Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Олданылған әдебиеттер 4 page

Франция 1789 жылы адам және азамат құқығы Декларациясы жарияланғаннан бері азаматтық бостандықтың ортасы болып табылады. Елдің көптеген конституциялары, әсіресе 1946 жылғы конституция осы Декларация негізінде құрылды. Де Голльдің авторитарлық жүйесі орнағаннан кейін билік және басқару институттары орталықтандырылып, азамат кұқықтары мен бостандықтарын сақтау соттық билікке және Конституциялық Кеңеске тапсырылды. Жалпы, азаматтық және әкімшілік юстиция қызметі нәтижесінде елде тиімді құқық қорғау механизмі қалыптасты. Франция адам құқықтары жөніндегі пактілерге қосылды. Конститутциялық Кеңес Бесінші Республиканың құқықтық мекемелерінің ішінде маңызды рөль атқарды [10, 268б. ].

1958 жылғы Конституция бойынша Конституциялық Кеңес 9 жылға сайланған 9 мүшеден тұрды. Конституциялық Кеңестің құрамына бұрынғы президенттер, заңгерлер, парламент палаталарының бұрынғы төрағалары, белгілі құқық профессорлары кірді. Конституциялық Кеңес төрағасын президент тағайындады. Конституциялық Кеңес конституциялық заңдардың дұрыстығын, нормативтік актілердің орындалуын бақылайды. Сонымен қатар, Кеңес Француз Одағы шеңберінде халықаралық келіссөздер мен келісімдерді бекітеді, референдумдарды өткізу мен республика президентін сайлау процесстеріне бақылау жүргізеді [9, 145б. ].

Шарль де Голль Конститутциялық реформалармен қоса, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыздандыру мақсатында бірқатар реформаларды жүзеге асырды. Де Голльдің және Бесінші Республиканың мемлекеттік аппаратының қызметі елдің экономикалық қызметінің өрлеуіне, әсіресе шаруашылқтың барлық саласында ғылыми- техникалық революцияның дамуына әкелді. «Саясат пен экономика,-дейді де Голль - өмір мен қызмет қалай байланысты болса, олар да бір-бірінен ажырамас бөліктер... Саясаттың тиімділігі мен талпынысы экономиканың күші мен перспективаларына байланысты»[15, 214б.].

Жаңа билік орнағаннан кейін Матиньон отелінде қаржы министрі Пинэ де Голльге елдегі азаматтық жағдайды баяндады. 1958 жылы бюджет кіріспен 1200 миллиард франк жабылмаған, сыртқы қарыздар 3 миллиард франкті құрады, 1958 жылы 1 маусымда қазынада алтын коры 630 миллион долларды ғана құрады.

Елді күйзелістен алып шығу үшін де Голль экономикалық саясатты құру бастамасын Ж. Рюэфф бастаған комитетке тапсырды. Банк және трест өкілдерінен құрылған комитет мүшелері желтоқсан айында үкіметтік қаулылар шығарды.

Жаңа биліктің әлеуметтік-экономикалық саясаттарының алғашқы қадамы 1958 жылы 17 маусымдағы ірі капиталистерге қолайлы қарызды енгізу болды. Несие алушылар жылдық табыстық салықтан босатылды, мұрагерлікке байланысты мемлекет облигациясының алдына курсына кепілдеме берді. Несиелік қазынаға 324 миллиард франк түсірді. Монополистер үлкен ұтысқа ие болды. Статистикалық мәліметтер мұрагерлердің және банкеттердің зор табыс тапқанын көрсетеді, яғни 1 миллион ескі франктерге облигация алса, мемлекет 205 мыңнан 305 мыңға дейін франк жоғалтып отырды.

1958 жылғы қыркүйектегі реформа бойынша монополия бірқатар салықтардан босатылды, жеңілдікті жағдайда жоғары табыстарды иеленуге мүмкіндік алды, патентке байланысты жиналымдар азайтылды.

Бесінші Республика кең түрде жаңа өнеркәсіптің салаларын қаржыландырды, өндірістің өнімін арттыруға жағдай жасады.

1959 жылы 500-ден астам жұмысшы күші бар өнеркәсіптерде барлық индустриалды пролетиариттың 30 %-і жұмыс істеді. Кейбір өнім түрінен алынған салықтар қазынаға емес, белгілі бір фирмаларға аударылып отырылды.

Мемлекет экспортқа шығаруға мүмкіндіктер жасап, кедендік салықты азайтты. Монополияларға бюджеттік көмек көрсетілді. Металлургияда 11 трест: «Шнейдер де Вендель», «Юзинор», «Сидслор», «Лоррен-Эско», «Ателье де форж де Ля шнер», «Ля провиданс» - өндірістің дамуына 15 миллиард франк мемлекеттік қаржы салды. 1963 жылы 18 ірі компанияның әрбіреуі («Рон-Пуланк», «Сен-Робэн», «Пеминэ», «Эссо де Вендель», «ГІомсмон-Хаустон», «Эр ликид» және тағы басқалары) өзінің кірісін 1962 жылмен салыстырғанда 85 миллиард франкке, яғни 27,5 %-ке ұлғайтты[16, 364б.].

1958 жыл мен 1964 жыл аралығында 500 ірі өндірістік тресттердің кірісі 70 %-ке өсті. Бірақ, бұл көрсеткіштер капиталистердің өрлеуі сияқты француз экономикасының өрлеуін көрсете алмады. Химиялық, мұнай, әскери-авиациялық, автомобильдік салалар тез қарқынмен дамыса, құрал- жабдықтарды, қара металдарды өндіру бір орында тұрып қалды. Француз халқы көмірдің 1/3 бөлігін шетелден сатып алып, оның ұлттық өндірісі елде 1958 жылдан бері қарай 5 миллион тоннаға төмендеді. Дегенмен, де Голль билігі еңбек өндірісінің өсуі, бәсекелестікті жоғарылату, шоғырландыру сияқты бағыттарда экономиканың дамуына үлес қосты. Өндірісті модернизациялауды жүзеге асыру, капитал салымдарын ұлғайту іс- шараларымен қоса экономикалық дамудың «өтпелі жоспарын», одан кейінгі Төртінші жоспарды жүзеге асыру көзделді. Үкімет «экономикалық және әлеуметтік дамудың жоспарларын» дайындады: Үшінші жоспар (1958-1961 жылдар), Төртінші жоспар (1962-1965 жылдар), Бесінші жоспар (1965-1969 жылдар), Алтыншы жоспар (1969-1976 жылдар) [ 1, 298б.].

Алжирден мұнайды, Лакедан газды қолдану, өндіру басталды, атом электростанциялары мен космос орталықтарының құрылысы жүргізілді, ғылыми-зерттеулік жұмыстарға көңіл бөлінді. 1958 жылы ғылыми зерттеулерді басқаруға және бақылауға Бас басқарма мен «Ақылгөй комитеті» құрылды.

Францияның «Ортақ Нарыққа» енуіне байланысты өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында өзгерістер байқалды. Франция басқа капиталистік елдерге қарағанда экономиканың дамуына көп көңіл бөлді. Бұл жағдайды Францияны жаңа этаптағы мемлекеттік-монополистік капиталистік дамудың классикалық үлгісі ретінде қарастыруға болады. Франция басқа империалистік елдерден өзінің көп мемлекеттендірілген өндірісінің масштабымен ерекшеленеді. Мемлекеттік секторға елдің 20 % өндіргіш күштері жатады. Мемлекеттік сектордағы кәсіпорындарға 150 ірі кәсіпорын (филиалдарын санамағанда) кірді, олардың үлесіне Францияның 35 % бүкіл акционерлік капиталы сәйкес келеді. Мемлекеттік қаржы мекемелері 80 % мерзімді және мерзімсіз салымдарды енгізуді жүзсге асырды.

Де Голль атом қаруын жасау жұмысына баса назар аударды. 1959 жылы қарашада де Голль «Біздің күшіміздің негізін атом қаруы құруы тиіс. Оны өзіміз өндірсек те, сатып алсақ та ол бізге тиесілі болу керек»,-деп жариялады. Атомдық қаруды құруға қарсы шыққан оппозицияны тыңдамастан, парламентті осы мәселеге байланысты заң шығаруға мәжбүр етті.

1960 жылы 13 ақпанда Алжирде Регган полигонында алғашқы сынақ өткізілді.

Әскерге, флот, авиация, ракеталық-ядролық қаруларды жасауға мемлекет көп қаржы жұмсады. Тек, атом қаруын шығару үшін 6 миллиард франк жұмсалды (ал жоғары оқу орындарына және мектепке сол кезде 2,9 миллиард қаржы ғана бөлінді). 1965 жылы бюджет жұмысшы еңбегі есебінен толықтырылды. Барлық бюджеттік қаржы бөлінудің 27,6 %-і әскери салаға, 16,9 % - халыққа білім беруге, 2,4 % - денсаулық сақтау ісіне, 0,3 % - мәдениет дамуына бөлінді[8, 236б. ].

Мемлекет жүргізген бесінші жоспар (жабдықтандыру және дамыту) төлем ақы және жалақыны бес жылға қысқартты. 5,5-тен 5,9 %-ке дейін өнеркәсіптік өндіріс жабылып, жұмыссыздық етек алды.

Капиталистер пролетариатқа өз талаптарын қоя бастады. 1970 жылға дейін жұмыс күші қысқартылмады.

1958 жылы Пинэ-Рюэффа газға, электроэнергияға, көмір, транспорт, пошта қызметтерінің тарифтері өсті. 1958 жылғы 28 желтоқсандағы де Голльдің франкті девальвациялау саясатын жүргізді (жүз франкке тең келетін ауыр франкті құру). Жаңа немесе дегольдік франк мықты валютаға айналды және ондағы алтын құрамы де Голльдің биліктен кетуіне дейін сақталды [17, 297б.].

Де Голльдің жүргізген экономикалық-әлеуметтік саясаты Франция экономикасында жаңа табыстар әкелгенімен, еңбекші халыққа бұл саясат жақпады. Халық есебінен ірі капиталистер байып, монополия өз үстемдігін орнатты.

Ауылдағы еңбекақы қалаға қарағанда 22-28 % төмен болды. 47 мың бай шаруашылықтар көп отбасыларға төлейтін 6 миллиард ескі франк төлеуден босатылып, оны төлеу ауыл еңбеккерлерінің мойнына түсті.

Жалдық төлем жоғарылады. Егер жалға берушілер ірі жер иеленушілерге 1958 жылы 215 миллиард ескі франк төлесе, 1959 жылы ол 230 миллиардқа өсті. Нәтижесінде ауылдың қалаға көшуі басталды. Ауылдық жердің тұрғындары жыл сайын 100 мың адамға қысқарып отырды.

1960 жылы шілдеде ауыл шаруашылығын «бағыттау» заңы жер иеліктерінің минималды көлемін анықтап, мемлекет жер иеліктерінің «жоғалтуынан» және «бөлінуінен» сақтап қалу деген желеумен біраз реформаларды жүзеге асырды.

Жаңа заң негізінде өкімет тұрғылықты жерін ауыстырған шаруаларға субсидия мен несие беруден бас тартты [10, 358б. ].

Бағаның өсуі бойынша Франция АҚШ, ГФР, Англия, Бельгиядан озып, он жыл ішінде баға 40 процентке өсті [1, 328б. ].

Жұмысшы тобы жаңа режимнің реакционды әлеуметтік саясатына қарсы күрес жүргізді. 1959 жылдың жаз айларында өнеркәсіптің барлық салаларында ереуілдер басталды. Жауап ретінде Мишель Дебре бастаған үкімет «реквизиция» декретін, яғни, ереуілді күшпен жұмыс орнына қайтаруын жариялады. Бірақ, жұмысшы қозғалыстары бұнымен тоқталмады.

Бесінші Республика режиміне қарсы шығушылардың бой көтеруі жиілей түсті. Билік етуші орта халықты өзінің қаржы саясатымен тыныштандырмақшы болды. 1959 жылғы қаңтардағы ордонанс кәсіпкерлерге жұмысшы мен қызмекерлер арасында таза кірісті бөліп беруге ұсыныс жасады. Негізгі капиталда завод мүшесінің қатысуын қамтамасыз ету шараларын қарастырды. Бұл бағдарлама капиталистер үшін міндетті түрде емес еді, бірақ бағдарлама іске асырылған жағдайда капиталистерге салықтық жеңілдіктер берілетіні уәде етілді.

1959 жылы шілдеде жұмыскерлердің «әлеуметтік жылжуы» заңы білім алу мен квалификация көтеруге жеңілдіктер тағайындады. Бірақ, бұл кезде халық қозғалыстары кең аумақты қамтып, ол 1969 жылғы президент Шарль де Голлдің билік басынан кетуіне дейін созылған еді [6, 418б.].

Ибрашев Ж., «Шарль де Голлдің экономика саласындағы көзқарастары экономикадан алшақ» - деген баға береді. Соғысқа дейінгі шығармаларында де Голль экономика саласына мүлдем тоқталмаған.

Бірақ «Мемуары надежд» еңбегінде экономика мәселесіне бір тарауды толық арнайды. Ол Кейнстің 1936 жылғы жарияланған «Общая теория занятости, проекта и денег» деген еңбегін басшылыққа алып, Кейнстің көзқарастарын ұстанды [11, 72б.].

Билік ету кезеңінде де Голль «дирижизм» саясатын ұстанды. Францияның күшін әлемге таныту үшін мемлекет экономиканы басқаруды өз қолына алуы қажет. Мемлекет энергетикалық ресурс, транспорт көздерін, ірі банктерді мемлекеттендіру арқылы экономиканы бақылай алады. Француз экономикасы басқа мемлекеттерге қарағанда үлкен көлемде сапалы, арзан тауарды өндіруі керек - деді де Голль. Бұл саясат алдымен капиталдың қорлануын қажет етті.

Қорлану проблемасын шешу үшін де Голль төмендегі шараларды қолдану арқылы нәтижеге қол жеткізуге тырысты. Ол: тұтыну тауарларын шектеу, франкті девальвациялау және айырбасқа еркіндік беру. Бірінш жоба көп тұтынатын тауарларға бағаны өсіру, салық көлемін үлғайту, әлуметтік жәрдемақыларды қысқарту шаралары арқылы жүргізілді.

Франкті девальвациялау франктің және ақша айналымының тұрақтылығына негізделді. Ол француз өндірістік өнімдерінің экспортқа шығуына, әлемдік рынокта бәсекелес болуға жағдай жасар еді. Де Голлдің айтуынша мықты монета елдің экономикалық дамуының критерийі, ал әлсіз монета инфляцияның жиі қайталануына себепші, елдің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін фактор [11, 112б.).

Экономикалық және әлеуметтік проблемалар бір-бірімен қатарлас байланысты болғандықтан, де Голль әлеуметтік саладағы проблемаларды шешуге ден қойды. Әлеуметтік салада де Голль келісім және әріптестік принциптерін ұстанды. Оның тұжырымдамасы бойынша қазіргі қоғамда, яғни индустриялы кезеңде жұмысшы табы материалды игіліктердің құралы ретінде пайдаланылуда. Бұл жағдай қоғамда, өндірісте қарама қайшылық тудырады. Де Голль жұмыскер кәсіпорынның ішінде маңызды орындарды: оны басқару, өндірістің кірісіне қатысу т.б., иеленуі қажет. Осы негізде оның өндірістегі: капитал, еңбек және кадрлардың «қатысу теориясы» пайда болды. «Қатысу теориясы» бойынша адамдар ортақ іс, яғни нидустрияны дамыту үшін бірігіп, дамытуда әрбіреуі өз үлесін қосу керек. Біреуі капитал, екіншісі еңбегін, үшіншісі - өзінің басқару қабілеттерін ортаға салу қажет. Де Голль өзінің теориясын жүзеғе асыру үшін 1959 жылы және 1967 жылдары жұмыскерлердің өндірісті басқару бойынша біраз ордонанс жариялады. Мысал ретінде мемлекеттендірілген «Рено» кәсіпорындарының акцияларын жұмыскерлерге сатуға нұсқау бергенін атап кетуге болады. Өкіметтің бұл саясат елдегі таптық, әлеуметтік қайшылықтардың алдын алуға бағытталғанымен, де Голлдің әлеуметтік саладағы идеялары практика жүзінде іске аспады.

 

 

2.3 V Республика сыртқы саясаты. Францияның мәртебесін көтерген тұлға.

 

Де Голль билік басына нақты құрастырылған әрекеттер бағдарламасымен келіп, бұл бағдарламаны 11 жыл бойы билік басында қалтқысыз ұстанды. Оның сөзі бойынша бұл бағдарлама келесідей проблемалардың шешімін қарастырды: «өмірлік проблема отарлауды жою, ғылым және техника дәуірі талаптарына сәйкес еліміздің экономикалық және әлеуметтік трансформациясын жүзеге асыру, біздің саясатымыз бен қорғанысымыздың тәуелсіздігін қалпына келтіру», басында Франция отырған «европалық Европа» құрылысы және соңғысы әлемде, әсіресе Азия, Африка мен Латын Америкасының дамушы елдерінде Францияның атақ-абыройын көтеру [18, 27б.].

Де Голльдің бұл бағдарламаны орындауы елдің барлық өмірінде мемлекеттік биліктің басқарушы рөлінің көтерілуінен тікелей тәуелді болды. 1958 жылы ол «мемлекетті абыройлы әрі ұлттық сенімде қалпына келтіргісі келетінін» өзінің мемуарында атап көрсетеді [ 19, 23б. ].

Француз тарихшылары де Голль Алжирге өз тағдырын шешуге құқық берудің нақты қажеттілігі пікірімен келді деп сендіреді. Әрине, 13 мамырдағы путч кезінде қозған құмарлық басылмай тұрған кезде, ал кешегі көтерілісшілер жағдайдың қожайыны болып тұрған кезде де Голль өзінің жоспарларын жая алмады. Егер де ол 1958 жылы Алжирге тәуелсіздік бергісі келгенін айтса, онда ол сол күні-ақ билік басынан кетіп, бұнымен түкте істей алмайтынын Франсуа Гогельге кейінірек мойындады. Сондықтан да Бесінші Республиканың алжирлік саясатының алғашқы қадамдары көптеген айлалар және де Голльдің әртүрлі көзқарас маңайында жалтақтауымен сипатталады. 1958 жылы маусымның басындағы Алжирге алғашқы жол жүру осы ара қатынастың көрнектісі болды. Егер де Алжирдегі алғашқы сөз сөйлеуінде де Голль «француздік Алжир» деген сөзді аузына да алмаса, ал 1958 жылдың 20-29 тамызы аралығында де Голль Африка елдері және Мадагаскар бойынша турне жүргізді. Өзінің сөз сөйлеулерінде ол Франко-африкандық қауымдастық құруға шақырды.

Қауымдастық федеративтік негізде құрылып, онда әрбір территория мемлекет болады және өзінің ішкі істерін басқара алады [20, 20б.].

29 тамызда де Голль Алжирге үшінші рет барады. Бұл сапарының мақсаты - жаңа конституцияны бекітуге арналған референдумға дайындық барысын тексеру.

2 қазанда де Голль қайтадан Алжирға келді. Бұл сапарының барысында ол Алжир туралы, мұнда мұсылмандар мен европалық тұрғындар арасында құқықтар мен міндеттердің теңдігі орнайтынын айтты. Ол бірегей сайлау коллегиясын құру және мұсылмандардың заңды құқықтарын мойындау нәтижесінде Алжирде өз тағдырларын өздері шешетін, толыққұқықты 10 миллион француз тұратынын жариялады. Ультраотаршылдар ерекше мән беретін «француздық Алжир» сөзін үкімет басы өзінің алғашқы сөйлеуінде ауызына да алмауы ерекше құбылыс.

Сыртқы саясат облысында шыншыл де Голль Африка елдерінде француздық отаршылдық режимді сақтап қалу мүмкін еместігін түсінген. Де Голльдің Францияның отаршылдық саясатын өзгертуге талпынысы ультраотаршылдарды қауіптендіре түсті.

Алжирдағы отаршылдық соғыс Францияның дербес болып кеткен Туниспен, Тропикалық Африканың тәуелсіз даму жолын таңдаған елдерімен және жалпы «үшінші әлеммен» арақатынасын қиындатты. нАлжирдағы соғыс қимылдарының ақыры Франция үшін саяси және экономикалық салада опатты болды. Алжирлық проблема де Голльдің аяқ-қолдарын тұсаулады, саясатқа ауыр жүк болды, АҚШ-тың әскери және саяси, валюта-экономикалық бағыныштылығына қарсы күресті қиындатты, тәуелсіз сыртқы экономикалық курсты жүргізуге бағытталған әрекеттерге тосқауыл болды.

Соғыс кезінде 1 миллион астам алжирлік өлтірілді. Соғыстың бюджеттік құны 50 миллиард франкпен есептелді.

Басында азаттық қозғалысының көрнекті қайраткері Ферхат Аббас отырған Алжир Республикасының Уақытша үкімсті (АРУҮ) құрылғанын 1958 жылы 18 қыркүйекте ФИО Рабатта, Туниста және Каирда жария етті. Жаңа үкіметті ОАР, Тунис, Марокко, Ирак, Иран, Йемен және Ливия таныды. 1958 жылы 11 қазанда Ферхат Аббас үкіметі «төрт жылға созылған күш сынауды тоқтатуға» дайындығын және «оқ жаудыру тоқтату жолында әскери және саяси жағдайларды анықтап алу үшін» француз үкіметінің делегаттарымен кездесуге құштарлығын білдірді [21, 29б.].

Бірақ та, 1958 жылы 23 қазанда пресс-конференцияда АРУҮ-ні тануға және онымен саяси сұрақтар бойынша келісімдер жүргізуден бас тартты. Ол соғысты оқ жаудыруды тоқтату жолымен ғана жоюды, «батылдар бейбіт келісімін» жасауға, яғни француз үкіметіне қолайлы ұсыныстар жасады. Бұл кезде де Голль Алжирдағы демократияның көрнекілігі арқылы алжирлік депутаттардың Ұлттық жиналысқа сайлануын өткізуге және солардың көмегімен ұлттық азаттық Фронтқа заңды қарсылық жасауға үміттенді.

1958 жылы күзде алжирлік қала Константинада үкімет басы бес жылға шамаланған, Алжирдің әлеуметтік және мәдени даму жоспарын халыққа жария етті. Соның нәтижесінде бұл жоспар «Константина жоспары» деген атқа ие болды.

«Константина жоспары» мыналарды қарастырды:

• Алжирдің мемлекеттік органдарына қызметке тұрғылықты алжирліктерді тарту;

• 5 жыл бойында жалдамалы жұмысшылар жалақысын

көтеру;

• тұрғылықты жер өңдеушілерге несиеге сату арқылы 250 мың жаңа жерді үлестіру;

• өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық дамудың, сахаралық мұнай мен газды өндіру мен үлестірудің, сондай-ақ Алжирда ірі металлургиялық және химиялық кәсіпорындарды құрудың алғашкы фазасын іске асыру;

• Алжирда металлургиялык кешен мен мұнай өңдейтін озауыттарды, химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарын салу;

• тұрғын үй салу және басқа да әлеуметтік бағдарламалар;

• Алжирде Ұлттық жиналысқа өкілдерді сайлау [22, 429б. ].

Сонымен қатар, Алжирда француз армиясының соғыс қимылдары

тоқтаған жоқ.

1959 жылы 26 тамызда министрлер Кеңесінің отырысында президент де Голль ашық түрде алжирліктердің өздері таңдау құқығы туралы сауалды қойды. Республика президентінің алжирлік саясаттағы басты қадамдарының бірі, оның 1959 жылы 16 қыркүйектегі радио және телевидениедегі хабарламасы болды. Шетелдік мемлекеттердің басшыларымен, оның ішінде Эйзенхауэр және африкандық көшбасшылармен бірқатар кездесулерінен кейін де Голль барлығы еститіндей етіп алжирлік халықтардың өз тағдырын өзі шешуге құқылығын жариялады. Ол алжирліктерге үш жолдың біреуін ұсынды: тәуелсіздік, «француздану», ассоциация. Оның пікірі бойынша Франциядан қол үзу немесе тәуелсіздік жолы қолайсыздау болды. «Егер де, дауыс беру кезінде Алжир тәуелсіздікті таңдаса, онда бұл оларға өліммен тең. Франциядан қол үзу сұмдық аштыққа, сұмдық саяси бей-берекетке, жалпы қырылуға алып келеді»,-деді мемлекет басшысы.

Де Голльдің айтқан сөзіне жауап ретінде, АРУҮ алжирлік халықтарға өз тағдырын өзі шешуге құқық бергені үшін ризашылықтарын білдірді[20, 23б.].

Бұдан кейінгі Бесінші республиканың алжирлік саясатының эволюциясының қадамы ретінде де Голльдің 1960 жылы 4 қарашада радио және телевидениеде сөз сөйлеуі болды. Бұнда ол «алжирлік Алжир» концепциясын нақтылап берді, жауапты қызметтер алжирліктер қолында болатынын атап көрсетті. Бұл «егер де өздері қаласа, алжирліктер өз үкіметіне, өзінің мекемелері мен заңдарына ие болатын» Алжир болуы тиіс еді1. «Егер де бұл Франциямен экономика, техника, мектеп, қорғаныс облыстарында қосылған» Алжир болса, онда де Голль Алжирге «мықты, ағалық көмегін» беруді уәде етті.

Бұл Алжирдің тәуелсіздікке деген құқығын мойындауға бағытталған жаңа қадам болды. Де Голль өз тағдырын өзі шешу саясатын нақтылады және алжирліктердің өз үкіметі, өзінің мекемелері, заңдары, яғни тәуелсіз мемлекеттік органдары болуы құқықтарын жариялады.

1960 жылы 16 қарашада министрлср Кеңесінде де Голль алжирлік халықтардың өз тағдырын өзі шешуге құқықтарын құптау жөнінде жалпыұлттык референдум өткізу және Алжирда қоғамдық биліктің ұйымдастырылуын жария етті. «Уақытша билік» астарында француз бақылауында болатын уақытша орындаушы орган түсінігі жатты. Бұл орындау органында алжирлік халықтар бола алған жоқ [ 20, 24б.].

1960 жылы 13 желтоқсанда БҰҰ-да алжирлік проблеманы талқылау басталды. БҰҰ бақылауындағы референдум ұйымдастыру қарастырылған, афро-азиялық жоба дауыс беруге қойылды.

Алжирліктердің өз тағдырын өзі шешу қүқығы туралы референдум 1961 жылы 8 қаңтарда өткізілді. Жаңа жыл алдындағы сөзінде де Голль, егер де француздар «иә» деп айтпаса отставкаға кетемін деп қауіптендірді.


<== предыдущая | следующая ==>
Олданылған әдебиеттер 3 page | Олданылған әдебиеттер 5 page

Date: 2016-05-24; view: 303; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.013 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию