Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зертханалық жұмыс № 15





Тақырыбы: «Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – HTML. Тексті пішімдеу тегтері. Суретттер кірістіру, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер»

 

Мақсаты: Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – HTML-ді қолданып, Web-бет жасаумен, тексті пішімдеу тегтерімен, HTML-құжатқа суретттерді, тізімдерді, кестелерді кірістіру, гиперсілтеме жасаумен таныстыру.

Негізгі ұғымдар:

HyperText Markup Language (HTML) – WEB ортасында гипертекстік құжаттарды жасауға арналған стандартты тіл. HTML-құжат кез келген пішімделмейтін текстік редакторда көруге және редакциялауға болатын қарапайым текстік файл болып табылады.

HTML-құжаттарды WEB-броузерлердің түрлі типтері арқылы көруге болады. HTML қолдану шрифтерді, сызықтарды және түрлі графикалық элементтерді қолданып кез келген оны көру жүйесінде көрсету үшін құжаттарды пішімдеуге мүмкіндік береді. Көптеген құжаттар тақырып, параграф және тізімдер сияқты стандартты элементтерден тұрады.

HTML-дің тегтерін қолдана отырып сіз браузерге өз құжатыңызды экранда қалай көргіңіз келетіні жайлы ақпарат бересіз.

HTML тегтері шартты түрде екі категорияға бөлінеді:

§ Құжаттың денесі тұтастай WEB-броузер арқылы қалай көрсетілетінін анықтайтын тегтер;

§ Тақырып пен құжат авторы сияқты құжаттың жалпы қасиеттерін тегтер.

HTML-құжаттар қалай жасалынады?

HTML-құжаттарды кез келген текстік редактор немесе арнайы HTML-редакторлар мен конвертерлер арқылы жасауға болады. Біз Блокнот текстік редакторында жасап үйренеміз.

HTML-тегтер

Барлық HTML тегтері "<" символынан басталып, ">" символына аяқталады. Бастау (стартовый) тегі және аяқтау (завершающий) тегі болады.

Мысал ретінде бастау тегі мен аяқтау тегінің арасына орналасқан, құжат тақырыбын сипаттайтын тақырып тегін келтірейік:

<TITLE> Құжат тақырыбы </TITLE>

Аяқтау тегі бастау тегіне ұқсас, айырмашылығы тек бұрышты жақша ішіндегі мәтін алдында слэштің (/) болуында. Бұл мысалда <TITLE> тегі WEB-броузерге тақырып пішімінің (формат) қолданғанын, ал </TITLE> тегі мәтін тақырыбының аяқталғанын білдіреді.

Кейбір тегтер, мысалы, <P> (абзацты анықтайтын тег) аяқтау тегтерін қажет етпейді, бірақ оларды қолдану құжаттың бастапқы мәтінінің оқылуын жеңілдетіп, құрылымын жақсартады.

Кестелерді жасау

Кестелерді бейнелеу үшін HTML тегтерінің бірнеше түрі қолданылады:

§ TABLE тегтері – бүкіл кестенің спецификациясын қоршайды.

§ Міндетті емес элемент CAPTION – кестенің тақырыбын (атын) спецификациялайды.

§ TR тегтері – кесте жолдарын спецификациялайды.

§ TH тегтері – жолдар мен бағандардың тақырыптарын спецификациялайды.

§ TD тегтері– кестедегі деректерді (кесте ұяшықтарының ішіндегісін) спецификациялайды.

Date: 2016-05-15; view: 1190; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию