Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жауапкершіліктің бөлінуі





Жауапкершіліктің бөлінуі – ұйымдағы басты проблемалардың бірі. Басқаша айтқанда «Ортақ жауапкершілік – жауапсыздық». Группалық шешімдер шын мәнінде жеке жауапкершілікті талап етпейді, сол үшін комитет мүшелері наразылықтарын танытады «Неге мен бұл сұрақтың орындалуына қатысуым керек? Мен бұл шешімнің орындалмауына қарсы болдым ғой»

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар: Массалық психология. Топтық психология. Топтың психологиялық қауымдастығының табиғаты мен функциясы. Ресми және бейресми ұйымдардың кемшіліктері мен артықшылықтары (Кесте-реферат; ерекшелігін талқылау).

1. Ресми және бейресми ұйымдардың кемшіліктері мен артықшылықтары қандай?

2. Группа жұмыс жасаудың кемшіліктерін бөліп жазыңыз.

3. Группалық ойлаудың альтернативасы қандай?


Дәріс.

Тақырып:Топтық және топаралық құбылыстардың әлеуметтік психологиясы.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Топтық ерекшеліктер мен құбылыстардың әлеуметтік психологиялық сипаттамасы.
  2. Сишордың топтық тұтастылықтың индексін анықтау.
  3. Топтың құндылық бағдарлану бірлігін анықтау.

Дәрістің тезистері:

Топтық ерекшеліктер: топтағы ынтымақтастық пен бәсекелестік. Топтағы адамдардың таңдауы бар: ынтымақтасу немесе бәсекелсі. Одан басқа, объективті және субъективті факторлар мақсатқа жетуге қажетті ресурстарды ынталандыруы мүмкін. Сондай‑ақ ынтымақтастық жеткен жетістіктер үшін топты мадақтауды ынталандырады. Ұйым тек қана жекелеген адамдарды ынталандырған кезде мұндай әдістің ықтимал нәтижесі – бәсекелестік, ол ұйымның қызметіне өте жағымсыз әсер етуі мүмкін: адамдар ақпараттарды жасырады, қолдау көрсетуден бас тартады немесе өздеріне басқалармен салыстырғанда артықшылық беретін мінез‑құлықтың сондай моделін қабылдайды.

Ынталандырудың, мадақтаудың дұрыс емес жүйесі ұйым үшін жағымсыз бәсекелестікке алып келуі мүмкін. Компанияның екі бөлімшесі егер де ұқсас ресурстарға ие болса және бір біріне тәуелсіз қызмет етсе тиімді бәсекелесе алады. Егер қызметкерлер ортақ мақсатты түсініп, бірыңғай сыйақы беру жүйесі болса ынтымақтастық тез орнатылады. Топтық сыйақы беру ынтымақтастыққа күшті ынталандыру болып табылады. Жеке салымдарға қарамастан бүкіл топ ынталандырылатын болса, онда ол ой алмасуға, еңбек интенсивтілігінің артуына, әрбір қызметкердің ортақ жұмысқа араласуына әкеледі.

Адамдар арасындағы байланыс.

Тиімді байланыс жұмысқа тартылған адамдар мен олардың бір біріне деген қолжетімділігін түсінуді білдіреді. Бірақ түсіну мен қолжетімділік өз алдына бәсекелестіктің де, ынтымақтастықтың да туындауына кепіл бола алмайды. Мысалы, кейбір адамдардың қоршаған ортаға қатысты жауыз әрі қарсы екенін түсіну олармен бәсекелестікке де, ынтымақтастыққа да алып келуі мүмкін, бірақ еш салдары жоқ қарапайым ақпарат болып қалуы да мүмкін. Түсіну мен қолжетімділік ынтымақтасу үшін қажетті, бірақ жеткіліксіз алғышарт болып табылады. Жақсы байланыс ынтымақтатыққа кепіл болмайды, бірақ нашар байланыс оған кедергі бола алады.

Тапсырмалардың (міндеттердің) сипаттамасы. Күрделі тапсырмаларды орындаған кезде адамдарға ақпаратты көбірек беру қажет. Мұның бәрі қарапайым тапсырма орындау кезінде адамдар тәуеліз болғандықтан, өзара әрекеттесудің қажеттілігін арттырады. Машбюроны иаркетингтік бөліммен салыстырайык. Машинистер жеке‑жеке жұмыс істей алады және олар арасындағы өзара байланыс міндетті емес. Маркетингтің бөлімнің міндеттері қиындау. Маркетингтік және технологиялық мәселелер тығыз байланысқан және бөлімнің әрбір қызметкері арасындағы байланыс та міндетті орындаудың барлық кезеңінде тығыз болады. Топтың әрбір мүшесі өзгелердің жұмысы туралы көбірек ақпаратқа ие болады, себебі олар бір бірін қайталап, артық жұмыс істегілері келемйді. Жағдайлар өзгерген кезде әріптестер бірін бірі ақпараттандырып тұруы керек.

Сонымен, келесі жағдайларда ынтымақтастық өзара әрекеттесудің тиімді жолы болып табылады:

- күрделі міндет;

- өзара әрекеттесу қажет;

- топ мүшелерінің өзара байланысы жоғары.

Бәскелестік келесі жағдайларда тиімді болып табылуы мүмкін:

- міндет (тапсырма) қиын емес;

- өзара әрекеттесу қажет емес;

- топ мүшелері орындайтын міндеттер бір бірімен байланыспайды.

Date: 2016-05-24; view: 293; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию