Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Психикалық аурулар





Кіріспе

Психикалық аурулар ұғымын анықтау психиатрияның даму дәрежесіне орай үнемі өзгеріске ұшырауда.Психикалық аурулардың баламасы ретінде психоздар деген сөз де алынады. Бұл сездің тү-сінігінде қызметі төмендегідей өзгеріске ұшырайды: психикалық реакция ақиқат қарым-қатынастарға шұғыл, дөрекі қарама-қайшы келеді, мұның өзі ақиқат дүниені бейнелеудің бұзылуынан және мінез-құлықтың өзгеріске ұшырауынан байқалады. Психоз кезінде психикалық қызмет сыртқы дүниемен қатыста өзгеріске ұшырайды, осының әсерінен ішкі жағдайлар, өзгереді — мидың рефлекстік қызметі бұзылады немесе ми қызметі әлсірейді, бұрмаланады, тіпті толық істен шығады. Соның салдарынан көңіл күй, уайымдау, шешім қабылдау іштей болады. Ал дені сау адамда шешім қабылдау, пайымдау, сезім (meentis alienatio — ақылсыз, жынды) сыртқы әсерлер себебінен туып, ақиқат дүниемен үйлесімді байланыста болып келеді.

Мидың патологиялық жай-күйі психиканың жеңіл, болмашы өзгерістеріне де әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда ақиқат дүниені бейнелеу бұзылмайды да, мінез-құлық та елеулі өзгеріске ұшырай қоймайды. Мұндай психикалық ауруларға невроз, психопатия (психикалық дисгармония) жатады. Психоздар мен басқа да психикалық аурулардың арасындағы айырмашылықты белгілеудің теориялық жағынан ғана емес, практикалық жағынан да маңызы бар. Психоз басталғанда аурудың қабілетсіздігі байқалады. Қоғамға қауіпті әрекет жасағанда ондай ауруға сот жауапкершілік жүктемейді, медициналық шаралармен қорғауды қажет етеді. Сонымен бірге мұндай аурулар мемлекеттік және қоғамдық органдарға сайлауға қатыспайды, өздері де сайлана алмайды. Алайда мұндай айырмашылық үнемі бола бермейді. Көптеген психоздардың дамуының алғашқы кезеңінде олардың барысы қолайлы өткен кезде немесе ремиссия уақытында ақиқат дүниені бейнелеудің бұзылуы бола бермейді, сана-сезім мен мінез-құлық елеулі дәрежеде бұзылмайды.

Ақиқат дүниені бейнелеу әр түрлі психикалық аурулар кезінде әр қилы дәрежеде зақымданады. Кейбір аурулар кезінде сезімдік таным, яғни заттар мен құбылыстарды тікелей бейнелеу елеулі түрде өзгермейді. Керісінше, ойлаудың неғұрлым күрделі формалары — абстрактілі, логикалық таным, заттар мен құбылыстардың ішкі байланыстарын бейнелеу бұзылады. Басқа аурулар кезінде сезімдік танымның жоғарғы да, бастапқы да формалары бұзылады. Айталық, параноя деп аталатын психозда сезімдік таным аз бұзылады. Ауру адамдар затты, құбылысты дұрыс қабылдайды, қоршаған жағдайға дұрыс бағдар жасап, өздерін күнделікті өмірде дұрыс алып жүреді. Алайда, оларда құбылыстар мен заттар арасындағы ішкі, неғұрлым терең қарым-қатынастардың бейнеленуі бұрмаланған болып келеді. Аурулар физиканың қалыптасқан заңдылықтарына қарамастан, ғылыми деректерді бұрмалап, мәңгілік двигатель ойлап шығарады, бүкіл әлемдік тартылыстын жаңа заңын аштық- деп дәлелдейді, т. б. Сананың тұмандануы қоса қабат жүретін психикалық аурулар кезінде ақиқат дүниені ұтымды әрі сезімдік бейнелеу бірыңғай дәрежеде бұзылады. Санасы тұманданған кезде аурулар маңайындағы адамдардың бет келбетін танымайды, заттарды бұрмалап қабылдайды, олардың ойлауы байланыссыз, мінез-құлықтары ретсіз, бейберекет мазасыз қимылға бейім келеді.

Психикалық аурулар

Психикалық аурулар көрінісі психикалық процестердің әр алуан өзгеріске ұшырауынан байқалады. Бұл жағдайларда нақты қабылдау бұзылады, ой ағымы өзгереді, пайымдау бұрмаланады, ес әлсірейді, объективтік сылтаусыз-ақ көңіл-күй езгереді, дәлелденбеген іс-қылықтар жасалып, сана тұмандана түседі.

Ауру психикалық кызметті өзгертеді, ал кейде әлсіретіп, тіпті мүлде жоқ қылып та жібереді. Сондықтан да психикалық ауруларды жеке адамының аурулары ретінде айтамыз. Мұның себебі, еңбек процесі мен қоғамдық өмірде пайда болған адам психикасы — мидың айрықша қызметінің, оның өмірлік қызметінің нәтижесі болып саналады. Мұның бәрі мидан тыс өмір сүре алмайды. Ми-психикалық қызметтің органы, сыртқы дүние — оның қайнар көзі. Мидың рефлекстік қызметі сонымен бірге, бұл — нервтің де, психиканың да қызметі, сол сияқты бейнелеу де мидың қызметі. Психикалық қызмет (түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау) рефлекстік қызмет процесінде пайда болады, оның барысында өзіндік сапалық өзгешеліктері бар психикалық құбылыстардың пайда болуы заңды жүріп жатады. Психикалық кызметтің рефлектік табиғатына сәйкес психикалық аурудың кез кел-ген көрінісі ол қаншалықты күрделі болғанымен, жоғарғы нерв қызметі бұзылуының нәтижесінде пайда болады.

Психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметінің бұзылуы — негізгі ми процестеріндегі әр алуан зақымданудың ара салмақтарына — қозу мен тежелуге, бірінші және екінші сигнальдық жүйелердің, ми қыртысы мен қыртыс астының өзара қарым-қатынасына, мидың жүйелі қызметінің зақымдалуына байланысты..

Қазіргі кезде әр түрлі психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметі кеселденуінің ерекшеліктері өте шектеулі мөлшерде, кейбір жағдайларда жалпылама белгілері тұрғысынан ғана зерттелген. Кейбір психикалық бұзылулар жануарлардың белгілі бір түрлерінің жоғарғы нерв қызметін кеселге шалдықтыру арқылы бірнеше мәрте тәжірибе жасау арқылы алынды. Көп жағдайда мұндай бұзылулар жоғарғы нерв қызметі кеселінің сипатын білуге сүйенген арнайы емдеу әдістерінің нәтижесіне негізделіп, таралып отырылды. Зерттеудің мұндай түрі жекелеген психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметі кеселдерінің кейбір ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Алайда зерттеудің бұл әдісін барлық психикалық ауруларға қолдану мүмкін емес. Жануарларға жоғары нерв қызметінің ең бір қарапайым бұзылулары ғана байқау түрінде ғана жүргізіледі. Мұндағы патофизиологиялық заңдылықтар адамға шартты түрде ғана қолданылады. Көптеген психикалық ауруларда жоғарғы нерв қызметі бұзылуының ерекшеліктері әлі де нақты зерттелген жоқ. Өйткені мұндағы міндет күрделі әрі аса көп, қиын еңбекті талап ететін зерттеулерді қажет етуде.

Психикалық аурулар кезіндегі патология ми қызметімен шектелмейді, ол бүкіл ағза қызметінің бұзылуынан байқалады. Психикалық аурулар — көбіне ми зақымға ұшырайтын бүкіл ағзаның аурулары. Ми алғаш рет зақымға ұшырағанда (мысалы, жарақаттанғанда) оның қызметі ғана емес, сондай-ақ көптеген жүйелер мен мүшелердің қызметі де бұзылады. Әр түрлі жалпы аурулар да мидың екінші рет зақымдануын туғызады (мысалы, улану нәтижесінде.

Осы айтылғандарға сәйкес психикалық аурулар патогенезін зерттеу жоғарғы нерв қызметі бұзылуларының ерекшеліктерін белгілеуді ғана қамтымайды, сондай-ақ төменгі нерв қызметін зерттеуге, оның бұзылуының жоғарғы нерв жүйесімен өзара байланысына да негізделеді. Сол сияқты бұл мәселеге биохимиялық, биофизикалық және морфологиялық зерттеулер де енеді.

Психикалық бұзылыстар этиологиясы.

Психикалық ауруларды тудыратын себептерді зерттеу олардың екі топтан (ішкі және сыртқы) құралатынын көрсетті. Ішкі себептерге генетикалық факторлар, ерте жастағы дамуының бұзылысы, ми қызметіне әсер ететін әр түрлі соматикалық аурулар (ишемия, эндокринопатия, аутоинтоксикация, т.б.). Сыртқы себептер өз алдына 2 негізгі топшаларға бөлінеді: 1) миға органикалық әсер ету, соның ішінде жарақаттанулар, интоксикациялар, инфекция, радиациялық зақымданулар; 2) эмоциональды күйзелістің зақымданушылық әсері, тұлға аралық және тұлға ішілік қайшылықтар, дисгармониялық тәрбиелену, жанұялық және әлеуметтік мәселелер. Аурудың сыртқы фактордың әсерінен шақырылғанына еш күмән болмаса да, ішкі фактордың әсеріне назар аудармауға болмайды. Бұл екі фактордың әсер етуі бір-бірімен байланысты.

Аурудың негізгі себептік факторы тек осы аурудың өту барысында анықталатын, оның пайда болуын, ары қарай дамуын, өршуін, ремиссиясын және қорытындысын анықтай алатын ғана фактор болып табылады. Бұл фактордың әсерінің тоқтатылуы аурудың тоқтауына әкеледі. Мұндай әсерлер триггерлік деп аталады.

Date: 2016-05-17; view: 2515; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.013 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию