Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып:Тұлғаның әлеуметтік құндылықтарын диагностикалау

ІҮ.Кейспен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін оқу материалдары.

1. Назаретян А.П. Агрессивная толпа, массовая паника, слухи. Лекции по социальной и политической психологии. СПб.: Питер, 2003

2. Психология совместной жизнедеятельности малых групп и организаций / Отв. ред. А.Л. Журавлев. Е.В. Шорохова. М.: Идя-во «Социум», «Институт психологии РАН», 2001.


 

Авторы Оқулық атауы беті баспасы жылы саны
Крысько В.Г. Социальная психология. Учебник.   СПб.: Питер    
Андреева Г.М. Зарубежная социальная психология ХХ столетия   М.    
Андреева Г.М. Социальная психология: учебник (376с.,М.)   М.    
Андреева Г.М. Социальная психология        
Андреева Г.М. Социальная психология: учебник   М.    
Андриенко Е.В. Сластенина В.А. Социальная психология   М.:МГУ    
Башкатов И.П. Психология асоциально-криминальных групп подростков и молодежи   СПб.: Питер    
Милграм С. Эксперимент в социальной психологии   СПб.: Питер    
А.Н.Сухова Социальная психология. Учеб. пособие.   СПб.    
Милграм С. Эксперимент в социальной психологии   СПб.    

 


ГЛОСАРИЙ

 

  1. Әлеуметтену – баланың әлеуметтік тәжірибені оның интеллектуалдық және жеке дамуына сәйкес меңгеру процесі немесе нәтижесі.
  2. Акселерация – соңғы кезде байқалып жүрген организмнің даму процесінің тездеуі, жыныстық жетілудің ертерек басталуы.
  3. Агрессия латын тілінен тура аударғанда (aggredi) “шабуыл жасау” деген мағынаны білдіреді. Психологиялық түсінікте агрессия дегеніміз адамға немесе топ адамдарына қарсы, оларға белгілі бір психологиялық немесе физикалық қастық жасауға бағытталған жеке адамның немесе топтың әрекеті және осындай белгілер байқалатын әрекет-қылық.
  4. Генезис – құбылыс немесе заттың пайда болу сәтін де сол сияқты заңды даму процесі.
  5. Генотип – адамның ата-тегінен мұраға алатын қандай да бір белгілер немесе гендер жиынтығы.
  6. Гипофиз – Омыртқалы жануарлар мен адам миының астында жататын төменгі ми қосалқысы, ішкі секреция бездері.
  7. Гормондар – биологиялық белсенді заттар, ішкі секреция бездері қызметінің жемістері.
  8. Даму дағдарысы – көп жағдайда адамның бір физикалық немесе психологиялық жастан екіншісіне өтуде байқалатын қиындықтар.
  9. Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.
  10. Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.
  11. Инсайт – адамның қандай да бір мәселенің шешімін күтпеген жерден табуы.
  12. Инфантилдік – ересек адамда балалық жасқа тән дене немесе психикалық келбет сақталудан көрінетін дамудың кешеуілденуі.
  13. Когнитивтік сфера – сана және танымдық процестермен байланысты адам психологиясының бір бөлігі.
  14. Орта – организмнің туып, дамып және өмір сүретін сыртқы шарттар, факторлар мен объектілердің жиынтығы.
  15. Локомация – жануарлар мен адамның кеңістікте белсенді қозғалып жүруін қамтамасыз ететін қимылдар жиынтығы.
  16. Манипуляция – көбінесе заттың атқаратын міндетін ескермей-ақ жасалынатын бір немесе екі қолдың қарапайым қимылы.
  17. Ішкі тұлғалық жанжал -адамның мотивтеріне қажеттілік, қызығушылық, әуестеріне, қарама-қарсы бағытталған қақтығысы
  18. Топ кікілжіңі-бір бірімен әрекеттері мен мүдделерімен келіспейтін әлеуметтік топтар
  19. Кикілжіннің пайда болуының бастапқы күші -адамның ішкі табиғатының қарама-қайшылығы
  20. Либидо-жеке адамның санадан тыс ішкі кикілжіндердің психикалық күші
  21. Когнитивті жанжал -когнитивті танымдық көзқарастары
  22. Ашық кикілжіндер- дау-жанжалдар, ұрыс-керіс, қайшылықтар
  23. Жабық кикілжін-агрессивті әрекет
  24. Топаралық жанжал-топтар арасындағы әртүрлі жанжал, адамдар арасындағы қызығушылықтар
  25. Компромисс -кикілжінді шешу жолы
  26. Амортизация - қарсыластың барлық шешімімен келісі
  27. Күрт созылмалы конфликт -терең, тұрақты татуласуға қиын қарама-қайшалақтар бар жағдайда пайда болатын конфликт
  28. Конфликт -қарама-қайшылықтардың күрт асқыну процестері
  29. Даралық -жеке адамның өзіне тән айырықша бір сипаттамасы
  30. Оқиға - дау-дамай жағдайдың қатысушыларының әрекеті немесе әрекет жиынтығы
  31. Дау-дамай жағдайы -екі немесе бірнеше қатысушылардың жасырын немесе айқын тай-талас жағдайы
  32. Эмоциялық компонент – қатысушылардың күйзеліс жиынтығы
  33. Мотивациялық компонент - дау-дамай қатысушылардың позицияларының келіспеушіліктін мәні
  34. Жаңафрейдизм өкілдерінің ұстанымы - адам тірішілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді
  35. Қажеттілік - адам белсенділігінің негізгі себепі және іс-әрекетке итермелеуші күш
  36. Жеке адам – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетті жүзеге асыру үшін нақты қоғамның мүшесі
  37. Дискомфорт – сөзбен жеткізуде қиындық тұдыратын көкейкөз ішінен тынышы қашу, үрей
  38. Іскер конфликт – іскер сипаттағы мәселелерді шешуде ұжым мүшелеренің қылықтары мен пікірлерінің үлеспеуі
  39. Ақпараттық-сенсорлық тапшылық – тірішілікке қажетті ақпараттардың жетіспеуі, ұзақ мерзімді қатты әсерлердің болмауы
  40. Антипатия – адамның жеке басына деген жағымсыз эмоция
  41. Жаңылысу – қабылдауда бұрмалауға әкелетін қатысушының біреуінің эмоциялық қобалжауы
  42. Кернеу – басқа адамның қабылдауың және оның әрекетің бұрмалайтын жағдай

43. Дау дамай- әртүрлі адамдардың қарама-қарсы әрекетерінің, көзқарастарының, қызығушылықтарының, ұмтылыстарының, жоспарларының немесе бір адам пікірлерінің, мотивтерінің, қажеттіліктерінің қақтығысындағы психикалық құбылыс

44. Тұлғаның ішкі дау дамайы - субъектіде амбивалентті талпыныстың пайда болуы

45. Топ аралық дау дамай - топтардың алға қойған мақсаттарының, ұмтылыстарының, қызығушылықтарының арасындағы қарама-қайшылық


Тақырып: Тұлғаның әлеуметтік психологиялық негіздері:

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Тұлғаның әлеуметтік психологиялық мәселелері.
  2. «Тұлға-социум» жүйесінің құрылымдық және динамикалық жақтары.
  3. Әлеуметтік статус және нұсқаулар.
  4. Тұлғаның әлеуметтік ортамен өзараәрекеттестігі.

Дәрістің тезистері:

Психологиялық ғылымда «тұлға» категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ «тұлға» ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не? Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Бұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әрқилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: «Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рольдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді».

Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан “тұлға” ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды түсінеді. Яғни, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеек дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. “Тұлға” ұғымының мазмұнына көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.

Сонымен, тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне,ортасы үшін маңызды мәнге ие.

Ғылыми әдебиетте «тұлға» ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек.

Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған. Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллекттің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуан баласынан ажыратады. «Индивид» ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.

Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзарақатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапаға иеленеді- тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам - субъект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

«Тұлға және әлеуметтік әлем» жүйесі. Қазіргі заманғы әлеуметтену институттары және олардың функционалдық ерекшеліктері. Өзін өзі бақылау қоғам мен топтың бекіткен нормаларымен өзінің мінез құлқын сәйкестендендіру ретінде.

Дәріс.

Тақырып:Тұлғаның әлеуметтік құндылықтарын диагностикалау.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Тұлғаның өмірлік құндылықтары.

2. Тұлғаның әлеуметтік эмпатиясы және «альтуризм-эгоизм» нұсқаулары.

Дәрістің тезистері:

Әр бір тұлға, әсіресе балалық, жеткіншек және жасөспірім кездерінде әлеуметтендірудің нысаны болып саналады. Себебі, олар қоғамдағы атқаратын міндеттерін білетін, саяси, экономикалық мәселелерді шешуге қатысатын тұлға ретінде қалыптасуы тиіс. Осыған орай адамға қоғамдық талаптарды жеткізіп отыратындар немесе талап қоятындар: қоғам, ұжым, белгілі бір топтар, ұйымдар, мекемелер, отбасы және басқалар болып табылады.

Әлеуметтанушы философ Э. Дюргеймнің айтуынша, барлығының бастамасы қоғам болып саналады, ол адамды әлеуметтендірудің субъектісі ретінде, оған өзінің басты талабын қойып отырады. Адам қоғамда орныққан құндылықтарды меңгеріп, оның бөлібейтін құрамдас бөлігі ретінде қалыптасады.

«Адам-әлеуметтенудің белсенді субъектісі» деген ой-тұжырым жасаған америкалық Ч. Х. Томас және Дж. Г. Мид сынды әлеуметтанушылар пікіріне тоқталсақ. Ғалымдардың зерттеуі бойынша әлеуметтік көріністер мен үрдістер – адамның іс-әрекетінің жиынтығы және олардың өзара қарым-қатынасының, байланыстыратын жемісі. Демек, адам қоғамның объектісі ғана емес, онда болып жатқан әр түрлі құбылыстар мен өзгерістерге қатысып араласқан субъектісі де болып есептеледі. Әрбір адам өмірінің әр кезеңінде әлеуметтік қоғамның әр алуан көріністеріне араласып өмір сүреді және өзі де соған сәйкес қалыптасады.

Адамды әлеуметтендірудің негізгі үш мақсаты бар. Олар мыналар:

1. табиғи-мәдени мақсат. Ер жетіп, өсіп-өнуге, білім алып, тілді меңгеріп, жеке қабілеттерін пайдалана алуға, өзі өмір сүрген жердің, елдің түсінік ережелерін, нормаларын біліп, өмір жолын таңдап, өмір сүру нұғын (стилін) анықтау және соған сай болу.

2. Әлеуметтік - мәдени мақсат. Қоршаған мәдени ортаны, әлемдік мәдениетті танып-білу, адамгершілік-құлықтық құндылықтардың мәнін түсіну. Жас ерекшелігіне қарай өмір сүрген ортаның, этнорегионалдық және ұлттық ерекшеліктерін меңгеру. Әр бір жасқа өз ерекшеліктеріне қарай тиісті қоғамдық талаптарды атқару міндеті қойылады: оқу, еңбек ету, әскери қызмет өтеу, тұрмыс құрып, отбасы болып бала тәрбиелеу, сайлауға қатысу, т.б. Мұндай қоғамдық талаптар мемлекет тарапынан қойылады, ал бір жағынан өмір сүру заңдылықтары да соған жетелейді. Сонымен қатар, халықтық тәжірибе мен әдет-ғұрып, салт-санаға байланысты да талаптар қойылады, мысалы, тұсау кесер, сырға салу, т.с.с.

3. Әлеуметтік - психологиялық мақсат. Адамның сана-сезімі, алдыға қойған мақсаты, қызығушылығы мен мүддесін көздеуі, қабілеті мен дарыны әр жас кезеңінде әр түрлі шешіледі. Әлеуметтік-психолгиялық мақсат – осыларды реттеп және оның дамуына, қалыптасуына психологиялық көмектесу.

Адамның «мен» деген тұжырымы - өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі танып-білуіне, өз орнын табуға, өзін қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде сезінуіне бағытталған мақсат. Бұл мақсаттарды тәжірибеде жүзеге асыру –адам дамуының объективті қажеттілігі. Егер де осы мақсаттардың бірі жас кезеңінде шешілмей қалса, онда адамның әлеуметтену үрдісі толық іске аспаған деп саналады. Не болмаса меңгерілмеген, іске аспай қалған мақсат кейінгі кезеңінде сезіліп, кемшілігі, жетіспеушілігі қиыншылықтар мен тосқауылдар туындатады. Мысалы, өз уақытында оқып, білім ала алмай қалған бала құрбыларын қуып жету үшін қатты қиналады не болмаса күйзеледі, өз кезегінде меңгерілмей қалған тәжірибелер кейінгі даму кезеңінде кедергілер туындатады. Бұған тағы бсқа да көптеген мысалдар келтіруге болады.

Қысқасы, адам қаншалықты өз тағдырының белсенді субъектісі бола алса, соншалықты көп игіліктерге қол жеткізіп, алдына қойған мақсатын орындап, дәулетті, парасатты өмір сүреді. Керісінше «өмір деген осы екен, қайтемін», «басқа түскен баспақшыл» деп, не болмаса бойында бар қабілеттері мен мүмкіндіктерін пайдалану жолында еңбектенбесе, жалқаулық, салғырттық, немқұрайдылыққа салынса, әр жас кезеңінің өзіне тиесілі сәттерін өткізіп алса онда йадам көп нәрседен шеттеліп, әлеуметтенудің құрбаны, өмірдің сәтсіздігіне кезескен адамдар қатарына қосылады.

Демек, адам қоғамның объектісі, субъектісі ғана емес, оның «құрбаны» да блып қалуы мүмкін.

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

Топтың құндылық бағдарлану бірлігін анықтау: Тұлғаның өмірлік құндылықтары (Must–тест) (П.Н. Иванов, Е.Ф. Колобова).


Дәріс.

Тақырып:Тұлғаның әлеуметтенуі.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. «Әлеуметтену» ұғымының тар және кең мағынасын ажырату ерекшеліктері.
  2. Әлеуметтену және оның кезеңдері мәселесінің жасерекшеліктік сипатының дискуссиялық көрінісі.

Дәрістің тезистері:

Психологтарға үйреншікті ой бойынша тұлға әлеуметтік ортада өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ол тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы процес, сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесінің белсенді жандандырылуы әлеуметтену деп аталады.

Әлеуметтену процесі адамдардың қарым-қытынасқа түсуімен және бірлесіп әрекет етуімен тығыз байланысты. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру субъективті: бірдей әлеуметтік жағдайлар әр түрлі болып қабылдануы мүмкін. Түрлі тұлғалар объективті бірдей жағдайлардан сан алуан әлеуметтік тәжірибе алады, бұл индивидуалдану процесінің негізі.

Әлеуметтену және тұлғаның қалыптасу процестері арнайы әлеуметтік институттар шебінде, мысалы мектепте және түрлі формалды емес бірлестіктерде жүзеге асырылады. Тұлға әлеуметтенуінің маңызды институттарының бірі-жанұя. Отбасында, жақын адамдардың арасында адам тұлғасының негіздері қаланады. Адамның тұлға негіздері 3 жасқа дейін қаланады деген түсінікті кездестіруге болады. Бұл жас кезеңінде адамның психикалық процестері ғана дамып қоймай, ол өмірдің соңына дейін бойында сақталатын алғашқы тәжірибе мен өзін-өзі ұстау тәрбиесін алады.

Әлеуметтенудің реттелетін, мақсатқа бағытталған сипатымен қоса реттелмейтін, стихиялық сипаты да бар екендігін айта кеткен жөн. Әлеуметтенуді бір уақыттағы мақсатқа бағытталған және реттелмейтін процесс ретінде түсіндіру үшін А.А.Реан келесідей мысал келтіреді: Мектепте өтетін сабақ кезінде оқушы сабақтың материалын, әлеуметтік ережелерді меңгеріп қана қоймай, ұстаз үшін кездейсоқ болып көрінетін нәрселермен өзінің әлеуметтік тәжірибесін байытады. Бұл тәжірибе позитивті де, негативті де болуы мүмкін.

Тәрбие беру барысында ата-ана мен педагогтың өз алдарына қоятын мақсаттары: баланың тәрбиесін қалыптастырып, оны әлеуметтік ортада өмір сүруге даярлау, ол үшін белгілі қадамдар жасау.

Психологияда әлеуметтенуді біріншілік және екіншілік деп ажыратады. Екіншілік әлеуметтену еңбекті бөлісумен және оған сай білімнің таралуымен байланысты. Адам еңбек етудегі өзінің ролін түсіне бастайды. Б.Г. Ананьевтің концепциясы бойынша әлеуметтену екі бағыты бар процес ретінде қарастырылған, ол адамның тұлға ретінде және әрекет субъектісі ретінде қалыптасуын білдіреді. Мүндай әлеуметтенудің соңғы мақсаты- индивидуалдылықты қалыптастыру. Бұл жерде индивидуалдылық деп нақты тұлғаның даму процесін түсіну керек. Әлеуметтенумен бір уақытта өтетін процесс- инкультурация. Егер әлеуметтену длегеніміз әлеуметтік тәжірибені меңгеру болса, инкультурация дегеніміз индивидтің жалпы адамзаттық мәдениеті, тарихи қалыптасқан әрекеттер жолын игеру процесі. Ол әрекеттерде түрлі даму кезеңдеріндегі адам әрекетінің рухани және мәдени материалдық өнімдері жинақталған.

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

Тұлғаның психологиялық қорғаныс механизмдері.


Дәріс.

Тақырып:Тұлғаның интерналдық-экстреналдық жұптық позициясын зерттеу.

 

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Тұлғаның әлеуметтік эмпатиясы және «альтуризм-эгоизм» нұсқауларын анықтау.
  2. Әлеуметтік статус және рөл.
  3. Рөлдік жанжалдардың туындауы.

Дәрістің тезистері:

Интернализация –қоғамның және әртүрлі топтардың жасаған нормаларын, құндылықтарын, нұсқауларын, ұсыныстарын индивидтің игеруі.Әлеуметтену барысында пайда болады, соңында индивидте жүріс-тұрысының ішкі реттегішінің жүйесі құрылады.

Идентификация –индивидтің өзін басқа адаммен ұқсастыруы, өзін басқаның орнына қоюы, оның жеке тұлғалық мағыналарын игеруі. Соған сәйкес мінез-құлық нысандары (альтуризм, эмпатия, т.б.)пайда болады.

Тұлғааралық қақтығыс психологиясының негізгі бағыт-бағдарлары: "Мен" - "Басқа" жүйесіндегі арақатынас. Тұлғааралық қақтығыс барысында пайда болатын түлға аралық қатынастарды танып білу, адамдардың бірін-бірі тану мен түсіну механизмін зерттеу, олардың ортақ қызметін үйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.

"Топ" - "Мен" жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі елеуметтік жағдайлардың адамның мінез-қүлқы мен түлғалық ерекше-ліктеріне ықпалын зертгеу. Адамның әлеуметтік үстанымдары, әлеуметгік көзқарастары, топ және қоғам адамның түлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және өзгертеді? Әлеуметтену - даму барысында элеуметтік қүндылықтарды, нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі. "Мен" - "Топ". Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам - өз емірінің, өз әлеуметтік байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.

Сонымен, Тұлға аралық қақтығыс психологиясының негізгі мәселесі - адами қақатығыстың түлғааралық және топаралық формаларын танып-білу, ортақтасудың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тулғаның қақтығыс барысында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу.

Тұлғааралық қақтығыс психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік мінез-қүлықтарының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Қарым-қатынас психологиясы - мінез-қүлыққа әлеуметтік ықтиал етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы.

Тұлғааралық қақатығыс психологиясының маңызы зор. Адам омірін ортақтасусыз, арақатынассыз, топішіндік жоне топаралық қатынассыз елестетудің өзі қиын.

Тұлға аралық қақтығыс және оның қызметтері

Тұлғааралық аралық қақтығыс - қарым-қатынас психологиясының негізгі үгымы. Қақтығыссыз жеке адамның тұлғаның қалыптасу үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Ортақтасу, Г. М. Андре-еваның пікірі бойынша, адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.

Қақатығыс моделі

Субъект — 1 --►Субъект - 2

Ортақтасу формалары:

Тіке лей қақатығыс - табиғи бетпе-бет, сөздік жәие бейсоздік (ым, қйімыл) қүралдар кемегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бүл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.

Жанама қақтығыс —қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника қүралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт. Хаг жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т.с. адами ортақтасуды күрделендіріл жіберді.

Түлгааралық қақтығыс - екі не қүрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Түлғааралық ортақтасудың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.

Бүқаралық ортақтасу - бейтаныс адамдардың тікелей не жанама (бүқаралық ақпарат қүралдары арқылы болатын) контакттары. Мысалы, стадионда, театрда, шеру - бүқаралық тікелей ортақтәсу, телемарафон, радиохабар - жанама ортақтасу, вагонда — бүқаралық тікелей не жанама болса, купеде - түлғааралық.

Персонааралық ортақтасу ~ ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін аиіатын белгілі түлғалардың психологиялық контакттары (чемпиондар, ғарышкерлер, президенттер).

Рөлдік ортақ тасу - белгілі әлеумеітік рөлдерді орындаушылардың психологиялық контакттары, мысалы, окушы — оқытушы, әке — бала, сатушы - алушы, көрші - керші, дәрігер ~ ауру, бастық –бағынушы. Әрбір адам ор сотте ортүрлі рөлдерді орыпдайды, сол рөлдерге байланысты қоғамда өз орнын табады. Сол ролдсрді орындаганда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды, гек одеуметтік рөлге қажетті іс-орекеттері маңызды болып саналады. Әрине, олеуметтік рөл адамның мінез-құлқыныц егжсй-тсгжсйін анықтамайды. Адам өз рөлін, басқалардың рөлдерін калай түсінсді? Ол рөлдерге қандай қатынаста болады? Адамдар өз ролдерін орындаған соттерінде қайталанбас өзіндік өрнек пен таңба енгізеді.

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

Тұлғаның интерналдық-экстреналдық жұптық позициясын зерттеу (Е.Ф.Бажин, Е.А.Голынкина, А.М.Эткинд бойынша).

Тұлғаның әлеуметтік изоляциясы (Д.Рассел и М.Фергюссон) мен фрустрациясы (Л.И.Вассерман) деңгейін зерттеу.


Дәріс.

Тақырып:Тұлғалық эгоцентризмді зерттеу және диагностикалау.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Тұлғалық эгоцентризм.
  2. Тұлға және топтың мотивациялық потенциалдары.

3. Топты басқарудағыжетекшілік және ұжымдық сана сезімнің пайда болуы.

  1. Тұлғаның мотвациялық құрылымын зерттеу.

Дәрістің тезистері:

1950 жылдың екінші жартысында Ф. Герцберг қажеттілікке негізделген мотивация теориясын ұсынды. Ол факторлардың екі тобын қарастырады. Біріншісі –гигиеналық (фирманың саясаты, жұмысты бақылау дәрежесі, жалақы, жеке адам аралық қатынастар, денсаулыққа әсер етуші факторлар). Екіншісі – мотивациялық (жетістік, қызметте жоғарылау, жұмыс нәтижелерін мойындау, жауапкершіліктің жоғары дәрежесі және шығармашылық іскерлік өсу мүмкіндігі).

Герцберг бойынша гигиеналық факторлар жеткілікті болса, адам жұмысына қанағаттанады. Ал мотивациялық факторлардың болуы тиімді жұмысқа итермелейді. Өзінің жасаған екі факторлы тұжырымдамасының негізінде Герцберг жұмысшыларда қанағаттанбаушылық сезімі пайда болғанда, менеджер ең алдымен қанағаттанбаушылық тудыратын факторларға көңіл аудару керек және оны жою үшін барлығын жасау керек деп қорытынды жасады. Жұмысшылардың қанағаттанбаушылығы мүлдем жойылды деген жағдайда ғана жұмысшыларды денсаулық факторларының көмегімен мотивациялауға тырысу керек – тәжірибе тұрғысынан пайдасыз іс. Сондықтан осыдан соң менеджер жігерлендіретін факторлардың қолданыс табуына назар аудару керек және жұмысшылардың қанағаттанушылық жағдайына жету механизмі арқылы жоғары еңбек нәтижелеріне қол жеткізуге тырысу керек.

Д. Мак Клелланд бойынша қажеттіліктердің 3 типі бар: билік, табыстылық және қатыстылық.

Билік қажеттілігі – басқа адамдарға әсер ету тілегі. Ол бұл қажеттіліктерді өмір сүру жағдайларының, тәжірибесінің және оқудың нәтижесінде пайда болған қажеттіліктер деп қарастырады. Билікке деген жоғары мотивациясы бар адамдар бірін-бірі жоққа шығаратын екі топқа бөліне алады. Бірінші топты билікке үстемдік ету мақсатында ұмтылатын адамдар құрайды. Екінші топқа билікке топтық тапсырмаларды шешу үшін ұмтылатын адамдар жатады. Мак Клелланд өзінің қажеттіліктер тұжырымдамасындағы қарастырып отырған үш қажеттілігінің ішінде менеджердің табысы үшін билік етудің екінші түріндегі жетілген қажеттілік үлкен мән иеленеді деп есептейді. Сондықтан басшының жұмысы бір жағынан менеджерлерге осы қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік беруі керек, екінші жағынан осы қажеттіліктің дамуына мүмкіндік туғызуы қажет.

Табыстылық қажеттілігі жұмысты аяғына дейін жеткізу процесі кезінде пайда болады. Осындай қажеттілігі бар адамдар шын көңілімен жұмыс жасайды, бірақ басқалармен жұмысты бөліскілері келмейді. Егер осы нәтижелерге өзі жеке қол жеткізіп көрсе, бірігіп алған нәтижелеріне қанағаттанбайды.

Жұмысшылардағы табыстылыққа деген қажеттілік олардың белсенділігі мен нәтижелілігіне әсер етеді деп есептеледі. Сондықтан ұйым мүшелерін қызметтері бойынша жылжытуда, олардың табыстылыққа деген қажеттілік деңгейін бағалау пайдалы, сонымен қатар ұйымға енуші талапкерлердің осы қажеттіліктерін бағалау тиімді.

Қатыстылық қажеттілігі басқа адамдармен байланыс жасауда көрінеді. Араласу деген жоғары қажеттілігі бар адамдар жақсы қарым-қатынас орнатуға және ұстап тұруға тырысады.

Қатыстылық қажеттілігі жоғары адамдар жақсы қарым-қатынас орнатуға және оны үзбеуге, қоршаған адамдар тарапынан қолдау табуға тырысады және олардың өзі туралы ойлайтындығына мазасызданады. Қатыстылыққа деген жоғары қажеттілігі бар жеке адамдар ұйымда адамдармен, яғни жұмыстастарымен де, клиенттерімен де белсенді өзара әрекетте болуға мүмікіндік беретін позицияны иеленуді және жұмысты орындауды қалайды.

Мак Клелланд тұжырымдамасындағы қатыстылық, табыстылық және билікке ұмтылу қажеттіліктері бір-бірін жоққа шығармайды және Маслоу мен Алдерфердің тұжырымдамаларында көрсетілгендей, иерархиялық тізбекте орналаспаған. Сонымен бірге адам мінез-құлқында осы қажеттіліктердің көрініс табуы олардың өзара әсеріне байланысты. Мысалы, егер адам басшылық қызмет атқарып отырса, не болмаса билікке қажеттілігі жоғары болса, онда басқарушылық қызметті осы қажеттілікті қанағаттандыруға ұмтылысымен сәйкес табысты жүзеге асыру үшін ол адамда қатыстылық қажеттілігі салыстырмалы түрде әлсіз көрінуі керек. Адамның мотивациясы мен мінез-құлқын сараптағанда, адамды басқару әдістерін таңдағанда осы өзара әсерді назарға алуы керек.

Жоғарыда қарастырылған тұжырымдамаларға тән айырмашылық пен ортақтыққа көңіл бөле отырып, оларға тән екі ортақ сипаттамаларын көрсетуге болады. Біріншіден, аталған тұжырымдамалар өте көрнекі түрде, дәл және анық түрде мотивацияға деген белгілі бір көзқарастарын баяндайды. Бұл - эмпирикалық зерттеулермен дәлелденген және басқару тәжірибесінде ұзақ уақыт пайдаланылған көзқарас. Жұмысшылардың қажеттіліктерін дұрыс түсіну үшін менеджерлер барлық төрт теориямен таныс болуы керек.

Екіншіден, барлық төрт теория да мотивацияның негізіндегі факторларды талдауға басты назар аударады және сонымен бірге мотивацияның процесін талдауға мүлдем көңіл бөлмейді. Бұл ескерту осы теориялардың тікелей практикалық қолданылу мүмкіндігін шектейтін негізгі кемшілігін көрсетеді.

Процессуалдық теорияларда мотивация белгілі ретпен орын алатын жағдайлардың процесі ретінде қарастырылады. Олар: үміттену (күту) теориясы, әділеттілік теориясы, Портер-Лоулер моделі. В. Врумнын үміттену теориясының негізгі ойы - таңдалған мінез-құлық қажеттілікті қанағаттандырады. Үміттену – нақты жағдайдың мүмкін болуын бағалау. Ол 3 өзара байланысты қарастырады: еңбек шығындары - нәтижелер; нәтижелер – сыйақы; сыйақы – валенттілік. Валенттілік адамға әр нақты нәтиженің қандай дәрежеде қажет екендігін, оның адам үшін қаншалықты тартымды екендігін немесе керісінше тартымсыз екендігін бейнелейді, яғни валенттілік адам үшін қандай-да болсын бір нәтижелердің басымдылығын сипаттайды. Егер адам нәтижені жоғары бағаласа, онда ол жағымды валенттілік, ал адам нәтижені мойындамаса, онда кері валенттілік иеленеді. Ал егер нәтижелілік валенттілігі нөлге тең болса, онда адам бұл нәтижеге парықсыз.

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

Топты басқарудағыжетекшілік және ұжымдық сана сезімнің пайда болуы (интернет желісі мен энциклопедияларды қолдану арқылы шағын эссе жазу)

 


Дәріс.

Тақырып:Тұлға теориясындағы диспозиционалдық бағыт.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Тұлғаның «Мен-концепциясы».
  2. Маслоу теориясындағы тұлғаның бағыт бағдары.
  3. Өзіндік сана сезім, өзін өзі бақылау, өзін өзі өзектендіру және жетілдіру қалай жүзеге асады?

4. Гуманистік бағыт бойынша тұлғаның табиғаты және өзін-өзі жетілдіру мәселесі.

Дәрістің тезистері:

Диспозиционалдық (ағыл. disposition- орналастырылған) теория үш негізгі бағыт «жұмсақ», «өткір» және аралық немесе формалды динамика.

«Өткір» бағыты бойынша адамның биологиялық құрылымының белгілі бір түрткісі яғни, жүйке жүйесі және ми бір жағынан, сонымен қатар тұлға қасиеттерінің көрнісінің басқаша болуы. Тұлғалық құрылыммен өткір биологиялық құрылымның өзі жалпы генетикалық факторға тәуелді. Жалпы дене конституциясы мен мінез типтерінің арасындағы байланысты неміс зерттеушісі Э.Кречмер нақтылады.

«Жұмсақ» бағыты диспозициондық теорияның тұлғаның басты, адамның ағзасының биологиялық құрылымымен байланысты болады.

Олпорт адамның әртүрлі жағдайында өзін-өзі ұстауына қатысты олардың құрылымдық ерекшеліктерін проприум деп білгіледі. Проприум ұғымы гуманистік психологиядағы «мен» деген ұғыммен жақын келеді. Оған жоғарғы мақсаттар, адамның моралдық көріністері жатады. Олпорт негізгі рөлде қоғам ойнайды деп көрсетеді. Дегенмен, адамның қасиеттері проприум ерекшеліктерінің түзілуіне әсер етеді. Олпорт дамыған проприумі бар адамды «кемелденген тұлға» деп атады.

Формалды-динамикалық бағыт негізіне отандық психологтар Б.М.Теплов, В.Д.Небылицин еңбектерінде көрсетілген. Бұл бағыттың негізгі ерекшеліктері: әр тұлғада екі деңгей, сонымен қатар екі түрлі тұлғалық қасиеттердің аспектісі- формалды-динамикалық және мазмұнды деп саналады. Адамның мазмұнды қасиеттері проприум түсінігіне жақын. Бұл қасиеттер тәрбиенің, білімнің, іс-әрекеттің ғана емес, сонымен қатар адамның ішкі дүние байлығының интеллект, мінез-құлық көріністерінің жемісі болып табылады. Диспозионалдықтардың ойынша, тұлға өмір бойы дамиды. Оның ішінде тұлғаның жастық шағымен қоса, жыныстық жетілуі де маңызды болып табылады. Бұл теория адамның өзін-өзі ұстамдығы, құрылымының өзгеруіне қарамастан, өздерінің ішкі қасиетіне ие болады. Адамның ішкі дүниесі негізінен темпераменті және индивидуалды ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт бойынша екіге бағытталған. Біріншісі:«клиникалық» американ психологы К.Роджерс көзқарасымен, екіншісі: «мотивациялық» өкілі Маслоу. Осы екі бағыттың арасындағы кейбір айырмашылыққа қарамастан оларды көптеген ортақтақтар біріктіреді.

Гуманистік бағыт бойынша адам өзінің табиғатында жақсы және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Адамның туа берілген табиғаты онша тұрақты дамуға творчествоға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады.

Маслоу теориясының негізгі тезистерінің бірі- ол индивидтің тұтастығы.

1. Бұл бағыт бойынша әр адамды уникалды ұйымдасқан тұтас жүйе ретінде қарастыру қажет. Уникалды –ешқашан қайталанып келмейтін деген сөз.

2. Адамның ішкі табиғатында позитивті өсу мен өзін-өзі жетілдіру потенциялы бар.

3. Творчестволық потенциал адамның неғұрлым универсалды сипаты,барлық адамға тән.

Маслоу психология ғылымының неғұрлым универсалды негізі ретінде психикалық ешқандай ауытқуы жоқ, өзін-өзі өзектендіру адамды зерттеу керек дейді.Маслоу болжамы бойынша орташа адам өз қажеттіліктерін мынадай ретке қанағаттандырады.

Иерархия- бір-біріне бағынышты белгісі байынша бір ретке орналастыру. Қажеттіліктердің осы барлық дәрежеде меңгерген адам, толық өзін-өзі жетілдірген болып саналды. Иерархиядағы қажеттіліктерінің кезектесуі адам мотивациясы ұйымдасқанның негізгі принципі болып табылады. Дәл осындай иерархия кейбір адамда сақталуы мүмкін.

1. Физиологиялық қажеттілік: тамаққа, ауаға физиологиялық белсенділікке, сенсорлық стимуляцияғ деген қажетіліктер.

2. Қорғанысқа деген қажеттілік: қорғанысқа, тұрақтылыққа, белгілі бір дәрежеде тәртіп пен реттілікке белгілі бір жүйенің, заңның болуына деген қажеттіліктер.

3.Қарым-қатынас қажеттілік: белгілі бір әлеуметтік топқа жату, қарым-қатынас, достық, махаббат деген қажеттілік. Достыққа, махаббатқа деген қажеттілікті екі топқа бөлінеді.

4.Өзін-өзі сыйлау қажеттілік- өзін-өзі сыйлау, басқалардың өзін сыйлауын қажетсіну.Бұған кіретін жетістік, сенімділік,біліктілік, тәуелсіздік, еркіндік, түсініктер, өзін-өзі сыйлаудың қалыптары.

5.Өзін-өзі өзектерндіру деңгейіндегі қажеттіліктер, метақажеттіліктер деп аталады. Метақажеттілікті сипаттайтын негізгі түсініктер.: тұрақтылық, тұрақты даму, бейсаналы жетілу, қарапайымдыолық, эстетикалық, сезімдердің болуы.

Маслоу өзін-өзі өзектендіруші тұлғаға тән мынадай сипаттарды көрсетеді.

Реалдылықты неғұрлым эффективті қабылдау. Адамның өзін-өзі басқаларды жалпы табиғаты солай, сол күйінде қабылдауы.Тәуелсіздік белгілі бір дәрежеде іс-әрекетті пікірлердің тәуелсіз болуы.


<== предыдущая | следующая ==>
Перевод земель или земельных участков из одной категории в другую | Маслоу бойынша қажеттілік иерархиясы

Date: 2016-05-24; view: 1434; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию