Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






азақ философиясының ерекшеліктері.Қорқыт ата көзқарасы





Қазақ философиясының ерекшеліктері.М.Х.Дулати көзқарастарын философиялық талдау- Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі.Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді.Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады.Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз.Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз.Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Қорқыт Ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс тапқан. Аңыз бойынша, Қорқыт Ата ұйықтап кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресің” деген аян естиді. Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері – Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді.

Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама»дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні –Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты.

54 .Қазақ философиясының ерекшіліктері. Алаш-Орда және оның қызметін бағалау. Алаш Орда (1917—1920) — Ақпан мен Қазан төңкерістері соң 1917 ж. желтоқсанның 13 құрылған қазақ-қырғыз Алаш автономиясының үкіметі. 1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда 2-ші бүкіл қазақ-қырғыз құрылтайы өткізілді.Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды.[2]Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейханов, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді.Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейханов (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…». Үкімет төрағалығына үш қайраткер — Бөкейханов, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейханов төраға болып сайланды. А. азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. үкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды.Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейханов бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді.



 

55 .Қазақ философиясының ерекшіліктері. Ыбырай Алтынсарин көзқарастары. Ыбырай Алтынсарин (шын аты-Ибраһим, 1841-1889)-қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.Ыбырай қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып,атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би,Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған.Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы-оқу деп біледі.Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды.Бидің ондағы мақсаты,әрине,немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы,ата-анасын асырауы. Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады. Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім", – деп жазады, ол белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды. Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен, – деп жазды. Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, – біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім". "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.


56 .Қайта өрлеу дәуіріндегі антроцентризм және гуманизм. «Қайта Өрлеу» атауы - адам тәні мен жанынын сұлулығы жоғары бағаланған, дін үстемдігі болмаған антикалық рухани қазынаны қайта өрлету мақсатынан туды. Қайта Өрлеу дәуірі (Renessance - фр.) - Орта ғасырдан Жаңа Заманға өту дәуірі болды. Оның шеңберін біз X1V-XV1 ғ. ғ. белгілейміз. Қайта Өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналасқан қалаларда сауда, қөлөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың сарқуына, көп іскер шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді. Жартылай ұйқылы-ояу өмір сүріп жатқан бір үлгідегі феодалдық қоғам оянып, жаңа өмірге аттанады, қалалар тез өсіп, ондағы әлеуметтік өмір өзінің әр-түрлілігімен, күнбе-күнгі өзгерістерімен, қызықтығымен көзге түседі. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер біршама қоғамның рухани өміріндегі жаңаруларға әкеледі. Біріншіден, өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалық ой-өрісінен жаратылыстану ғылымдарына бетбұрыстың пайда болуына әкелді. Ал оның өзі бірте-бірте материалистік бағыттың философияда күш алуына әкеліп соқты. Табиғаттың заңдылықтарының бірде-бір зерттеу жолы - ол тәжірибелік зерттеу - эмпиризм (emperіa, -грек сөзі, - тәжірибе) бағытын тудырды. Тәжірибе арқылы алынған деректерді пайымдау, қорыту қажеттігі рационализм ағымын дүниеге әкелді. Ал бұлардың өзі ой еңбегінің бағалануына, әсіресе ағарған интеллигенцияның дүниеге келуіне әкеліп соқты. Егер Орта ғасырдағы қоғамда ой-еңбегі негізінен дін шеңберінен шыға алмаған болса, қазір жағдай күрт өзгере бастады. Орта ғасырдағы қауымдық негізде ұйымдасқан әр-түрлі кәсіби топтар жаңа жағдайда бірте-бірте ыдырап, оның орнына жеке адамдардың іс-әрекеті көбірек бағалана бастайды: табиғи мол дарыны бар адамдар өздерінің мүдделері мен мақсаттарына сай сүретші, мүсінші, дәрігер, жазушы, сәулетші т. с. с. болуға тырысады. Ал мұның өзі ресми ғылымға, сол кездегі схоластикалық нәтижесі жоқ ой-өрісіне қарсы сезімдерді туғызады, өйткені олардың ой-өрісі, дүниесезімі, шығармашылық ізденістері діннің шеңберінен шығып жаңа қөзқарасты талап етеді.Ал бұл айтылған ойлардың айқын көрінісі - Орта ғасырдағы университеттер мен шіркеуден тыс жаңа ұйымдардың көптеп пайда бола бастауы. Оларды “Studіa Humanіtatіs² (гуманитарлық пәндерді зерттеу) деп атады. Сонымен, қайта Өрлеу Заманының өшпес нәтижесі – гуманистік (Humanus – латын сөзі, - адамгершілік, адамдық) ағымның сол кездегі қоғамның мәдиниетінің саласында пайда болып, оған жан-жақты зор әсерін тигізуінде болды. Бұл ағым философиялық ой-өріске ғана емес, сонымен қатар саясатқа, моральдық нормаларға, әдебиет пен көркем өнерге, діннің өзіне үлкен ықпалын тигізді. Негізгі идеясы - жеке адамның бойындағы табиғи дарындарын өмірге әкелу, адамның құдіретін, ар-абыройын көрсету болды. X1V ғ. екінші жартысынан бастап Көне классикалық грек және латын әдебиеті мен өнеріне, философиясына деген сұраныс жылдам өсе бастайды. Оларды мәдени саладағы маңдай алды үлгі, білім алғысы келетін адамға ең қажетті нәрсе ретінде бағалай бастайды. Гуманистік әдебиет білім мен “vіrtus² (лат. сөзі) ізгілікті рақымшылдықпен теңей бастады. “қайта өрлеу² деген ұғымның мазмұнының өзін, міне, осы антикалық мәдиниетке деген іңкәрдән шығаруға болады. Алайда бұл талпынысты біз көне заманның мәдениетіне, философиясына тұрпайы түрде қайта оралу деп түсінсек, ол қата болар еді. Оны біз қайта оралу, көне мәдениетке баға беріп өз заманынан бөлу, сонымен қарым-қатынасқа түсу,- деп түсінуіміз керек. Сонда ғана біз “Өрлеу² дегенде әрі қарай даму, жетілу мағнасына ие боламыз. Міне, “Қайта-өрлеу² деген ұғым осыны көрсетеді.

57.Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғамдық саяси және реформациялық идеялар.1. Қайта Өрлеу дәуірі үшін адамға қызығушылықпен қатар мемлекет, қоғамдық кұрылыс, Шіркеу мен мемлекеттік институттардың және дінге сенушілердің қатынас мәселесі өткір тұрды. Және осы саладағы көзқарастар Қайта Өрлеу заманының саяси-әлеуметтік философиясында көрініс тапты. 2. Реформация (лат. reformatio - қайта құру түзеті) - римдік католиктік шіркеудің монополиясында, христиан діни ілімін Папа билігі тұрғысынан түсіндіруге қасы бағытталған Солтүстік және Орталық Еуропадағы 16 ғасырда діни - қоғамдық қозғалыс Реформацияның көсемдері және негізін салушылар - М. Лютер мен Ж. Кальвин.Реформацияның нәтижесі христан дінінің жаңа тармағы – протестантизмнің пайда болуы. Протестантизмнің римдік-котоликтік шіркеуден бөлінуін Папа тағы заңды түрде мойындады. Протестантизмде шіркеу осы дүниелік институтқа, ал Інжілді білу оның діни негізіне айналады. Зұлымдық - діни надандықтың синонимі, ол Құдай сөзін білмеудің салдары. Дүниені Құдай сөзін халыққа түсінікті тілде уағыздау арқылы түзетуге болады. Реформация философиясы 2 ағымға жіктеледі: 1. Бюргерлік - евангелиелік. Бұл бағыттың көшбасшылары (лидерлері): М. Лютер У. Цвингли, Ж. Кальвин болды. 2. Халықтық Реформация - Т. Мюнцер, анабаптистер, дигерлер, т.б. қозғалыстарында көрініс тапты. 58.Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. «Қайта Өрлеу» атауы - адам тәні мен жанынын сұлулығы жоғары бағаланған, дін үстемдігі болмаған антикалық рухани қазынаны қайта өрлету мақсатынан туды.. Қайта Өрлеу дәуірі (Renessance - фр.) - Орта ғасырдан Жаңа Заманға өту дәуірі болды. Оның шеңберін біз X1V-XV1 ғ. ғ. белгілейміз. Қайта Өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналасқан қалаларда сауда, қөлөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың сарқуына, көп іскер шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді. Жартылай ұйқылы-ояу өмір сүріп жатқан бір үлгідегі феодалдық қоғам оянып, жаңа өмірге аттанады, қалалар тез өсіп, ондағы әлеуметтік өмір өзінің әр-түрлілігімен, күнбе-күнгі өзгерістерімен, қызықтығымен көзге түседі. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер біршама қоғамның рухани өміріндегі жаңаруларға әкеледі. Біріншіден, өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалық ой-өрісінен жаратылыстану ғылымдарына бетбұрыстың пайда болуына әкелді. Ал оның өзі бірте-бірте материалистік бағыттың философияда күш алуына әкеліп соқты. Табиғаттың заңдылықтарының бірде-бір зерттеу жолы - ол тәжірибелік зерттеу - эмпиризм (emperіa, -грек сөзі, - тәжірибе) бағытын тудырды. Тәжірибе арқылы алынған деректерді пайымдау, қорыту қажеттігі рационализм ағымын дүниеге әкелді. Ал бұлардың өзі ой еңбегінің бағалануына, әсіресе ағарған интеллигенцияның дүниеге келуіне әкеліп соқты. Егер Орта ғасырдағы қоғамда ой-еңбегі негізінен дін шеңберінен шыға алмаған болса, қазір жағдай күрт өзгере бастады. Орта ғасырдағы қауымдық негізде ұйымдасқан әр-түрлі кәсіби топтар жаңа жағдайда бірте-бірте ыдырап, оның орнына жеке адамдардың іс-әрекеті көбірек бағалана бастайды: табиғи мол дарыны бар адамдар өздерінің мүдделері мен мақсаттарына сай сүретші, мүсінші, дәрігер, жазушы, сәулетші т. с. с. болуға тырысады. Ал мұның өзі ресми ғылымға, сол кездегі схоластикалық нәтижесі жоқ ой-өрісіне қарсы сезімдерді туғызады, өйткені олардың ой-өрісі, дүниесезімі, шығармашылық ізденістері діннің шеңберінен шығып жаңа қөзқарасты талап етеді.Ал бұл айтылған ойлардың айқын көрінісі - Орта ғасырдағы университеттер мен шіркеуден тыс жаңа ұйымдардың көптеп пайда бола бастауы. Оларды “Studіa Humanіtatіs² (гуманитарлық пәндерді зерттеу) деп атады. Сонымен, қайта Өрлеу Заманының өшпес нәтижесі – гуманистік (Humanus – латын сөзі, - адамгершілік, адамдық) ағымның сол кездегі қоғамның мәдиниетінің саласында пайда болып, оған жан-жақты зор әсерін тигізуінде болды. Бұл ағым философиялық ой-өріске ғана емес, сонымен қатар саясатқа, моральдық нормаларға, әдебиет пен көркем өнерге, діннің өзіне үлкен ықпалын тигізді. Негізгі идеясы - жеке адамның бойындағы табиғи дарындарын өмірге әкелу, адамның құдіретін, ар-абыройын көрсету болды. X1V ғ. екінші жартысынан бастап Көне классикалық грек және латын әдебиеті мен өнеріне, философиясына деген сұраныс жылдам өсе бастайды. Оларды мәдени саладағы маңдай алды үлгі, білім алғысы келетін адамға ең қажетті нәрсе ретінде бағалай бастайды. Гуманистік әдебиет білім мен “vіrtus² (лат. сөзі) ізгілікті рақымшылдықпен теңей бастады. “қайта өрлеу² деген ұғымның мазмұнының өзін, міне, осы антикалық мәдиниетке деген іңкәрдән шығаруға болады. Алайда бұл талпынысты біз көне заманның мәдениетіне, философиясына тұрпайы түрде қайта оралу деп түсінсек, ол қата болар еді. Оны біз қайта оралу, көне мәдениетке баға беріп өз заманынан бөлу, сонымен қарым-қатынасқа түсу,- деп түсінуіміз керек. Сонда ғана біз “Өрлеу² дегенде әрі қарай даму, жетілу мағнасына ие боламыз. Міне, “Қайта-өрлеу² деген ұғым осыны көрсетеді.

Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы мен мәдениеті пайда болуының алгышарттары: 1. еңбек құралдары мен өндірістік қатынастардьң жетілдірілуі; 2. феодализмнің дағдарысы; 3. кәсіпкерлік пен сауданың дамуы;4. қалалардың күшейіп, Шіркеуге тәуелсіз, сауда - кәсіпкерлік, әскери, мәдени саяси орталықтарға айналуы; 5. зайырлы биліктің кушеюі,6. Европа мемлекеттерінің іріленуі, орталықтануы: 7. алғашқы парламенттердің пайда болуы; 8. ұлы географиялық жаңалықтар (Колумб, Васко да Гама, Магеллан) 9. бүкіл Европада білім деңгейінің жоғарылауы; 10. шіркеу мен схоластиканың (шіркеу философиясын) дағдарысы, өмірден артта қалуы; 11. ғылыми-техникалық жаңалықтар (отты қарудың, порохтың жасалуы, станоктардың, домна пештердің, микроскоптың, т.б.). Қайта Өрлеу философиясыныц негізгі бағыттары: 1. гуманистік 2. неоплатондық 3. натурфилософиялық 4.реформациялық 5.саяси 6. утопиялық

59. Қоғамдық сана формалары, оның ерекшеліктері. Қоғамдық және индивидуалдық сана, олардың байланыстары. Қоғамдық сана қоғамда түрлі қатынастары бар, ол.ң негізін алғашқы материалогиялық және идеологиялық болып бөлінеді. Адам санасынан тыс ойлар елегінен өтпей ак қалыптасады. Оған жататындар ең алдымен адам арқылы өңдеу деп атал.ы. Оның негізгі өңдеуші куштер құрал саймандар оны қолданатын адамдар қалыптасады. Қоғамдық қатынастардың екінші тобы идеологиялық қатынастар оларға адамды, адам арқылы өңдеу. Диалектикалық көзқарас.ң тарихи процесс ретинде бейнелеу үшін қолданылатын ұғым.Прогресс ілгері қозғалу табыс. Прогресс қоғамдық материалдық күш қуаттарының түсуі қоғам мүшелерінің жан жақты жетілуіне қат.мүліктің молюуы. Қоғ.ң ұдайы төменнен жағындағы қарай өрлей дамуының түрі сипаты қоғамдық болмыс. Әлеуметтік болмыс адамның біріккен болмысы яғни қоғамдық қатынасқа ерікпен және еріксіз түрде қатынас жасауындағы саналары мен еріктен тыс қатынас жиынтықтары. Өндіруші топтың ұлттың саяси тобы. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан көрінетін адамдардың көңіл күиін, идеялары мен принциптерін теориялары. Қоғамдық сана қоғамдық болмысқа тікелей тәуелді. Қоғамдық сана өзіндік ерекшелігі болса,қоғамдық болмыс жалпы ерекшелігін береді. Қоғамдық сана жеке турлері: Саяси сана. Саяси партия. Құқықтық сана қарапайым кунделіктегі көзқарастардың психологиялық форманың социумда құқықтық қатынаста болуы мен құқықтық жүйесі.

60. Қоғамдық сананың деңгейлері: қоғамдық психология және идеология. Сана танымдық тұрғыдан қарағанда дүниені бейнелеудің тек адамға тән идеологиялық формасы. Сана белгісіз ғайыптан атадан балаға көшетін нәсілдік.Қоғамдық сана қоғамда түрлі қатынастары бар, ол.ң негізін алғашқы материалогиялық және идеологиялық болып бөлінеді. Адам санасынан тыс ойлар елегінен өтпей ак қалыптасады. Оған жататындар ең алдымен адам арқылы өңдеу деп атал.ы. Оның негізгі өңдеуші куштер құрал саймандар оны қолданатын адамдар қалыптасады. Қоғамдық қатынастардың екінші тобы идеологиялық қатынастар оларға адамды, адам арқылы өңдеу.. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан көрінетін адамдардың көңіл күиін, идеялары мен принциптерін теориялары. Қоғамдық сана қоғамдық болмысқа тікелей тәуелді. Қоғамдық сана өзіндік ерекшелігі болса,қоғамдық болмыс жалпы ерекшелігін береді. Қоғамдық сана жеке турлері: Саяси сана. Саяси партия. Құқықтық сана қарапайым кунделіктегі көзқарастардың психологиялық форманың социумда құқықтық қатынаста болуы мен құқықтық жүйесі.

 

61.Қозғалыс және тыныштық, қасиеттері. Қозғалыс материяның тірішілік ету тәсілі демек материя сияқты мәңгі жоғалмайтын бір формадан басқа формаға өту үшін жалпы және абсолютті. Қозғплыс-материяның өмір сүру тәсілі. Қозғалыс туралы концепциялар: Метафизикалық концепция, Диалектикалық концепция,Қозғалыс – объектінің кеңістік ауысуы,Қозғалыс – бұл кез келген өзгеріс,Қозғалыс – материяның тыныштыққа қарама-қарсы жеке қасиеті,Қозғалыс – материяның Атрибуты,Қозғалыс – сыртқы әсердің нәтижесі,Қозғалыс – қайшылықты: қозғалыстың қайнар көзі ішкі және сыртқы қайшылықтар. Материя қозғалысының формалары: Әлеуметтік – қоғамның дамуы:индивидуум мен социумның сан алуан көріністердегі материалдық және рухани өмірі.Бұл жоғарғы ең күрделі формасы. Биологиялық – зат алмасу, көбею,тұқым қуалау, бейімделу, өсу,регенерация,ептілік, табиғи сұрыптау, биоценоз және басқалары. Химиялық – химиялық реакциялар (органикалық емес және органикалық), геологиялық процестер және басқалары. Физикалық – элементарлық бөлшектердің қозғалысы, ядролар және атомдар ішіндегі процестер, электричество, өрістер, оптикалық процестер және басқалары. Механикалық – қарапайым ауысу, кеңістікте объектінің орнының өзгеруі.Механикалық төменгі ең қарапайым формасы.Қозғалыс типтері: Сапалық –материяның өзінің өзгеруі, ішкі құрылымының қайта құрылып, жаңа материалдықобъектілердің және олардың жаңа сапаларының пайда болуы. Динамикалық қозғалыс – ескі форма шеңберінде мазмұнның өзгеруі, бұрынғы материалдық формалардың «потенциалының, мүмкіндігінің ашылуы». Популяциялық қозғалыс –объект құрылымының түбірлі өзгеруі, ол жаңа объектінің пайда болуына, материяның бір формадан өзге формаға өтуіне әкеледі. Популяциялық қозғалыс эволюциялық түрде де, сол сияқты «эмержменттік» (ештемемен шартталмаған «жарылыс») түрде де жүруі мүмкін. Мөлшерлік – материя мен энергияны кеңістікте өрістету.

6 2.Құндылықтар мәселесін философиялық талда. Құндылықтық қатынас әрқашанда Субъектінің бойында белгілі бір эмоциялары - қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. туғызады. Оның ішіндегі ең жоғарғысы - қасиеттерге табыну. Адамға қасиеттер қажет, мейлі ол дін болсын немесе діни емес қасиеттер болсын. Бұл мәселе, әсіресе, қоғамның адамгершілік тұғырлары мен мәдени дәстүрлерінің құнсыздануы мен деградациясы кезінде өзінің өзектілігін байқатады. Құндылықтар - қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді. Оларға деген табынушылық қатынас бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы моральдың негіздері ретінде өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игерудің нәтижесінде орнатылады. Қасиеттер адамның бойында моральдық жауапкершіліктер жүктейді, сезімін айқындай түседі. Құндылықтық эмоцияның ең жоғарғы формасы - "жамандықтан" тазаруды білдіретін катарсис болып табылады. Әдетте катарсис термині Аристотельдің "Поэтикасындағы" трагедия теориясымен байланыстырылады. Антикалық философияда катарсис мәселесі Аристотельге дейін-ақ қойылған болатын. Әдебиеттерде айтылғандай "катарсис" терминінің көпмәнділігі эстетика тарихында оның әртүрлі түсіндірмелерінің пайда болуына әкелді. Шындығында бұл термин антикалық әдебиетте эстетикалық, психологиялық, этикалық, тіпті діни мағыналарда да қолданылады. Бұл көпмәнділік кездейсоқ емес, ол антикалық эстетиканың ерекше сипаты болып табылады. Антикалық эстетиканың үйрететін катарсисі немесе тазалануы тек эстетикалық ұғым емес, ол моральға да, интеллектке де, психологияға да қатысты, яғни бүтіндей алғанда адамның барлық қырына қатысты (Лосев А.Ф., Шестаков В.П. История эстетических категории. М., 1965, 89-бет). Жалтырағанның барлығы алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе - нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу. Ол тек теориялық жағынан алғанда ғана қиын. Біз қайырымдылық пен зұлымдықты ешқайсысына анықтама бермей-ақ ажырата аламыз. Бұл жерде барлығын "таза суға" шығарып, күмәнсіз ететін гумандылықтың өлшемі қызмет етеді. Тіпті барлығы зұлым болғанда да зұлымдықтың аты зұлымдық, ешкім қайырымды болмаса да қайырымдылықтың аты қайырымдылық. Тек қайырымдылық пен адамға қызмет ететін нәрсе ғана нағыз құндылық болып табылады.

63.Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі. Фейербах Людвиг -классикалық неміс философиясының ірі өкілі. Неміс материалист философы және атеисі. Оның басты еңбектері: «Христиандықтың мәні», «Болашақ философиясының негізгі қағидалары», т.б. Ол дүниенің материядан тұратынын мойындап, табиғатгтың санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәлелдеді. Ол рух пен дене арасының алшақтығын жойды. Фейербах болмысты - бастауыш, сананы баяндауыш деп қарады. Табиғат денелерден, материядан, сезІмдік жасайтын кұбылыс-тардан түрады, деп жазды Фейербах. Табиғат мәңгі және шексіз. Оның ойынша, сана – соның тек көшірмесі, ал психолог-идеалист сол көшірмені түпнұсқа ретінде түсіндіреді. Бірақ ол антропологиялық материализмді қуаттады. Өйткені ол барлық материализмді тұрпайы материализм деп түсініп, барлық материализм атаулыны XIX ғасырда пайда болған тұрпайы материализммен шатастырды. Сондықтан өзін одан аулақ ұстамақ болды. «Шындық - идеализмде емес, материализмде емес, шындық тек антропология», - деп жазды Фейербах. Бірақ ол өзінің антропологиялық материализмінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады. Таным сезімнен басталады, -деп уағыздады Л. Фейербах. Шындықтың дәйегі – оның іштен туған санаға сай келуі деп түсінді. Бұл онын идеализмге жасаған орынсыз кешірімі болатын. Л. Фейербах Гегельдін идеализмін орынды сынайотырып, оның диалектикасының мәнін түсінбей, оны керексіз деп, теіске шығарды. Л. Фейербах христиан дінін де орынды сынады, бірақ діннен ол біржолата кол үзбеді. «Болашақ философиясының негізгі қағидалары» деген еңбегінде Л. Фейербах қоғамның қозғаушы күші – адамның адамға сүйіспеншілігі, әсіресе, ерлер мен әйелдер махаббаты деп түсінді. Осындай байланысты ол дін деп қарады. Бұл да Л. Фейербахтың идеализмі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеалистік философиясын сынап талдағанымен, айналып келгенде, ол әсіресеқоғамтануда идеализм шеңберінен шыға алмады.

64.Л.Фейербахтың сүйіспеншілік философиясы. Фейербах Людвиг -классикалық неміс философиясының ірі өкілі. Неміс материалист философы және атеисі.Ол адамның негізгі мінездемесі ретінде оның сезімдігін келтіреді.Оның ойынша,тек қана “сезінетін пенде ғана-шынайы ақиқатты пенде”.Егер ойлау сезімдктен алыстаса,онда ол шындықтан да қол үзіп,өзінің шеңберінен шыға алмай адасады.Фейрбахтың ойынша,”біздің сүймейтін,сүюге болмайтын нәрсеміз-ол жоқ”,”сүю жоқ жерде-ақиқат та жоқ”,”сүю-заттардың бізден тыс өмір сүруінің шынайы онтологиялық дәлелдемесі”.Ол аспандағы мәңгілік өмірге сену-жердегі өмірдің құндылығын жоюды деді.Бірақ христиандықты сынға алғанмен,қоғам өміріне бәрібір діннің керектігін мойындайды.Ол дін Құдайға деген сүйіспеншіліктің орнына адамды сүюді қою керек.”Христиандық мәні” деген негізгі еңбегіндегі соңғы тарауында Фейербах “Адам адамға-Құдай” деген пікір айтады.Дінсіз болу-тек адамның өзін ғана ойлауымен тең,дінге сену-басқаларды да ойлаумен бірдей,-дейді Фейербах.Ол еркек пен әйел арасындағы жыныстық сезімге негізделген сүйіспеншілік осы жаңа діннің арқауы болуы керек. Олай болса, аспандағы ләззаттан гөрі адам жердегі сезімдік бақытқа ұмтылуы қажет.Ол,әрине бір-бірін сүйетін “сен” мен “меннің” қарым-қатынасы.Егер адамдар Құдайға сенуден гөрі,өздеріне сеніп,адамның өзін Құдай ретінде қараса,онда барлық адамдардың арасында,олардың жынысына қарамай,достық қарым-қатынастар қалыптасып,коммунизмге жол ашылар еді,-дейді ұлы ойшыл.

65. Марксистік философия. Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы,классикалық ағылшын саяси экономиясы жәнефранцуз утопиялық социализм ілімі.Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды. Философия саласында марксизм табиғат, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т.б.),Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары-қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысындажұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формациялардан тұрады.

66. Материалдық болмыс.. Материя (лат. materia – зат) категориясы философияға объективтік реалдылықты, шындықты белгілеуге енгізілген.«Материя» категориясы – бұл абстракция. Жалпы адам, жалпы өсімдік, жалпы құс, жалпы оқу мекемесі және осы сияқты жоқ болғандай, жалпы материя деген де жоқ. Сонымен бірге материяны оның белгілі бір нақты түріне – заттардың бөлшектеріне, сезіммен қабылданатын денелерге т.б. теңемейді. Материя дегеніміз – кеңістік пен уақытта өмір сүріп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттері бар алуан түрлі объектілер мен жүйелердің (системалардың) сансыз көп жиынтығы. Біздің сезім мүшелеріміз барлық реалды материя формаларының ең болмашы бөлігін ғана қабылдай алады.Қазіргі кезде ғылымдардың жаңа жетістіктеріне байланысты материяның атрибутивтік түсінігі дамуда. Оның мағынасы барлық материалдық объектілерге (Күн жүйесі, жер қыртысы, әлеуметтік институттар және т.с.с.) тән «жалпылық» немесе «атрибутты» белгілеу. Материяның атрибуттық қасиеттері (белгілері).1)Қозғалыс-жалпы кез келген өзгеріс,қозғалыс абсолютті,тыныштық салыстырмалы (тыныштық моменті).2) Өзіндік ұйымдасу (самоорганизация)- материяның сыртқы күштердің қатысуынсыз өзін өзі жасауы,жетілдіруі,қайтадан өндіруі(синергетика).3) Кеңістік пен уақытта орналасуы-бар объектілердің орналасу тәртібі,олардың созымдылығы, бірін-бірі ауыстыратын құбылыстардың тізбектілігі және ұзақтығы. 4) Бейнелеуге қабілеттілік-Нәрселердің өз құрылымында («денесінде») басқа нәрселердің әсерін, ізін қалдыру, белгілеу(сыртқы әсерге жауабы). Бұл обьективті реалдықты білдіретін адам санасынан тәуелсіз тірішілік ететін материя- түйсіктер арқылы сезілетін обьективтілік. Материяда болмыс категориясы нақтыланады. Материя мәңгі шексіз жоғалмайды, күнделікті қозғалыста болады. Ол өзіне өзі себептеген материяның атрибуттарын білдіреді. Материяның атрибуттары материяның обьективтілігіне тән қасиет. Материяның негізіг формасы уақыт, қозғалыс. Бұл материя тіршілігі жалпы және обьективті формасы. Ол бір мезетте тіршілік ететін орын тәртібін білдіреді. Уақыт узактыгы бір олшемдігі қайта айналмауды және жалғастықты материя тіршілік обьективті түрі. Қозғалыс материяның тіршілік ету тәсілі демек ол материя сияқты мәңгі жоғалмайтын бір формада басқа формаға өту үшін жалпы және абсолютті.

67.Неміс классикалық философиясы. XVIII ғасырдың аяғы-XIX ғасырдың бірінші жартысы неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды.Ол кезеңді Ф.Энгельс классикалық неміс философиясы деп атады.Мұның өзінен біз өте биік бағаны,деңгейді сезінеміз,өйткені “классика” деп адамзат тарихындағы қоғамның қайсыбір саласындағы мәңгі өшпес жетістіктерді айтамыз.Бұл кезеңді бастап берген И.Кант болса,оны Л.Фейербах философиясы аяқтады,ал шырқау шегі Г.Гегель философиясы еді. Неміс классикалық философиясының ерекшеліктері 1) философия көпшіліктік сипатқа ие. Лейбництің ілімін жалғастырушы Христиан Вольф бұл іске көп еңбек сіңірді. Лейбниц әлемді тұтас нәрсе, ондағы дін мен ғылымның арасында қарама-қайшылық жоқ деп қарастырса, Вольф пен оның шәкірттері қоғамның күрделі мәселелерін білімді көбірек тарату арқылы реттеуге болады деп сенді, христиандық сенімді рационализммен ұштастыруға ұмтылды.2) пиетизм – лютерандық шіркеудің рухани тоқырауына қарсылық негізінде қалыптасқан қозғалыс. Пиетистер өзінің назарын дін сыртқы салт-дәстүрден ішкі сенімге, қасиетті дін кітабын меңгеруге және адам-гершіліктік мінез-құлыққа аудару керек деп ұйғарды. Ағартушылық өкілдерінің басым көпшілігі осы мектептен өтті. Мысалы, Кант авторитеттер деген жоқ, жаңа кезеңнің уақыты туды, қайшылықтарды көрсете отырып, біржақтылықтан арылу қажет, жаңа шешім беру, бірақ жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, жеңу емес, бітімге келтіру керек деп жариялады.3) Философияның басты объектісі – адам, оның ақыл-ойының мүмкіндіктері мен шекарасы.

 

68.Ницшенің «билікке жету еркі» теориясына сіздің беретін түсіндірмеңіз. Шопенгауэрдің философиялық дәстүрін жалғастырған Фридрих Ницше(1844-1900) болды. Ницше иррационализмге жақын «өмір философиясын ың» негізін қалаушы деп саналады.Бұл бағыттың өзекті ұғымы - нақты адам үшін басты және жалғыз реалдылық -өмір ұғымы. Ницше тусінігінде философияның мақсаты — адамның қоршаған дүниесі бейімделіп, өзін өмірде барынша іске асыруына көмектесу.

Қоршаған дүние мен өмір негізінде ерік жатыр.

Ницше адам еркін бірнеше түрге жіктейді:

1. «өмірге ұмтылыс»;

2. адамның өз шегіндегі ерік («ішкі стержень»);

3. басқарылмайтын, бейсаналық

ерік - (сезімдер), аффектілер; ^

4. «билікке ұмтылыс».

Еріктің соңғы түрі - «билікке ұмтылысқа» Ницше ерекше мән береді. Ницше пікірінше, «билікке ерік» белгілі дәрежеде адамдардың бәріне тән.

Табиғаты бойынша «билікке ұмтылыс» өзін-өзі сақтау инстинктіне жақын: адам ішінде жасырын жатқан қауіпсіздікке ұмтылыстың сыртқы көрінісі және адам әрекеттерінің қозғаушы күші.Ницше пікірінше әрбір адам, әрбір мемлекет саналы немесе, бейсаналы түрде сыртқы дүниеде өз «Менін» кеңейтуге тырысады.

Ницше философиясы (оның басты идеялары - өмір адам үшін жоғары кұндылық екендігі «өмірге ерік», «билікке ерік») негізінде адам және оның өмірі мәселесі тұрған -прагматизм, феноменология, экзистенциализм. т.б. сияқты қазіргі заманғы философиялық концепцияларға ізашар болды.

69 .Орыс философиясының ерекшелігі мен дәстүрі. Славянофилдер мен еуропашылдықтар. Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі XI-ХVІІ ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философия-сының көптеген идеяларын бойына сіңірді.

70.Өмір философиясы. Вильгельм Дильтей (1833-1911) - «өмір философиясы» бағытының өкілі. Дильтей қоршаған дүниенің көптүрлілігі мен адам өмірінің бірегейлігі ойлауға (идеяга) негізделген Гегель философиясын сынады. Ойлау (идея) орнына Дильтей философия негізіне «өмір» ұғымына қоюды ұсынды. Өмір — адамның дүниедегі болмысының тәсілі

Өмір мынадай белгілерге ие:

1. тұтастық;

2. көптүрлі рухани бастамаға ие;

3. жоғарғы дүниемен ажырамас бірлікте.

Дильтей пікірінше, философия материя, сана,диалектика, т.б. туралы «схоластикалық» пікірталасты доғарып, өмірді, оның барлық көріністерін айрықша құбылыс (феномен) ретінде қарастыруға тиіс.

Сонымен қоса Дильтей саяси-әлеуметтік сұрақтарға және тарих мәселесіне үлкен мән берді.

Тарих - прогреске апаратын айқын және заңды процесс деген концепцияны терістеді. Дильтей пікірінше, тарих - жеке адамды ғана емес, тұтас халықтардьың иірімге тартатын хаос, кездейсоқтықтар тізбегі. Тарих барысын өзгерту мүмкін емес.

71.Өркениет ұғымы, оның ерекшеліктері мен қайшылықтары.Пифагор: сан негіз ретінде.Өлшем және гармония. Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты. Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглер менТойнби еңбектерінде бұл термин өзіндік ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында қолданылды.

72.Позитивизм оның негізгі кезеңдері. Позитивизм (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс, нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт. Бүл философиялық бағыт ағылшын тілінде сейлейтін елдерде кең тараған. Оның окілдері Р.Карнап (1891-1970), Л.Витгенштейн (1889-1951), Б.Рассел (1872-1970), А.Айер (1910) жөне т.б. Неопозитивизм — XIX ғасырдың 30-жылдарыңца пайда болган субъективтіё-идеалистік бағыт — позитивизм идеяларын жаңа тарихи жағдайларға жоне ғылым дамуының жаңа деңгейіне сөйкес өрі қарай дамытушы философиялық ағым. Соңдықтан да ол үшінші позитивизм (неопозитивизм) деп аталады. Бірінші позитивизм ретінде О.Конттың (1798-1857) жоне Г.Спенсердің (1820-1903) философия ғылыми танымның дамуына кедсргі болатын керексіз нөрсе деген көзқарасй алынған: философия тікелей қабылдауға болмайтын заттардың мөнін, түпкі себептерді білуге талпындыратын іске аспайтын мақсат қойып, таным процесіне теріс бағыт береді деп санады позитивистер. Конттың пікірінше, адамның таным процесі қүбылыстардың сырт көрінісін сипаттап, классификациялауға өрекет жасауы тиіс, олардың ішкі мәнін іздеп өуре болмауы тиіс. Конттың бүл идсяларын өрі қарай дамыту XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында эмпириокритицизм деп аталған оның жаңа түрі — екінші позитивизмнің пайда болуына өкелді. Бүның өкілдері Э.Мах (1838-1916), Р.Авенариус (1843-1896) жөне басқалар заттар мен қүбылыстарды түйсіктер деп атап, дүние танудың мақсаты түйсіктердің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу деп түсіңдірді, сөйтіп олар материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қатынасы жайындағы мөселені жоққа шығарды, түйсік, сана алғашқы деп санап, субъективтік идеализмді жақтады. Үшінші позиттизм — XX ғасырдың 20-30-жылдарында эмпириоқритицизмнің орнына келген неопозитивизм — математикалық логиканы философиялық зерттеулерге қолданудың ңөтижесіңде туды. Ең кең тараған бүл философиялық ағымды жақтаушылар жаратылыстанушы ғалымдардың ішінде көптеп саналады. Бүл ағымның кең таралуының бір себебі сол, ол бүкіл „метафизикаға",яғни жалпы философиялық проблемаларға қарсы шығып, бүл проблемалар ойдан шығарылған жалған проблемалар деп санайды; философия ғылымға қызмет етуі тиіс, ғалымдардың ғылыми қағидаларды түжырымдауына, оларды қолдануына көмектесуі қажет, соңдықтан философия тілге логикалық талдау жасаудың ережелерін жасаумен, тіл проблемаларын шешумен айналысуы тиіс деп есептейді.

 

73.Психоанализ. Психоанализ - адам өмірі мен қоғамдағы бейсаналық рөлін, т.б. психикалық процестерді түсіндіретін қазіргі заманғы философиядағы бағыт. Психоанализдің негізін қалаушы - австриялық ғалым - психиатр Зигмунд Фрейд -(1856-1939) болды. Ол, Мен, Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін»басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені — Ол мен (көмескі сана) қоршаған дүние арасындағы делдал. Бұл құрылым «шындық принципін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның көмескі санасына ықпал ету. Адам Мені Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның (к.с.) ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір жағдайларда сана аймағына шығып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен сублимация арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын

74. Рационалдық (логикалық) таным, оның формалары. Рационализм (лат. Каііо- акыл-ой, пайымдау дегенді білдіреді) деп аталатын баска бір бағыттын екілдері ойлаудын таным процесіндегі рөлін асыра бағалайды (мәселен, Декарт Спиноза). Иррационализм (лат. Іітаііопаііз- акыл-ойсыз деген сөзден шыққан) бойынша танымнын негізінде ақыл-ой емес, сезім, түйсік жатады. Білім шындықты танып білудің сезімдік және рационалдык бейнелеуінін бірлігі болып табылады.

 

75. Сана. Жалпы ұғымы, пайда болуы мен негізгі талдау тұрғылары. Сананың пайда болуының алғышарттарына сіздің көзқарасыңыз.. Сана танымдық тұрғыдан қарағанда дүниені бейнелеудің тек адамға тән идеологиялық формасы. Сана белгісіз ғайыптан атадан балаға көшетін нәсілдік. Философиялық тұрғыдан, сана деп-адам миының объективті шындықты сезімді немесе логикалық образдарда мақсатты түрде жан-жақты және баға беру түрінде бейнелеуін айтамыз.Сана бұл текқана қандайда бір образ ғана емес дүниенің белсенді түрде бейнелеумен оны қайта бейнелеуге бағытталған әрекеттің ең жетілген түрі.Адам санасының ең маңызды қасиеттерінің бірі-оның белсенділігі.Сананың белсенділігі мынадай жағдайларда жүзеге шығады дүниені мақсатты түрде және таңдау арқылы бейнелеуде.Табиғи және әлеуметтік құбылыстармен процесстердің даму туралы болжамын жасайды адамның қайта өзгеру әрекетінің негізгі ретінде қызмет етеді.Сананың пайда болуы табиғат эвалютциясының нәтижесі болып табылады.Жердегі өмірдің күрделенуімен бейнелеудің тітіркенушілік, қозушылық,сезушілік деп аталатын қарапайым түрлерінің болуымен сипатталатын тірі табиғат болады.Егерде сана мидың функциясы дейтін болсақ ал ми орталық нерв жүйесінсіз мүмкін емес.Орталық нерв жүйесінен адам ми жануарлардың психихасы түзіледі.Психиканың дамуының ең жаңа кезеңі адам санасының пайда болуы. Бұл еңбек құралдарын ойлап табу ретіндегі адамдардың жасалған мәдениет заттары ретіндегі және адамның белгілі бір даму кезеңінде пайда болған белгі жүйелері әлеуметтік фактурлардың себепшісі болуымен байланысты.Адам санасының пайда болуымен дамуының алғы шарты тілдің дамуымен ұштастырылған адамдардың сайман жасау іс - әрекеттері.Бұл іс-әрекет адамдардың бір-бірімен қоян-қолтық араласуын, өзара әрекеттесуін талап етеді. Ол жалпыға ортақ мақсатсыз мүмкін емес.Дамуының бастапқы кезінде адам санасының сыртқы сипаты тән. Адам өзін бұл дүниеден тыс сезінеді.Кейінірек адамда өзін-өзі танитын қабілеті пайда болады. Бұл бағыт сапаның дамуына рефлекстік деп аталады.Екінші бағыт ойлаудың дамуымен байланысты ұғынушылық деп атайды. Бұл бағыт, ойлаумен тілдің өз ара тығыз байланысын білдіреді.Бұл жерде, ұғымдармен сөздер маңызды элементтер болады. Өздерінің тұтастығында сананың мынадай бірліктері сөз ұғымды білдіреді.Сананың құрылымы дүние жайлап білімдердің бүкіл тыныштығын обиект пен субектің айырмашалығын және субектілік обектілік қатынас сонымен бірге мақсатты іс әрекетті білдіреді.

 

76. Сезімдік таным, оның негізгі формалары. Сезімдік таным- сезім мүшелері: көру, есту, сезіну жән







Date: 2016-05-18; view: 2656; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.034 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию