Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азандықтарды есептеулерге арналған бастапқы параметірлерді анықтау





 

Есептеу тәжірибелері екі корпусты ПК-39-II Рефтинской ГРЭС (Ресей) пешіне арналып жүргізілді. Пештің бір корпусының буөндірісі, энергоблоктың қуаттылығы 300 МВт кезінде 475 т/сағ құрайды.

Жанудың сандық моделденуі үшін өлшемі 24×60×106 болатын тор қолданылып, 152640 бақылау көлеміне тең болды. 6- суретте ПК-39-I жану камерасының жалпы сұлбасы мен бақылау көлемдеріне бөлінілуі көрсетілген.

Пештің бір корпусының жануы 12 вихрлі үшканалды қыздырғыштармен қамтылған. Қыздырғыштар 6-дан жанудың қарама-қарсы қабырғаларындағы екі яруста орналасқан. ПК-39-II пеші күлділігі 42,7 % құрайтын Екібастұз тас көмірін жандыруға арналған. 2- кестеде ПК-39-II Рефтинской ГРЭС пешінің бір корпусының үшөлшемді есептеуіне қолданылатын бастапқы мәліметтер көрсетілген.

 

Сурет 6. ПК-39-IІ жану камерасының жалпы сұлбасы мен бақылау көлемдеріне бөлінілуі

Кесте 2. ПК-39-II пешінің жандыру камерасының сипаттамалары  
Реті Атауы Өлшемі Белгіленуі Шамасы
  Пешке жұмсалатын отын шығыны кг/сағ В  
  Қыздыруға жұмсалатын отын шығыны кг/сағ Вb  
  Екібастұз тас көмірінің химиялық құрамы (көмірдің органикалық массасы) масс. % C H O N S 43,7 2,9 6,57 0,78 0,45
  Теплоткөмірдің жану жылуы МДж/кг QwL  
  Көмірдің күлділігі % Ас 42,7
  Ұшқыш заттардың бөлінуі % VF  
  Көмірдің ылғалдылығы % Wр 3,25
  Көмір бөлшектерінің диаметрі мкм dpar  
  Жандыру биіктігі м z(H) 28,80
  Жану ені м Y 10,84
  Жану тереңдігі м X 7,84
  Қолданылатын қыздырғыш типі   Вихрлі
  Пештегі қыздырғыш саны Шт Nг  
  Біріншілік ау температурасы °С (K) t б.а. 160(433)
  Екіншілік ауа температурасы °C (K) t ек.а. 334(706)
  Біріншілік ауаның қыздыруға кеткен шығыны м3/сағ Vп.в. 10893,6
  Екіншілік ауаның қыздыруға кеткен шығыны м3/сағ Vек.а. 59040,0
  Қыздыруға кеткен біріншілік ауаның жылдамдығы м/с Vб.а. 10,7
  Қыздыруға кеткен екіншілік ауаның жылдамдығы м/с Vек.а. 40,0
  Қыздырғыштағы аэроқоспа каналының бүйір бетінің ауданы м2 Fa 0,178
  Қыздырғыштағы екіншілік ауа каналының бүйір бетінің ауданы м2 Fек.а 0,656
  Жану присостары   Daт 0,05
  Қыздыру кезіндегі ауа шығынының коэффициенті   aт 1,2
  Қыздырғыштың аэроқоспаканалының гидродинамикалық қарсыласуы мм.в.ст  

 

Пештің жануын плазма-отынды жүйелермен (ПОЖ) қамтамасыз ету үшін шаңкөмірді отын газификациясына негізделген көмір тұтануының плазмалық технологиясы құрылды [54-56]. ПОЖ негізгі элементі плазмотрон болып табылады. 7- суретте плазматрон мен оның шаңкөмірлі қыздырғыштағы құрылғысының сызбасы көрсетілген.

Плазмотрон шаңкөмірлі қыздырғыштың бастапқы аймағында орналасқан. Электрлік доға электрондар, анод пен катодтар арасында қалыптастырылған. Плазматүзуші газ (ауа) электродтар арқылы үрлене отырып, орташамассалық температурасы 5000-6000 К аралығында болатын плазмалы жалындар түзеді. Плазмотронның қуаттылығы аралығында 100 - 350 кВт өзгеріп отырады.


ПОЖ технологиясы плазмалық жалынның көмегімен аэроқоспаны ұшқыш және кокс қалдығы көміртегінің газификация температурасына дейін қыздыруға негізделген. Осыған орай, бастапқы көмір сапасына тәуелсіз аэроқоспадан жоғары реакционды екі компонентті отын алынады. Пешті жандыру кезіндегі екіншілік ауамен араласа отырып, ол белсенді түрде тұтанады және қосымша отынсыз (мазут немесе табиғи газ) тұрақты түрде жанады.

 

 

 

Сурет 7. Плазматрон және оның шаңкөмірлі қыздырғыштағы құрылғысының сызбасы

 







Date: 2016-05-23; view: 1005; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию