Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






тақырып. Жер қазатын – тасымалдау машиналарының динамикасының негіздері

 

11.1 ЖҚТМ жұмыс үрдісінің ерекшеліктері

 

Жер жұмыстарында жоғары әсерлі ЖҚТМ кеңінен қолданылады - бульдозер, скрепер, автогрейдер, грейдер-элеватор. Бұл механизация құралдарының жалпы принципиалды ерекшелігі – машинаның жүру қондырғыларының топырақпен байланысуы нәтижесінде қазуға қажетті жылжымалы күшті дамыту болып табылады.

Пайдалану жағдайында ЖҚТМ-ге әсер ететін жүктемелерді қалыпты, кездейсоқ және апатты деп бөлеміз.

Қалыпты деп машинаны кәдімгі пайдалану шартында пайда болатын жүктемелерді айтамыз. Қалыпты күштер машина элементтерін тозған беріктікке есептеу негізі болып табылады.

Егер күштің дұрыс емес комбинациясының туу ықтималдылығы үлкен екені анықталса, онда жүктеме кездейсоқ категорияға жатады және онымен машинаның статикалық беріктікке есептеуі жүргізіледі.

Апатты жүктеме кезінде ЖҚТМ құрылымы жұмысқа қабілетсіз жағдайға келеді.

Қазіргі заманғы ЖҚТМ жұмысы ауыспалы жүктеме шартында жылдамдығының едәуір диапазонында ауыспалы жылдамдықта және белгіленбеген қозғалыс режимдерінде жүргізіледі. Кедергінің өсуінен болған жылдамдық тербелістері ЖҚТМ жабдығын қозғалысқа келетін жұмыс жабдығы мен конструкциясының күштік элементіне динамикалық жүктеменің пайда болуына әкеліп соғады.

ЖҚТМ-нің жұмыс үрдістерінің қарастырылған ерекшеліктері олардың жұмыс режимдерін ауыр, ауыспалы режим деп сипаттауға негіз болады.

11.2 ЖҚТМ есептік сұлбасының негізделуі.

 

ЖҚТМ элементіне динамикалық жүктемені анықтауға есептік сұлбаларды құру кезінде кедергі қатаңдығын және жұмыс жабдығының қатаңдығын білу қажет. Қол жетпейтін кедергілерге жататындар: мұз топырақтарының массиві немесе тастар, балкалар, свандар және т.б.

ЖҚТМ жұмысында кездесетін кедергілер қатаңдығы өз кедергісінің және топырақтың деформациясын ескергенде тәжірибе кезінде анықталады. Навесті жқмыс жабдығының металл конструкциясының қатаңдығы да тәжірибе жүзінде анықталады. Бульдозер үшін оны келесі тәуелділікте анықтауға болады.

 

Смк = α·Q,

мұндағы Q –трактор салмағы; α –0,9…1,0 – ге тең коэффициент.

Кедергі Спр және металл конструкция Смк қатаңдығын екі кезекті байланысқан қатаңдық ретінде қарастыруға болады, ал Сп қатаңдығын келесідей табамыз

1/Сп = 1/Смк+1/Спр

ЖҚТМ массаларын келтіру механиканың жалпы ережелерімен жүргізіледі. Келтіру центрі ретінде қозғалтқыш білігі, жетекші жұлдызша немесе дөңгелек білігі, сонымен қатар агрегаттардың қозғалыс массасы таңдалады (11.1-сурет).

 

 

11.1-сурет. Бульдозердің эквивалентті динамикалық сұлбасы.

 

Массаларды айналу білігіне келтіру кезінде қосынды келтірілген агрегаттардың инерция моментін анықтау туындысы келесідей болады:

Jв = +m (11.2)

Массаларды кезекті қозғалыс массаларына келтіру кезінде агрегаттың қосынды келтірілген массаларын анықтау келесі түрде болады:

Mпр= +m (11.3)

(11.2) және (11.3) формуласында:

n – агрегат қозғалыс кезінде айналатын тетік саны; Jzт – айналу осіне қатысты тетіктің инерция моменті; m – қозғалатын кезекті агрегат массасы; rк – жетекші жұлдызшаның немесе дөңгелектің радиусы; i – келтіру центріне жүргізілетін аймаққа дейінгі беріліс қатынасы.

Негізгі әдебиеттер [2, с.117…120]

Қосымша әдебиеттер [13, с.82…84]

Бақылау сұрақтары:

1. Пайдалану жағдайында ЖҚТМ-ге әсер ететін жүктемелер сипаттамасын келтір.

2. Бульдозердің кедергі және металл конструкциясының қатаңдығын ескеретін келтірілген қатаңдығын қай теңдеуден табуға болады?

3. Массаларды кезекті қозғалыс массасына келтіру кезінде алынған агрегаттың қосынды келтірілген массасының туындысын жаз.

 

 


<== предыдущая | следующая ==>
Система телеконтроля | Эталоны ответов к заданиям 1 page

Date: 2016-05-24; view: 562; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию