Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестациялауды өткізу





Дәріс.

Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестациялауды:

1) өзінің ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі мен өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеу жөніндегі зертханалары бар жұмыс беруші;

2) мамандандырылған ұйым жүргізеді.

Өндірістік нысандарды аттестациялау:

1) ұйымның жұмыс орындарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес аттестациялауды;

2) ұйымның өндірістік нысандарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды:

еңбек зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалауды;

жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды;

қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды.

Өндірістік нысандарды аттестациялау нәтижелері:

1) жұмыс орындарын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер талаптарымен сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдық, санитарлық-техникалық, гигиеналық, психофизиологиялық және медициналық алдын-алу іс-шаралары кешенін жүргізу;

2) өндірістік орта мен жұмыс орындарындағы қауіпсіздік жағдайларының нақты жай-күйін бағалау;

3) қызметкерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойылатын стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау;

4) кәсіптік ауруға күдік туғанда және кәсіптік аурудың диагнозын айқындаған кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау үшін зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс фактісін растау;

5) өндірістік нысанның немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру) туралы шешім қабылдау, сондай-ақ технологияны өзгерту;

6) еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есеп жасау;

7) еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандырған кезде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін белгілеу;

8) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктер беруді негіздеу;

9) қызметкерлердің еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі, зиянды өндірістік факторлар және олардың әсерінен қорғану шаралары туралы шынайы ақпарат алу мақсатында пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік нысандары аттестациялауға жатады. Аттестациялауды өткізу мерзімін ұйым, еңбек жағдайларының өзгеруіне орай, бірақ өндірістік нысандардың соңғы аттестациялаудан өткізілген сәттен бастап 5 жылда кемінде бір рет белгілейді.

Өндірістік нысандарды кезектен тыс аттестациялау мынадай жағдайларда:

1) қайта құрылған, жаңғыртылған, жаңа техника немесе технология орналастырылған;

2) еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау үшін жұмыс жүргізу әдіснамасын бұзушылықтар анықталған кезде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік қадағалау мен бақылау органдарының талаптары бойынша жүргізіледі.

Кезектен тыс аттестациялау нәтижелері өндіріс нысанына еңбек жағдайлары бойынша алдында өткізілген аттестациялау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.

Өндірістік нысандарды аттестациялауды өткізудің уақытылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестациялауды жүргізу жөнінде қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізімін жүргізеді.

Жұмыс берушінің аттестациялауды өткізуге дайындығы

Өндірістік нысанды аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу үшін жұмыс беруші теракты жұмыс істейтін, құрамында төраға, мүшелер және өндірістік нысандарды аттестациялау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестациялау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады. Ұйымның аттестациялау комиссиясының құрамына жетекші не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және өзге де бөлімшелерінің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері кіреді.

Ұйымның аттестациялау комиссиясы:

1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестациялауға жататын өндірістік нысандардың, цехтардың, учаскелердің және басқа да жұмыс орындарының толық тізбесін жасайды;

2) өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен тетіктердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеулер мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;

3) ұйымның өндірістік нысандарын аттестациялауды өткізу кестесін жасайды және оны жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;

4) жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау нәтижелерін автоматты түрде өңдеу үшін өндірістерге, цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;

5) өндірістік нысандарды аттестациялауды өткізу үшін қажетті нормативтік анықтамалық базаны қалыптастырады;

6) өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептерін талдайды;

7) өндірістік жарақаттануды талдау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, жұмыс орындары учаскелерін, технологияларды, машиналарды, тетіктерді, станоктар мен жабдықтарды анықтайды;

8) еңбек жағдайлары бойынша аттестациялауды өткізуге өзінің мүмкіндіктері болмаған жағдайларда мамандандырылған ұйымды белгілейді және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс жасайды;

9) аттестациялау жөніндегі жұмыстар көлемін ескере отырып, тартылатын мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушімен өндірістік нысандарды аттестациялауды өткізу мерзімін келіседі;

10) еңбек жағдайлары бойынша аттестациялауды өткізуге көмектесуді қамтамасыз етеді;

11) өндірістік нысандарды аттестациялауды бақылауды жүзеге асырады.

Аттестациялауды өткізудің тәртібі

Еңбек зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалау:

1) еңбек жағдайлары бойынша бағалауға жұмыс орнындағы барлық қауіпті және зиянды өндірістік (физикалық, химиялық, биологиялық, технологиялық) факторлар;

2) қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейлері зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде анықталады. Физикалық, химиялық, биологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері жұмыс және өндірістік процестер жағдайларында, технологиялық регламентке сәйкес дұрыс қолданылатын ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен орындалуға тиіс. Жұмысшылардың үнемі ашық ауада және жерасты көмір шахталарында болуына байланысты жұмыс орындарында зертханалық және аспаптық өлшеулер жүргізілмейді.

3) қауіпті және зиянды өндірістік факторлар параметрлерін өлшеу нормативтік құқықтық актілерде, санитарлық ережелер мен нормаларда, мемлекеттік стандарттарда көзделген тәртіпте және көлемде жүзеге асырылады. Зертханалық және аспаптық зерттеулер нәтижелері хаттамалармен рәсімделеді.

4) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеген кезде белгіленген мерзімге сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен өлшеу құралдарын пайдалану қажет;

5) еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың рұқсат етілген деңгей шегіне сәйкестігіне өлшенген параметрлер сәйкестігі негізінде жүргізіледі.

Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі нысандары:

1) өндірістік жабдықтар;

2) құрылғылар мен саймандар;

3) ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу;

4) оқу және нұсқау құралдарымен қамтылу болып табылады.

Өндірістік жабдықты, құрылғылар мен құрал-саймандарды бағалау еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік және салалық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар негізінде жүргізіледі және олардың техникалық жағдайына, паспорттық параметрлері мен өндірістік процесс технологиясының талаптарына сәйкестігіне байланысты болады.

Жарақат қауіпсіздігін бағалау өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың, сондай-ақ оқу құралдары мен нұсқаудың нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін өндірістік жабдықтарға белгіленген үлгідегі техникалық паспорттардың немесе қауіпсіздік сертификаттарының болуын ескере отырып, тексеру жолымен жүргізіледі.

Техникалық паспорттар мен сертификаттардың болмауы нақты осы жабдықта қолданылатын конструкциялық қауіпсіздік элементтері жабдық бірліктерінің әр қайсысына жеке көрсетілген, өндірістік жабдықтардың қауіпсіздік нормативтік талаптарына сәйкестігі актілерімен өтелуі мүмкін.

Жабдықтардың жекелеген түрлеріне техникалық паспорттар, сертификаттар немесе актілер болмаған кезде, олардың техникалық жағдайына қарамастан жарақат қауіпсіздігіне теріс баға беріледі және оларды пайдалануды тоқтата тұру қажеттілігі туралы мәселе қаралады.

Өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін, ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін және де оқу мен нұсқау құралдарымен қамтылуды бағалау Жарақат қауіпсіздігін бағалау және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі хаттамасымен ресімделеді.

Қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау:

1) әр кәсіп қызметкерлерінің жеке қорғану құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз етілуі анықталады. Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау нақты берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды факторларын ескере отырып, қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын тегін берудің нормаларымен салыстыру арқылы анықталады;

2) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде берілген ЖҚҚ-ның нақты еңбек жағдайларына сәйкестігін бағалау жүргізіледі. ЖҚҚ-ның сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталуға тиіс;

3) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамасымен ресімделеді. Қызметкерлер, еңбек нормалары мен жағдайларына сәйкес, ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етілгенде ғана «қамтамасыз етілді» деген баға қойылады.

Жұмыс орнындағы еңбек жағдайларын жиынтық бағалау:

1) өндірістік ортаның зияндылығы мен қауіптілігінің, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының дәрежесін;

2) жарақат қауіпсіздігінің және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу дәрежесін;

3) қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу, олардың сапасы және еңбек жағдайларына сәйкестілігінен тұрады.

Жұмыс орнында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болмағанда немесе олардың нақты мәндері қауіпсіздік нормаларына сәйкес болғанда, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігінің талаптары орындалғанда және қызметкерлер жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілгенде, жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайлары еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.

Егер жұмыс орнындағы өндірістік орта факторларының нақты мәні қолданыстағы нормалардан жоғары болған, жарақат қауіпсіздігінің талаптары сақталмаған, ал қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі нормаларға сәйкес келмеген жағдайларда, мұндай жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары зиянды және қауіптіге жатқызылады. Еңбек жағдайлары қауіптіге жатқызылған кезде аттестациялауға комиссиясы жұмыс орнын қайта жарақтандыру немесе тарату жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді. Өндірістік нысандарды аттестациялауды аттестациялау комиссиясы Ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөніндегі жоспардың жобасын қоса отырып, Өндірістік нысанды аттестациялау актісімен ресімдейді.

Өндірістік нысандарды аттестациялауды ресімдеудің тәртібі

Аттестациялау нәтижелері міндетті бөлімдері, сондай-ақ қосымшасы бар бірыңғай құжат түрінде ресімделеді:

1) жалпы мәліметтер (ұйымның толық заңды атауы, мекен-жайы, ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс істейтіндердің жалпы санын, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді көрсете отырып және жеке өндірістік бөлімшелер бойынша ұйымның құрылымы, аттестациялау жүргізудің негізі, тартылатын мамандандырылған ұйымдар туралы мәліметтер, аттестациялау комиссиясының құрамы);

2) өндірістің қысқаша сипаттамасы (қызмет сипаты, қолданылған технологиялар, барлық зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың, қауіпті өндірістік жабдықтардың және процестердің тізбесі);

3) еңбек жағдайларын аспаптық және зертханалық зерттеу хаттамалары;

4) жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамалары;

5) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамалары.

Ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Өндірістік нысандарды аттестациялау нәтижелері бойынша Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленеді.

Жоспарда ескірген техника мен жабдықты ауыстыру, өндірістік процесс технологиясын жетілдіру, еңбек жағдайларына сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдану жөнінде іс-шаралар, сауықтыру іс-шараларын және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс. Жоспарда барлық жұмыс орындарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келтіру көзделуге тиіс.Ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына аттестациялау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

Негізгі әдістер: [1-14]

Қосымша әдістер: [1-5,7-9]

 

7-тақырып. Қауіпті өнеркәсіптік объектілер және олардын қапуіпсіздігің камтамасыз ету.

Дәріс.

Жұмыскерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері

Қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыскерлер:

1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға;

2) ұйымның әкімшілігін қауіпті өндірістік объектідегі авариялар, инциденттер туралы дереу хабардар етуге;

3) өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытуға және нұсқама алуға, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өтуге;

4) авариялар себептерін тексеру кезінде көмек көрсетуге міндетті.

Қауіпті өнеркәсіптік объектіге ие жеке және заңды

тұлғалардың міндеттерi

Қауіпті өнеркәсіптік объектілердің иелері:

1) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарын сақтауға;

2) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға;

3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;

4) нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімдерде немесе мемлекеттік инспектордың ұйғарымы бойынша ғимараттың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізілуін, тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарының келісілуін, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын құрылыстар мен техникалық құрылғыларға, материалдарға диагностика, сынақ, растау жүргізілуін қамтамасыз етуге;

5) әрі қарай пайдаланудың ықтимал мерзімін анықтау үшін пайдаланудың нормативтік мерзімінен өткен техникалық құрылғыларға, материалдарға сараптама жүргізуге;

6) белгіленген талаптарға сай келетін лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлерді қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа жіберуге;

7) қауіпті өндірістік объектілерге бөгде адамдардың кіруін болғызбауға;

8) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне өндірістік бақылауды ұйымдастыру тәртібі туралы және оны жүзеге асыруға уәкілетті жұмыскерлер туралы мәліметтерді ұсынуға;

9) авариялардың туындау себептеріне талдау жүргізуге, авариялардың және олардың зардаптарының алдын алуға, оларды жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға;

10) уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін, жергілікті мемлекеттік басқару органдарын, халықты және жұмыскерлерді авариялар туралы дереу хабардар етуге;

11) авариялардың есебін жүргізуге;

12) мемлекеттік инспекторлар берген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуды жою жөніндегі ұйғарымды орындауға;

13) қауіпті өндірістік объектінің қаржы-экономикалық қызметінің жоспарларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шығындарды көздеуге;

14) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне авариялар, жарақат алу және кәсіби аурулар туралы ақпарат ұсынуға;

15) қызметі үшінші тұлғаларға залал келтіру қаупіне байланысты декларациялануға жататын қауіпті өндірістік объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға;

16) мемлекеттік органдарға, азаматтарға қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы дұрыс ақпарат ұсынуға;

17) тексерудің тағайындалғаны туралы құжатты және қызметтік куәлікті көрсеткен кезде осы Заңмен жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік инспекторды қауіпті өндірістік объектілерге кедергісіз кіргізуге;

18) өзінің нормативтік мерзімін өтеген техникалық құрылғылардың, материалдардың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз етуге;

19) осы Заңмен айқындалған қауіпті өндірістік объектілерді декларациялауға;

20) жұмыстардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдық-техникалық іс-шаралардың белгіленген талаптарына сәйкес қауіпті өндірістік объектінің жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз етуге;

21) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды және аттестаттауды қамтамасыз етуге;

22) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің декларациясына сараптама жүргізуді қамтамасыз етуге;

23) кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен қызмет көрсетуге шарт жасасуға немесе жеке кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін және құрамаларын құруға;

24) аварияның зардаптарын оқшаулау және оларды жою үшін материалдық резервтер мен қаржы ресурстарының болуы;

25) жұмыскерлерді қауіпті өндірістік объектілерде авария болған жағдайда қорғану және әрекет ету әдістерін оқытуға;

26) қауіпті өндірістік объектілерде авария болған жағдайда бақылау, хабарлау, байланыс және іс-әрекетті қолдау жүйелерін жасауға және олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

27) қауіпті заттардың өнеркәсіптік объектіде болуы декларациялану болып табылатын, олардың тасымалданатыны туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне үш тәулік бұрын хабарлауға;

28) қауіпті өндірістік объектілерді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепке алуды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;

29) қауіпті өндірістік объектілердің құрылысына, оларды реконструкциялауға, жаңғыртуға, жоюға (соның ішінде таратуға) арналған жобаларды уәкілетті органмен келісуге;

30) қауіпті өндірістік объектілерді пайдалануға беру кезінде уәкілетті орган өкілінің қатысуымен қабылдау сынақтарын жүргізуге міндетті.

Негізгі әдістер: [1-14]

Қосымша әдістер: [1-5,7-9]

 

Date: 2016-05-24; view: 1186; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию