Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Буманы, файлды өзгертуден қорғау жолдары





Windows операциялық жүйесінде буманы тұтастай жасырып қою мүмкіндігі бар. Ол үшін жасырылатын буманы белгілеп алғаннан соң

1) жанама мәзір көмегімен шақырылатын қасиеттер бөлігінен «Свойства» немесе «Общий доступ и безопасность...» бөлімін шақырамыз (4-сурет);

4-сурет. «Свойства» бөлімі.

 

2) шыққан сұхбаттық терезедегі «Общие» бөлімінің «Атрибуты» бөлігінен «Скрытый» қасиетіне қанатбелгі қоямыз да (5-сурет) «Применить» батырмасынан кейін «ОК» шертеміз.

 

5-сурет. Буманы жасыру қасиетін таңдау.

 

Жасырынған буманы қайта көру үшін «Сервис®Свойства папки» командасынан кейін шығатын сұхбаттық терезенің «Вид» бөліміндегі «Показывать скрытые файли и папки» қасиеттері бөлімін ерекшелеп аламыз да «Применить» командасынан кейін «ОК»- ді шертеміз (6-сурет).

 

6-сурет.Жасырылған буманы қайта қалпына келтіру жолы.

Бақылау сұрақтары:

1. Компьютерлік вирустар дегеніміз не?

2. Бүлінген және жұққан файлдар.

3. Компьютерлік вирустар қалай жіктеледі?

4. Кеңінен қолданылатын антивирустық программалар.

5. Компьютерлік вирустардан сақтанудың қандай жолдарын білесіз?

6. Архивтік файл деген не?

7. Файлдарды архивтеудің қажеттілігі.

8. Архивтеу программаларының атқаратын қызметі.

9. WinRar архиваторын қолдану ерекшеліктері.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев «Специальная информатика», Москва, «Аст – Пресс – книга», 2003г.

2. Симонович С. В. И др. «Информатика. Базовый курс.», Санкт-Петербург, Питер, -2001г.

3. Фигурнов В.Э. «IBM PC для пользователя», Москва, ИНФРА-М, -1998г., изд.7.

4. Е.К.Балапанов, Б.Бурибаев «Новые информационные технологий. 30 Уроков по информатике», Алматы, 2001г.



5. А.В.Андреев, И.Б.Беккерман, В.И.Гриднев «Основы информатики и вычислительной техники», «Феникс», 2002г.

6. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г.

7. Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ – Петербург, 2003г.

9. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004.

10. О.Камардинов «Информатика» I, II том. Алматы, 1994г.

11. Қ.А.Ахметов, Б.Д.Шарипова, Г.К.Ордабаева, А.А.Тенгаева «Информатика», Алматы, 2007ж.

12. «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулық» Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2007ж.

 

ДӘРІС

Тақырыбы: Қазіргі замандағы жоғары деңгей тілдері: қысқа мінездеме, негізгі түсініктер. Объектіге бағытталған программалау технологиясы.

1. Кіріспе. Программалау тілі - Турбо Паскаль.

2. Паскаль тілінде программалаудың жалпы түрі.

3. Паскаль тілінде сызықтық программа құру.

4. Паскаль тілінде тармақталу (шартты өту), шартсыз өту және таңдау командалары.

 

1. Кіріспе. Программалау тілі - Турбо Паскаль.

Паскаль бағдарламау тілі, XVІІ ғасырда өмір сүрген француз ғалым- философы Блез Паскальдің құрметіне аталып отыр. Осы тілді құрастырушы Швейцариядағы жоғарғы политехникалық мектептің инфроматикалық институтының профессоры Никлаус Вирт болып табылады. Паскаль тілі жөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болып, содан бері тілдің дүниеге келген жылы болып табылады.

Тілдің ерекшеліктеріне тоқталып өтелік :

- Тілдің қарапайымдылығы оны тез арада жете меңгеруге мүмкіндік береды.

- Деректердың құрылысына қарай сандық, белгілік және екілік информациямен жұмыс жүргізуге және күрділі алгоритмді бағдарлама жасауға қызмет етеді.

- Жүйелік бағдарламалауда кеңінен қолдалауына оның өте тиімді бағдарламалау құру мүмкіңдігі сіптігін тигізді.

Белгілі бір есепті шішуде, есептеу жүргізуде қажетті іс-қимылдарды нақты түрде ретімен сипаттайтін іс - әрекеттер жоспарын бағдарлама дейміз. Іс - әрекеттердің аяқталған тізбегін беретін жазуды алгоритм дейді. Кез – келген есепті шешудің өзіндік бір алгоритімі болады. Сонымен бағдарлама тиісті алгоритмдік тілде жазылады Паскаль тілінде жазылған бағдарлама ағылшын сөздерінен құрылған қызмет сөздері тізбегінен тұрады .Әрбір аяқталған іс – қимылдан соң нүктелі үтір қойылады.



Ал, қазіргі кезде кеңінен қолданалатын программалау жүйесінің бірі- Turbo Pascal. Американың Borland корпорациясының бұл өнімі сол корпорацияның қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жетекшілігімен құрастырылған. Бастапқыда Паскаль тілі программалауды алғаш үйренушілер үшін өте тиімді құрал болып табылады. Қарапайым Паскальды өңдеудегі А.Хейлсбергтің үлкен еңбегінің нәтижесінде Turbo Pascal қазіргі заман талабына сай, қуатты программалау жүйесіне айналады. Turbo Pascal – жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның логикалық құрлымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Сондықтан, оқушылар мен студенттерге программалаудың қыр-сырын меңгертудің маңызы зор.

 

PASCAL тілінде қолданылатын негізгі белгілер:

 

  1. Латын алфавитінің әріптері
  2. Араб цифрлары 0 – 9
  3. Арифметикалық амал белгілері

+ (қосу), - (айыру), ´ (көбейту), ⁄ (бөлу)

4. қатынас немесе шарт белгілері

<, >, =, <= (≤), >= (≥), <> (≠)

5. Басқа белгілер: ; , : , (), [], ..

 

Орыс алфавитінің әріптері түсініктеме беру үшін қолданылады. Айнымалыларды белгілеу үшін тек қана латын алфавитінің әріптері және цифрлар қолданылады. Мысалы А, А1, b2, ас. Сандар әдеттегідей жазылады.

55 => 55

1,2 => 1.2

1,5 E5=>1,5∙ 105 = 15000

 

Стандартты функциялар. Паскаль тілі программа жазылу барысында жиі қолданылатын көптеген стандартты функциялармен қамтамасыз етілген.

1-кестеде жиі қолданылатын арифметикалық стандартты функциялар келтірілген.

1 кесте.

Стандартты функциялар

 

Математикалық функциялар Паскальда жазылуы
sin sin( )
cos cоs( )
aгсtg агсtаn( )
ln 1п( )
ех eхр( )
| | аbs( )
2 Sqr( )
Sqrt( )
  ARCTAN (SQRT (1-SQR (X)) / X)  
arcctg x = arctg ARCTAN (1/X)
lg x = LN (X)/ LN (10)
log23 = LN (3) / LN (2)

 

Ескерту! Тригонометриялық функциялардың аргументтері радианмен берілуге тиіс.. Егер аргумент градуспен берілген болса, онда оны рад = град. формуласы арқылы радианға ауыстыру керек..

Turbo Pascal-да дәрежелеу операциясы жоқ. Егер дәреже бүтін сан болса, онда аргументті сонша рет өзіне өзін көбейтуге болады немесе (Дәреже бүтін сан емес жағдайда да) келесі формулаларды қолдануға болады

.

.

 

Арифметикалық өрнектердің қатесіз жазылуы және нәтижесінің дұрыс табылуы үшін төмендегі ережелерді ескеру қажет.

1.Екі амал қатар жазылмайды (x + - y өрнегі дұрыс жазылмаған, өрнек x + (- y) түрінде жазылуы керек).

2.Үстемділігі жоғары амалдар бірінші орындалады (мына өрнекте 5*x-y/k алдымен көбейту мен болу амалдары, сонан соң алу амалы орындалады).

3.Егер барлық амалдардың орындалу үстемдігі бірдей болса, олар солдан оңға қарай орналасу ретімен біртіндеп орындалады (100/i*f өрнегінде алдымсн 100 і-ге бөлініп, сонан соң нәтижесі f-ке көбейтіледі ).

4.Жақшаның ішіндегі амалдар алдымен орындалады ( (5+g) / (a+q) өрнегінде бөлу амалы ең соңынан орындалады).

5.Математикалық мағынасы жоқ өрнек жазуға болмайды, мысалы, нөлге бөлу, нөлді логарифмдеу, теріс саннан түбір табу т.с.с.

6.Паскальда өрнек бір жолға тізбектеліп жазылады.

7. Тек дөңгелек жақшалар қолдануға тиіс (Ашылған жақшалар саны жабылған жақшалар санымен бірдей болуға тиіс)


Мысалы: Математикалық түрі Паскаль тілінде жазылуы

І) 8t3-dх+q-4 8*exp(3*ln(t))-d*x+q-4

2) sin[ln(cosx+sinx)] sin(аbs(1п(соs(х)+sіn(х))))

3) sіn2х-tgх2 sqr(sіn(х))-sin(sqr(x))/соs(sqг(х))

4)

5)

6)

7)

8)

 

 

2. Паскаль тілінде программалаудың жалпы түрі.

Мән беру, енгізу және баспаға шығару командалары.

 

1. Программаның жалпы түрі:

PROGRAM –тақырып аты:

LABEL – қажетті қатарларды белгілеу сипаттау

CONST – тұрақтыларды сипаттау бөлігі

TYPE – түрлерді сипаттау

VAR - айнымалыларды сипаттау

 

PROCEDURE – ішкі программаға және

FUNCTІON – функцияға қатысу

BEGІN –

Команда 1 операторлар бөлігі

Команда 2

END -

 

Сипаттау бөлігінде кейбір қатарлар болмауы мүмкін. Ал тақырып пен операторлар бөлігі міндетті түрде болуы қажет.

LABEL – 5, 15

CONST А = 2.6, В = 3.5

 

Паскальтілінде мәліметтердің келесі түрі қолданылады.

 

ІNTEGER – бүтін

REAL – нақты

CHAR – символдық

BOOLEAN – екілік

 

Мысалы:

 

VAR

х, у: REAL

і, k: ІNTEGER

c : CHAR






Date: 2016-05-15; view: 128; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2018 year. (0.021 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию