бабына, «Құрамында есірткі заты бар өңдеуге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» деген 262-бабына, «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды тұтыну үшін притондарды ұйымдастыру және ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жайды ұсыну» деген 264-бабына келеді.
Мақсаты. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимылдың қалыптастырылып жатқан жүйесін жетілдіру. Осы мақсаттың шеңберінде есірткі ахуалының дамуын бағалау, қылмыстарды тергеуді прокурорлық қадағалаудың жай-күйін талдау, есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау бойынша сот практикасын жинақтау негізінде елде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілетін болады.
Нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалту Нашақорлық психикалық белсенді заттарды теріс пайдаланудың алдын алуды ұйымдастыруда шешуші және белсенді әрекеттердің өткір қажеттілігін тудыратын біздің қоғамымыздың ең маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Профилактиканың үш деңгейі бар: бастапқы, екінші және үшінші. Есірткіге тәуелділіктің бастапқы профилактикасының мақсаты бұрын есірткі тұтынбаған адамдардың оны тұтынуды бастауының алдын алу болып табылады. Ол көбіне әлеуметтік, анағұрлым бұқаралық болып табылады, балалардың, жасөспірімдердің, жастардың жалпы популяциясына бағытталады, күш-жігер аурудың дамуын ескертуге ғана емес, денсаулықты сақтау не нығайту қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады. Психикалық белсенді заттарды теріс пайдаланудың және нашақорлық профилактикасының мемлекеттік жүйесі қалыптасуының осы кезеңінде алдын алу қызметінің мақсаттары: 1) балалар мен жастардың есірткіге құндылық ретіндегі көзқарасын өзгерту, бала-жастар популяциясында психикалық белсенді заттарға сұранысты төмендетуге негізделген өз мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілікті қалыптастыру; 2) салауатты өмір салтын насихаттау есебінен есірткі құралдарын қабылдауға балалар мен жастарды еліктіруді тежеу, білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырылатын есірткіге қарсы ұстанымдар мен алдын алу жұмысын қалыптастыру болып табылады. Профилактика есірткі тұтынуды және балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың өсуін ертерек ескертуді көздейді және оның ортасында кәмелетке толмағанның жеке тұлғасы және онымен байланысты шағын әлеуметтік ортаны қоса алғанда, оның тіршілік әрекеті іске асырылатын үш негізгі сала – отбасы, білім беру мекемесі және бос уақыты болатынына негізделген. Денсаулық сақтау министрлігі Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп: 1) Павлодар, Тараз, Қарағанды қалаларында орта білім беретін оқу орындарының педагогтары, психологтары үшін «Орта білім беретін мектеп оқушыларында психикалық белсенді заттарға тәуелділіктің қалыптасу және даму тәуекелдерін ерте анықтау тәсілі» семинар-тренингтері өткізілді. Жетпіс төрт мектепте психикалық белсенді заттарға тәуелділікке тарту тәуекелдерін психологиялық тестілеу бойынша компьютерлік жүйелер орнатылды, үлестіру материалдары ұсынылды, онда наркологиялық бейін бойынша «тәуекел топтарымен» психикалық түзеу жұмысының ең үздік практикалары жинақталған; 2) дене шынықтыру және спорт арқылы есірткі тұтынудың алдын алу бойынша жүйелі шаралар қабылданады, оқу орындарында «Спорт есірткіге қарсы», «Туризм есірткіге қарсы» девиздерімен іс-шаралар жүйелі негізде өткізіледі. Туризм және спорт министрлігінің деректері бойынша балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта республикада шамамен 29 мың спорттық секция, 7133 спорт залы, 31266 спорт кешені, 251 стадион, 423 хоккей корты жұмыс істейді. Коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдардың (бұдан әрі – КЕҰ) қолдауы бойынша іс-шаралар өткізілді, «Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы іске асырылды, оның шеңберінде Қазақстанда және ТМД елдерінде бейінді КЕҰ бойынша мекенжайлары, байланыс телефондары мен сенім телефондары енгізілген деректер базасы құрылды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу саласында отандық және шетелдік тәжірибеге талдау жүргізілді, оның негізінде әдістемелік ұсынымдар дайындалды. Мектептегі және отбасылық есірткіге қарсы бейнетекалар, қағаз және магнитті тасылмалдағыштарда есірткіге қарсы мектеп кітапханасы құрылды, «Тиімді отбасының өзіндік оқу құралы» мен «Тиімді ата-ананың өзіндік оқу құралы» дайындалды. Қорытындылай келе, нашақорлықтың алдын алуды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ, БП, ТЖМ, МАМ, ҰҚК, БҒМ, ДСМ, ІІМ ҚАЖК, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, КЕҰ мынадай шараларды қабылдауы тиіс: 1) Қазақстан Республикасы халқының әртүрлі нысаналы топтары үшін ағарту жұмысын және есірткіге қарсы насихатты ұйымдастыру; 2) есірткі құралдарын тұтынуға теріс көзқарасты тәрбиелеуге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған әлеуметтік жарнама желісін дамыту; 3) тәуекелдік мінез-құлыққа және тәуелділікті дамытуға әкеп соғатын құндылықтар мен қасиеттердің жарнама, БАҚ, баспа өнімдері, мәдениет және өнер шығармалары арқылы насихатталмауын бақылау; 4) нашақорлықтың алдын алудың барлық түрлерімен айналысатын мемлекеттік емес ұйымдардың қызметін жан-жақты (материалдық-техникалық, қаржылық, ұйымдастырушылық, құқықтық және т.б.) мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру; 5) алдын алу жұмыстарының анағұрлым тиімді нысандары мен әдістерін, нашақорлықтың алдын алу саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін зерделеу және практикаға енгізу; 6) нашақорлықтың таралуына мониторинг жүйесі; 7) барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдар үшін бірыңғай қолжетімді әдістемелер, нашақорлықты емдеумен және алдын алумен айналысатын ұйымдар мен мамандардың ақпараттық базасын құру; 8) есірткіні заңсыз тұтынушыларды және оларды тұтынуға бейім адамдарды уақтылы анықтауға бағытталған ақпараттық-консультациялық пункттердің, медициналық, психологиялық, әлеуметтік диагностикалық орталықтардың қолжетімді желісін ұйымдастыру; 9) бұқаралық ақпарат құралдарында есірткіге қарсы насихат пен алдын алуды жүргізуге кепілдік беретін заңнамалық және құқықтық жағдайларды дайындау; 10) есірткіге сұранысты қысқарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға мемлекеттік емес ұйымдарды неғұрлым белсендірек қатыстыру; 11) Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ЕБҚКК жанынан құрамына мемлекеттік және жұмыс нысандары мен әдістері бойынша әртүрлі мемлекеттік емес ұйымдардан есірткіге қарсы қызметтің практикалық саласындағы қайраткерлер мен мамандар кіруі тиіс консультативтік кеңес құруы қажет.
Date: 2016-05-14; view: 800; Нарушение авторских прав Понравилась страница? Лайкни для друзей: |
|
|