Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Міт артатын еді және қорқып жалбарынып жүретін. Бізге бас ие ғибадат ететін»

Мазмұны.

-Жазушының өмірі............................................................................................................

-Бірінші қағида: Құлдың Раббысын тануы........................................................................

-Ғибадат...........................................................................................................................

-Ғибадаттың түрлері.........................................................................................................

-Екінші қағида: Ислам дінін дәлелімен білу.......................................................................

-Ислам дінінің негіздері....................................................................................................

-Бірінші негіз: Ислам........................................................................................................

-Екінші негіз: Иман...........................................................................................................

-Үшінші негіз: Ихсан.........................................................................................................

-Үшінші қағида: Пайғамбарымыз Мухаммад صلى الله عليه و سلم ді білу...................

-Төрт негіз......................................................................................................................

-Исламды бұзатын (адамды діннен шығаратын) нәрселер..............................................

 

بسم الله الرحمن الرحيم

 

Бүкіл мадақ Аллаһ Тағалаға тән. Біз Аллаһты мақтаймыз, Одан жәрдем тілейміз және кешірім сұраймыз, нәпсілеріміздің және жаман істердің жамандығынан Аллаһқа сыйынамыз. Аллаһ кімді тура жолға салса, ешкім оны адастыра алмайды. Ал Ол кімді адастырса, ешкім оны тура жолға сала алмайды. Ғибадатқа лайық Аллаһтан басқа құдай жоқтығына куәлік беремін және Мухаммад صلى الله عليه و سلم Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік беремін.

Й, мүміндер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар да, мұсылман болған күйде ғана өліңдер». (Әли Имран 3:102).

Й, адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Аллаһтан және туыстардан (безуден) сақтаныңдар. Шексіз Аллаһ Тағала сендерді бақылаушы». (Ниса 4:1).

Й, мүміндер! Аллаһтан қорқыңдар да, дұрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа, елшісіне бой ұсынса, әрине ол ұлы табысқа ие болады». (Ахзаб 33: 70-71).

Осыдан кейін; Сөздердің ішіндегі ең дұрысы – Аллаһтың сөзі, ең жақсы жол – Мухаммад صلى الله عليه و سلم ның жолы. Істердің ең жаманы діндегі жаңалық (бидъат) болып табылады. Әрбір жаңалық адасу, ол адасу тозаққа апарады. (Муслим, Насаии).

 

Жазушының өмірі:

Мухаммад ибн Сулайман әт-Тәмими رحمه الله (1703-1791) Риядқа жақын Уәйна ауылында дүниеге келген, ең алғаш рет ілімді өзінің ауылында, әкесінен Ханбалий мазхабының фикхын, тәфсирді және хадисті үйренеді. Он жасында Құранды түгел жаттады. Хажылық орындау үшін Меккеге барды. Ол жерден ұстазы Мухаммад Хаяд ас-Синди رحمه الله тан ілім алды. Мадинадан Уәйнаға қайтқаннан кейін, 1724 жылы Иракқа барды. Басрадағы, Бағдаттағы және Мусулдағы ғалымдардан ілім үйренеді.

Белгілі себептермен Басрадан Ақсаға қайтты. 1730 ж адамдарға дағуат ете бастады. Бірақ Ақса әміршісі Урайыр бин Дужейн Мухаммад ибн Сулаймантың дағуатына кедергі жасау үшін, Уәйнаның әміршісіне хат жібереді. Сулайман әміршіні қиын жағдайда қалдырмау үшін Уәйнадан кетті, Сауд ұлдарының әмірлік орталығы болған Дарияаға жолға шықты, онда 1791ж қайтыс болды.

Мухаммад ибн Сулайман мына ғалымдардың жолын ұстанған:

- Ахмад ибн Ханбал.

- Шайхул Ислам ибн Таймиия.

- Ибнил- Каийюм ал-Жаузийа.

Маңызды мәселелер:

Мухаммад ибн Сулайман رحمه الله ілім үйреніп жүрген уақытында Ханбали мазхабынан болған еді. Бірақ фәтуаларында басқа бір күштірек дәлелдер тапса, сол дәлелдерді басқа мазхабтағылардан алуға фәтуа беретін еді.

Хижраның 656ж Бағдаттың құлдырауына байланысты ижтихад есіктерін ашуға бар күш жігерін жұмсады.

-Құран мен сүннетке қайта оралуды қолға алды. Сүннеттен тура дәлел таппайынша әр түрлі көз-қарастардың қабыл етілмеуіне күш жұмсады.

-Дәлелді түсініп, онымен амал етіп, ахли сунна уал-жамаъа негізін көздеді.

-Таухид түсінігінің дұрыс болуын қалап, мұсылмандардың Асры-саъадат (бақытты өмір) дәуіріне оралуын қалады.

- Аллаһ Тағала Өзін қалай атап-сипаттаса, Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم Аллаһты қалай атап-сипаттаса, сол есім және сипаттарын салыстырусыз, қалай деместен, жорамал жасамай иман келтіру керектігін қатты ұстады.

-Адамдардың сана сезімінен ширкті алыстату үшін бар күш қайратын жұмсады. Қараңғылық және артта қалушылық себебімен бидъа мәселелерін тез арада тазартуды мақсат етті. Олардың кейбіреулері мыналар:

а) Сахабалардың бірі Дирар ибн Әзуардың رضي الله عنه қабірін зиярет етіп, мұсылмандардың әр түрлі мұхтаждарын одан сұраулары;

ә) Осыған ұқсас мақсаттармен Абу Дүжара және Тарфийа делінген ағаштардың зиярат етілуі;

б) Зайд бин ал- Хаттабтың атымен аталған мұнара және Әмір қызының үңгірі делінген орындардың медет сұралынатын жер болуы;

в) Қабірлерді көтеріп әсемдеу, жабу мен әшекейлеу және осыларға ұқсас бидъаттың етек алуы;

г) Сопылық тариқатының шектен шығуы және дінде жоқ жаңалықтарды дінге енгізулері;

д) Бір мәселенің дәлелін білместен, Аллаһтың дініне енгізулері;

ж) Дұрыс дәлелдер алынбай соған ұқсас сөздердің дәлелге алынуы;

з) Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم нің хадисінде халал мен харамның ашық болғандығын, екеуінің арасындағы күмәнді мәселелерге мән берместен әр мәселе жайында кесіп айтылуы;

  • Мухаммад бин Сулайман ширктің түрлері мен дәрежелерін былай түсіндіреді:

1) Үлкен ширк: Ғибадатта, әмірге бағынуда амалдың Аллаһтан басқаға болуы.

2) Кіші ширк: Көз бояушылық (рия), Паиғамбарымыз صلى الله عليه و سلم Хаким риуаят еткен хадисте былай бұйырады: «Көз бояушылықтың азы да ширк».

3) Жасырын ширк: Мүмін осы ширкке білместен душар болуы мүмкін. Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم былай деді: «Бұл үмметтегі ширк қараңғыда қара таста жорғалаған қара құмырсқаның ізінен де жасырынырақ».

Жазушының еңбектерінен кейбіреулері:

1)Китабут-Таухид. 2)Кәшфуш-Шубуһат. 3)Ал- Усулү,с-Саласа Фи,ддин.

Құрметті оқырман! Сіздерге Аллаһтың рахметі болсын. Әрбір мұсылман ер және әйелге төмендегі мәселені үйреніп, амал етулері парыз:

1) Білім: дәлелімен Аллаһты, Оның Пайғамбарын және ислам дінін білу;

2) Амал: осы ілімге амал ету;

3) Шақыру: адамдарды тура жолға шақыру;

4) Сабыр: адамдарды тура жолға шақыру кезіндегі қиыншылықтарға сабыр ету.

Аллаһ Тағала былай бұйырады: Мағынасы: «Заманға серт, негізінен адам баласы зиянда, бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер бір- біріне шындықты үгіттесіп сабырға шақырғандар; олар зиянға ұшырамайды. (Аср 103:1-3)

Имам Шафиъи رحمه الله: «Егер Аллаһ Тағала құлдарына осы сүреден басқа бір сүре түсірмегенде, осы сүре жеткілікті болар еді» дейді. Бухари رحمه الله « Ілім; сөз бен амалдан бұрын келеді» деген. Бұған дәлел ретінде Аллаһ Тағала былай бұйырады: Мағынасы: (Мухаммад صلى الله عليه و سلم ) «Енді біл! Шын мәнінде Аллаһтан басқа ешбір Тәңір жоқ. Өзіңнің әрі мү,мін ер, әйелдердің күнәларының жарылқануын тіле....» (Мухаммад 47: 19)

Аллаһ Тағала осы аятта амал мен шақырудан алдын ілім керектігін айтты. Яғни істелген амалдарды біліп және соның әсерлі орындалуы керектігін білдіреді. Әрбір балиғатқа жеткен мұсылман ер және әйелдің төмендегі үш мәселені үйреніп, оған иман келтіріп, соған лайықты амал етулері парыз.

Біріншісі: Аллаһ Тағала бізді жаратып, ризық берді. Аллаһ құлдарын бостан бос қалдырмады, бізге Пайғамбар жіберді. Осы Пайғамбарға мойынсұнып, оның көрсеткеніндей амал еткендер жәннатқа кіреді, ал оған қарсы келгендер тозаққа кіреді. Аллаһ Тағала былай бұйырады: «Расында Біз перғауынға Пайғамбар жібергендей, сендерге де куә түрінде Пайғамбар жібердік. Сонда перғауын Пайғамбарға қарсы келді. Сондықтан оны қатты қинаумен қолға алдық» (Мүзәмміл 73:15.16).

Екіншісі: Аллаһ Тағала ғибадатта Өзіне жақындататын бір періште немесе жіберген бір Пайғамбары болсын, Өзіне ширк қосуда ешқашан разы болмайды. Аллаһ Тағаланың мына аяты осыған дәлел болады:

«Шын мәнінде мешіттер Аллаһқа тән, ендеше Аллаһпен бірге ешкімді шақырмаңдар». (Жын 72:18)

Үшіншісі: Аллаһты жалғыздап, ғибадатты жалғыз О ған жасап, Пайғамбарға мойынсұнғаннан кейін, оған қарсы келгенді, ең жақының болсада оларды дос тұтуға болмайды. Аллаһ Тағала былай бұйырады: «Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген бір елдің; аталары не балалары, яки туыстары немесе ағайындары болса да Аллаһқа, Елшісіне қарсы келгендерді сүйгенін көрмейсің. Міне солардың жүректеріне Аллаһ иман жазған әрі оларды Өз жағынан бір нұрмен қолдаған және оларды астарынан өзендер ағатын әрі онда мәңгі қалатын пейіштерге кіргізеді. Аллаһ олардан разы, олар да Аллаһтан разы. Міне бұлар, Аллаһтың жамағаты. Жақсы біліңдер. Дау жоқ, Аллаһтың жамағаты олар құтылушылар (Мүжәдәлә 58:22)

Ибрахим عليه السلام нің діні, яғни таухидке шақыру діні. Бұл дін құлшылықты жалғыз Аллаһ Тағалаға арнап ғибадат ету діні. Аллаһ Тағала таухидті барлық адамзатқа әмір етті әрі оларды осы мақсатпен жаратты. Осыған орай Аллаһ Тағала былай бұйырады: «Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» (Зәрият 51:56).

Бұл жерде «тек Өзіме құлшылық етсін» деу, Өзін ғибадатта бірлеу Аллаһ Тағаланың ең үлкен әмірі: «Аллаһ Тағалаға құлшылық қылыңдар, Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар». (Ниса 4:36)

Таухид: Аллаһ Тағаланы ғибадатта жалғыздау. Тиым салынған нәрселердің ең үлкені ширк, яғни Аллаһ пен бірге басқаға дұға ету. Егер адам баласына парыз болған негізгі үш мәселе туралы сұралса, оған мына жауап айтылады: құлдың Раббысын білуі, Пайғамбары Мухаммад صلى الله عليه و سلم ды және ислам дінін білу.

 

 

Бірінші қағида:

Егер сенен «Раббың кім?» деп сұралса, айтқын: Раббым- мені және барлық әлемді жоқтан бар етіп жаратқандардың иесі және нығмет беруші. Одан басқа Жаратушы Тәңір жоқ. Ол менің Раббым. Одан басқаны Тәңір деп танымаймын. Бұған дәлел ретінде Аллаһ Тағала былай бұйырады: «Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббысы Аллаһқа тән» (Фатиха 1: 2).

Аллаһ Тағаладан басқаның барлығы жаратылыс, яғни жаратылған. Мен де бұл жаратылыстардың бірімін. Егер сенен Раббыңды қалай таныдың деп сұраса, Оның Құрандағы аяттары арқылы және жаратқан жаратылыстары арқылы таныдым деп жауап бер. Өйткені түн мен күндіз, күн мен ай барлығы Аллаһтың аяттарынан. Аллаһтың барлығы мен бірлігін білдіретін басқа да дәлелдер жеті қабат аспан мен жеті қабат жер және екеуінің арасындағы барлық нәрсе Оның жаратылыстарынан.

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

Түн мен күндіз және күн мен ай Аллаһтың дәлелдерінен. Күнге де, айға да сәжде қылмаңдар, оларды жаратқан Аллаһға сәжде қылыңдар; егер Оған құлшылық қылатын болсаңдар» (Фуссилат 41:37).

Күдіксіз Раббыларың сондай Аллаһ, көктер мен жерді алты күнде жаратқан. Сонан кейін ғаршыға көтерілді. Бірін-бірі қуалап, күндізді бүркеген түнді және күн мен айды, жұлдыздарды да әміріне бағындырған. Сақ болыңдар! Жарату және бұйрық беру Оған тән. Өте жоғары Аллаһ бүкіл әлемнің Раббы» (Ағраф 7:54).

Рабб— Құлшылық жалғыз Оған жасалады, яғни Аллаһ Тағала бір аятта былай бұйырады:

Й, Адам баласы! Сондай сендерді де, сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар. Әрине сақтанған боларсыңдар. Ол сондай Аллаһ, сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіп жаратты. Әрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін әр түрлі өсімдіктен ризық шығарды. Сондықтан біле тұра Аллаһға серік қатпаңдар» (Бақара 2: 21 - 22).

Муфассир Ибн Касир رحمه الله былай деді: Бүкіл әлемді жоқтан бар етіп жаратушы ғибадатқа лайық жалғыз Ол ғана.

Ғибадат дегеніміз— Аллаһ Тағаланың жақсы көріп, әрі разы болатын барлық құлшылығымыздағы жасырын және ашық түрде жасалынатын амалдар мен сөздердің жиынтығы.

Ғибадаттың түрлері: Аллаһ Тағаланың бұйырып әрі жақсы көретін, жасырын және ашық түрде жасалған бүкіл амалдар мен сөздерді қамтитын ұғымды құлшылық деп айтады. Олардың кейбіреулері: иман, ихсан, дұға ету, қорқу, үміт ету, тәуекел ету, өз қалауымен бет бұру, тартына қорқу, мойынсұнып қорқу, тітіреніп қорқу, Аллаһтан күтілетін жәрдем, Оған сиыну, құрбан шалу, Оның үкімдерін қабыл етіп сөз беру. Осылардан басқа Аллаһтың әмір еткен құлшылық түрлерін Оның бұйырғанындай орындау.

Бұл ғибадаттың барлығы тек Аллаһ үшін орындалады. Егер де ғибадаттың біреуі Аллаһтан басқаға орындалатын болса, мысалы: өліктерден немесе (салих) әулиелерден жәрдем сұрау, олардан қорқып, өздеріне бір пайда беретіндіктеріне сенсе және өлілердің әруағын жәрдемге шақырса, ислам дұшпандарын дос тұтса, бұлардың барлығы үлкен ширкке жатады. Адамды исламнан шығаратын үлкен куфр. Осы ғибадаттар үшін жеке-жеке дәлелдерді қарастырайық.

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Мешіттер Аллаһтікі. Аллаһ тұрғанда басқа ешкімге құлшылық етпеңдер». (Жын 72:18)

Дұға:

Кімде-кім дұғаның бір бөлігін Аллаһтан басқаға арнаса, кәфір әрі мушрик болады.

«Біреу Аллаһпен бірге дәлелсіз басқа бір Тәңірге табынса, рас оның есебі Раббының қасында. Өйткені, қарсы болғандар құтылмайды». (Муминун 23:117)

Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم Абу Дауд риуаят еткен хадисте былай дейді: «Дұғаның өзі ғибадат».

Аллаһ Тағала дұға етудің ғибадат екенін төмендегі аятта айтады:

«Рабыларың: «Маған жалбарыныңдар! Тілектеріңді қабылдаймын. Расында маған құлшылық қылудан паңсығандар, олар қор болып, тозаққа кіреді» дейді. (Ғофир 40:60)

Қорқу:

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Жақтастарына жаны ашымайтындар—шайтандар, олардан қорықпаңдар, шын иман еткен болсаңдар, менен ғана қорқыңдар» (Али Имран 3:175)

Үміт ету:

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«... кімде-кім Раббысымен жүз көрісуді үміт етсе, оның ісі ізгілікті болсын, Раббысына істеген құлшылығында Оған ешкімді ортақ етпесін». (Кәһф 18:110)

Тәуекел ету:

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Егер Аллаһқа сенетіндерің рас болса, тәуекел етіп Оған ғана сиыныңыздар». (Мәида 5:23)

Келесі аятта: «Ал кім Аллаһқа тәуекел қылса, сонда Ол оған жетіп асады». (Талақ 65:3)

Рағбат- сауабынан үміт етіп, бет бұру.

Рахбат- Аллаһқа мойынсұнып, азабынан қорқу.

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

міт артатын еді және қорқып жалбарынып жүретін. Бізге бас ие ғибадат ететін».

(Әнбия 21:90)

Қорқу (Тітіреніп қорқу):

Бұл Аллаһты танитын адамдардың қорқынышы. Мұның алдыңғы қорқыныштан айырмашылығы, Аллаһты жақсы таныған адамдарда болады.

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Олардан қорықпаңдар, менен қорқыңдар». (Бақара 2:150)

Қайту: (Тәубеге жақынырақ бет бұру, оралу).

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Раббыларыңа қайтыңдар. Оған бой ұсыныңдар». (Зүмәр 39:54)

Жәрдем сұрау, жалбарыну:

Аллаһ Тағала былай бұйырады: «(Иа, Аллаһ!) Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз». (Фатиха 1:5)

Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم былай дейді:

«Егер жәрдем сұрасаң, тек Аллаһтан ғана сұра». (Тирмизи 2648)


<== предыдущая | следующая ==>
 | Пана сұрау, сиыну

Date: 2016-05-15; view: 293; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию