Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Музыкалық номер





Оқушы

2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қайта қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды

Оқушы

Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді. Әнұранның мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс тапты. Ең бастысы – тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі – ел бірлігі баса айтылған.

13-оқушы:

1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар

Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

-Ата Заң жайлы кім айтады, қанекей, не білеміз?

14-оқушы:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
15-оқушы:«Ата Заң
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.
16-оқушы:

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
17-оқушы:

1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

III–кезең «Жырым саған арналады, Елбасы»
1) Тақпақтар:

18-оқушы:

«Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

19-оқушы:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз
20-оқушы:

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

21-оқушы:

1995 ж. сәуірдің 29 – ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

22-оқушы:

1999 – ж. қаңтардың 10 – ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Назарбаев 79, 78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды


23-оқушы:

2005 ж. желтоқсанның 4 – інде сайлаушылардың 91, 5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

2 ) Ребус шешу. (Шешуі: Ел тірегі – Елбасы.)

Музыкалық номер.

«Өз елім менің» әні орындалады.

«Елбасы- елдің тұтқасы» бейнеклибін тамашалайық.

«Елім менің» әні, сөзін жазған біздің негізгі кейіпкеріміз – Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған – Бекболат Тілеуханов. Қабылдин Диастың орындауында тыңдаңыздар. Бейнеклипке де назар аударайық.

. Сабақты қорытындылау:

Осы бейнеклиптен қандай әсер алдыңдар?

Оқушылар, бүгін біздер елбасымыз жайлы сабақтан толық мәліметтер алдық деп және оны өмірлік қажеттіліктерімізге пайдалана аламыз деп ойлайсыңдар ма?

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Елбасымыз басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Өйткені, елімізді басқарар білімді басшымыз барда, қой аузына бозтоғай жұмыртқалаған осындай керемет заманда өмір сүріп жатқан біздің қандай арманымыз бар? Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Еліміз дамыған елдер қатарынан көрініп, елбасымыз қолға алған стратегиялардың арқасында мемлекетіміз қарқында дамып, өркендеп келеді. Мұның бәрі елбасымыздың арқасында. Елбасымызды құрметтеп, қолда барда алтынның қадірін білейік, ағайын! – дей отырып,
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз

Назар аударғандарыңызға рахмет!

 

 







Date: 2016-05-16; view: 609; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию