Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Олданылған әдебиеттер 2 page

5 мамырда «Журнал офисьель» арнайы нөмерінде министр коммунистердің қызметінің тоқтағаны жөнінде декреті шықты. Үш партиялық блок - ФКП, СФИО, МРП таратылып, Төртінші Республика тарихында буржуазияның коммунистердің қатысуынсыз билік еткен жаңа кезеңі бастау алды [7, 14б. ].

Билік басына келген МРП, СФИО және радикалдардың билік ету кезеңі таптық күрестерге, шиеленістерге толы болды. 1947 жылдың өзінде 2285 жұмысшы көтерілістері болса, жылдың аяғына қарай ол 60 есеге өсті. Оған 386 мың және 2673 мыңнан астам адам қатысты.

Қозғалыстың басты себептері: коммунистерді билік басынан алып тастауы, Рамадьенің «франкті қорғау» мақсатында жасалған кесір саясаты, күрделі карточка жүйесі, аштықтың етек ала бастауы, тағы басқа себептер болды.

Зауыт, шахта, көшелердегі күрестермен қоса парламентте де қызу айтыстар жүріп жатты. 1947 жылдың мамырына дейін коммунисттер - сол қанат құрамында, СФИО - орталық, МРП- оң қанат құрамында болса, енді СФИО - сол қанат, МРП - орталық, радикалдар - оң қанатты иемденді. Коммунистердің билік басынан кетуі «биліктегі көпшіліктің» арқасын кеңге салған болатын. Социалистердің билік басындағы күші азайып, іс-жүзінде МРП-нің қолшоқпарына айналды.

МРП биліктегі премьер орнын ғана емес, сонымен бірге әскер, колония, сыртқы саясат сияқты маңызды істерді өз қолына алып, өз министрлерін сайлады. Социалистерге тек Францияның ішкі саясатына байланысты министрліктер тиді. Ашық реакционерлерге бұл жағдай қолайлы еді. Себебі, социалистер көмегімен жұмысшы көтерілістерін басуға мүмкіндік алды. СФИО халық арасында да өзінің позициясын жоғалта бастады. Француз социалистік партиясы енді оппозиция жағына шықты. Бұл кезде де Голль тарих сахнасына қайта шығып, 1947 жылы сәуірде құрылған «Француз халқының бірігуі партиясымен» (РПФ) белсенді жұмыстар жүргізді. Де Голль саяси көзқарасын барынша антикоммунизмге, антисоветтік бағытқа бұрды.

1951 жылы парламенттік сайлаудан олар үлкен үміт артқан еді. Бірақ РПФ- нің (де Голль партиясы) ойлағаны жүзеге аспай, сайлауда екінші орынға шығып қалды. Сайлау нәтижесі бойынша коммунистік партия қайтадан бірінші орынға шықты. Үкімет басына Антуан ІІинэ сайланып оның билік ету кезеңі Франция кризисінің басталуымен тұспа-тұс келді. 1954 жылы Төртінші Республиканың ақырғы президенті Рене Коти 13 мәртелік сайлаудан кейін президентікке сайланып, мемлекеттің мәселелерін шешуге тырысты. Алайда, 1954 жылы 1 қарашада Алжирдегі соғыстың басталуы Республиканың құлдырауына себепші болды.

Төртінші Республика құлдырауына әсер еткен оқиғалар көп болды. Әсіресе, елдегі саяси шиеленістер, билік басында бірліктің болмауы, Республика өміріне үлкен әсерін тигізген еді. Соғыстан кейінгі жылдардағы Төртінші Реснубликаның тарихы бірде-бір ірі Батыс Европалық елдердің тарихымен салыстыруға келмейді. Біртұтас әлемдік революциялық процесс Франция өміріне тікелей ықпал етті. Елде үстем етуші топ социализмге, демократияға және бейбіт өмірге бет бұрған жұмысшы табымен қақтығысты. Екіншіден, отарлардағы ұлт-азаттық қозғалыстың қарқынды болуы Республиканың құлдырауын жеделдетті. Буржуазиялық-либералдық көзқарасты ұстанушы Альфред Гроссер «IV Республика және оның сыртқы саясаты» еңбегінде: «Франция әлемдік саясаттың микро кеңістігі секілді. XX ғасырдың ортасында үстем болушы екі антогонизм оны екіге айырды. Тіпті АҚШ пен Англияда әлеуметтік қайта құруда бұндай өткір қарама- қайшылықтар болған жоқ» - деп жазды.

XIX ғасырда 1940 жылға дейін 70 жыл өмір сүрген үшінші Республикадан келе жатқан парламентік құрылысты жалғастырушы Төртінші Республикада парламент негізгі рөлді атқарды. Парламенттің отаны Англия болса да, Францияда парламентаризм дамыған классикалық формада дамыды. Француз парламентінің бір ерекшілігі әртүрлі кезеңде ол халық мүддесін жақтаушы да бола алды. Мысалға Конвент кезеңінде ол айқын көрінді.

Француз парламенті әртүрлі партиялық топтарға бөлінді. Үшінші Республика кезеңінде оның саны 12 болса, Төртінші Республикада 15 партия болды. Бірде-бір партия келесі партияның көмегінсіз көпшілік дауысқа ие бола алмады және өз бетімен өкіметті құруға шамасы келмеді.

Көп партиялық құрылыс парламенттік күреске, министрлік тұрақсыздыққа, мемлекеттік күйзелістерге жиі әкелді. Өкімет басындағылар жарты жыл сайын ауысып отырды (8, 2166. ].

Франциядан іс-сапарынан келген Н.С. Хрущев 1960 ж. 4 сәуірде былай деді: «... Францияда саяси өмір қызып тұр. Топтық күрес және ескі мен жаңа партиялардың арасында күрес толассыз жүріп жатыр» [3, 2856. ].

Неліктен Францияда саяси партиялар көп? Буржуазиялық әдебиетгерде бқл жағдай әдетте ұлттық психологиялық ажырамас бөлігі болып табылатын дәстүрлі дараланушылық пен анархизммсн түсіндіріледі. Әлеуметтанушы Франсуа Гогель: «Саяси ұйымдардың көп болуы француз мінез-құлқының жекешелігін көрсетеді. Әрбір француз жүрегінде өзінің жеке партиясы бар» - дегенді айтады. Бірақ көппартиялықтың басты себебі әрине, бұл емес. Белгілі-бір қоғамдық проблема туындаған жағдайда партия да белгілі-бір мақсатпен құрылады. Проблема шешіледі, мақсат өзгереді, бірақ партия өмір сүруін тоқтатпайды.

Франциядағы көп партиялықтың басты себебі елдің күрделі әлеуметтік құрылысы. Францияда пролетариат пен буржуазия арасында сан-алуан орта жіктер болды. Олардың экономикалық, саяси рөлі әртүрлі және қарама-қайшылықта болды. Бұған қоса жекелеген географиялық аудандардың экономикалық дамуында үлкен айырмашылықтардың болуы жергілікті саяси көзқарастардың да әртүрлі болып қалыптасуына ықпал жасады.

Республика парламентінде отырған ірі және ұсақ буржуазия өкілдері «дирижизмге» қарсы шығып отырды. Яғни, елдің экономикалық өміріне мемлекеттің араласуын жақтамады. Төртінші Республика құрылғаннан бастап-ақ оның Конституциясына буржуазия наразылығын білдіріп, әсіресе өзінің таптық позициясына алаңдату туған жағдайда биліктің тұрақсыздығын ұлғайтты [19, 89б.].

Республиканың түпкілікті құлдырауына әкелген отарлық соғыс кезінде европа отаршылдары мен билік басындағы коммунистердің көзқарастарының ұштаспауы жиі болып тұрды.

Жалпы, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда Франция тарихында көлеңкелі оқиғалар орын алды.

 

1.2 ІV Республиканың құлдырау себептері

 

Төртінші Республиканың күйреуіне әкеліп соққан отарлық соғыстар Франция тарихында елеулі із қалдырды. Әрбір отарлық мәселеде билік етуші орта проблеманы ат үсті қарап, оның ары қарай дамуына себепші болып отырды. Билеуші топ соғыстың алдын алу немесе болдырмау шараларын қарастырудың орнына өзара қырқысып, бірін-бірі асырғысы келмеді. Нәтижесінде, 1954 жылы 1 қарашада Алжирде соғыс ұшқыны туындады. Соғыстың қашанда басталатынын сезіп отырған үкімет қолынан соғысты болдырмау іс-шаралары келмеді, себебі Алжир соғысы тек алжирліктерге ғана емес, Францияға да үлкен шығындар әкелді [ 10, 263б.].

1954 жылы 30 тамызда Алжир Манифестінің Демократиялық Кеңесінің лидері Ферхат Аббас Франция премьер-министрімен кездесіп, Алжирге автономия беруін талап еткенімен, француз билеушілері бұған мән бермей, мәселені аяқсыз қалдырды.

23 қазанда Францияның ішкі істер министрі құпия хабарлама алды. Хабарламада алжирліктердің қозғалысты бастауға әзірліктерін баян етеді. 1 қарашада ішкі-істер министрі Алжирге 3 батальон парашютистерін жіберіп, келесі күні Бонда қондырылады. Бірақ, 1 қарашаға қараған түні-ақ көтеріліс басталып кеткен еді. Константина департаментінің шығыс бөлігі мен Орес ауданында 30 шақты алжир патриоттарының қарулы бас көтеруі болды. Көтеріліс басында Революциялық комитет тұрды, 1955 жылы ақпанда ол Ұлттық азат ету фронты болып қайта құрылды.

Сол кезде тек мың адамды құраған көтерілісшілерге қарсы 54 мың солдаттан тұратын әскер түсірілді. «Тазартылу» операциясы жүргізіліп, айуандық күш қолдану арқылы бейбіт халыққа қысым көрсетілді [11, 137б. ].

Париж саяси ортасы Алжирдегі көтерілісті қалай қабылдады? 1954жылы 12 қарашада Алжир мәселесі Ұлттық жиналыста қарастырылады. Премьер-министр Мендес-Франс: «Республиканың ұлттылығын, біртұтастығын, бірлігін сақтауда ешқандай автономия мәселесі қозғалмауы тиіс.Алжир басынан-ақ француздардын бір бөлігі болып келеді, солай болып қалады да. Себебі, Алжир тұрғындары француз азаматтарының құқығын пайдаланады, парламентте өкілеттіктері бар, барлық өмірі бізбен байланысты. Олай болса, метрополия мен оны бөлу туралы сөз қозғау мүмкін емес»,- деп жариялады. Ал солшыл қайраткер Миттеран болса: «Келіссөздерді жүргізудің тек бір жолы бар, ол- соғыс... Алжир-бұл Франция. Ендеше Францияны сақтап қалу үшін барлық мүмкіндіктерді неге қолданбасқа»-деп жағдайды ушықтыра түсті [3, 381б. ].

Жоғарыда келтірілген цитаталар француз буржуазиясыныц авантюрлік, консервативтік бет-бейнесін ашық көрсетеді.

Алжир проблемасын шешуде тек коммунистер оң бағыт үстанды. Компартия халыққа шындықты жеткізді: Алжир халқының өзіне тән ұлттық ерекшеліктері, дәстүрі, танымы бар халық, оны француз халқымен тең қылу дұрыс емес. Алжирліктер де тәуелсіздікке құқылы деген үранмен 12 қарашада Ұлттық жиналыста коммунист Баланже бейбіт келісім жүргізуге шақырды.

Алжир проблемасының дамуында бірнеше факторларды келтіруге болады; 1954 жылдарда Алжирде 9 526 мың адам омір сүрсе, оның 8 484 мыңы жергілікті мұсылман халқы, 1 042 мың европалықтар болды. Конституция барлық азамматтар тең құқылы дегенмен, іс-жүзінде европалықтар мен мұсылман халқының арасында саяси құқық аумагында, экономикалық жәнс кіріс мәселесінде, мәдени дамуы мен ұлттық өмір сүру формасында үлкен айырмашылықтар орын алды. Мысалы,ауыл шаруашылығымен айналысатын жергілікті мұсылман отбасының кірісі 22 мың франк болса, европалықтікі 780 мыңды құрады. Бұндай айырмашылық қала тұрғындарында да байқалды. Жұмыссыздардың 90 пайызын мұсылмандар құрады. «Тең құқықтық француз азаматтарының» француздық өркениеті де бір-бірімен теңеседі. Француз тілін тек 10 % мұсылман білсе, оның 5,9% сркск, 1,6% ойел оқып жəне жаза алды. Европалықтардың балаларының барлығы мектепте оқыса, мұсылман тұрғындарының оқу жасындағы балалары мектепте тек 15,4%-і ғана оқыды. Европалықтар үшін Алжирге тәуелсіздік беру, жайлы орнынан айырылу еді. Сондықтан, европалықтар отарлық режимінің сақталуын қалады және мұсылман халқының жағдайын жақсартуға байланысты жасалған реформаларға қарсы шығып отырды. Жоғарыда келтірілген статистикалық мәліметтер евроналықтардың Алжирдегі артықшылықтарын корсстеді.

Париж билеуші топтары алжирлік европалықтар мен жергілікті европалықтарға Франция Алжирден айырылған жағдайда метрополия үлкен зардап шегетінін және Франция әлемдік аренада оз орнын жоғалтатынын санасына құйып отырды. Францияның Алжир рыногымен байланысы үлкен көлемді қамтымаса да (3% экспорт), Франция өнеркəсібі құлдырап, халық жұмыссыздыққа ұшырайды деп сендірді.

Алжир проблемасының келесі бір факторы ол Алжирдегі француз армиясының рөлі. Ален Саваридің айтуынша 1954 жылдың 1 қарашасына дейін Алжирде үш фактор: француз үкіметінің саясаты, мұсылман халқы және европалылық негізгі рөлді атқарса, «бұл датадан кейін - дейді Савари төртінші фактор-француз армиясы маңызды күшке енді». Француз армиясының құрамында бұрынғы вишистер, реакционды орта, буржуазия өкілдері көп болды, яғни офицерлердің 1/3 бөлігі ақсүйек тегінен шыққандар болды. Ал армияда демократиялық күштерге, Республикаға қарсы көзқарас бұрыннан қалыптасты.

Армия «теоретиктерінің» тобы Алжирден соғыс-бұл коммунизмге қарсы бағытталған соғыс деген сандырақ ойлардан арыла алмады. Бұл болжам 501 танк полкінің капитанының нұсқауынан кейін дәлелдене түсті. Офицерлерге таратылған инструкцияда былай жазылған: «1946 жылдан бері біздің еліміз Үндіқытаймен, Солтүстік Африкамсн соғысуға мәжбүр болды. Аталған елдерде ұлт-азаттық қозғалыс элементтерін бастаушы және рухтандырушылары Москвада дайындалған. Олардың басты мақсаты- Батыс Европаның кілті-Францияны әлсірету. Көтерілістер мен соғыстар арқылы француз армиясын әлсіздендіріп теңіз ар жағындағы елдердің метрополияға деген сенімін жоғалту, коммунистік күштерді билік басына отырғызу болып табылады». Бұндай теориялардың олқылығына қарамастан ол тек армия арасында ғана емес, Париждің ықпалды ортасында да кең тарады. Бірте-бірте алжир мәселесіндегі кез – келген саяси шешімдер армия пікірімен санасу арқылы жүзеге асырылып отырды.

Уақыт өте келе алжир проблемасының дамуында жаңа фактор әсер ете бастайды. Ол-мұнай. 1955 жылы Алжир территориясы Сахарада мұнай мен газдың үлкен қоры барланған болатын. Есеп бойынша Сахара 1965 жылға қарай жылына 50 млн тонна мұнай беруге шамасы келетін болды. Ал бұл көрсеткіш Францияның экономикалық және саяси тәуелсіздігін нығайта түсті. Ірі капитал иелері соғыс жағдайында мұнай өндіріп, оны тасымалдау қиынға соғатынын ескеріп, алжир мәселесінде өздеріне қолайлы саяси шешімдерді іздеді [6, 289б.].

1954 жылдың аяғына қарай Алжирдегі жағдай күрделеніп, әскери қимылдар кеңейе түсті. Франция тарапынан жаңадан әскерлер толықтырылып, соғыс қанды репрессиялық сипатқа айналды. 1955 жылдың қаңтарында француз әскерінің саны 80 300 адамға жетті.

Алжир мәселесінде Э. Фор өкіметі колонизаторлар мүддесін қорғайтын саясат жүргізді. 1 сәуірде Ұлттық жиналыс Алжирде төтенше жағдай жариялады. Террорлық операцияларға авиация да қатыса бастады. Цензура енгізілді. Алжир патриоттары сотпен емес, әскери трибуналдармен өлім жазасына кесіліп отырды. Фора үкіметі НАТО-мен байланысқа шығып, соның қолдауымен Алжирге екі дивизия түсірді. Шілде айының соңында Ұлттық жиналыста Алжир мәселесі қайта қозғалды. 233 дауыс қарсы, 382 дауыс қолдауымен төтенше жағдай тағы алты айға созылды [3, 304б.].

Алжир халқының тәуелсіздік үшін күресі әлемде, әсіресе Азия және Африка елдерінде қолдау тапты. 1955 жылы қыркүйек айында афро-азия елдерінің тобы проблеманың Біріккен Ұлттар Ұйымының Ассамблеясында қаралуын талап етті. 30 қыркүйекте Бас Ассамблея алжир мәселесін қарау ұсынысын қабылдайды. Француз делегациясы БҰҰ-ның жұмысына қатысуына бас тартып, сыртқы-істер министрі А.Пинэ алжир мәселесі Францияның ішкі мәселесі екендігін айтады.

Францияның ішкі өмірінде өзгерістер байқалды. «Юманите», «Монд», және «Экспресс» сияқты басылым органдары соғыстың жалғастырылуына қарсы шықты. 11 қыркүйекте Алжирге бармақшы болган 400 солдат Алжирге барудан бас тартты. Алжирдегі бейбіт өмірді енді солшыл радикал өкілі Мендес-Франс, Ф. Миттеран және кейбір социалистер қолдап шықты.

Египет, Тунис, Алжир мемлекеттеріне жасаған қысымшылығы үшін Францияны Араб елдері сынға алды. Францияның біріккен Араб мемлекеттерімен байланысы нашарлады. 1956) ж. Египет Суэц каналын мемлекеттендіруге шешім қабылдағаннан кейін, Франция Англия және Израильмен Египетке шабуыл жасады. 1956 ж. 3 қарашада ағылшын-француз әскерлері Египеттің маңызды қалаларын бомбалап, Порт-Саид қаласын басып алды. Бұл елдердің агрессорлық іс-қимылдарын әсіресе, Совет Үкіметі қатты сынады. КСРО алғашқылардың бірі болып БҰҰ-ға және АҚШ əкімшілігіне «шығыста бейбіт өмірді қалыптастыру» үшін күш қолдануды ұсынды. Бұл ұсынысты АҚШ та қолдады. Англия, Франция және Израиль әскерлері территорияны босатуға мәжбүр болды |4, 165б.].

Алжирдегі соғыс және Суэц экспедициясының құлдырауы Республикалық Фронт коалициясының күйзелісіне әкелді. Жергілікті халық жиі болатын саяси кризистерден, парламенттік талас-тартыстардан жалықты. Ол саяси партияларға және әкімшілік органдарға сенім білдірмеді, ел ішіндегі жағдайды қалыптастыратын «күшті билікті» қажет етті. Елдегі күйзеліс антиреспубликандық астыртын әрекет етуші ұйымның құрылуына себепші болды.

1946 ж. жеке президенттік билік жүйесі де Голль тарапынан ұсынылып, көпшіліктің қабыл алмауынан кейін 1956 ж. Бұл мәселе қайтадан қозғалды. Оған себеп атақты юрист профессор Жорж Веделяның көрнекті журналдардың бірінде жарияланған мақаласы түрткі болды. Жорж Веделя мемлекет басшысына атқарушы билік қызметін беріп, басшының кабинеті өз ыңғайына қарай құру, министерлік портфельдерді парламенттік мандаттармен араластырмау, мемлекет басшысының парламент алдында тәуелсіз болу керек деген ойды айтты. Заң шығарушы мен атқарушы билік арасындағы конфликтер арнайы конституциондық комитетпен немесе жаңа сайлау арқылы шешілуі тиіс. Бұл мақалаға жауап ретінде «Монд» газетінің беттерінде юрист Морис Дюверженің өзгертілген варианты жарияланды; мемлекет басшысы мен парламентті бірдей уақытқа сайлап, араларындағы конфликт шешілмеген жағдайда қайта сайлау өткізу. Beделя мен Дюверже проектісі маңайындағы шулы айтыс метрополиядағы реакционды ортада әдеттегідей теріс қабылданды [12, 12б. ].

1956 жылғы антиреспубликандық астыртын ұйымы Алжирде де, метрополияда да орнықты. Алжирде «ультра» - белсенді топтары Анри Боржо, Скьяффино, Грасын Фор, Алэна де Сериньи сияқты миллиардерлерден құралды. Ультра топтары бірнеше тармақтардан тұрады. «Ультра» топтардың ішінде «Солтүстік африкандық француздардың одағы» (ЮФНА) маңызды рөл атқарды. Ұсақ жер иеленуші, пошта, теміржол жұмыскерлерінен тұратын 15 мың мүшеден құралған бұл ұйымның басында Робер Мартель тұрды. келесі «Ультра» тобы «Француз Алжирінің қарсылық ұйымы» (ОРАФ) деп аталды. Оған европалық тегі бар алжир студенттері және оқушыларының ұлттық ассоциациясы, бұрынғы фронтовиктер кірді. Лидері жас адвокат Пьер Лагаиярд болды. Аталған топтардың құрамында тек мыңдаған адамдар болды. Олар Алжирдегі билікті толық басып алмаса да, Алжир қалаларында бей-берекетсіздікті ұйымдастыруға дайын тұрды. Ультра колонистер тобында офицерлер кадрлары мен француз қарулы күштерінің генералитеттері маңызды күшке айналды.

1956 ж. Ги Молле үкіметі кезінде Алжирдегі министер-резидент социалист Робер Лакост әскери билікке біртіндеп кең қүқықтар беріп отырды [13, 287б. |. Деголлдық астыртын ұйымының тармағы «Француз Алжирін құтқару және жаңарту одағы» (ЮСРАФ) деп аталды. оны 1956 ж. мамырда Жак Сустель құрды. Жак Сустель алғашқы қадамдарын өзіне одақтас іздеуден бастады және оны голлистер арасынан іздеді. Ұйымға голлист Мишель Дебре, Эдмон Мишле, Луи Терренуар, Жак Фоккар, Жорж Помпиду, генерал Кениг,Пьер Пикар кірді. ЮСРАФ құрамына басқа да саяси партия өкілдері кірді: МРП лидерлері - Ж. Бидо, Г. Шуман, радикалдар Андре Морис, Бернар Лафс, Анри Кей. МРП, радикалдар мүшелерінсіз голлистік жүйені жүзеге асыру мүмкін емес болатын, сондықтан Сустель бірігіп «күшті билікті» жүзеге асыруға шақырды.

Армия және «Ультра» ұйымдары отарлық сәтсіздіктерді Париж билеуші топтарының жауапкершіліксіздерінен көре бастады. Ол солай болған да еді. 1957 жылдың аяғына қарай олар үкіметке қарсы оппозиция жағына өтті.

Саяси жағдайдың күрделенуі голлистік қозғалыс ұйымының батыл іс- қимылдар бастауына қолайлы сəт болды. 1957 ж. «социалшыл республикандықтар» өз лидерлерінің билікке қайтып келуін тездету үшін Францияның қалаларында голлизм идеясын тарату үшін митингілер мен банкеттер ұйымдастырылды. Париж, Лион, Марсель, Бордо қалаларында голлистік лидерлер - Дебре, Сустель, Фрей, Мишле, Трибуле Төртінші Республиканың қайта өрлеуге дәрменсіз екенін, орнын алмастыратын билік жүйесін енгізу туралы үгіт-насихат жүргізді [3, 181б.].

1957 ж. қарашада Мишель Дебре өзінің кішігірім «Courziez de la Colez» («Курьер гнева») деп аталатын журналын шығарды. Оның әрбір санында толық банкротқа әкелген француз саяси құрылысы сыналып отырды. Дебре өз мақалаларында тек де Голлдың басшылығы Францияны ауыр жағдайдан алып шығатынын дәлелдейтін материалды жазды [14,]. Елде деголлдықтар голлизм идеясын таратып, үгіт-насихат жүргізіп жатқан кезде қозғалыс лидері Коломбэде тұрып жатты.

1957 жылдың аяғында деголлдықтар Алжирдегі армияның қызметін нығайтты. Шабан-Дельмас Алжирде «Антена» деген атпен арнайы координациондық бақылаушы орталық құрды. «Антена» өзінің қызу жұмысын 1958 жылдың басында жүргізіп, оның басында Сустельдің жақын адамдарының бірі Леон Дельбек отырды. Алжирдегі деголлдықтардың сүйеніші генерал Массю маңайында біріккен полковниктер: Толеазо, Тренкье, Лашеруза, Бруаза, Годар, Аргу және т.б. болды. Деголлдықтарға ультра отаршылдар да жақтас болды, әсіресе Алжир басындағы европалық тұрғындардың демеу көрсетуі байқалды. Алайда, Республикаға қарсы астыртын жұмыстардың жүргізілуіне, оның ары қарай дамуына Франция Коммунистік партиясы кедергі болды.

1957 ж. Францияда өкіметтің ауысуы, яғни Ф. Гайярдың отставкаға кетуінен кейін, жаңа өкіметтің құрылысын жасауды Р. Плевенге беруі деголлдықтарға үрей туғызды. Плевен Алжирде бейбіт келіссөз жүргізуді бастаған жағдайда астыртын ұйымның алға қойған мақсаты орындалмай қалуы мүмкін еді. Сонымен бірге Алжирдегі голлизмнің құпия жақтасы - президент Лакостаны орнынан алып, басқа «ультрамен» байланысы жоқ министер тағайындаса ұйымның жұмысы қиындықтарға ұшырайтындығын білді. Сондықтан, жаңа өкіметті тайдыру іс-шараларын қарастырды, Сустель мен Сериньи отарлық демонстрация ұйымдастыруға шешім қабылдады. Алжирге ұшып келген Дельбек 26 сәуірде ірі демонстрация өткізіп, Алжир префектісіне өз резолюциясын жіберді. Онда Парижде қоғамдық құтқару өкіметін құру талабы жазылды.

5 мамырда Франция президенті Рене Коти Елисей сарайының әскери секретары генерал Ганевалға де Голль адъютанты полковник Бонневалмен кездесуге нұсқау беріп, билікке келу үшін де Голль қандай талаптар қоятынын біліп келуді тапсырды. Генерал де Голль билікті құруға əрқашан дайын екендігін, бірақ парламент алдында тәуелді болуын және онымен жұмыс атқарғысы келмейтінін бірден айтты [ 13, 310б. ].

1958 жылы 13 мамырда Алжирде таңертеңнен бастап транспорт тоқтап, жұмыскерлер жұмысына шығуға бас тартып, қалада бүкіл халықтық демонстрация өтті. Алжир мәселесі бойынша министрлік ғимараты басып алынып, бұл жерде Қоғамдық құтқару Комитеті құрылды. Оған Дельбек, Нейвирт, Сериньи, генерал Массю және т.б. кірді. 15 мамырда алғаш рет де Голль ашық түрде сөз сөйледі: «12 жыл бойы Франция партия режимінің қолынан келмейтін проблемаларды шешуге тырысып келеді. Бірақ партия жұмысы нәтижесіз. Осындай қиын кезеңде халық маған билікті тапсырды. Бүгінгі күні мемлекетімізге жаңа сынақ түсіп тұр. Мен оны құтқаруда билікті өз қолыма алуға дайынмын» - деп Төртінші Республиканың жойылғандығын білдірді [13, 354б.].


<== предыдущая | следующая ==>
Олданылған әдебиеттер 1 page | Олданылған әдебиеттер 3 page

Date: 2016-05-24; view: 481; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию