Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сервердің адресі





Бүкіл әлемдік масштабта әрбір файлдың адресі- URL адреспен (Uniform Resouree Locator – унифицированный указатель ресурса – ресурстардың ерекшеленген нұсқағышымен) анықталады. URL – адрес үш бөліктен тұрады:

1)берілген қызметке сәйкес келетін қолданбалы хаттаманың атын көрсету. Мысалы, WWW-қызметі үшін қолданбалы хаттама HTTP болып табылады. HTTP – Hyper Text Transter Protocol (гипермәтінді жіберу хаттамасы): http://;

Хаттаманың атынан кейін: және // белгілері міндетті түрде қойылады.

2)компьютердің (сервердің ) домендік атын көрсету – мысалы:

http://www.khabar.kz – адрес соңындағы екі символдан тұратын кеңейтілме – сервердің географиялық аймағын білдіреді (ru – Ресейлік іздеу сервері; kz – Қазақстандық іздеу сервері; tr – Түркиялық іздеу сервері және т.б.);

3)берілген компьютердегі файлға баратын толық жолды көрсету қажет (араларына “ / ” символын қою арқылы), мысалы:

http://www.Microsoft.com/games – Microsoft компаниясының ойындары.

Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін FTP атты қызметші хаттама пайдаланылады.

FTP (File Transler Protocol) – файлды тасымалдау хаттамасы. Файлдар барлық компьютер серверлерінің ішінде сақтала бермейді. Оларды сақтап, FTP арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлер (файлдарды сақтау қоймалары) бар. Оларды FTP-серверлер деп атайды.

FTP хаттамасын іске қосу үшін Internet Explorer терезесінің Адрес өрісіне файл серверінің адресін енгізу керек. Мысалы: FTP:// ftp.relcom.ru командасынан кейін экранға дербес компьютердегідей каталогтар мен файлдар көрінетін Сервер беті шығады. Шыққан каталогтан ішкі каталогқа өтуге, файлды белгілеп, мазмұнын экранға шығаруға болады. Кейбір серверлерде файл архив түрінде көрінеді. Оны ашу үшін архивтеуші программаны пайдаланған дұрыс.

Интернетте атау беріліп, түрлі компьютерлерден таратылатын жаңалықтар тобы телеконференция (Usenet) деп аталады. Usenet – бiр-бiрiмен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық, анархиялық жүйелер тобы.

Usenet-тегi жаңалықтар тобы – дүние жүзiндегi адамдардың пiкiрлесетiн, яғни ақпарат алмасуына арналған электрондық пiкiрталас топтары. Мұндай жаңалық топтарында белгiлi бiр тақырыпқа арналған көптеген мақалаларды оқуға болады, олар әртүрлi тақырыптарды талқылауға да арналады. Usenet-тегi жаңалықтар ретiнде оқыған мақалаңызға жауап беруге және өз ойларыңызды мақала ретiнде жариялауға болады. Бұлар құрама сөздер арқылы белгiлi бiр тақырыптарға топтастырылады, мысалы, rec.sport.basketball.college тобы, мұндағы rec – тақырып атауының – recreation сөзiнiң қысқартылған түрi, sport – аталмыш тақырыптың спортқа арналған бөлiгiн көрсетiп тұр.

Құжаттарды тасымалдаумен шұғылданатын қазіргі Интернеттің ең көп тараған қызмет түрі World Wide Web (Web, WWW) деп аталады және ол бүкіл дүниежүзілік өрмек дегенді білдіреді.

Интернетке тұрақты қосылып тұрған компьютерлерді Web-сервер деп атайды. WWW дегеніміз – Web-серверде сақталған Web-құжаттардан тұратын ақпараттық кеңістік.

Web-беттер дегеніміз- Web-кеңістікті құрайтын жеке құжаттар, яғни үлкен мәтіннің бір бөлігі. Web-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Web-бетте жазылған сөз немесе сөз тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады. Мұндай сілтемені гиперсілтеме деп, ал енгізілген мәтінді гипермәтін деп атаймыз. Экранда көрінген Web-бетте гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша Web-бетті экранға шығару үшін сілтемеге тышқан нұсқағышын әкеліп, ол сұқ саусағы мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шерту керек.

Тақырып бойынша топтастырылған Web-беттерді Web – тораптар (Веб-сайт) деп атаймыз.

Дайын материалды Web-тораптарда орналастыру Web-басылым деп аталады.

Web-беттерді көруге арналған программалар броузерлер деп аталады. Броузерлердің негізгі атқаратын қызметі:

1)құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату;

2)броузер жұмыс атқаратын компьютердің мүмкіндігін ескере отырып Web-беттерді форматтау мен бейнелеу;

3) Web-беттерді іздестіруді жеделдету;

4)интернеттің басқа қызмет түрлерімен жұмыс істеуге арналған дербес құралдарды ұсыну.

Ең көп тараған броузерлер – Internet Explorer, Netscape Navigator, Opera. Барлық броузерлердің функциялары бірдей. Internet Explorer 5.0 броузерінің басқалардан ерекшелігі, ол Windows-операциялық жүйесімен бірге қойылады және оның бөлінбейтін компоненті болып табылады. Internet Explorer броузерін іске қосу үшін: Пуск®Программы® Internet Explorer командасын орындау керек немесе жұмыс үстеліндегі сілтеуішінде тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шерту қажет. Жұмыс үстеліне мынадай сұхбаттық терезе шығады (6-сурет).

6-сурет. Internet Explorer терезесінің жалпы көрінісі.

 

Мұндағы:

1- Назад және 2– Вперед – Web-беттерде броузердің жиі қолданылатын батырмалары. Біз соңғы ашылған беттерге жеткенде Назад батырмасы сұр реңді болады, ал егер қарастырылған құжаттармен алға қарай жүрсек, ең соңына келгенде Вперед батырмасы сұр реңді болады;

3 – Стоп батырмасы Web-беттердің жүктелуін немесе қате адрес берілген кездегі бұйрықты тоқтатуға мүмкіндік береді.

4 – Обновить батырмасы – Web–бетті жүктегенде қандай да бір беттер толығымен жүктелмеген немесе суреттері толық ашылмаған ағымды бетті серверден қайта жүктейді;

5 - Домой батырмасы жүктелген кездегі бастапқы бетке қайта оралу үшін қажет;

6 – Поиск батырмасы іздеу панелін және соған қатысты іздеу серверін іске қосады;

7 – Избранное батырмасы жиі қолданылатын Web-беттің сілтемелерін немесе жиі қолданылатын құжаттарды сақтау үшін қажет;

8 – Журнал батырмасы соңғы кезде қолданылған сайттар мен Web-бет сілтемелері сақталатын панелдерді ашу үшін қажет;

9 – Адресная строка батырмасында Web-бет адрестері (URL) немесе компьютерде сақталған құжат адрестері көрсетіледі;

10 – Переход батырмасы адрестік қатарда көрсетілген Web-бетке өту жолын қамтамасыз етеді;

11 – Строка состояния - сол жақ бөлігінде Web-беттің жүктелу индикаторы, ал оң жақ бөлігінде ағымды беттен сақтандыру дәрежесі бейнеленеді (егер байланыс желісінде вирус жоқ болса қамал белгісі шығады).

Интернеттің ақпараттық кеңістігінің өлшемі өте ауқымды, шексіз және ол бірнеше миллиардтаған Web-құжаттарды қамтиды. Осы мәліметтердің ішінен өзімізге қажетті ақпаратты URL-адрес бойынша тауып алуға болады. Қолданушы іздестіру жүйесіне ізделінді Web-бет жайлы мәлімет береді. Ал іздестіру жүйесі қолданушының сұранысын қанағаттандыратын беттерге жіберетін гиперсілтемелер тізімін шығарып береді.

Іздестіру жүйелерінің екі түрлі моделі бар (7-сурет):

1) іздестіру каталогтары – бұлардың құрылысы ірі кітапханалрға ұқсас. Ондағы ақпарат тақырып бойынша каталогтарға топтастырылған. Тізімдегі әрбір жазба гиперсілтеме түрінде берілген. Таңдап алынған тақырып бойынша тереңірек ақпарат алу үшін келесі бетті ашасыз;

2) іздестіру нұсқағыштары – ақпаратты өзекті сөз бойынша іздестіруге негізделген.

7 -сурет. Іздестіру жүйелерінің моделі.

Date: 2016-05-15; view: 1180; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию