Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Алгоритмнің берілу тәсілдері





 

Алгоритмнің келесі берілу тәсілдерін қарастырайық:

*табиғи тілдегі алгоритм – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – қазақ, орыс және ағылшын алфавиті;

*графикалық тілдегі алгоритм – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – әрбір әрекеті түрлі жазықтықтағы геометриялық фигура ретінде бейнеленіп, олардың арасындағы байланыстар түзу сызықтар мен бағыттаушылар арқылы көрсетіледі;

*алгоритмдік тіл – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – жаратылыстану тіліндегі қандай да бір мағынаны, бұйрықты білдіретін сөздер жиынтығы;

*программалау тілі – орындаушысы компьютер, қажетті құрал-жабдықтары – арнаулы программалау тілінің командалары.

Алгоритмнің тұрғызылу тәсілдерінің құрылысын зерттеу үш түрде беріледі:

*алгоритмдік тілде;

*блок-схема түрінде;

*программалау тілінде.

Алгоритмдік тіл – табиғи тілде жазылған алгоритм сияқты өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген тілге жуық, бірақ ол құрылымы нақтыланған, бірыңғай және дәл жазылатын арнайы символдар мен түрлі ережелер жүйесінен тұрады. Кез келген тіл сияқты ол символдар жиынтығынан (алфавит), алгоритмдік тілдерді жазу ережелерінен (синтаксис) және жазуларды түсіндіру мәтіндерінен (семантика) тұрады.

Үйренуге арналған алгоритмдік тілде алфавит шектелмеген. Ол үшін ұлттық әріптерді, сандарды программалау тілдерінде пайдаланылатын арифметикалық операция таңбаларын, түрлі жақшалар және тағы басқа символдарды алуға болады. Мысалы; латын, орыс, қазақ алфавиттерінің әріптері, ондық санау жүйесінің цифрлары, арифметикалық амал таңбалары:

 

А,В,С,..., А,Б,С,..., а,б,с,... – латын, орыс, қазақ алфавиттерінің әріптері;
0,1,2,3,... – ондық санау жүйесінің цифрлары;
*, /, +, - арифметикалық амал таңбалары;
** - дәрежелеу белгісі;
sqrt(x) – х-тің квадрат түбірі;
abs(x) – х-тің абсолют шамасы;
>, >=, =, <, <=, <> - - қатынас таңбалары;
:= - меншіктеу белгісі;
. – нүкте т.б.

 

Алгоритмдік тілдің алфавитінде, мағынасы мен қолдану тәсіліне алдын ала түсініктеме беріліп қойылған, қызметші сөздер деп аталатын стандартты символдар тіркестері де бар. Кейбір қызметші сөздерді атап көрсете кетейік:

 

алг, арг, нәт алгоритм тақырыбы
басы, соңы алгоритмнің басталуы мен соңы
егер-онда-әйтпесе-бітті тармақталу командасы
таңдау, жағдай...жағдай-әйтпесе-бітті таңдау командасы
n рет циклі: n рет қайталау командасы
«Әзірше» циклі: цб (цикл басы), әзір (әзірше), цс (цикл соңы)
«Үшін» циклі: цб, үшін, дан (-ден, -тан, -тен, -нан, -нен) немесе бастап, дейін, қадам, келесі, цс
және, немесе, емес құрама шарттар
мән;
-өту n; -егер Р өту n (Р-шарт) функция (айнымалы), мұндағы өту nжәне егер Р өту n- басқарушы операторлар. Өту nсөзсіз (шартсыз) өту операторы, алгоритм командаларының орындалу ретін тоқтатып, келесі орындалуды n-жолға беру жөніндегі нұсқау.

 

Алгоритмге түрлі шамалардың енуі де мүмкін.Әр шаманың аты, мәні, типі бар. Аты – айнымалы шаманың белгіленуі, типі – сандық (бүтін, нақты), символдық, кестелік, литерлік, логикалық болуы мүмкін,

Блок схемалық түріндегі алгоритм логикалық құрылысы жағынан сызықтық, тармақталған және циклдi болып бөлінедi.

Алгоритмнің блок-схема түрінде тұрғызылуы:

 

 

 

 

 

 


1-мысал: х1, у1, х2, у2, х3, у3 координаталарымен берілген үшбұрыштың Н биіктігін және М медианасын табу сызықты алгоритмін тұрғызайық. Төмендегі формулаларды есепті шешу барысында қолданамыз:

;

 

 

мұндағы A,B,C – үшбұрыштың қабырғалары. Олар мына формулалар бойынша анықталады:

; ;

ал жартылай периметр

Шешуі:

 

       
 
 
   

 

 

 

 


2-мысал:Функция берілген:

Осы функцияны шешудің блок-схемасын тұрғызайық (тармақталған алгоритм):

Шешуі:

 
 

 

 


3-мысал: 1...15 аралығындағы сандардың квадратын есептеу алгоритмінің блок-схемасын құрайық. Мұндағы айнымалы D=2 қадаммен Х£15 болғанға дейін өзгеріп отырады.

Шешуі:

 

 

Программалау тіліндегі алгоритм – бұл қандай да бір арнаулы программалау тілінде жазылған алгоритмді орындаушы компьютер болғанда жүзеге асады. Программалау тілінің операторлары – амалды орындауға компьютерге берілген тапсырманың алгоритмі.

Қазіргі таңда көптеген программалау тілдері бар: Qbasic, Turbo Pasсal және т.б.

Өңделетін ақпараттың күрделі болып келуі де мүмкін. Оны өңдеу алгоритмдік, проектілік (жобалық) тәсілдермен орындалуы мүмкін. Алгоритмді (не сәйкес келетін программаны) түрлі жолдармен құра беруге болады, бірақ ыңғайлы болатын ең түсінікті тәсілді таңдап алған дұрыс. Мұндай тәсілдердің бірі – программа тиянақталған түрлі ішкі бөліктерге бөлініп алынады да, бөліктер бөлек-бөлек құрылып, негізгі программаға біріктіріледі. Мұндай бөліктерді программа модульдері деп атайды. Программалаудың ыңғайлы тәсілдерінің бірі – модульдерді көмекші (ішкі) программалар ретінде құру және оларды ретімен орындалатын етіп, жоғарыдан төмен қарай программалау.

Алгоритм құрудың бұдан да бөлек көптеген тәсілдері бар; жоғарылау, кейін қайту, рекурсивтік тәсіл.

Жоғарылау тәсілінде алгоритм алдымен есептің бастапқы шешімін дайындаудан басталады. Одан әрі, есептің дәл шешімін табуға бағытталған арнайы блоктарға жоғары көтеріледі. Одан да көтерілу жағдайы болмаса, алгоритмді орындау тоқтатылады. Жоғарылау тәсіліне қарапайым мысал ретінде төменде жоғары оқу орнының құрылымдық схемасы көрсетілген (1-сурет).

 
 

 


1-сурет. Жоғары оқу орнының құрылымы.

 

Мұндай құрылымды жоғары немесе төмен бағытталған тәсіл бойынша дайындау қиын емес.

Төмендеу әдістерінің бірі – алгоритм (программа) құруда мұрагерлік тәсілін пайдалану. Мұрагерлік – программада негізгі класс типінің туынды иерархиялық кластарда да сақталуы. Мысалы, жануарлар дүниесі – негізгі класс, иерархиялық түрде – құс, балық, жерде жүретін жануарлар болып түр-түрге (туынды кластарға) бөлінеді. Мысалы, қарлығашты сипаттау керек болса, оның жеке қасиеттері – жақсы ұшады, денесі ықшам және т.б. – сипатталуы тиіс.

Деректерді белгілі бір абстракциялы түрде көрсетіп, кластарды пайдаланатын модульдік программалау тәсілі – объектілі-бағдарлы программалау (ОБП) тәсілі деп аталады.Қазіргі кезде кең тараған ОБП тілдері: Visual Basic, Delphi, Borland C, C++ for Windows, Java және т.б. ОБП тілінің дәстүрлі программалау тілдерінен өзгешелігі – онда мынадай ұғымдар негізге алынған: класс, объект, өңдеу әдісі (әдіс), объект қасиеті және оқиға.

Объект – қасиеттер мен әдістердің жиынтығы. Қасиет – объектінің мінездемесі. Әдіс – объект орындай алатын әрекет. Оқиға – қандай да бір әрекетке жауап ретінде объект сипаттамасының өзгеруі. Класс – программада объектілердің біркелкі құрылымына негізделген жаңа тип.

Date: 2016-05-15; view: 3428; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию