Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мұздатқыш және тепловоздың ауа жүйе





Дизельдің қыздырылатын бөлшектерінен суы және майы бар мұздатқышқа жанатын отын жылуының 25-30 % дейін беріледі. Егер дизельдің қыздырылатын бөліктері (төлкелер, піспектер, цилиндрлік қақпақтар, форсункалар, клапандар) салқындатылмағанда, олар тез тозып, бұзылатын еді. Тепловоздың мұздатқыштары ауа – радиаторлық және аралас бола алады.

Ауа-радиаторлық жүйелердегі (2.29 а сурет) су мен май секцияларда 3 және ауа радиаторларында 4 салқындатылады. Аралас типті мұздатқыштардағы (2.29, в сурет) су секцияларда 5 және ауа радиаторларында 6 салқындатылады, ал май-құбыр тәрізді судың жылу алмастырғышында 3 салқындатылады. Қазіргі тепловоздарда аралас салқындату жүйелері қолданылады.

Мұздатқыш конструкциясын жасау оның салмағын, көлемін, желдеткіштер қуатының шығынын және насостарды азайтуға, жұмыстағы сенімділігін ұлғайтуға тырысады. Мұздатқыш салмағын азайту радиаторлар мен жылу алмастырғыштар мыстан, оның қорытпаларынан және басқа түсті металдардан жасалатын болғандықтан маңызды.

Су-май жылу алмастырғыштарын пайдалану кезінде су, салқындатқыш май май ауа радиаторларын сусекцияларына келіп түседі, олар онда салқындатылып, қайтадан жылу алмастырғышқа оралады. Су-май жылу алмастырғыштары метал шығынын және қуат жұмсалуын төмендетеді және жұмыста сенімдірек болады. Май радиаторлары (секциялары) пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, жиі бұзылады, әсіресе қысқы мерзімде. Мұздатқышқа кететін пайдалану шығындары аралас жүйелерде ауа-радиаторлық жүйелерге қарағанда 30-40 % аз.

 

 

 

2.29 Сурет. Тепловоздардың мұздатқыштарының схемалары.

а- су мен майды салқындатудың ауа-радиаторлық жүйесі; 1- ыстық май; 2- май насосы; 3- май секциялары; 4- су секциялары; 5- су насосы; 6- май таратқыш коллектор; 7- салқындатылған су коллекторы; 8- ыстық су коллекторы; 9- желдеткіш;

б- су-май жылу алмастырғышы бар салқындату жүйесі; 1- ыстық май; 2- май насосы; 3- жылу алмастырғыш; 4- жылу алмастырғыштың су насосы; 5- жылу алмастырғыш суын сақындатуға арналған секциялар; 6- дизель суын салқындатуға арналған су секциялары; 7- су насосы; 8-май таратқыш коллектор; 9- салқындатылған су коллекторы; 10- ыстық су коллекторы;

 

 

2.30 Сурет. Су-май жылу алмастырғышы:

1- құбыр торлары; 2- бекіту кронштені; 3- корпус; 4- май шығу патрубогы; 5- рәзеңке тығыздау сақиналары; 6- коллекторлар; 7- бу-су қоспасын шығаруға арналған штуцер; 8- бөгет; 9- суды төгуге арналған штуцер;

 

Тепловоздарға бірден төрт желдеткішке дейін орнатылады, мұздатқыш шахтаның үстіне. ТЭП70 тепловозында мұздатқыштың желдеткішінің гидростатикалық жетегі пайдаланылады. М62, 2ТЭ10В тепловоздарында иінді біліктерден желдеткіштерге жетек гидродинамикалық муфта арқылы жүзеге асырылады. Бұл жетектердің термореттегіштері бар, ал желдеткіш білігінің айналу жиілігін жылу алып жүрушінің тұрақты температурасын ұстап тұруы үшін өзгертеді. Қазіргі тепловоздардың бәрінде температураны автоматтық реттеу жүйелері (САРТ) бар.

Тепловоздың ауа жүйесі. Тепловоздардағы қысылған ауа автотежегіштер, электропневматикалық контакторлар, айналу жиілігін реттеуші механизмнің вентильдері үшін пайдаланылады. Жүйелерді компрессор қоректендіреді, ал 8 кгс/см2 қысымындағы ауаны қорек беру магистраліне басады.

Автоматикажүйесіне түскен ауа фильтрлері электропневматикалық вентильдер, тифондар, мұздатқыш жалюзинің жетегінің ауа цилиндріжәне желдеткіш жетегінің муфтасын қосу цилиндрлері арқылы өтеді. Автоматиканың басқа құралдары үшін ауа қысымы максималды қысым клапанында 4,5-5,3 кгс/см2 дейін төмендейді. Мұндай құралдар мен механизмдерге жатады: реверсор жетектері, айналу жиілігін реттеушінің электропневматикалық клапандары, т.б. электропневматикалық вентиль арқылы ауа таратқыштарға беріледі, ары қарай форсункаларға беріледі, олар қысылған ауамен құмды құбырлар арқылы тепловоз дөңгелектерінің астына береді.

 







Date: 2016-05-24; view: 887; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию