Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
тақырып. Трактордың және автокөліктің қозғалыс теңдеуі
Тракторға қандай күштер мен моменттер әсер ететінін анықтап, олардың қозғалыс пен кедергі күштерін белгілейміз; тік төмен бағытталған және ауырлық центріне қойылған машинаның ауырлық күші G (салмақ); жетекші дөңгелек өсіне машинада орнатылған қозғалтқыштан келген жетекші айналу моменті Мвед, жетекші дөңгелектің тербелуіне кедергі моменті Мfвм; қозғалыс бағытына параллель машинаның сырғанауына кедергі күші Pf, машинаның жетекші дөңгелек тартымының жанама күші Ркφ,қозғалыс жылдамдығына және басқа факторларға байлаысты өзгеретін ілмектегі жүктеме Ркр. Трактордың қозғалыс теңдеуін Лагранж формасында жазамыз: ()- ()=Qоб, Мұндағы t – уақыт; К –v жылдамдықпен қозғалатын машинаның кинетикалық энергиясы; q –жалпыланған координата; Qоб –жалпыланған күш; Qоб = δА/δх. Мұнда δА –барлыұ берілген күш пен моменттер жұмысының қосындысы; δх –ықтимал ығысу. Машинаның кинетикалық энергиясы К=mv2/2+Jпр ·ωk2/2, Мұнда m – машинаның кезекті қозғалатын бөліктерінің массасы; Jпр –трансмисия мен қозғалтқыштың айналу массасының жетекші дөңгелекке келтірілген инерция моменті; ωk – жетекші дөңгелектің айналуының бұрыштық жылдамдығы. Jпр – мәнін мына формула бойынша анықталады: Jпр=J д ·iтр2 ·ζтр+Σ Jх · iх2 · ζх+Jk (13.1) Мұндағы Jg, Σ Jх және Jk - сәйкес трасмиссияның және қарастырылатын тегеріштен жетекші дөңгелек өсіне дейінгі айналу массаларының инерциялық моменті; ζтр және ζх - берілген бірілістің ПӘК-і. Мұнда iтр = ω д / ωk, ix = ωx/ ωk; ω д және ωх – сәйкес иінді білік пен трасмиссия тегерішінің бұрыштық айналу жылдамдығы. 13.1-суретте машина қозғалтқышы мен трансмиссиясының айналу массалары шартты түрде көрсетілген, олардың инерция моменті мен бұрыштық айналу жылдамдығы белгіленген.
13.1 –сурет. Трактордың айналу бөліктерінің динамикалық сұлбасы.
q = x болғандықтан, бұл машинаның х осімен жылжуы,ал ωk=v/rk болса, онда ṗ = ẋ = v. Мұнда rк – жетекші дөңгелек радиусы. K= mv2/2+Jпр · v2/(2rk2) = (mv2/2)[1+ Jпр/m rk2)] = δвр · mv2/2, ðk/ðx=0, мұнда δвр –айналу массасының ескеру коэффициенті: δвр=1+ Jпр/(m rk2) 1,05…1,25. Бұл туындыларлы теңдеуге (13.1) қойып, алатынымыз [ (δвр·mv2/2)] = Qоб или δвр·mdv/dt = Qоб. (13.2) Трактор қозғалысының дифференциал теңдеуін жалпы жағдайда сәйкес теңдеуге (13.2) қойғаннан кейін аламыз. δвр·m = Pkφ – Pсопр немесе =g, (13.3) мұнда =Pf + Pкр ·cosγкр+ Pω+ G ·sinα – машина қозғалысына кедергі күшінің қосындысы. Мұнда Pf, Pкр, Pω, G – сәйкесінше сырғанау,ілмектегі, ауаға кедергі, машинаның ауырлық күштері; α- жолдың көтерілу бұрышы; γкр –горизонталь ілмектегі күштің Pкр көлбеу бұрышы. Қозғалыс теңдеуінен (13.3) машинаның тартым балансы туындысын аламыз – қозғалыс күштері мен қозғалысқа кедергі күшінің қатынасы: Pkφ = Pсопр± δвр ·Pj, (13.4) Мұнда Pj = mj –кезекті қозғалыс массасының инерция күші, j = dv/dt –машинаның кезекті қозғалыс массасының үдеуі. Негізгі әдебиет [6, с. 309…311] Қосымша әдебиет [13, с.17…20] Бақылау сұрақтары: 1. Трактор қозғалтқышы мен трансмиссиясының айналу массасының жетекші дөңгелегінің өсіне келтірілген инерция моменті қандай параметрлерге тәуелді? 2. Жалпы жағдайда трактордың қозғалысының дифференциал теңдеуінің туындысын жаз. 3. Машинаның тартым балансы үшін туындыны жаз.
Date: 2016-05-24; view: 755; Нарушение авторских прав |