Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару, бақылау және қадағалау

Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны

 

Жоспар

1.Кіріспе

2. Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.

 

3. Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары.

 

4. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару,

Бақылау және қадағалау

 

5.Қорытынды

 

 

КІРІСПЕ Бүгінгі күні елімізде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде атап айтар болсақ, оның, өндірістегі жарақат пен өндірістік сырқаттың азаюы бойынша жұмысты ұйымдастыру мен біздің қоғамымыздың азаматтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда оң нәтижеге жетіп отырғаны сөзсіз. Әлбетте осы еңбекті қорғау мәселесінде жұмысты ұйымдастыру бойынша белгілі бір тәжірибеге ие бола отырып, осы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша орын алған кейбір проблемалар мен ұсыныстар да айтылып отыр. Өзектілігі. Елімізде әйткенмен де осы қозғалып отырған маңызды мәселелердің бірі - ұйымдарда еңбек қауіпсіздігімен және еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар мен басшыларды оқыту және олардың білімін тексеру отыр. Жалпы алғанда, біздің еліміздегі «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңына орай, жан-жақты қадағаланып отырылады. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің басшылығына сәйкес, білімін тексеру еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның, атап айтар болсақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың аумақтық департаментінің емтихан комиссиясымен жүргізіледі. Негізінен өндіріс ұйымдарының басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін жауапты адамдар мезгіл-мезгіл, кемінде үш жылда бір рет тиісті жоғары оқу орындарында немесе мекемелерде біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өтуге міндетті. Қазіргі таңда, сондай ақ «Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру» мемлекеттік стандарт негізінде жүзеге асырылып отыр. Әлбетте әр ұйым бөлімшелерінің басшылары болған жағдайда, онда олар бөлімшелердегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар болып табылады, өздерінің қызметтік міндеттері мен ұйым басшысының басшылығымен білім тексеруінен өтуге міндетті. Тұрақты әрекет етуші ұйымдардың еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерін аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдардың жанындағы еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды дайындайтын мамандандырылған орталықтарда және еңбекті қорғау кафедрасы бар жоғары оқу орындары мен мекемелерде оқыту және біліктілігін арттырумен білімін тексеруді жүргізу аса орынды болмақ. Олай болса, осы ұйым бөлімшелерінің басқа жетекшілері ұйымдағы тұрақты әрекет етуші ұйымдарда (ТӘЕК-тен) оқытылып, білім тексеруінен өтуге тиіс. Олай болса, бұл мәселені шешуге тиісті кәсіподақтармен бірлесіп экономиканың салаларын басқаруды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдардың тікелей қатысып шешу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаумен қамтамасыз ету Бағдарламасы әзірленіп бекітілген болатын. Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының екі тармағына тоқталып өтер болсақ, бұл еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау және еңбекті қорғауды басқару жүйесін ендіру аса қажет болып отыр..Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.

 

Үкімет Бағдарламасы ОН5А5 -18001 халықаралық стандартына сәйкес Қазақстанның кәсіпорындарына ЕҚБЖ енгізуді ұсынады, бірақ, бұл ретте де республикада (ОН5А5 - 18001 негізіндегі) ЕҚБЖ енгізу рәсімін және оның мазмұнын реттейтін, Ресейдегі секілді бекітілген МЕСТ жоқ.
Мақсаты: Олай болса, бітіру жұмысының мақсаты түрлі еңбек ұжымында еңбекті қорғаудың өзекті мәселелерін көтере отырып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайын қарастыру, азаматтардың еңбегін қорғауда оларға қажет болған жағдайда әлеуметтік көмекті көрсету және осы бағытта еліміздің әр аймағында жүргізіліп жатқан түрлі мекеме мен ұйым, ірі компаниялардың істерін жан-жақты саралау жүргізіп қана қоймай, жақсы іс-тәжірибені өмірге енгізудің маңызын ашу.
Зерттеу міндеттері. Осы мақсатқа жету барысында мынадай, төмендегідей міндеттер алға қойылды.
- Еңбекті қорғаудың түсінігі мен басқаруды қамтамасыз ету жайын қарастыру;
- Еңбекті қорғауды қадағалау мен бақылаудың мәнін ашу;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ашып көрсету;
- Облысымызда осы еңбек қорғау мәселесінің жай-күйі;
- Еңбекті қорғау туралы заңдардың сақталуын бақылау;
- Елімізде шетелдік жұмыс күшін қолдану мен олардың еңбегінің қорғалуы аясын бақылау жүргізу барысына аса мән берілді.
Зерттеу болжамы: Түрлі өндіріс және мекеме орындарында еңбекті қорғау жан-жақты қамтамасыз етілуін қадағалаумен қатар, олармен еңбек тәртібін сақтау мен түрлі жағдайлардың туындауы барысында қажетті жұмыс жүргізуде түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану
Олай болса, еңбекті қорғау мәселелеріне орай еңбек орындарында қызметкерлер мен еңбек етуші азаматтардың кәсіптік шеберлігін артыруға аса мән бері. Әр азаматтың өз білімін көтеріп, шеберлігін шыңдауына жағдайлар жасаудың маңызы аса зор.
Ғылыми жаңашылдығы:
- аймақтық кәсіпорындарда еңбекті қорғаудың мәні мен мазмұны бүгінгі көзқарас бағытында анықталды;
- кәсіпорындарда еңбекті қорғаудың мүмкіндіктері;
- еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті мәселелер қозғалды.
- еңбек процесінде еңбек қауіпсіздігін сақтаудың техникалық жайы айқындалды;
- кәсіпорындардағы еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін сақтаудың өндіріске тиімді жайы қозғалды.
Зерттеудің тәжірибелік мәні: ҚР кәсіпорындарда еңбек және әлеуметтік жағынан қорғау үшін өндірістің, кәсіпорындардың жұмыс процесіне енді.
Міне осы зерттеу нәтижелерін ірі кәсіпорындар мен ұйымдарда пайдалануға болады.

 

¨Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары.

¨Еңбекті қорғау саласының мінтеті – адамдарды жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету және қызметкерлердің жұмыстарды атқару кезінде еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын бұзушылықтарды болдырмау болып табылады.

¨Еңбекті қорғау саласының қағидалары мыналар болып табылады:

¨өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;

¨қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;

¨адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;

¨қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;

¨еңбек бостандығы;

¨кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;

¨нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;

¨еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;

¨ уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету;

¨

¨еңбек қауіпсiздiгiнің және еңбекті қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;

¨мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлеуге, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiң қатысуы;

¨кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;

¨қауіпсіздік және гигена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамассыз ету;

¨өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірімен денсаулығының басымдығы;

¨еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамассыз ету;

¨тынығу құқығын қамтамассыз ету;

¨қызметкерлердің құқықтары мен мүмкүндіктерінің теңдігі;

¨қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамассыз ету;

 

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметі туралы ереже (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнің 339 бабының 2 тармағына сәйкес дайындалған және жұмыс орындарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша жұмыс берушімен орнатылған талаптардың орындалуына және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша дереу шаралар қолдануға бағытталған.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарының сақталуына ішкі бақылау жүргізу мақсатында Кәсіпорында еңбекті қорғауды басқару жүйесі (ЕҚБЖ) құрылған. ЕҚБЖ-не еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша жұмысты ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін орнататын ережелер мен іс-шаралар (еңбекті қорғау саласындағы нұсқаулар, бұйрықтар, рұқсаттар және т.б. нормативтік құжаттар) кешені кіреді. ЕҚБЖ мақсаты - қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жұмысшыларға қауіпті және зиянды факторлардың әсерін жою, өндiрiстiк жарақаттануды және кәсiби ауруларды ескерту.

¨

Еңбекті қорғау дегеніміз — тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу — алдын алу шаралары.

¨Еңбек заңдары еңбекті қорғаудағы ұлттық саясат пен мемлекеттік басқару қағидаттарын белгілей отырып, жұмыс берушілер қызметкерлердің негізгі құқықтарының бірі — қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларын жасауын талап етеді.

¨

¨

¨Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.

¨Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды. Еңбекті қорғау пәні – бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.

¨

¨

¨Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында қысқаша тоқталған. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» туралы 2004 жылғы 28 ақпандағы №528-II-ші Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 16-тармағында еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.

¨


 

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару, бақылау және қадағалау

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі принциптер

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттiк нормативтiк талаптар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құзырет і

Уәкілетті органның құзыреті

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегi іс-шараларды қаржыландыру

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару, бақылау және қадағалау

Еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.

¨

 

 

¨ Қорытынды

 

¨Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған маңызды жалпы мемлекеттік проблемалардың, республика халқының денсаулығын нығайту, оның тіршілік сапасы мен деңгейін арттыру, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау шараларын жетілдіру мәселелерінің сәтті шешілуі мемлекеттік органдардың да, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің де өзара әрекеттестігі мен ортақ күш салуы арқасында жүзеге асырылатынын айтқым келеді.

 


<== предыдущая | следующая ==>
Список использованных источников. Наиболее популярные направления по выезду граждан Российской Федерации за рубеж[Электронный ресурс] // Федеральное агентство по туризму РФ | Уроку виробничого навчання

Date: 2016-05-23; view: 3554; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию