Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тағдырдың жақсылығы мен жамандығы Аллаһтан екендігіне иман келтіру





 

Бұл алты шартқа байланысты Аллаһ Тағала дәлел ретінде былай бұйырады:

«... Бірақ кім Аллаһқа, ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға иман келтірсе және... міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар».

Тағдырдың жақсылығы мен жамандығы Аллаһтан екендігіне дәлел ретінде былай дейді: «Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен (тағдыр қылып) жараттық» (Қамар 43:49)

Ислам дінінің үшінші негізі «Ихсан».

Ихсан: Аллаһты көріп тұрғандай ғибадат ету. Сен Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұрғанына сену.

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Шынында Аллаһ тақуалармен, сондай-ақ жақсылық істеушілермен бірге». (Нахыл 16:128)

Бұл аяттағы тақуа сөзі, Аллаһ Тағалаға еш нәрсені (ширк) ортақ қоспай, Аллаһтан қорқып, харам нәрселерден ұзақ тұрушылар. Ал ихсан етушілер, Аллаһқа мойынсұнуда құлдық міндеттерін толық орындайтындар. Аллаһ Тағала мұндай құлдарын сақтап, қарсы пікір айтушылардан үнемі қорғап, жеңіске жеткізіп отырады.

Аллаһтың олармен бірге болатынына байланысты Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Өте үстем, ерекше мейірімді Аллаһқа тәуекел ет. Ол, сені тіке тұрған сәтте, көріп тұрады. Сәжде қылушылардың арасында айналып жүргеніңді де, түнгі (тәһажжүд намазына тұруыңды да, басқа тәһажжүд намазына тұрғандарға айналуыңды да немесе жеке не жамағатпен тіке тұрып, рукуғ, сәждеге көшіп намаз оқуыңды Аллаһ көреді. Рас ол Аллаһ, әр нәрсені естуші, білуші». (Шуғара 26:217-220)

Аллаһ Тағала былай дейді: «(Мухаммад صلى الله عليه و سلم ) әрқандай бір жағдайда болсаң, Аллаһ тарапынан бір Құран оқысаң және сендер бір іс істесеңдер, әлбетте оған шомған кездеріңде, сендерді көреміз. Сондай-ақ, жердегі көктегі тозаң салмағындай нәрсе Раббыңнан жасырылмайды.Тағы одан кішісі, үлкені ашық бір Кітапта бар». (Юнус 10:61)

Пайғамбарымыздың صلى الله عليه و سلم сүннетінен дәлел келтіретін болсақ, Омар ибн Хаттаб رضي الله عنه дан риуаят етілген атақты Жәбірейіл хадисінде ол былай дейді:

Бір күні Пайғамбарымыздыңصلى الله عليه و سلمжанында отырған кезімізде жанымызға аппақ киімді, қара шашты, жолаушыға ұқсамайтын, ешкім танымайтын бір кісі кіріп келді. Пайғамбарымызصلى الله عليه و سلمның жанына отырып, тізесін Пайғамбарымызصلى الله عليه و سلمның тізесіне жақындатып, қолын тізесіне қойып былай деді? «Ей, Мухаммад, Ислам дегеніміз не?» деді. Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم: «Ислам дегеніміз, Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық Тәңір жоқ екеніне, Мухаммадصلى الله عليه و سلمоның құлы және елшісі екеніне куәлік етуің, намаз оқуың, зекет беруің, ораза тұтуың, күшің жетсе хажылыққа бару» деді. Кісі: «Дұрыс айттың» деді. Біз оған таң қалдық, әрі сұрап әрі оны дұрыстап отыр. Кейін: «Иман дегеніміз не?» деді. Пайғамбарымызصلى الله عليه و سلم: «Иман—Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, Пайғамбарларына, Ақырет күніне және тағдырдың жақсылығы мен жамандығы Аллаһтан екеніне иман етуің» деді. Кісі кейін: «Ихсан дегеніміз не?» деді. Пайғамбарымызصلى الله عليه و سلم: «Аллаһты көріп тұрғандай ғибадат етуің, сен Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұр» деді. Сосын кісі: «Қиямет қашан болады?» деп сұрады. Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم: «Сұралушы сұраушыдан артық білмейді (яғни, Аллаһтан басқа ешкім білмейді)» деді. «Олай болса, Қияметтің белгілері қандай?» деп сұрады. «Күңнің өз қожайынын тууы, жалаңаяқ, жалаңаш кедей шопандардың өз араларында биік-биік үй салумен жарысуы» деп жауап берді.

Омар رضي الله عنه айтады: «Сосын ол адам орнынан тұрып, шығып кетті. Біраз уақыттан кейін Пайғамбарымызصلى الله عليه و سلمайтты: «Ей Омар, сауал қойған кім екенін білесің бе?» деп сұрады. Біз: «Аллаһ және оның елшісі жақсы біледі» дедік. Пайғамбарымызصلى الله عليه و سلم: «Бұл келген Жәбірейіл عليه السلام. Сіздерге діндеріңізді үйрету үшін келді» деді.

 

Үшінші қағида:

Пайғамбарымыз Мухаммад صلى الله عليه و سلم ды тану.

Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم нің әкесі Абдуллаһ, атасы Хашиминің ұлы Абдулмутталиб. Хашими Қурайыш тайпасынан, ал Қурайыш Арабтан, ал Араб болса Аллаһтың Халилі (сүйген құлы) Ибрахим عليه السلام ның ұлы Исмайыл عليه السلام ның ұрпағынан. Адамдардың ең ардақтысы Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم ға Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын. Ол 63 жыл өмір сүрді. Қырық жасында Пайғамбарлық келді. Ең алғаш Ғалақ сүресіндегі «Иқро» аятымен нәби болды.

«Ей, жамылғысына оранған тұр енді»(Мүддәссір) аятымен расул болды. Оның елі Мекке еді. Аллаһ Тағала Пайғамбарымыз Мухаммад صلى الله عليه و سلم ды бүкіл адамзатты ширктен сақтандыру үшін және таухидке (Аллаһтың бірлігіне) шақыру үшін жіберді.

Аллаһ Тағала былай бұйырады: «Әй жамылушы! Тұр енді! Адамдарға ескерт! Раббыңды ұлықта! Киіміңді тазала! Әр түрлі күнә-лас істерден аулақ бол! (Қылған ісіңді) көп міндет қылма! Раббың үшін сабыр ет». (Мүддәссир 74:1-7)

Аяттағы (тұр және ескерт) сөзінің мағынасына тоқтала кетсек, адамдарды ширктен сақтандырып және таухидке шақыр делінген. Ал (Раббыңды ұлықта. Киіміңді таза ұста) аятында Раббыңды таухидпен ұлықтап, амалдарыңды ширктен тазала, (Күнә істерден алыс тұр) аятының мағынасында (Ар-Ружз—пұт) пұттардан және пұтқа табынушылардан алыс бол деген.

Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم 13 жыл адамдарды таухидке шақырды. Пайғамбарлықтың 10-ші жылында Миғраж оқиғасы болды, яғни көкке көтеріледі, онда 5 уақыт намаз парыз болды. Бұдан кейін Меккеде 3 жыл болып, сосын Мадинаға хижрат етті.

Хижрат: (көшу).

Хижрат дегеніміз, Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم нің үмметінің ширк жұртынан, ислам жұртына; бидъад жұртынан, сүннет жұртына көшуі. Хижраттің бұл үкімі мұсылмандарға Қиямет күніне дейін парыз етілген.

Аллаһ Тағала былай бұйырды:

«Өздеріне өздері зиян жасағандардың (Меккеден көшпей қалғандардың) жандарын алуға келгенде, періштелер олардан «Қай жағдайда болдыңдар?» деп сұрайды. «Жерімізде (Меккеде) біз шамасыз жағдайда болдық» – дейді олар. «Көшемін десең Құдайдың жері кең емес пе еді? дейді (періштелер). Міне солардың (көшпегендердің) баратын жері де жаһаннам. Ол дегенің сұмдық орын. Ал әл-ауқатсыз ерлердің, әйелдердің, жас балалардың, жол білмейтін шарасыздардың жағдайлары бұған жатпайды. Соларға Аллаһ кешірім еткей. Аллаһ өте кешірімді, әрі қайырымды. (Ниса 4:97-99)

Басқа бір аятта Аллаһ Тағала былай бұйырады: «Ей, мүмін пенделерім! Менің кеңістігім (жерім) кең екені даусыз. Маған ғана ғибадат жасаңдар». (Анкабут 29:56)

Тәфсірші Имам Бағауий رحمه الله былай дейді: «Бұл аят, кейбір мұсылмандардың Мадинаға хижрат етпей Меккеде қалып қоюларына байланысты түсті. Аллаһқа құлшылық жасауда таухидке қатысты амалдарын орындай алмағандары үшін және ширкке бармауы үшін қиындық көрген жерінен хижрат етуді Аллаһ Тағала мүміндерге әмір етті».

Имам Ахмад رحمه الله және Абу Дауд رحمه الله риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم былай дейді:

«Тәуба есігі жабылмайынша, хижрат есігі жабылмайды. Ал тәуба есігі күн батыстан шыққанша ашық болады».

Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلمМадинаға хижрат еткеннен кейін ораза, зекет және жамандықтан қайтару сияқты исламның басқа да үкімдері әмір етілді. Бұл үкімдерге байланысты аяттардың түсуі 10 жылға дейін созылды. Пайғамбар صلى الله عليه و سلم хижраттың оныншы жылында қайтыс болды. Оның діні Қиямет күніне дейін жалғасады.

Оның үмметіне көрсеткен жақсылығынан артық басқа ешқандай жақсылық жоқ. Ол тыйым салған жамандықтан асқан басқа жамсандық жоқ. Ол көрсеткен жақсылық-- таухид және Аллаһ жақсы көріп, разы болатын сөздер мен амалдар. Ал Ол тыйым салған жамандық—ширк, яғни құлшылықта Оған ортақ қосу. Аллаһ Тағала Пайғамбар صلى الله عليه و سلم ды бүкіл адамзатқа елші етіп жіберді және оған мойынсұнуды адамдар мен жындарға парыз қылды.

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

(Мухаммад صلى الله عليه و سلم ): «Әй, адам баласы! Мен барлығыңызға Аллаһның елшісімін; Ол сондай Аллаһ, жер мен көктің иелігі Оған тән...» де. (Ағраф 7:158)

Аллаһ Тағала Мухаммадпен صلى الله عليه و سلم дінді аяқтады:

«Бүгін діндеріңді толықтырдым және нығметімді тәмамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым». (Мәида 5:3)

Әр бір мүмін Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم ның өлетініне және барша адамдардың өлгеннен кейін қайта тіріліп, есепке тартылатындығына және жасаған амалдарының нәтижесін көретіндіктеріне иман келтіруі керек.

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«(Мухаммад صلى الله عليه و سلم ) шынында сен де өлесің, олар да өледі. Сосын сендер, Қиямет күнінде Раббыларыңның хұзырында дауласасыңдар». (Зүмәр 39:30,31)

Келесі аяттарда:

«Одан (топырақтан) сендерді жараттық. Оған қайтарамыз да екінші рет содан шығарамыз». (Таһа 20:55)

«Аллаһ сендерді жерден өсіріп өндірді. Сосын сендерді, Ол жерге қайтарады, сонан кейін қайта шығарады». (Нұх 71:17,18)

Аллаһ Тағала бүкіл адамзатты өлгеннен кейін қайта тірілтіп, есепке тартып, жасаған амалдарына қарай жаза немесе сый беретінін мына аятта білдіреді:

«Көктегі әрі жердегі нәрселер Аллаһқа тән. Сондай жамандық істегендер, істегендерімен жазаланады да, ал жақсылық істегендер, жақсылыққа бөленеді». (Нәжім 53:31)

Өлгеннен кейін қайта тірілуді жалғанға шығарған адамның кәпір болатынын Аллаһ Тағала мына аятта айтады:

«Сондай қарсы болғандар, әсте қайта тірілмейміз деп ойлайды. (Мухаммад صلى الله عليه و سلم ) оларға: «Жоқ, Раббыма ант етемін. Әлбетте өлгеннен кейін қайта тірілесіңдер. Сосын сендерге не істегендерің түсіндіріледі. Осылар Аллаһқа оңай» де». (Тағабун 64:7)

Аллаһ Тағала барлық Пайғамбарларды; Аллаһқа ғибадат етіп, Оған ешнәрсені ортақ қоспағандарды жәннатпен сүйіншілеп, ал Оған ширк келтіргендерді тозақ азабымен қорқыту үшін жіберді.

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Пайғамбарларды عليهم السلام қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік. Елшілерден عليهم السلام кейін адамдардың Аллаһқа қарсы сылтауы болмауы үшін. Аллаһ Тағала аса үстем, хикмет иесі». (Ниса 4:165)

Пайғамбарлардан расулдардың алғашқысы—Нұх عليه السلام. Расулдар мен нәбилердің соңғысы—Мухаммад صلى الله عليه و سلم.

Нұх عليه السلام ның алғашқы расул екендігіне дәлел ретінде Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«(Мухаммад صلى الله عليه و سلم ) Нұх عليه السلام және одан кейінгі Пайғамбарларға уахи еткеніміздей саған да уахи еттік». (Ниса 4:163)

Аллаһ Тағала Нұх عليه السلام нан бастап Мухаммад صلى الله عليه و سلمға дейінгі барлық Пайғамбарларды, өз үмметттеріне құлшылықта Аллаһты жалғыздап, ғибадат ету үшін және пұттарға құлшылық қылудан қайтару үшін жіберді.

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Расында әр үмметке: «Аллаһқа құлшылық қылыңдар, бұзықтардан аулақ болыңдар» дейтін елші жібердік». (Нахыл 16:36)

Аллаһ Тағала барлық құлдарын тағутқа сенуден қайтарып, Өзіне мойынсұнуды парыз етті.

Ибн Қойиюм رحمه الله тағутты былай сипаттайды: «Тағут—құлдың Аллаһтан басқаға құлшылық етуі және басқаға еріп мойынсұнуы».

Тағуттың түрлері көп, оның бастапқылары бесеу:

1.Ібіліс (шайтан), Аллаһ оны лағнет етсін;

2. Өзіне құлшылық қылуға келісім беруші;

3. Адамдарды өзіне ғибадат етуге шақырушы;

4. Ғайып ілімді меңгеруге таласушы;

5. Және Аллаһ түсірген шариғаттан басқамен үкім қылушы.

Бұған дәлел Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

Дінде зорлау жоқ. Расында туралық азғындықтан ажыратылды. Енді кім жауыздыққа қарсы келіп, Аллаһқа иман келтірсе, сонда ол үзілмейтін (берік) тұтқаны ұстады. Аллаһ әр нәрсені естуші, білуші». (Бақара 2:256)Осы аяттан «Ләиләһа иллАллаһ»(Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық тәңір жоқ) сөзінің мағынасы шығады.

Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم хадисінде былай дейді:

Date: 2016-05-15; view: 377; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию