Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Техногендік төтенше жағдайларды жою жөнінде 1-ші кезекте жасалатын іс-қимыл





Бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдауына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі.

ТЖ аймағының шекараларын ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған ТЖ жою басшылары ҚР Үкіметі белгілеген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды. Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргізу объектілерінің табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кепілді қорғалуын қамтамасыз ету үшін алдын ала материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың мемлекеттік резерві жасалады.

18.техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі халықтың іс-әрекеті:химиялық зақымдану кезінде

Тез арада противагаз және сол сияқты құралдарды пайдалану,жеке құжаттарды алып панаханаға бет алу,зақымданған аймақтан желдің бағытына перпендикуляр шығу,

Радиоактивті зақымдану кезінде.иондаушы сәулелердің әсерінен қорғану дезактивация жүргізу радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау құралдарын пайдалану

Өорт –жарылыс кезінде-өрт сөндіргіш құралдарды пайдалану,өрттің таралуына жол бермеу

19.Жаппай зақымдаушы құралдар:

Халықты жаппай зақымдаушы қарулардан қорғау (Зашита населения от оружия массового поражения) — ядролық, химиялық және бактериялық (биологиялық) қарудан адам шығынын барынша азайту үшін жүргізілетін қорғаныш. Оған мынадай шаралар кіреді: қорғаныш ғимараттарын дайындау және адамдарды жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету; халықты ірі қалалардан қала сыртындағы аймаққа көшіру, қарсыластың жаппай зақымдаушы қаруларды қолданып шабуыл жасау қаупі төнгендіп жөнінде халықты хабарландыру; зақым ошақтарында құтқару және шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру және зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету; радиациялық, химиялық және биологиялық бақылау жасау және айналадағы ортаның, тағам шикізатының, азық-түліктің, ауыз судың зақымдануына бақылау жүрпзіп, қадағалау; санитариялық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық шаралар ұйымдастыру

Биологиялық қару, бактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.

Химиялық қару -уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған. Сондай-ақ белгілі бір жерлерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әр түрлі тыл нысандарын уландыру үшін де қолданылуы мүмкін. Химиялық қарудың тиімділігі, көбінесе метеорологиялық жағдайларға, жердің жайына байланысты. Мысалы, ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады.

Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.

 

Дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі, салмағы 20т (1950 жылдар)

Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.[1]

 

Ядролық қару орталығы

Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.

 

Ядролық қару

Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.

 

Биологиялық қару — соғыс құралдары ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең зиянды қарулардың бірі.

Date: 2016-05-24; view: 2140; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию