Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






КУРСТЫҚ ЖОБАҒА ТАПСЫРМА





ЖОБА

 

 

Компьютерлік желілерді жобалау пәні бойынша

(пәннің атауы)

 

Тақырыбы: Локальді компьютерлік желінің сипаттамасы және ерекшеліктері

 

 

 

 

Орындаған:

 

Танаш С.С.

(қолы, аты-жөні) (аты-жөні)

Қабылдаған:

______________ Бурлибаев А.Ж.

(баға) (аты-жөні)

 

 

 

 

Алматы 2016

 

КУРСТЫҚ ЖОБАҒА ТАПСЫРМА

 

Бастапқы деректер: « Компьютерлік желілерді жобалау » пәнінен курстық жобалауға арналған әдістемелік нұсқауда келтірілген. Нұсқа № 17

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

 

ЖОБАЛАУҒА ТАПСЫРМА

 

1 ЛОКАЛЬДІ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІНІҢ СИПАТТАМАСЫ......................4

1.1 Жергілікті желі мүмкіншіліктері.....................................................................4

 

2 ЛОКАЛЬДІ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.....................7

2.1 ЛКЖ конфигурациясы....................................................................................7

2.2 ЛКЖ негізгі(типтік) топологиялары...........................................................10

2.3 ЛКЖ аппараттық құралдары..........................................................................14

 

3 ЛОКАЛЬДІ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ХАТТАМАЛАР..............20

3.1 Байланыс хаттамалары....................................................................................20

 

Қорытынды............................................................................................................21

 

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................22

 

 

КІРІСПЕ

 

Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net - желі, work - жұмыс) – берілген ережелерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі немесе ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы. Компьютерлік желі ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге өткізуге, сонымен қатар төмендегі ресурстарды: принтерлер, модемдер және хабарларды сақтау құрылғыларын пайдалануға мүмкіндік береді. Желілер:

v Локальды (аймақтық) желі – бір-біріне жақын орналасқан компьютерлерді басқарады. Мысалы, бір ғимаратта орналасқан көрші бөлмедегі компьютерлер.

v Глобальды (ауқымды) желілер – глобальды желілер ережеге сай бірнеше локальды желілерді біріктіреді. Компьютерлер әр түрлі қалаларда және әр түрлі елдерде болуы мүмкін.

 

Жұмыстың мақсаты. Жергілікті желінің кең қолданысын көрсету

Жұмыстың міндеті. Аймақтық компьютерлік желінің сипаттамасы мен ерекшеліктерін қарастыру

 

 

1 ЛОКАЛЬДІ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

 

1.1 Жергілікті желі мүмкіншіліктері

 

Жергілікті желі (LАN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық-таратылған желілер (WАN) географиялық тұрғыдан алатын бір-бірінен қашықта орналасқан бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.

Қазіргі кездегі желілерді көптеген түрге жіктеуге болады: компьютердің қашықтығы, топологиясы, тағайындалуы, қызметтің берілу тізімі, басқару принципі, коммутация методтары, қатынау методы, жіберу орта түрі, мәліметті беру жылдамдығы және т.б.. Компьютерлік желілер адамдар мен компьютер арасында мәліметті беру және жеткізу жылдамдығын беретін ынтымақтастық нұсқасы. Компьютерлердің мүмкіндігі өсіп және ДҚ-лар әрбіреуге қол жеткізерлік.

Ең алғашқы локальді желі Ливерморсктегі зертханада 1964 жылы өңделіп шықты.[1]

Желіге қосылған компьютерлер ақпаратты алмасуда, ақпаратты сақтау құрылғысы және перифериялық құралдарды қолданады.

Ресурс пен ақпаратты желі арқылы бөлуге болады. Төменде жеке компьютер көмегімен орындау қиын болатын, желідегі жұмыс станциясының көмегімен шығарылатын негізгі тапсырмалар берілген:

Компьютерлік желі перифериялық құралдарды қолдануға мүмкіндік береді:

· Принтерлер;

· Плоттерлер;

· Дисктік жинақтауыштар;

· Приводтар CD-ROM;

· Дисковод;

· Стриммерлер;

· Сканерлер;

· Факс модемдері;

Ақпараттық ресурспен бірге компьютерлік желіні қолдануға мүмкіндік береді:

· Каталогтар;

· Файлдар;

· қолданбалы бағдарламалар;

· ойындар;

· мәліметтер қоры;

· тексттік процессор.

Компьютерлік желі мәліметтер бүтіндігін сақтап ортақ мәліметтер қоры және файл мен жазбалардың бұғаттап, қатынау мүмкіндігімен қамтамасыз етіп, көппайдаланушы программамен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Ресурстың үйлесімді қолданылуы уақыт пен қорларды үнемдейді. Мысалы, принтерді коллективті жұмыс орнында қолдану кезінде барлығына бір принтер сатып алу әрбіреуіне жеке сатып алуынан әлдеқайда үнемді және жұмысшылармен дискедамен жүгірмей-ақ желі арқылы мәліметті басып шығаруға болады.

Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам
қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап
өтуге болады[2]:

- құжаттарды бірге пайдалану;

- құжат айналымын жеңілдету;

- тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

- компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;

- сервердегі қолданбалы программалармен оңай байланысу;

- қымбат тұратын қорларды принтерлерді, СD-RОМ мәлімет жинақтауыштарын, қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолданбалы программаларды (мысалы, мәтіндік процессорларды немесе мәліметтер базасын) бірігіп пайдалануды жеңілдету, т.б.

Аймактық – таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет (ISDN, Integrated Services Digital Network) көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады. Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді файлдары тасымалдау үшін жиі қолданылады.

 

 

2 ЛОКАЛЬДІ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 ЛКЖ конфигурациясы

 

Жергілікті компьютер желілері бірыңғай(бір деңгейлі) және иерархиялық болып бөлінеді. Бірыңғай желі– барлық компьютерлері тең құқылы және бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10-15-тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады.

Бірыңғай желілерде сервер дегеніміз – ресурстары осы сәтте басқа компьютерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде клиент те бола алады, яғни өзі ресурстар беретін компьютердің ресурстарын пайдаланады. Жергілікті ресурстың ортаққа айналдырылуы компьютерді пайдаланушымен, ОЖ құралдарымен жасалады. Қажет болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольді де белгілейді.

Бірыңғай желілердегі операциялық жүйелер ортақ ақпараттық ресурстардың оқылуын және редакциялануын, «бөтен компьютерден» программаларды қосуға мүмкіндік беретін тікелей басқарудың құралдарын қамтамасыз етеді. Бір деңгейлі желілердің маңызды ерекшелігі – онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық жабдықтың қажеті жоқ.

Иерархиялық желілер. Иерархиялық жергілікті желілерде бір немесе бірнеше сервер болады.

Иерархиялық желілердегі сервер – бөлектенетін ресурстардың тұрақты сақтау қоймасы. Сервердің өзі тек иерархияның одан жоғары деңгейіндегі сервердің клиенті бола алады. Серверлер әдетте жоғары өнімді компьютерлерден, бәлкім, бірнеше параллельді жұмыс істейтін процессорлардан, үлкен сыйымдылықты винчестерлерден, жоғары жылдамдықты желілік картадан (100 Мбит/с жәнеәне одан да көп) тұрады.

Серверде ақпаратты ұйымдастыру және сақтау амалын арнайы адам мен – желінің басқарушысы белгілейді.

Жергілікті иерархиялық желілерде мәліметтерді өңдеу екі объектінің: клиент пен сервер арасына бөлінген. Клиент, жоғарыда айтып өткеніміздей, жұмысшы станциясы, бұл сөздің мағынасына жұмысшы станциясын пайдаланушыны да қосуға болады. Бірақ, сонымен бірге жұмысшы станциясынан сервердің ресурстарына енуді жүзеге асыратын арнаулы компьютерлік программа да «клиент» деп аталады. Мәліметтерді өңдеу кезінде клиент қандай да бір күрделі немесе арнаулы процедураларды орындау үшін серверге сұрату дайындайды, мысалы, файлды санау, жазбаларды іздестіруді жүзеге асыру және т.б. Сервер өз кезегінде клиенттен түскен сұратуды өңдеп, оны орындайды да, қорытындысын клиентке қайта жібереді. Әдетте, сервер жалпы пайдаланудағы мәліметтерді сақтауға, оларға енуге және мәліметтерді клиентке жолдауға жауап береді. Мәліметтерді алған клиент оларды өңдеп, өңдеудің нәтижесін пайдаланушыға ыңғайлы түрде ұсынады. Кейде мәліметтерді өңдеуді сондай-ақ сервер де орындайды.

Иерархиялық желілердің жұмысын басқаратын программалық қамтамасыз ету екі бөліктен тұрады:

- серверде орнатылатын желілік операциялық жүйе;

- жұмыс станциясындағы программалық қамтамасыз ету, бұл жұмыс станциясында бар операциялық жүйенің басқаруында жұмыс істейтiн программалар жиынтығынан тұрады. Әлбетте, әр түрлі жұмыс станцияларында бір желіге алуан түрлі операциялық жүйелер орнатылуы мүмкін.

Үлкен иерархиялық желілерде желілік операциялық жүйе ретінде UNIX пайдаланылады. Орта көлемдегі желілерде қазіргі уақытта Windows NT желілік операциялық жүйесі қойылады. Мұндайда серверде Windows NT Server деп аталатын оның серверлік бөлігі, ал жұмысшы станцияларында Windows NT Workstation клиенттік бөлігі орнатылады немесе клиенттің программасы ретінде Windows 95 пайдаланылуы мүмкін.

Серверді иерархиялық желілерде пайдалану жолдарына байланысты серверлердің мынадай типтерін бөліп айтуға болады:

Ø файлдық сервер – бірлесіп өңдейтін файлдар, бірлесіп пайдаланатын программалар сақталатын және оларға пайдаланушы адамның қолы жетуін қамтамасыз етуші компьютер;

Ø деректер базаларының сервері деректер базасы файлдарын сақтау, өңдеу, басқару және жұмыс станциясынан келіп түскен сұраныс бойынша ақпараттар беру функциясын орындаушы компьютер;

Ø басып шығару сервері – басып шығару құрылғысы, қолданушылардың қолы жетуге қолайлы желілер қосылған компьютер, ол басылым сұранысына қызмет етеді, олардың орындалу кезегін ұйымдастырады;

Ø пошта сервері – жергілікті желілер бойынша да, ішкі модем бойынша да жіберілетін және алынатын ақпараттар сақтаулы компьютер. Оны пайдаланушы адам өзіне ыңғайлы кез келген уақытта өз атына келіп түскен ақпаратын жібере алады.

 

 

2.2 ЛКЖ негізгі(типтік) топологиялары

 

Жергілікті желілерде компьютерлер арасында информация тасымалдау жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, тіпті 100 Мегабитке де жетеді. Жалпы желілер жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық ондай жоғары емес, телефон каналдарын пайдалану кезіндегі оның жылдамдығы секундына 2400-57600 биттер аралығында болады.

Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

Желі топологиясы бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютерлердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы. Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар: жұлдызша, сақина, шина.

Жұлдызша топологиясы

«Жұлдызша» топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютерлермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды.

Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді. «Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады. Жұлдызша топологиясының мысалы ретінде Internet топологиясы Витая пара 10 BASE-T кабелі болып табылады, жұлдызша орталығы. Жұлдызша типті топология кабельдің жарылуынан сақтауды қамсыздандырады. Егер жұмыс станциясының кабелі бұзылған болса, бүкіл желі сегментін қатардан шығармайды. Ол сондай-ақ, әрбір жұмыс станциясының кабельді сегментінің болуына, концентратқа қосылуына байланысты, қосылу мәселесін диагностикалайды. Диагоностика үшін кабельдің бүлінуін табу жеткілікті. Желінің қалған бөлігі жақсы жұмыс жасайды. Алайда, жұлдызша топологиясының кемшіліктері де бар. Біріншіден, ол көп кабельді қажет етеді. Екіншіден, концентраттары барынша қымбат. Үшіншіден, кабельді концентраттарды кабельдің көп болған жағдайында күту қиын. Алайда, мұндай жағдайдың көбінде қымбат емес, витая пара кабелі қолданылады. Кейбір жағдайларда телефон кабелдерін де қолдануға болады.

 
Концентратор (коммутатор)

Сурет 1 Жұлдызша топологиясы

Сақина топологиясы

«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған (міндетті түрде шеңбер емес) желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады.

«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның» тағы бір осал жері – деректер біреулердің желілік компьютері арқылы өтетіндіктен де, ақпаратты бөгде ұстап қалуына мүмкіндік береді.

Берілген мәлімет бір жұмыс станциясынан бір бағытта екіншісіне жіберіледі. Әрбір ДК қайталаушы ретінде жұмыс атқарады, алған хабарды екіншісіне ретрансляциялайды, яғни мәліметтер бір компьютерден екіншісіне эстафета сияқты жіберіледі. Егер компьютер басқа компьютерге арналған мәліметтер алса, оны ары қарай жібереді, әйтпеген жағдайда жіберілмеуі де мүмкін. Қарапайым түрде барлық станцияларға сұраныс бір уақытта жіберіледі. Сақиналық топологияның басты мәселесі сонда, барлық компьютерлер белсенді жұмыс атқаруларында, егер олардың біреуі жұмыс қатарынан шықан жағдайда, барлық желі тоқталады. Таза топология сирек қолданылады. Оның орнына сақиналы топология қатынау әдісінің сұлбасында, транспорттық рөл атқарады. Сақина логикалық маршрутты сипаттайды, ал десте толық шеңбер жасай отырып, бір станциядан екіншіге жіберіледі.

Сурет 2 Сақина топологиясы

 

Шина топологиясы

«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға» тікелей қосылады.

«Шина» топологиясы бар желіде деректер екі бағытта бірдей жылжиды. Кабель-шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина» жағдайындағыдай, желінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді.

Жалпы шина топологиясы бір кабельге барлық желі компьютерлерінің қосылуын қолдануды ұсынады. Топологияның жалпы шина жағдайында кабель барлық станцияларда кезегімен қолданылады. Жалпы кабельмен жұмыс кезінде компьютерлер бір-біріне кедергі жасамау қарастырылған. Жеке компьютерлермен жіберілген немесе алынған барлық хабарларды басқа компьютерлер алады және естиді. Жұмыс станциясы ақпарат адрестері қолдана отырып хабарлар адресін алады.

Терминатор
Терминатор

Сурет 3 Шина топологиясы

Жергілікті желіде ақпарат жеткізу жылдамдығы 5-тен 100 Мбит/с-қа дейін жетеді.

 

 

2.3 ЛКЖ аппараттық құралдары

 

Жергілікті есептеу желісі – бір-бірінен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және мәліметтер тасымалданатын физикалық орта арқылы біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер (есептеу машиналары, жад құрылғылары, принтерлер және т.б. электрондық құрылғылар) жиынтығы. Бір-бірінен қашықта орналасқан жұмыс орындарындағы жабдықты, программалық құралдарды, ақпаратты бірлесе пайдаланатын компьютерлер жергілікті есептеу желісі арқылы бір жүйеге біріктіріледі. Принтер, модем, дискідегі мәлімет жинақтауыш тәрізді құрылғыларды ортақ пайдалану мақсатында дербес компьютерлер мен басқа офистік электрондық құрылғыларды желі арқылы бір-бірімен байланыстырады. Мұндай желідегі жабдықтар бір ғимаратта немесе бір-біріне жақын, қатар тұрған бірнеше ғимаратта орналасады.

Жергілікті желідегі компьютерлер мен құрылғылар көмегі арқылы жалпы мақсаттағы коммутацияланатын желімен немесе одан да басқа желілермен байланыса алады. Мысалы: Ethernet (10 Base-2,5,T,F), Fast Ethernet (100 Base-TX, FX, T4), Token Ring, Apple-Talk, ARCHNET және т.б. жергілікті желіге тән қасиеттер: мәліметтер жеткізу жылдамдығы жоғары, қате шығу деңгейі төмен және арзан бағалы жеткізу ортасы қолданылады. Кемшілігі: ұзындығы қысқа, жақын араға жеткізуге арналған. Жергілікті есептеу желісін CAN, MAN, WAN және GAN сияқты кең масштабты құрылымдарға біріктіруге болады: CAN – Campus Area Network – жақын орналасқан ғимараттарды байланыстыратын кампустық желі; MAN – Metropolitan Area Network – қалалық масштабты желі; WAN – Wide Area Network – кең масштабты желі; GAN – Global Area Network – ауқымды желі, цифрлы ақпараты бір немесе бірнеше жоғары жылдамдықты арналармен жеткізу, шектеулі аймақта қолдау табатын есептеу желісі; жалпыға ортақ қызмет ететін байланыс құралдарын пайдаланбайтын, тораптары бір-бірінен шамалы қашықтықта орналасқан есептеу желісі.

Соңғы кезде бір мекемеде орналасқан жергілікті радиоторапты желілер кең тараған. Мұның артықшылығы – біріншіден, жалпы көрсеткіштері ойдағыдай болғанмен, бағасы онша қымбат емес, екіншіден, жұмыс істеп тұрған кабельдік желілермен оңай байланысады.

Радиоторапты желілердің негізгі кемшілігі – олардағы информация тасымалдау жылдамдығының өте төмен деңгейде болуы, ол 10 Мбит/сек мөлшерінен аса алмайды. Келешекте радиожелілер кеңінен қолданылады.

Олардың объективті себебі:

− радиожеліні іске қосуға кететін қаражат осы тәрізді кабельдік жергілікті желіні іске қосудан арзан;

− ескі мекемелерде қабырғаларын тесіп, кабель жүргізу оңай емес;

− радиожеліні тарихи бағалы деп есептелетін мекемелерге жүргізу ыңғайлы, өйткені кабель жүргізу үшін тарихи ескерткішті қорғау орындарының келісімі керек;

− кабель жүргізуге мүмкіндік жоқ, ал жергілікті желіні кеңейту керек.

Субъективті себептері:

− кабельдік желіге қарағанда қайта құру оңай, мысалы жаңа торап қосу, алу, олардың құрылғыларын орнату және т.б.;

− жергілікті радиожеліге уақытша және жылдам қосылуға тиіс жеке пайдаланылатын ноутбуктерді қосу ыңғайлы;

− жергілікті желілерді қолданылатын бағдарламалық жабдықтарына қарай екіге бөлуге болады.

Ақпаратты беру кезінде кабельдің түрлері қолданады. Оған:коаксальды, экрандалған және экрандалмаған орам жұбы және оптолокондық кабельдер жиынтығы жатады. Мәліметтерді жіберудегі ең жиі қолданылатын кабель түрі, яғни кіші қашықтыққа (100 м-ге дейін) экрандалмаған кабельдер қолданылады. Оптолоконды кабель кең ауқымды және локальдық байланысты құру кезінде кеңінен қолданылып, онымен қоса магистральдық глобальды жүйелерді қалыптастыруға пайдаланылады. Кабель жүретін каналдарды өткізу қызметі жағынан жоғары және оларды біршама қашықтыққа тасымалдайды.

Мәліметтерді тасымалдау ортасы ретінде есептелетін жүйелерде КВ, УКВ, СВЧ сияқты әр түрлі электромагнитті толқындарды. Бірақ локальды жүйелерде радиобайланытар кабельдерді құру мүмкін емес кезде ғана қолданлады. Мысалы:кез келген мекеме, ғимарат.

Құрылымданған кабельдық жүйе (Structured Cabling System-SCS)-камутациондық элементтер жиынтығы (кабельдер, шкафтар т.б.), сонымен қатар оларды ортақ қолданудың методикасы болып табылады.

Құрылымданған кабельдық жүйенің артықшылығы:

Универсалдығы. Локальдық есептік жүйелерде алдын ала ойластырылып қойылған, құрылымданған кабельдық жүйе, ондағы компьютерлік мәліметтерді ортақ ортада локальдық жүйеде тарту.

Қызмет ету уақытығының ұзақтығы. Жақсы құрылымдалған кабельдық жүйенің ескіруі 8-10 жылдан тұруы мүмкін.

Жаңа қолданушыларды қосу және олардың орналасу орнының өзгеруі кезінде бағасының азаюы. Кабельдық жүйенің бағасы негізінен оның кабелінен емес, оны орналастыру жұмысына байланысты анықталады.

Жүйенің оңай кеңейуінің мүмкіндігі. Құрылымданған кабельдық жүйе модульдық болып табылғандықтан, оны жеңіл өсіруге болады.

Ең жақсы қызмет көрсетумен қамтамасыз ету. Құрылымданған кабельдық жүйе қызмет етуді жеңілдететді және тұйықталуды іздейді

Сенімділік. Құрылымданған кабельдық жүйе жоғарғы сенімділік бере алады.

Date: 2016-05-15; view: 877; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию