Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Төртбұрышты семізот интродукциясы және құрылыс ерекшеліктері

Дәрілік өсімдікті халық мединицасында кеңінен, зор қызығушылықпен қолданады. Әсіресе жерасты мүшесінен дәрі жасайтындықтан, популяция саны қатты азайып барады және қалпына келу процесі өте баяу жүреді. Соған байланысты қорғау жұмыстары жүргізіле бастады. Мысалы, «Сібірдің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер» кітаына енгізілген. Сонымен қатар Бурятия, Якутия, Моңғолияның қызыл кітабына енгізілген. Витим және Байкал-Лена қорығы территорияларында қорғауға алынған. Табиғатта шикізат дайындауға міндетті түрде тиым салу керек және популяцияны қорғауға алып, оның жай – күйін үнемі бақылауда ұстау керек. Интродукция тәжірибесі Сібір ботаникалық бағында дұрыс нәтиже бермеді, бірақ, Иркутск мемлекеттік университетінің ботаникалық бағында 6 жылда айтарлықтай жақсы гүлдеп, тұқым бере бастаған [ 39,65б].

Төрмүшелі семізот (Rhodiola quadrifida) өсімдігіне бүгінгі күні жергілікті халықтың сұранысы өте көп. Жергілікті халық бүгін әсіресе, жүрек ауруын реттеудегі әсерін, бұғақ бездерінің ауруын, ісік ауруларының алдын алуға болатын қасиеттерінің барын жақсы түсінген. Сол себепті, пайдалану мөлшері де кеңейіп отыр. Дегенмен, төрмүшелі семізот (Rhodiola quadrifida) – Алтай тауларының шағыл тасты беткейлерінде ғана аздап кездеседі. Зерттеу барысында бұған толық көз жеткізілді. Сирек кездесетін, қорғауға алынған өсімдіктердің қатарына алынбаса да, саны аз, қорғауды қажет етеді. Сол себепті, бұл өсімдіктің саны сиреп кеткен өсімдіктер қатарына алуды қолға алған жөн деп санаймыз. «Бұл өсімдіктер – солтүстік аудандарда сирек кездеседі және реликт» өсімдік деп сипатталады. Осы жағдайларды ескере отырып, осы өсімдікті үй маңы жанына жаңадан өсіріп, интродукциялау жұмыстарымен айналысуды мақсат етіп қойдық.

Төрмүшелі семізотты (Rhodiola quadrifida) мектеп маңына өсіріп, интродукциясымен ауыл адамдарын таныстыру жұмыстарын Өрел орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Ауғанбаева Рахат Оқызы жүргізген болатын. Біз осы зерттеу жұмысына екі жыл көлемінде қатысып қана қоймай, өз үлесімізді қостық. Төрмүшелі семізот (Rhodiola quadrifida) – каудексті өсімдік, яғни қоректік заты мол, тамырдың жоғарғы, сабақтың төменгі бөлігінің түр өзгерісі; Түрі өзгерген тамырға айналған бір-біріне жабысқан тамырдан бөліп отырғызу тәсілі жүргізілді. ҚМҰТП қызметкерлері келісімімен мектеп маңына 3 түпті Бұрхат асуындағы шағылдан (бұл аймақ ҚМҰТП - ның шаруашылық жүргізу аймағы) әкеліп, жылдың маусым айының басында 28 ші суреттегідей отырғызылды.

 

 

 

Сурет 28 Өсімдікті мектеп бағына отырғызу кезінде

 

 

Шұңқыр 20 см тереңдікте, 40 см кеңдікте қазылды. Шұңқыр түбіне әк, құм, қара топырақ араластырып, өсімдікті өз топырақ қоспасымен шаршы ұялап отырғызылды. Отырғызыла салысымен бетін газетпен жиырма күн жауып ұстадық. Аптасына 2 рет қана суарылды. Маусым, шілде айларында өсімдіктен ешқандай өсу белгісі байқалмады. Тамыз айында түптенген, көптеген жапырақты сабақтар, кепкен сабақтар арасынан 3 жасыл өскін шығарғандығы 29 – шы суретте көрсетілгендей байқалды.

 

 

Сурет 29 Интродукцияланған өсімдікте өскінділердің пайда болуы

 

 

Бұл құбылыс 1-2 – ші түптен байқалды. Осы түптенген сабақтар арасынан өскін тамыз, қыркүйек айларында 1-1,2 см – ге өсіп, тіршілік белгісі байқалды, яғни, интродукциялана басталғаны белгілі болды.

Қазан айында 1 - 2 түптен шыққан жаыл өсімдіктердің каудексті бөлігін тамырдан бөліп, басқа орынға 30 – шы суреттегідей отырғызылды.

 

 

 

Сурет 30 Бөліп отырғызу сәті

 

 

Шұңқыр жасау тәсілі жоғарғыдай, шұңқыр түбіне аздап әк, 1 бөлігі құм, 2-і бөлігіне топырақ салып, араластырыла отырғызылды. Отырғызылған орын, шарбақ түбін ала, көлеңкелі жерге отырғызылды. Осы жылы осімдіктің гүлдеуі байқалған жоқ. Өсімдік толық көшіріліп әкеліп отырғызылғандықтан, бейімделуі өте қиынға соққаны байқалды және өсімдік өте баяу өсетіндігі де байқалды. Себебі, отырғызылған мезгілден бастап, өсімдік сабағы, жапырағының ұзаруы байқала қойған жоқ.

Өсімдік интродукцияланғанда, орта ауысады. Осы өзгерген ортада, өсімдік көптеген жаңа факторлармен кездеседі. Осындай орта өсімдікті модификациялық өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бұл өсімдіктің өсуіне, жетілуіне әсері болады. Кейде бұл өсімдіктің өлуіне де әсер етеді.

 

Төрмүшелі семізоттың (Rhodiola quadrifida) құрылыс ерекшеліктері

 

 

Жоғарыда айтып кеткендей төрмүшелі семізоттың (Rhodiola quadrifida) көп жылдық кейде біржылдық түрлері бар. Көпшілігі шөптектес болып келеді, арасында өркені бұтақтанған түрлері де кездеседі. Сирек бұталы, шала бұталы, кейде ағаш тәрізді болып та келеді. Суда таралған түрлері де бар. Өте сирек эпифит тәрізді түрлері де бар. Көбісінің жапырақтары суккулентті болып келеді, анда-санда сабағы, тамырсабағы да суккулентті болып каудекс түзеді.

Төртмүшелі семізоттың күз кезіндегі анатомиялық құрылысын зерттеу мақсатында, қазан айының 4 - і күні, Сарноңқай асуынан осы өсімдіктің бір данасын алып, шынықтырғышқа салдық. Төртжапырақты семізотты күзің күні қардың астынан қазылып алынғанда, жапырағы мен гүлдерінің түсіп қалғанын аңғардық. Осыған сәйкес біз, күздік төртмүшелі семізоттың жапырақтары мен гүлдерінің анатомиялық құрылызына зеріттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндігіміз болмады.

Күздің күні Тарбағатай тау жотасының шыңын қар басып жатқанына байланысты, шатқалды тас түбінде өсетін төртмүшелі семізотты тамырымен, қатты тоң басқан орнынан бүлдірмей, алу мүмкін емес екендігіне 31 – ші суретте көрсетілгендей, көзіміз жетті. Соған қарамастан осы өсімдік түрін алып, шынықтырғышқа салдық

 

 

Сурет 31 Күздік төртмүшелі семізот (Rhodiola quadrifida)

 

Қосүйлі, шөптектес өсімдік тамыры жуан, ұзын, көлденеңінен тілімденген, түсі қызғыт болып келеді. Тамырдың анатомиялық құрылысын 32 – ші суреттен анық көреміз.

 

 

Сурет 32 Төртмүшелі семізот (Rhodiola quadrifida) тамырының

анатмомиялық құрылысы: А - төртмүшелі семізот (Rhodiola quadrifida) тамырының құрылысы: 1 – эпиблеманың қалдығы;

– экзодерма:3 – негізгі паренхима: 4 – эндодерма; 5 –

эндодерманың өткізгіш жасушасы; 6 – перицикл; 7 –

ксилеманың сәулесі; 8 – флоэманың участкесі (6 – 8

орталық цилиндр)

Б – Тамыр түгі.

В –

 

 

Ине тәрізді, жұқа, өген жапырақтармен тығыз қапталған каудексі болады. Сабағының ұзындығы 3-7 (10) см ге дейін жетеді, саны көп, тік орналасқан, тығыз жапырақты. Сабақтың көлденеңң кесіндісінің микроскоппен қарағандағы көрінісі 33 – ші суретте бейнеленген.

 

 

Сурет 33 Төртмүшелі семізоттың (Rhodiola quadrifida) сабағы: А –

сабағының құрылысы: 1 – эпидерма; 2 – склеренхима; 3 –

жабық коллотеральді шоқ

Жапырақтары отырықшы, қылқан тәрізді, ұзындығы 3-8 мм, ені 1 мм, аздап суккулентті, оңай түсіп қалады. Жапырақ сағағының анатомиялық құрылысын 34 – ші суреттен байқаймыз. Гүлшоғыры жоғарыда орналасқан, аздап гүлдеген (3-5 гүлді), қалқанша тәрізді, диямметірі шамамен 1 см. Гүлі ұсақ, 4, кейде 5 өлшемді болып келеді. Тостағанша жапырақшалары ланцетник тәрізді қылқанды, ұзындығы 3 мм, түсі жасылтым, ұшы доғал болады. Күлтесінің ұзындығы 4 мм, ұзындау сопақша жұмыртқа тәрізді, түсі сары, кейде ұшы мен күлтесінің іш жағы қызғылт болады. Аталық тозаңқабының саны 8, әдетте күлтесінен сәл ұзын болады,кей кезде күлтесінің ұзындығымен ірдей болады. Аналығының саны 4 (сирек 5), ұзындығы шамамен 5 мм, піскен, қоңыр кейде қызыл түсті жіңішке, ұзын ұшы (1-1,5 мм ұзындығы) иілген болып келеді. Тұқымының ұзындығы 2 мм, қанатты, сопақтау, қоңыр болады. [40, 45б.

 

 

Сурет 34 Төртмүшелі семізоттың (Rhodiola quadrifida) сағағы:

 

Орытынды

Төрмүшелі семізот (Rhodiola quadrifida) – Барлық Сибир, Арктика тасты жағалауында және Альпі белдеуі мен тундраның таулы шағылдарында кездеседі. Шөптәріздес өсімдік. Оңтүстік Сибирде, Шығыс Саян тауларында толық кәдімгі түр ретінде кездеседі, бірақ солтүстікте сирек кездеседі және анық реликті өсімдік.

Төрмүшелі семізоттың (Rhodiola quadrifida) көп жылдық кейде біржылдық түрлері бар. Көпшілігі шөптектес болып келеді, арасында өркені бұтақтанған түрлері де кездеседі. Сирек бұталы, шала бұталы, кейде ағаш тәрізді болып та келеді. Суда таралған түрлері де бар. Өте сирек эпифит тәрізді түрлері де бар. Көбісінің жапырақтары суккулентті болып келеді, анда-санда сабағы, тамырсабағы да суккулентті болып каудекс түзеді.

Тамыры жуан, ұзын, көлденеңінен тілімденген, түсі қызғыт болып келеді. Ине тәрізді, жұқа, өген жапырақтармен тығыз қапталған каудексі болады. Сабағының ұзындығы 3-7 (10) см ге дейін жетеді, саны көп, тік орналасқан, тығыз жапырақты. Жапырақтары отырықшы, қылқан тәрізді, ұзындығы 3-8 мм, ені 1 мм, аздап суккулентті, оңай түсіп қалады. Гүлшоғыры жоғарыда орналасқан, аздап гүлдеген (3-5 гүлді), қалқанша тәрізді, диямметірі шамамен 1 см. Гүлі ұсақ, 4, кейде 5 өлшемді болып келеді. Тостағанша жапырақшалары ланцетник тәрізді қылқанды, ұзындығы 3 мм, түсі жасылтым, ұшы доғал болады. Күлтесінің ұзындығы 4 мм, ұзындау сопақша жұмыртқа тәрізді, түсі сары, кейде ұшы мен күлтесінің іш жағы қызғылт болады. Аталық тозаңқабының саны 8, әдетте күлтесінен сәл ұзын болады,кей кезде күлтесінің ұзындығымен ірдей болады. Аналығының саны 4 (сирек 5), ұзындығы шамамен 5 мм, піскен, қоңыр кейде қызыл түсті жіңішке, ұзын ұшы (1-1,5 мм ұзындығы) иілген болып келеді. Тұқымының ұзындығы 2 мм, қанатты, сопақтау, қоңыр болады.

Оңтүстік Алтайда Тарбағатай және Сарымсақты тау жоталарында өсетін төртмүшелі семізоттың (Rhodiola quadrifida) биологиялық ерекшеліктері мен интродукциясына зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып келесідей тұжырымға келдік:

Төртмүшелі семізот (Rhodiola quadrifida) саны өте сиреген және қорғауды қаже ететін өсімдік.

Төртмүшелі семізот (Rhodiola quadrifida) атеросклероз, анемия, лейкоз, жоғары бас сүйек қысымы аурулары кезінде, гипертензия кезінде қан қысымын тұрақтандыруға көмектеседі, ми тамырларының спазмасын басады. Жүрек ауруы кезінде, кіші қанайналым жүйесін жақсарту мақсатында және гемоглобинді көтеру үшін таптырмас дәрі болып табылады.

Зерттеу барысында халықтың бұл өсімдікті кең көлемде пайдаланатындығы, саны сирегендігі, таралу аймағының шектелгендігі анықталды. Өсімдікті қорғап қалу, халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында интродукциялау маңызды.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1 Бейсенова, Ә. С. Қазақстанның физикалық географиясы [Текст]: жалпы білім беретін мектептің 8-сыныб. арн. оқулық / Ә. С. Бейсенова, Қ. Д. Карпеков. - 2-ші бас., өңделген. - Алматы: Атамұра, 2008. - 270 б

2 Современные состояния популяции редких и изчезающих растений Восточного Казахстана/ Ю.Котухов, А.Данилова, О.Ануфриева. – Алматы, 2006.- 170 б.

3 Р.В. Камелин 1998. – 240б. Красная книга Алтайского края.

4 Флора сосудистых растений Западно – Алтайского заповедника/ Ю.Котухов, А.Ивашенко. Дж.Лаймане. – 2002. Алматы. – 108б

5 Қазақстан өсімдіктері/ С.А. Арыстанғалиев, Е.Р. Рамазанов. – 285 б.

6 Интернет

7 Губанов И.А. Дикорастущие полезные растения книга / Губанов И.А. – М.: Наука, 1987. - 98 с.

8 Тахтаджян А.Л. Система магнолиофитов. Л.: Наука. 1987. 439 с

9 Блят В.В. Семейство Crassulaceae – Толстянковые // Флора Восточной Европы. – СПб: Мир и семя; Изд-во СПХФА, 2001 – Т. 10. – С. 296

10 Блинова К. Ф. и др. Ботанико-фармакогностический словарь: Справ. пособие / Под ред. К. Ф. Блиновой, Г. П. Яковлева. — М.: Высш. шк., 1990. — С. 187.

11 Лекарственные растения: Справочное пособие. / Н.И. Гринкевич, И.А. Баландина, В.А. Ермакова и др.; Под ред. Н.И. Гринкевич – М.: Высшая школа, 1991. – 398 с

12 З.Ж. Әлімбетова, Н.Н. Березовиков Қазастанның қорықтары мен ұлттық ақтары – Алматыкітап баспасы, 2009ж. 284б.

13 З.Ж. Әлімбетова, Н.Н. Березовиков Қазастанның қорықтары мен ұлттық ақтары – Алматыкітап баспасы, 2006ж. 284б.

14 Мырзагалиева Ж.Н., Мырзагалиева А.Б. Сарымсақты жотасының (Оңтүстік Алтай) дәрілік өсімдіктерін зерттеуге. // «Қазақстанның индустральдық-инновациялық дамуына жас зерттеушілердің қосқан үлесі» атты студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының электрондық жинағы. – Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2010. Б.576-577.

15 Мырзагалиева А.Б., Беженова Г.Ж., Мырзагалиева Ж.Н. Редкие и исчезающие виды во флоре хребта Сарымсакты и проблемы их охраны. // Постиндустриальный мир: наука в диалоге Востока и Запада: Материалы Международного молодежного форума. – Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ им. С.Аманжолова, 2011. С. 198-2047

16 Раисова К.Р., Науканова Ж.Н., Мырзагалиева А.Б. Особенности состава и размещения растительных сообществ водоемов в зависимости от ряда экологических факторов. // Инновационный вектор развития науки и образования: сб. мат-ов внутривуз.науч.-прак.конф молодых ученых и магистрантов. – Усть-Каменогорск: изд-во ВКГУ им. С.Аманжолова, 2012. – С. 159-163.

17 Мырзағалиева А. Б, Беженова Г. Ж, Мырзағалиеваа Ж. Н. Журнал: Вклад молодых исследователей в индустриально-инновационные развитие Казахстана – Өскемен, 2011ж. 209б.

18 Черепанов С. К. Свод дополнений и изменений к «Флоре СССР» / С. К. Черепанов (тт. I—XXX). — Л., 1973. — 667 с.

19 Никитин А. А.Анатомический атлас полезных и некоторых ядовитых растений / А. А.Никитин, И. А. Панкова. Л., "Наука" 1982. - 771 c

20 Тугельбаев С.У. Возрастная структура и биомасса ценопопуляций Aconitum leucostomum Worosch. в горных экосистемах Казахстана // Изучение растительного мира Казахстана и его охрана: Материалы ботанической конференции. / С.У. Тугельбаев– Алматы: ТОО «Айдана», 2001. – 237 с.

21 Растения природной флоры Казахстана в интродукции. Справочник / Отв. ред. В.Г. Рубаник. - Алма-Ата: Ғылым, 1990. - 288 с

22 Байтенов М.С. Флора Казахстана. Том 2. Родовой комплекс флоры. Алматы: "Ғылым", 2001. — 280 с

23 Мазуренко М., Андреев А. «Суккуленты на Колыме» // «В мире растении» - 2002г. 245с.

24 В.В. Блят, В.Н. Гапон, И.М. Василева «Очиток, молодило и другие толстянковые» - М.: Астрель, АСТ, Транзиткнига, 2004г, - 270с.

25 Борисовская Г. М. Анатомо-систематическое исследование некоторых представителей семейства Crassulacaeae D. C. — Вести. Ленинград, университета, сер. «Биология», 1960, 214с.

26 Байтенов М.С. Высокогорная флора Северного Тянь-Шаня. - Алма-Ата: Наука, 1985.207с

27 Гончарова С., Колдаева М., Белуха А. Дальневосточные толстянковые в культуре // Цветоводство: Журнал. — 2011. — № 5. 60с.

28 Краснов Е. А., Хоружая Т. Г., Петрова Л. В., Аксенова Р. А., 3отова М. И. Результаты химико-фармакологического исследования некоторых представителей семейства толстянковых. — В кн.: Успеха изучения лекарственных растений Сибири. Томск, 1973, 354с.

29 Определитель растений Средней Азии. Ташкент: Фан. 1968-1993. -154c.

30 Краснов Е. А., Дувидзон Л. М., Хныкина Л. А. Сравнительная характеристика очищенных экстрактов родиолы розовой (Rhodiola rosea L.). — В кн.: Некоторые вопросы фармакогнозии дикорастущих и культивируемых растений Сибири. Томск, 1969, 235c.

31 Тахтаджян А.Л. Флористические области Земли. Л.: Наука. 1978.247с

32 Байтулин И.О. Растительные ресурсы Казахстана и перспективы их рационального использования // Проблемы рационального использования лекарственно-технических растений Казахстана. Алма-Ата: Наука. 1986. С-212

33 Краснов Е. А., Веиц Л. А. Исследование эфирного масла родиолы розовой (Rhodiola rosea). — В кн.: Стимуляторы центральной нервной системы. Томск, 1968, 220c.

34 Павлов В.Н. Растительный покров Западного Тянь-Шаня.М.: Изд-во МГУ. 1980.248с

35 Кукенов М.К. Рациональное использование ресурсов лекарственных растений Казахстана // Изучение лекарственных растений Казахстана. Алма-Ата: Наука. 1988.254 С.

36 Суров Ю. П. Ресурсы лекарственных растений горных лесов северовосточного Алтая. — В кн.: Продуктивность и восстановительная динамика лесов Западной Сибири. Тр. по лесному хозяйству Западной Сибири. Новосибирск, 1971,258c.

37 Тимошек Е. Е. Род Rhodiola во флоре Тувы. Дипломн. работа. Томск. Госуниверситет, 1973г. 187с.

38 Уткин Л. А. Народные лекарственные растения Сибири. М.—Л., 1931.197с.

39 Камелин Р.В. Флорогенетический анализ естественной флоры горной Средней Азии. Л.: Наука. 1973. 356 с

40 Саратиков А. С., Краснов Е. А., Xныкина Л. А., Дувидзон Л. М., Выделение и химическое исследование индивидуальных биологически активных веществ из родиолы розовой и четырехлепестной. Изв. Сиб. отд. АН СССР, сер. биол.-мед. наук, 1967, 5, 1; 54—60

 

 


<== предыдущая | следующая ==>
 | 

Date: 2016-05-23; view: 929; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию