Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Олданылған әдебиеттер 6 page





Кеңестік үкімет пен Коммунистік партияның жетекшісі Н.С. Хрущев 1959 жылы қаңтарда КПСС-тің XXI съезінде Ш. де Голльдің билік басына келуін құптамай, бұл Францияда реакциялық режимнің орнатылуы деп жариялағанына қарамастан, француздық президент шынайылық білдіріп, 1959 жылы 25 наурызда Кеңес Одағы мен Франция арасындағы қайырымды қарым-қатынасты жандандыруға ниет білдірді. Бұл де Голльдің ел көлемінде ғана емес, континент көлемінде ғана емес, әлем көлеміндегі ойлайтын, жаһандық ойлардың саяси қайраткері болғанын дәлелдейді. «Франция,-деді де Голль - Франция болғандықтан, әлемдік істерде әлемдік саясат жүргізуге тиіс». Ол әлемдік проблемалар, оның ішінде Батыс пен Шығыстың проблемаларын шешу жол арқылы ғана Францияның ұлылығын қамтамасыз етілетінін түсінді.

КСРО және басқа да социалистік елдермен өзара қарым-қатынас сол периодта ерекше орын алатын. Ондаған жылдар бойы де Голльді Кеңес Одағымен ынтымақтастықтың қажеттілігі жөніндегі ойға мәжбүрліктің туындауы, германдық милитаризмнің жаңғыруынан қауіптенуге байланысты болды. Айта кету керек, де Голльдің саясаты мұқият түрде ойластырылған еді: Кеңес Одағының экспансиясында ол АҚШ-қа арқа сүйеді, сонымен қатар АҚШ диктатына қарсы әрекеттерде КСРО-ға арқа сүйеуді қажет санады.

КСРО-мен ынтымақтастықтағы тізбек саяси ғана емес, сондай-ақ Кеңестік Одақпен сауда және ғылыми-техникалық қарым-қатынасты дамытып, кеңейту үшін Бесінші Республикаға өмірлік маңызы бар экономикалық мәселелермен де түсіндірілді. ЖТР-ға байланысты бұл экономикалық факторлар одан әрі үлкен маңызға ие бола түсті.

Соған қарамастан, Бесінші республиканың алғашқы өмір сүру периоды кезінде екі елдің арасында үлкен түсініспеушіліктер болды, жекелей айтқанда, германдық мәселе жөнінде.

Дегенмен де, 1959 жылы француздық үкімет басында Батыс және Шығыс туралы диалог тұрған кеңесті шақыру жобасын жүзеге асырады. 1959 жылы қазанда Кеңестік үкіметтің басшысы Н. С. Хрущевтің Францияға ресми келуі жөнінде келісімге қол жетті. Де Голль бұл кездесуге ерекше мән берді, себебі франко-кеңестік келіссөздер Францияның әлемдегі беделінің көтерілуіне, басқа да батыстық державалармен халықаралық аренада тең орын алуына көмектесер еді санаған.

Бірақ та, де Голль бұл кездесуді нақты дайындау сылтауымен 1960 жылдың көктеміне дейін біраз созды. Бұл созудың де Голль үшін негізгі себебі Францияның позициясын нығайту, атомдық құпияларға қанық етіп, сонымен «атомдық клубтың» тең мүшесіне айналу еді [20, 251б. ].

Н. С. Хрущевтің Францияға саясаты 1960 жылдың 23 наурызы мен 3 сәуірі аралығында өтті. Бұл франко-кеңестік қарым-қатынастың тарихында Кеңес үкіметі басшысының Францияға алғашқы баруы еді.

Париждік келіссөздер кезінде екі жақты франко-кеңестік қарым- қатынас мәселелері қарастырылды. Екі жақ та достық пен ынтымақтастық негіздегі КСРО мен Франция арасындағы қарым-қатынасты дамыту, олардың арасында жақсы түсіністікті орнату халықаралық қатаңдылықты жібітуде және Еуропа мен бүкіл әлемдегі бсйбітшілікті орнатуда әрі қарай мүмкіншілктер туғызады деп жар салды. Осы негізде екі нақты келісім жасалды: ғылыми ынтымақтастық және атомдық энергияны бейбіт қолдану жөнінде.

Бірақ та осы бастамаларды жүзеге асыру қиынға соқты. 1960 мамырда АҚШ-тың У-2 барлаушы самолеті КСРО кеңістігіне еніп, кеңестік барлаушлармен атып түсірілді.

КСРО американ үкіметіндегі кешірімді, кінәліларды жазалау мен әуе қеңістігін бұзылуының қайталанбауына кепілдік талап етті, бірақ американдар жағы КСРО-ның наразылығын қайтарып тастады. Де Голль АҚІІІ жағында болды. Бұдан басқа да түсініспеушіліктер болды [2, 93б. ].

 


 

 

Москвалықтар Шарль де Голлді қарсы алуда.

1966 ж маусым


1960 жылдың мамырынан 1963 жылдың соңына дейінгі франко- кеңестік қарым-қатынасты «вакуумдық қарым-қатынас» де атау қалыптасқан, яғни бұл периодта жоғары деңгейде ешқандай ресми сапарлар болған жоқ, шектеулі сауда келісімдерді санамағанда, ешқандай маңызы бар құжат қабылданған жоқ. Бұл кез француздық, кеңестік мүдделерге зиян тигізетін бөтенсіну периоды болды. Бұның кінәсі бір жағынан Франция басшылығында, сондай-ақ Кеңес Одағының басшылығында жатыр [26, 136б.].

60-жылдардың ортасында Бесінші Республиканың КСРО-мен қарым- қатынасының дамуында жақсы жағына қарай өзгеріс болды. Бұл қарым- қатынастар «вакуумдықтан» бірте-бірте келісім және өзара қолайлы ынтымақтастық қарым-қатынасқа айнала бастады. КСРО-мен жақындатуды бастаған саясатты де Голль 1965 жылы 9 қыркүйектегі пресс-конференциядағы декларацияда «жаңа бағыт» деп сипаттап, осы қарым-қатынастарға Франция ендігәрі «үлкен мән» береді деп мәлімдеді.

Кеңестік Одақпен жақындасу мәселесінің де Голль үшін оның тәуелсіз, сыртқы саяси тенденциясының күшеюіне қарай өзектілігі арта түсті.

1964 жылы қаңтарда Кеңес Одағына ресми сапарымен сол кездегі экономика және қаржы министрі В. Жискар д' Эстен келді; ол кеңес жетекшілерімен сауда және саяси келіссөздер жүргізді. Наурызда Францияда ресми сапармен басшылығында Н. В. Подгорныймен парламенттік делегация келді. Қазанда ресми сапармен КСРО-да де Голльдің жақын көмекшілерінің бірі Г. Палевский болды. 1965 жылы қаңтарда француздық Ғылыми зерттеулер жөніндегі министрліктің делегациясы КСРО-ға келіп, түрлі-түсті теледидар облысында ынтымақтастық мәселесі жөнінде іскерлік келіссөздер жүргізді.

Өзара сапарлардың арасында маңыздырағы КСРО сыртқы істер министрі A. А. Громыконың Францияға сапары (1965 жыл сәуір), бұдан кейін жауап ретінде француздық сыртқы істер министрі Кув де Мюрвильдің сапарын (1965 жыл қараша) айтуға болады.

1965 жылы 9 қыркүйекте пресс-конференцияда өзінің бірінші президенттік мерзімі аяқталған кезде де Голль Францияның КСРО-ға қатысты «жаңа бағытты» ақтап, әулие сияқты, Еуропа өзінің проблемаларын, ең бастысы Германия проблемасын шешудіц бір жолы бар екенін айтып өтті, яғни ол жол Батыс пен Шығыс арасындагы жалпы келісім негізінде. Бірақ, бұл хабарлама АҚШ және ГФР жағынан теріс әсерге тап болды. Бірақ, тарих осы ақылды саясаткердің дұрыстығън дәлелдеп отыр.

Франция мен КСРО саясатының жақындау пунктінің шарықтау шегі 1964 жылы де Голль Мәскеуге барғанда болды. Де Голль бұл сапарды Францияның ұлылығы жолындағы күрестің маңыздысы ретінде қарастырды.

Бұл саясаттың маңыздылығы Батыс Еуропа шегінде НАТО мен АҚШ-қа қатысты сәттілігі сияқты, әлемдік проблеманы шешу халықаралық қатаңдықты бәсеңдету деңгейіне көтерілген жоқ.

Батыста былай деп жазды: 1966 жылы Мәскеуде Шарль де Голль Францияны Батыс Германия жағынан агрессиядан, сондай-ақ АҚШ-тың достық емес қадамдарынан қорғайтын қолдау іздеді.

Мүмкін, бұл түсініктер белгілі бір рөль атқарған шығар. Бірақ та, 1944 жылғы Мәскеулік сапарынан айырмашылығы, сөз әскери-саяси келісім жөнінде болған жоқ.

Генерал де Голль Мәскеуге 1966 жылы 20 маусымда келіп, КСРО-да 1 шілдеге дейін болды. Ол өзін антигитлерлік коалицияның жетекшілерінің бірі ретінде жақсы қарсы алатынын білді. Бірақ та шындық оның барлық ойлағанынан да асып түсті, генерал ресми және ресми емес кездесулер атмосферасына шынымен қуанды.

Франко-кеңестік жақындасудың маңызды нәтижесі екіжақты іскер ынтымақтастықтың әрқашанда әрекеттегі механизмін жасау болды.

Өнеркәсіптің көптеген салалары бойынша 12 аралас өнеркәсіптік жұмысшы топты өзіне қосатын, «Үлкен комиссия» бағыттаушы орган болды [28, 169б. ].

1957-1968 жылдары Франция мен КСРО арасындагы тауар айналымы 3 есе өсті.

Бұл ынтымақтастық бойынша келісімдердің бәрі Шарль де Голльдің сыртқы саясатының сөзсіз жеңісі болды. Өз кезегінде бүкіл әлемдегі саяси қатаңдылықтың босауында көрініс тапқан, кеңес-француздық байланыстардың алға басуына жағдай жасау үшін де Голль барынша шынайлылық пен ыңғайлылықты танытты [20, 55б.].

Де Голль «Ортақ рынок» одағынан көп үміт артты. Ол Германиямен одақ құруды жоспарлады [29].

Бесінші Республика мен Германия арасындагы ресми байланыс 1958 жылы 14 қыркүйекте Аденауэрдың Коломбэға іс-сапарынан басталды. Онда Европа мәселесі, Африка болашағы мен Кеңес одағымен, Қытаймен байланыстары қаралды. Келіссөздерде екі елдің бұрынғы жаулығы тоқтағанын жариялады. 1959 жылы қаңтарда Франция, Италия және ФРГ әскери одақ жасасты. 1960 жылы Аденауэр мен де Голль Рамбуйяда кездесіп «Европалық алтылық» саяси одағын құруға шешім қабылдады. Жаңа жобаның жоспарын жасау де Голль замандасы - К. Фушеге тапсырылды [30]. Франко- германдық қарым-қатынастың ары қарай дамуы нәтижесінде 1967 жылға қарай барлық салада бірлестік жасалды.

Де Голлдің Батыс Европадағы сыртқы саясаты АҚШ-тың құрсауынан шығуына жағдай жасады.

Де Голлдық сыртқы саясатының үлкен кесегі - ортақ рынокқа мұрындық болуы. Франция мен ФРГ (Де Голль Аденауэр достығы) арасындағы 1963 жылғы Елисей келісімі маңызды қадамдардың бірі болды.


II таруда пайдаланылған әдебиеттер:

1. Смирнов В.П Новейшая история Франции. М. 1979.

2. Молчанов Н.Н генерал де Голль. М. 1963.

3. Дрзаканян М.Ц Мишель Дебре. Вопросы истории. 2002ж. № 1.

4. Дрзаканян М.Ц Де Голль и голисты на ну ги к власти М. 1990.

5. Конституционное право зарубежных стран. М. 1990.

6. Рубинский Ю. М Пятая Республика. 1958-1963гг М. 1964.

7. Ибрашев Ж.У Политическая концепция Ш. де Голля. Д. 1971.

8. Сироткин В.Г История Франции: Пятая Республика. М. 1989.

9. Конституционное право зарубежных стран. М. 1999.

10. История Франции в 3 т. М. 1973.

11. Ибрашев Ж.У Политическая концепция Ш де Голля. Алматы. 1997.

12. Боботов С.В Правосудие во Франции. М. 1994.

13. Маклаков В.В Государственный строй Франции. М. 1977.

14. Молчанов Н.Н Генерал де Голль. М. 1980.

15. III. Де Голль: Мемуары, Новая и новейшая история. 1993. №5.

16. Борисов Ю.В Новейшая история Франции 1917-1964.

17. Борисов Ю.В Новейшая история Франции. М. 1987.

18. Ш. де Голль. Мемуары надежды. 1958-1962. М. 1975.

19. Шилов В.С Политические партии и внешняя политика Франции(1985- 1962гг) М. 1994.

20. Кузнецов Г.Д Внешняя политика Франции 1958-1969гг. А. 2000.

21. М. Эгрето Алжирская нация существует. М. 1958.

22. Дюкло Ж Мемуары. М. 1975.

23. Колосков И.А Внешняя политика Пятой Республики. М. 1976.

24. Кодомийцев В.Ф Шарль де Голль и «политика деколонизации» в 1958- 1962гг. Рязань. 1979.

25. Колосков И.А Внешняя политика Франции. М. 1976.

26. Антюхина-Московченко В.И Шарль де Голль и Советский Союз. М. 1990.

27. Колосков И.А Внешняя политика Пятой Республики. М. 1968.

28. Славенов В.П «Внешняя политика Франции» М. 1994.

29. Демишель А., Демишель Ф. «Институты и власть во Франции». М.1977.

30. Конуспасва С.Б Шарль де Голль и план Фуше. Вестник КазНУ. 2006г. №4.


Қорытынды.

Екінші Дүние жүзілік соғыстан кейінгі Франциядағы тарихи ахуалға байланысты туындаған Бесінші Республика билік жүйесі француз мемлекетіне үлкен өзгерістер әкелді.

Демократиялық дәстүрлерге бай Франция 1958 жылы бұрынғы Төртінші Республиканың үлгісінен неге бас тартты, парламенттік республикадан президенттік республикаға неге көшті?- деген сұраққа жауап бере отырып, бұл биліктің Франция тарихында ғана емес, Қазақстан үшін де алатын орнын анықтауға тырыстық. Себебі, 1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан өзінің саяси дамуының басты бағдарына үлгі ретінде Франциядағы Бесінші Республиканың үрдістерін алып отыр. Мазмұнына орай екі бөлімнен тұратын бірінші тарауда Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Франция тарихында орын алған оқиғалар, соның ішінде Төртінші Республиканың бұрынғы 1940 жылы герман фашизмінің тегеуірінен күйреген Үшінші Республика үлгісімен жасалғаны, саяси көппартиялықтың орнауы жазылды. Фашистік режимнен азат етіліп, 1944-1946 жылдарда орнаған уақытша билік және 1946 жылы құрылған Төртінші Республикадағы бейберекеттік, парламенттік тартыс, партиялардың өзімшілдігі, таптық шиеленіс пен тұрақсыздық жаңа билік - Бесінші Республиканың құрылуына негіз болған оқиғалар еді.

Францияның осындай қызып тұрған өмірінде Шарль де Голль негізгі рөлді атқарды. Тараудың екінші параграфы Төртінші республиканың азаттық қозғалыспен байланысты азамат соғысына жақын калып күйреген, билікке соғыс кезіндегі ұлттык көсемге айналған генерал де Голльдің келуімен тәмамдалып, екінші тарауда жаңа билеушінің сыртқы және ішкі саясатының бағыттары мен жетістіктері баяндалады.

Бесінші Республиканың бірінші президенті - саяси реализмді таратушы, таптық күрестерді шешуші және мықты дипломат ретінде бүкіл әлемде танымал болды. Кеңес одағында де Гольді екі елді достастырушы ретінде, Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде алжир соғысын тоқтатушы және АҚШ-тың Вьетнамға агрессиялық саясатын сынаушы ретінде жоғары тұрды. Батыс елдері үшін де Голль американдық гегемонияға қарсы шығушы және тәуелсіз европалық ынтымақтастықты дамытушы тұлғаға айналды. 1958 жылы де Голлдің жаңа мемлекеттік жүйені қалыптастыруы француз халқы үшін жаңа кезеңге бетбұрыс болды.

Жаңа билік жүйесінің экономикалық және сыртқы саяси жетістіктеріне қарамастаң, Францияда 60-жылдардың соңында ішкі жағдай шиеленісіп тұрды. Бұл әлуметтік шиеленістер 1968 жылы даму шегіне жетіп, мамыр айында көтерілістердің туындауына арқау болды.

Де Голдің сыртқы саяси тәжірибесінің кейбір аспектілері (Батыс және Шығыспен ынтымақтастығы, тәуелсіз еркін одақтасты таңдауы) дамушы Қазақстанға үлгі ретінде қалыптасуы тиіс. Қазақстан үшін Халықаралық аренада өз мүдделерін қорғау және ұлттық идеяны дамытуда бұл саясат ауадай қажет. Қазақстан Президенті Н.Ә Назарбаев сөздерінің бірінде француз лидері Шарль де Гольді идеалы ретінде ұстанатынын мойындады[18, 57б.].

Төртінші және Бесінші Республиканың Конституциялық жүйесін салыстырмалы түрде қарастыру арқылы Бесінші Республика Конституциясының алдыңғы билік жүйесін түбірімен өзгерткенін байқаймыз. Демократиялық үрдістерді сақтай отырып парламенттік билік орнына президенттік басқару жүйесі орнады. Сыртқы саясатта Францияның «Ортақ рынокқа» мұрындық болуы, КСРО-мен қатынасты ары қарай жалғастыруы, НАТО ұйымынан шығуы Франция беделін өсірді. Сыртқы саясат тарауында Шарль де Голлдің дипломатиялық қарым-қатынастары жайында толық мағлұмат келтірілген.

Қорыта айтқанда, дипломдық жұмыстың маңызын ашуға қажетті деректік материалдарды қолдану арқылы Бесінші Республика тарихын барынша жеткізуге мүмкіндік туды. Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясына үлгі болған Франция Конституциялық жүйесі қазіргі таңда зерттеуді қажет ететін сала. Сондықтан бұл мәселе актуалды болып қалмақ.

 

 

Date: 2016-05-24; view: 536; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию