Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Материалдар мен зерттеу әдістері





Зерттеу материялы Оңтүстік Алтайда өсетін Төртмүшелі семізот (Rhodiola quadrefida). Оңтүстік Алтай – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында орналасқан. Бұл аймақ арнайы қорғауға алынған Катонқаарағай Мемлекеттік Ұлттық Табиғи паркінің құрамына кіреді (Сурет 2).

 

 

Сурет 2 ҚМҰТП – нің аймағы

 

Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық Табиғи паркі 3 аумаққа бөлінген:

1. Елді – мекен орналасқан аймақ.

2. Шаруашылық жүргізетін аймақ.

3. Қорғауға алынған аймақ.

Төртмүшелі семізотының өз жеріміздегі тааралу аймағына зерттеу жүргіздік. Төртмүшелі семізотын (Rhodiola quadrefida) Катонқарағай өңірінде Алтай тауының биік сілемдерінде биік таулы аймақтарында, тасты шағылдарда өсетіндігі анықталды. Зерттеу барысында саны сиреп кеткендігі аңғарылды.

Ауыл маңында бұл өсімдіктің 3 таралу аймағын кездестірдік.

1-маршрут бойынша «Күрең асу» Алтай тауы сілемдерінің бірі. Бұл жер ҚМҰТП – ның қорғауға алынған аймағы. Төртмүшелі семізотын (Rhodiola quadrefida) – осы қорғауға алынған аймақта ғана таралған. Кез келген адам бұл аймаққа бара алмайтыны зерттеу жүргізген кезде байқалды (Сурет 3).

 

 

Сурет 3 1 – ші маршруттың сызбасы

 

Еңбек ауылынан шығысқа қарай 18 – шақырым жерде Өрел ауылы орналасқан. Өрелден Алтай тауы сілемдерін бөктерлей Сартепсен жазығымен 30 – 40 км жүрдік. Теңіз деңгейінен шамамен 2000 – 2500 м биіктікке көтерілдік. 1300 – 1500 м биіктікке дейін көтерілгенше қылқан жапырақты орманнан өтуге тура келді. Қылқан жапырақты ағштар қарағай, шырша, самырсын қалың орман түзген. Орманнан соң мезофитті өсімдіктер жамылғысы басталды. Бұл биіктік сбальпілік – шалғындық. Бұл аймақтан соң мөлшері 1700 м биіктікте дөңгелек жапырақты қайыңды орманмен жалғасады (Сурет 4)

Сурет 4 Қылқан жапырақты орман басталды

 

Таудың төменгі беткейінде төртмүшелі семізот кездеспейді (Сурет 5).

 

 

Сурет 5 Таудағы өскен орманға барар жолда. Тау етегіндегі шалғындық

 

Бұдан жоғары өрлеген кезде Алтай таулы сілемдері жалаңаштанып, тек тасты шағылдар басталды. Тек шағылдар басталған тұста төртмүшелі семізоттың сиреп таралуы байқалады (Сурет 6).

 

Сурет 6 Орманның аяқталған жері

 

Тіп - тік шағыл тастың етегінде, құмдауыт сазды жерде мүк жамылғысы жатыр. Бұнда әр жерде алтын тамыр – суық семізот (Rhodiola Algida) өседі (Сурет 7).

 

Сурет 7 Тау сілемдеріне көтерілген тұстағы өсімдік жамылғысы

 

Шағылдармен жоғары көтерілгенде 2000 м биіктікте, әр жерде төртмүшелі емізоттың (Rhodiola quadrefida) өсіп тұрғаны байқалады. Өте сирек, тіпті жоқ деуге де болады. 100 аймақта бір – екіден топталып өсіп тұрған даналары кездеседі. Шағылдың етегінде, ойпңдау құмдауыт жерде Суық семізот қатарласып өсетіндігі байқалды(Сурет 8).

 


Сурет 8 Шағыл тау етегіндегі Суық семізот (Rhodiola Algida)

 

Осыншама биіктікте санның сиректігінің өзі ақ қорғаудың қажет екендігін аңғартады (Сурет 9).

 

 

Сурет 9 Жалаңаш таста өскен төртмүшелі сеізот (Rhodiola quadrefida)

 

2 – ші маршрут бойынша: Еңбек ауылынан батысқа жүре отырып 4 – 5 шақырымнан соң, Ирек асуы арқылы таудың сілеміне көтерілу қажет. Осы Ирек асуын жергілікті халық «Австриялық жол» деп атап кеткен. Биіктігі 150 шақырымға созылып жақан аса қауіпті тау жолы кереметтігі сол, құрылыс адам қолымен жасалынған (сурет 10).

 

 

Сурет 10 2 – ші маршруттың сызбасы

 

 

Тарихқа жүгінсек, сонау 1914 – 1916 жылдары бірінші дүниежүзілік сғыс кезінде қолға түскен әскери тұтқындар, яғни австриялықтар екен. Ол заманда бүгінгідей тау – тасты қопарып астайтын алып техникалар атымен жоқ. Бары – күрек, лом, қайла тәрізді саймандар. Сондықтан жергілікті тұрғындар бұны адамның қажырлы еңегінің арқасында өмірге келген ғажайып ескерткіш ретінде санайды. Көрген көз ерен еңбектің жемісін еріксіз мойындайды. Осы австриялық жолдың бойында Бұрхат асуы, Мрамор асулары орналасқан. Бұрхат асуының биіктігі 2000 м. Осы жерден қарасаң алыстан Мұзтау шыңы мұнартып көрінеді, төмен қарасаң Бұқырма көсіліп жататын керемет көріністі тамашалаймыз.

Бұрхат асуындағы тасты шағылдарда төртмүшелі семізот (Rhodiola quadrefida) кездеседі. Халық арасында шетелдік тұтқындар төртқырлы семізоттың дәрілік қасиетін біліп, күш – қуат беретін өсімдік ретінде көптеп пайдаланған. Бұл сөздің де растығы әбден мүмкін. Дегенмен, 100 шаршы метр жерде екі – үштен топтанып орналасқаны байқалды. Осыдан, төртмүшелі семізоттың (Rhodiola quadrefida) саны аз екендігін анықтадық.

3 – ші маршрут бойыша: Еңбек ауылының оңтүстік шығысына қарай 6 шақырымдай жерде Қойтас зәйімкесі орналасқан (Сурет 11)

 

 

Сурет 11 Қойтас зәйімкесі

 

 

Осы жерден оңтүстікке қарай көз тастасақ Тарбағатай тау сілемдері шығыстан батысқа қарай созылып жатқанын байқаймыз (Сурет 12).

 

 

Сурет 12 Тарбағатай тау жотасының көрінісі

 

Оңтүстік Алтайдың Тарбағатай тау жотасы шығыстан батысқа қарай 40 шақырымдай жерге созылып жатыр. Тарбағатай тау жотасының батыс бөлігі Сарымсақты тау жотасымен жалғасады (Сурет 13).

 

 

Сурет 13 Тарбағатай тау жотасының картағы көрінісі

 

 

Бұл маршрутпен қазан айының 4 - і күні жүріп өттік. Таңертең сағат 6:00 де, зерттеуге шығар кездегі ауа температурасы +16 қатты соғып тұрған желдің жылдамдығы шамамен 20 .

Бұқтырма өзенін бойлай қайыңды тоғаймен Атырау жазығын артта қалдырып, Қойтас зәйімкесіне жеттік. Осы жерден аттың басын тура оңтүстікке қатай бұрып Тарбағатай тау жотасындағы Сарноңқай асуына қарай тарттық.

Сарноңқай асуымен жергілікті халық жаздың басында, таудың басындағы қар еріген кезде немесе кей жылдары қары толық ерімей қалса да, қалыңдығы азайғанда, малдарын Тарбағатай жайлауына осы жолмен жайлауға шығарады. Күзде алғашқы қар жауған сәтте қайта ауылға түсіреді. Бұл жол сонау «Нұқ заманынан» бар деп ауылдың қарттары айтып отыратынын ескерсек, бұл жолды ертеден игерген сыңайлы (Сурет 14).

 

 

Сурет 14 Тарбағатай тау жотасындағы Сарноңқай асуының сызбасы

 

 

Қылқан жапырақты орманның аяқталар жеріне таяп қалғанда 1200 – 1400 м биікке көтерілген кезде жерді аттың тұяғынан асатын қар басып жатты. Ары қарайғы жолдың бәрін қар басып жатқандықтан жерден қасқыр мен аюдың ізін анық байқадық (Сурет 15).

 

 

Сурет 15 1200 – 1400 м би 1200 – 1400 м биіктікке көтерілгендегі тау

беткейінің көрінісі

 

 

Таудың ұшар басына бойлай көтеріле бердік. Шамашен 1900 – 2100 м бииіктікке көтерілгенде ағаштардың өсу биіктігі аяқталып, ары қарай бұталар ғана өсетініне көз жеткіздік. Жердің бетін қар басып жатқандықтан, шөптесін өсімдіктеріне мұқият мән беріп қарауға мүмкіндік болмады. 2100 метірдей биіктікке көтерілген жердегі қардың қалыңдығы кей жарлерде аттың бауырына дейін жетті (Сурет 16).

 

 

Сурет 16 Ағаштардың өсу биіктігінің аяқталған тұсы

 

 

Таудың басында бет қаратпайтын қатты жел тұрды. Ауа температурасы шамамен 15 . Қар араласқан желі сай – сүйегіңді сырқырататып жіберетіндей өте ызғарлы. Шамалы тынығып қайта екпіндей соғатын желі бір сәтке де босаңсып, тақым жазуға мұрша бермеді.

Шатқалды шыңын атпен көлденеңінен бойлай көтеріле бағындырдық. Бұл жолмен бұрындары да жүргендіктен, осы аймақтың әр тасы мен ойы, құзы мен шатқалы бізге таныс болған.

Төртмүшелі семізотын (Rhodiola quadrefida) жергілікті халық «Шөтке шөп» деп те атайтын. Сарноңқай асуымен ауылға түсіп келе жатқанда, Нағашы ағам осы жерде жүрек ауруларына емдік қасиеті жақсы деп шөтке шөптің бір данасын тамырымен жұлып алған болатын. Шөтке шөп дегеніміздің ғылыми атауы – төртмүшелі семізот (Rhodiola quadrefida) екенін жоғарғы оқу орнына түскенде ғана білдік.

Төртмүшелі семізоттың өсетін жеріне келгенде, яғни теңіз деңгейінен шамамен 2200 метрдей биіктікте, тасты шатқалдардың маңына келгенде, аттан түсіп, тақымымызды жазып біраз тынығып алдық. Төртмүшелі семізотты бұрын соңды бұл жерде өсетінін білмесеңіз, қалың қардың астынан қазып табу мүмкін емес. Сәтіміз түсіп 3 – 4 тастың түбін қазғаннан кейін Төртмүшелі семізотты таптық (Сурет 17).

 

Сурет 17 Тастың түбіндегі, қардың астынан табылған Төрмүшелі

семізоттың өсіп тұрған көрінісі

 

Төртмүшелі семізоты Тарбағатай тау жотасының оңтүстік батыс беткейінд өсетіні анықталды. Тастың түбінде өсетіні және жердің беті қар, топырақ жамылғысын тоң басып жатқандықтан, бұл өсімдікті бүлдірмей, тамырымен алу мүлдем мүмкін емес болды. Соған қарамастан Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық Табиғи паркінің рұқсатымен төртмүшелі семізоттың 2 – 3 данасын мүмкіндігінше бүлдірмей алдық.

Төртмүшелі семізотының (Rhodiola quadrefida) өсетін орынына қар ерте күзде түседі де кеш (жаздың ортасында) еритіні географиялық орнының ерекшелігі екенін анық байқадық.

Сарноңқай асуымен көктемде және күзде жергілікті халық малдарын жайлауға көшіруі кезінде малдың тұяғымен тапталуы, сонымен қоса жергілікті халықтың дәрілік шөп ретінде жинауы, төртмүшелі семізотының жаппай санының азаюына әкеп отыр. Сонымен қоса таудың шатқалды шыңындағы төмен ауа температурасы, қардың жыл бойында жатып, жердің беткі тоңы жазда жібіп үлгермеуі, үнемі екпінді желдің болуы төртмүшелі семізоттың өсу аймағын кеңейтіп, мұз басу дәуіріне дейінгі деңгейіне жетуге мүмкіндік бермейді.

Сондай- ақ төртмүшелі семізоты (Rhodiola quadrefida) жергілікті халықтың көп пайдалануына да назар аудардық. Өзім тұратын ауылда осы өсімдікті пайдаланып отырған бірнеше адамдармен сөйлестім. Жалпы Катонқарағай өңірі халқы арасында зоб ауруы эндемик деген атау алған. Осы аурумен тұрғылықты халықтың 2/3 – і ауыратыны мәлім. Төртмүшелі семізоты (Rhodiola quadrefida) Еңбек ауылының тұрғындары аталмыш ауруды емдеуде қолданатыны анықталды. Халық Төртмүшелі семізоттың (Rhodiola quadrefida) емдік қасиетін білген соң, кең пайдалануды бастаған тәрізді. Кеңінен пайдалана бастаған себепті де санының азаюы мүмкін. Зерттеу барысында Еңбек ауылының тұрғындары арасында зерттеу жүргізіп, сауалнама алдық:

 

Сауалнамма сұрақтары:

1. Төртқырлы семізот шөбін танисызба?

Иә – 19; Жоқ- 3; Көргенмін – 10;

2. Төртқырлы семізотты дәрілік мақсатта пайдаландыңыз ба?

Иә – 19; Жоқ- 4; Хабарым жоқ – 9;

3. Төртқырлы семізотын қайдан аласыз?

Дәріханадан – 12; Өзім жинаймын – 17;

4. Дәрілік әсері байқалдыма?

Иә – 19; Жоқ - 5;

5. Бұл өсімдіктің емдік қасиеті жайлы қайдан білдіңіз?

Әдеби дерек көздерінен – 10;

Есту арқылы – 19;

 

Осының өзінен – ақ, бұл өсімдікке халықтың назары ерекше ауып отырғандығын байқауға болады. Ретсіз жинау арқылы төртқырлы семізоттың жойылып кетуіне қауіп тұрғындар тарапынан болатынын аңғартты.

Date: 2016-05-23; view: 1373; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию