Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Леуметтік қамсыздандыру құқығындағы құқықтық қатынастардың түсінігін ашыңыз





Жалпы әлеуметтік-құқықтық салада, оның ішінде қоғамдық қатынастар, осы аталған саланың негізгі мәселелерінің бір болып табылады.

Құқықтық қатынас – бұл әр уақытта субъектілердің өз объектісімен құқықтық қатынас негізінде реттелуі. Құқықтық қатынас ілімі – құқықтық салада кеңінен дамыған ілімдердің бірі болып табылады. Осы кезеңге дейін Қазақстанда, ТМД мемлекеттерінде құқықтық қатынастар жөнінде көптеген ғылыми мақалалар, монографиялар жарияланды.

Құқықтық қоғамдық қатынас – заң әдебиеттерінде бір жағдайларда сатысы, ал кейбір жағдайларда құқықтық нормаларды жүзеге асыру ретінде көрсетіледі. Осы тұрғыда, құқықтық қатынастардың мазмұны ғалым-заңгерлердің арасында әр түрлі пікір-ойлар туғызып, олардың кейбіреулері құқықтық қатынастың мазмұны – бұл субъектілердің міндеттері мен құқықтары, ал, кейбір ғалымдар құқықтық қатынас – бұл субъектілердің өз құқықтары мен міндеттерін пайдаланудағы, жүзеге асырудағы әрекеттері деп тұжырымдайды. Осындай жағдайда, өз алдына пайда болатын заңды құбылыс – бұл құқық, заңды норма және заңды қатынас, олардың өзара қатынасы, қазіргі жағдайда өз алдына ерекше мәселе ретінде қаралуы тиіс. Қоғамдық қатынастардың негізгі белгісінің бірі ретінде – бұл тұлғалардың (адамдардың) әрекеттерінен туындайтын құқықтық қатынастар.

Қазақстан Республикасының Парламенті 1997 жылы 20 маусымда қабылданған "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңына сәйкес қазіргі жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру құқығы саласында жаңадан көптеген теориялық ілімдер пайда болды. Жалпы алғанда, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы-зейнетақымен, жәрдемақымен қамтамасыз ету, тағайындау, есептеу, төлеу реттерін белгілеуде, сақтандыруң, мемлекеттік органдардың меншік нысандарына қарамастан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы - қысқаша алғанда тұлғалар мен зейнетақымен қамтамасыз ету органдары арасында пайда болатын құқықтық қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қоғамдық қатынастардың ең басты, негізгі субъектілерінің бірі – бұл жеке тұлғалар. Басқа құқықтық салаларға қарағанды, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы субъектілерінің айырмашылығ – арнайы зейнетақыға шығуы үшін еркектер-63 жасқа, әйелдер-58 жасқа толуы тиіс. Бұрынғы, 1991 жылғы заңға қарағанда, 1997 жылғы қабылданған заңның ерекшелігі, зейнетақы мен жәрдемақының әр түрлі қорлардан төленуі, тағайындалуы және есептелуі. Зейнеткер ең алдымен, заңға көрсетілген жасқа жеткенде халықты әлеуметтік қорғау органымен өзінің құжаттарын (стажын өтілін) дәлелдейтін, табысын растайтынжәне т.б.) тапсыру арқылы қоғамдық құқықтық қатынасқа түседі. Өз орнында, халықты әлеуметтік қорғау органы 10 күннен кешіктірмей тапсырылған құжаттарды қарауы тиіс және шешім қабылданған күннен бастап 5 күннен кешіктірмей арыз берушіге хабарлауы тиіс.


Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында – зейнеткер, жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы және зейнетақы төлемдерін алушы – осы құқық саласының субъектілері болады. Зейнеткер дегеніміз – жалпы заңда көрсетілген жасқа жеткуен, стажын, (өтінім), табысын растайтын құжаттары бар жеке тұлға. Зейнетақы заңына сәйкес салымшы дегеніміз – зейнетақы төлемін алушының пайдасына зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, ол алушы дегеніміз - пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жарналары төленетін және зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын не орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған жеке адам.

Салымшы мен заңды тұлға арасындағы құқықтық қатынас ең алдымен, салымшы өзіне зейнетақы шартын жасасу үшін, зейнетақы қорын таңдап алуына байланысты болатын, құқығынан туындайтын құқықтық қатынас. Зейетақы шарты – бұл зейнетақы жанрлары мен жинақталған қаражатқа байланысты құқық қатынастарын орнату, өзгерту немесе тоқтату туралы, бір жағынан, жинақтаушы зейнетақы қорлары және екінші жағынан салушы мен алушы арасында жасалатын шарт. Бұл заңда берілген анықтама Азаматтық Кодекстің (жалпыбөлімі) 378-бабында берілген ұғымға сәйкес келеді1. Бұл бапта былай делінген: "Екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Теориялық тұрғыдан қарағанда, жоғарыда көрсетілген анықтамалардың негізінде, орнату, өзгерту, тоқтату-заңды фактілер болып табылады. Азаматтық Кодекс (жалпы бөлім) және Зейнетақы туралы заңда көрсетілген элементтер орысша текстіде сәйкес келгенмен "установление" қазақ тіліне аударғанда – Азаматтық Кодексте (жалпы бөлім) белгілеу деп аударылса, зейнетақы туралы заңда – орнату деп аудыралған. Дегенмен, заңды фактілер құқық теориясы бойынша үш элементтен тұрады және өзара тығыз байланыста болады.


Қысқаша тоқталатын болсақ, әлеуметтік қамсыздандыру құқығында орнату – тұлғалардың – зейнеткерлердің белгілі бір жасқа жетуі болса, өзгерту – бір қордан басқа қорға ауысқан жағдайда (жалпы ереже бойынша, жылына екі реттен аспауы керек) ал, тоқтату-алушының не салымшының қайтыс болуы, басқа мемлекетке көшуі т.б. жағдайларда жүзеге асырылады.

Ең алдымен, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы аясында құқықтық қатынастар тұлғалардың Конституцияда және зейнетақы заңында көрсетілген құқықтарынан туындайтын қатынас. Бұл қатынас жеке тұлғаның өзінің құқығын пайдалану болып табылады, оның ішінде құқытық қатынастар арқылы пайдалануы. Екіншіден, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы аясындағы заңды қатынас – көп жақты қатынас болып табылады. Осы саладағы құқытық қатынас көп жақты құқықтық қатынас болған соң оның кейбір ерекшеліктеріне тоқталғанды дұрыс деп санаймыз.

Ең алдымен, әлеуметтік қамсыздандыру құқығында құқықтық қатынастар жеке тұлғалар, мемлекеттік органдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары және заңда көрсетілген заңды тұлғалар арасында пайда болады. Екіншіден, азаматтарға материалдық көмек көрсетуде 27 маусым 2001 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау" концепциясына сәйкес азаматтарды әлеуметтік қорғау негізгі мынадай элементтерден тұрады: 1. Мемлекеттік жәрдемақы; 2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру; 3. Жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету; 4. Әлеуметтік көмек. Жалпы құқық теориясының негізі бойынша құқықтық қатынастар белгілі бір тұлғалардың арасында пайда болып, олар құқық субъектілері деп аталады.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында субъектілер құқықтық қатынасқа қатысуы үшін заңдарда көрсетілген құқықтық қабілеттілікке және әрекет қабілеттілікке ие болуы тиіс, ал әлеуметтік қамсыздандыру құқығында құқықтық қабілеттіліктің пайда болуынының өз ерекшеліктері бар.

24. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы

арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) – жәрдемақыға құқығы бар азаматтарға жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай төлем







Date: 2016-05-23; view: 785; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию