Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар





Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар:

1) авариялық-құтқару жұмыстарына;

2) басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарға бөлінеді.

Авариялық-құтқару жұмыстары осы жұмыстарды жүргізетін адамдардың өмірі мен денсаулықтарына қауіп төндіретін факторлардың болуымен сипатталады және оларды арнайы дайындауды, қызметтік киіммен жабдықтауды және жарақтандыруды талап етеді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына төтенше жағдай аймағын және зақымдандыру ошағын барлау, зардап шеккендерді іздеу және қоршаудан шығару, өрттерді сөндіру, төтенше жағдай аймағына және зақымдандыру ошағына сұйық отынды, газды, электр энергиясын және суды берудің зардап шегушілерді іздеуге және құтқаруға кедергі жасайтын көздерін авариялық сөндіру, адамдарды құтқару, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шегушілерді төтенше жағдай аймағынан және зақымдандыру ошағынан эвакуациялау, олардың тіршілігін қамтамасыз ету жатады.

Басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар тығыз мерзімде орындалады және авариялық-құтқару жұмыстары толық аяқталғанға дейін үздіксіз жүргізіледі.

Басқа кезек күттірмейтін жұмыстарға азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын енгізу маршруттарын және авариялық-құтқару жұмыстардың объектілеріне кіреберіс жолдарын жабдықтау; коммуналдық-энергетикалық желілердегі аварияларды оқшаулау және жою, технологиялық қондырғылар мен құбырларда жарылыстар мен өрттерді болдырмау; су құбырлары, энергетикалық, газ және жылу желілерінің және байланыс желілерінің жекелеген учаскелерін қалпына келтіру; уақытша су құбыры желілерін төсеу; уақытша сұлбалар бойынша зардап шеккен халық пен құтқарушылардың тіршілігін қамтамасыз етудің бірінші кезекті объектілерін қалпына келтіру, аумақтарды санитарлық тазарту, сондай-ақ зардап шеккендер мен құтқарушыларды уақытша орналастыру және басқа да осындай мақсаттар үшін зақым келтірілген ғимараттар мен құрылыстарды нығайту немесе жарым-жартылай қалпына келтіру жатады.

53 Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарын жүргізу қүралдары:

экскаваторлар,крандар,тракторлар,бульдозерлер,пневматикалық металл кесетін жөндеу құрал-самандаы және т.б.

Құтқару жұмыстарын жүргізу тәсілдер мен әдістері жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан,коммуналды,энергетикалық технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химиялық зарардану дәрежесіне тәуелді.Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш пен құралдарды зардап щеккендерге алғашқы дәрі-дәрмек беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін жедел жетуде мақсатталады.Кезек күттірмейтін аварияны түзету жұмыстары құтқару жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі.Адамдарды құтқару күрделі жұмыс компоненттерінен тұрады.Құтқару жұмыстары,адамдарды құтқарып қалумен тікелей байланысты.

Date: 2016-05-24; view: 2110; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию