Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Газды телпекті режимі





Бұл режим қабаттың энергия көзі геологиялық жағдайда серпімділігі аз болғанда пайда болады (газды шапка болғанда). Бұл режим үшін кеніш өткізгішті жыныстармен бітелген немесе тектоникалық бұзылыстармен бітелген болуы керек, нұсқа сыртындағы су белсенді болмауы тиіс, сондай-ақ мұнайлы кеніш газды шапкамен қатынаста болуы керек. Осы жағдайларда бастапқы қабат қысымы қанығу қысымына тең болады. Орташа қабат қысымының өзгеру қарқыны игеру кезінде кеніште әртүрлі болып өзгеріп отыруы мүмкін, олар игеру қарқынына байланысты және газды шапка көлемі мен кеніштің мұнайға қанығушылығы қатынасына байланысты келеді.

Мұнай кен орындарын газарынды режиммен игеру кезінде қабат қысымының төмендеп отыруы бірге жүріп отырады, бұл дебиттің төмендеуіне, фонтандау кезеңінің аздығына, мұнай ұңғыларының газ ұңғыларына ауысуына әкеліп соқтырады. Осы кезде, мұнай кенорынды игеруде аралас режим жағдайларын енгізу мүмкіндігі туады, олар жасанды жолдар, яғни қабат қысымын ұстау, сыртқы ауданына су айдау немесе газ шапкасына газ айдау, т.с.с. соңында газарынды режимді қолданған уақытта мұнай бергіштік керекті көлемге жете алмайды.

Бұл режимда газ факторының заңды өсуі және ұңғы тек таза газ өндіруге (мұнай өнімімен салыстырғанда) және газ шапкасын өсіруге мінезделген. Газ арынды режим жалпы алғанда бағынышты белгіде орындалады және салыстырмалы түрде көп қолданылмайды, өнімі жағынан ұңғылары көбіне суланбайды.



Бұл режим газ шапкасында тұрақталған қабаттық энергияның көзі, серпімді газ болатын, геологиялық шарт барысында іске асады. Ол үшін шоғыр шеткі жағынан өткізгіштігі нашар жыныстармен немесе тектоникалық бұзылыстармен шектелуі керек. Егер нұсқа сыртында су болса, ол қарқынды болмауы керек. Мұнай шоғыры газ шапкасымен әсерлесуде болуы керек. Бұндай жағдайларда алғашқы қабат қысымы қанығу қысымына тең болады, өйткені шоғырдың дренаждалуы газ шапкасының үздіксіз ұлғаюының есебімен жүреді және мұнай үнемі газбен әсерлесуде болады.

Бұндай шоғырды игеру барысында орташа қабаттық қысымның өзгеру жылдамдығы, игерудің жылдамдығына, газ шапкасының және шоғырдың мұнайқаныққан бөлігіне тәуелді әр түрлі болуы мүмкін.

Бұндай шоғырды сұйық және газы бар сауыт ретінде қарастыруға болады, бұл кезде сұйықты алу газдың ұлғаюымен жүреді.

 

 

 

3.2-сурет. Мұнай жиегінің газ шапкасы көлемдерінің әртүрлі қатынастарында өлшемсіз орташа интегралды қабаттық қысымның уақыт аралығында өзгеруі.

1-n=0.25; 2-n=0.5; 3-n=1; 4-n=2; 5-n=4; 6-n=8.

Суреттен қабат қысымының қисық сызықтық заңмен өзгеретінін және газды телпек көлемінің шоғырдағы мұнайлы бөлігінің көлеміне қатынасы (n – көп болған сайын) аз болған сайын қабат қысымының түсу темпі жоғары болатынын көреміз. Шоғырдағы мұнай көлемі газ телпегінің алғашқы көлемінен төрт есе жоғары болу кезінде, он жылдан кейін қабат қысымы 50% (Р=0.5) төмендейді.

Газ телпегінің көлемінен мұнай көлемінің 0,25 құрған кезде қысым 5,8% төмендейді. Осылайша, кен орынның газ телпегінің режимінде игеру кезінде қабаттық қысым төмендейді және оның салдарынан (шығым төмендейді, фонтандау уақыты қысқарады, мұнай ұңғымасы газға және т.б. ауысады). Нақты шарттарда бұндай кен орынды игеру тек аралас режим шарттарында, қабаттық қысымды жасанды түрде, яғни нұсқа сыртына су айдау немесе газ шапкасына газ айдау көмегімен мүмкін болады. Газ телпегінің режимінің шарттарында соңғы мұнай бергіштік, мұнайды сумен ығыстыру режиміндегідей болатын мөлшерге жетпейді және 0,4-0,5 аспайды. Бұл режимге газ факторының өсуі және ұңғымалардың мұнай қорын өндіруіне және газ шапкасының ұлғаю мөлшеріне қарай, таза газ өндіруге көшуі заңдылықты. Бұл режимде ұңғы өнімі суланбаған болады.



Еріген газ режимі

Мұнайлы кенішті пайдаланғанда, одан шыққан мұнайдан үзіліссіз газдың бөлініп отырылуы және оның бос күйге ауысып отыруы, соның салдарынан мұнайлы-газ қоспасының көлемі және осы қоспаның фильтрациясы төмендеген қысым нүктелеріне және ұңғы түбіне әсер етіп отырса, онда ол еріген газ режимі деп аталады. Бұл режимді қабат қысымының энергия көзі газды мұнайлы қоспаның серпінділігі болып табылады.

Осы жағдайларда қабат энергиясы мұнайға қаныққан қабат бөліктерінде біртекті таралған болады. Бұл режимде аудан бойынша ұңғыларды араластыруда біттекті принциппен орындалады.

Еріген газ режимінде қабат қысымының қанығуы қысымынан төмен болғанда болады, мұнай онда еріген газдың көпіршік түрінде және оның кеңею кезінде игеріледі.

Мұнайдан үздіксіз газдың бөлінуі кезінде мұнай шоғырын дренаждау және оның еркін жағдайға ауысуы, осы көлем арқылы газ мұнай қоспасын жоғарылату және қоспаны төменгі қысым нүктелерінде (ұңғы түбіне) фильтрациялау еріген газ режимі деп аталады.

Еріген газ режимінің іске асу шарттары

қаб қан (қабаттық қысым қанығу қысымынан төмен);

-нұсқа сыртында судың жоқтығы немесе нұсқа сырты суының қарқынды болмауы;

-газ шапкасының болмауы;

-геологиялық шоғыр жабық болуы тиіс.

Бұндай шарттарда қабаттың мұнай қаныққан бөлігінің барлық көлемінде, қабаттық энергия біртекті таралған. Бұндай режим кезінде шоғыр ауданында ұңғымаларды біртекті орналастыру принципі заңдылықты болады.

Еріген газ режимінің шарттарында шоғырдың мұнай қаныққан бөлігінде қабаттық энергия біртекті таралған. Бұндай режим кезінде шоғыр ауданында ұңғымаларды біртекті орналастыру принципі заңдылықты болады. Еріген газ режим шарттарында шоғырда орташа қабаттық қысымның өзгеру заңдылықтарын қарастырайық. Орташа қабаттық қысым қанығу қысымына тең деп қабылдайық, яғни Рорт = Рқан., дейін қысымның өзгеруі кезінде, еріген газдың Генридің түзу сызықты заңмен өзгеруі заңдылықты болады, бұл кезде қысымның төмендеуі кезінде мұнай көлемінен Vм бөлінген газдың көлемінен анықтауға болады.

V=α*(Ралғ- Р)* Vм (3.3)

α- стандартты шарттарға келтірілген ерудің коэффициенті; V-стандартты шарттарға келтірілген кездегі бөлінген газдың көлемі. Бұл көлемді ағымдағы қабаттық қысымға Рқаб және температура күй теңдеуін пайдаланып келтіру керек.

Бөлінген еркін газ мұнайда біртекті таралады да, газ- мұнай қоспасын құрайды. Алғашқы уақытта қабаттық кеуектері тек мұнаймен толған деп ойлайық, Vкеу = Vм (байланысқан су соңғы нәтижелерді ауыстырмайды). Қабаттың жалпы кеуектерінің көлемінен Vкеу қысымның төмендеуі кезінде қоспа бөлінуі тиіс, оның көлемі Vbc келесі айырмашылыққа тең болады.

(3.4)

Бұл көлем мұнайдан және газдан тұрады. Қабаттағы барлық мұнай көлемінің, барлық құрылған қоспаның көлеміне қатысты қатынас ретінде, қоспадағы мұнайдың үлесін анықтайық, яғни

(3.5)

Бұл сұйық фазаның орташа құрамдастығы. Бірақ келесі ұғымдарды ажырата білу керек. Берілген игеру барысында қабат кеуектерінде қалатын α1 – қоспа кеуегіне бөлінген сұйық фазаның үлесін- α1 және α2 қоспасындағы сұйық фазаның үлесі,

1) қоспасынан бөлінген мұнай үлесі әрқашанда

2) қоспасынан бөлінген мұнай қоспасынан аз болады, да келесідей бөлінеді:

1. Газдың тұтқырлығы мұнай тұтқырлығынан елеулі аз болады, сондықтан ол көбірек қозғалуға бейімді және ұңғы түбіне тез жетеді.

2. Мұнайдың газдану нәтижесінде оның тұтқырлығы жоғарылайды, яғни қозғалу қабілеті төмендейді.

3. Кеуекті ортаның газ қанығуының жоғарылауымен газ үшін фазалық өтімділік жоғарылайды, ал мұнай үшін төмендейді(қисық фазаларға немесе өтімділікке қатысты).

Аталған факторлар газ сұйық қоспасының кеуегінен бөлінген сұйық фазаның төмендеуіне, яғни газ факторларының жоғарылануына әкеледі. Еріген газ режимінде кен орынды пайдалану кезінде уақыт ішінде орташа интегралды қабаттық қысымның өзгеруін сипаттайтын теңдеуін алуға болады.

 

(3.6)

Бұл бойынша өлшемсіз қабаттық қысымның Рқаб және оның уақыт ішінде өзгеруінің сандық бағалауын жүргізейік, есептеудің нәтижелері 9.1- суретте келтірілген.

 

 

 

 

3.3-сурет. Еріген газ режимінде өлшемсіз орташа интегралды қабаттық қысымның уақыт аралығында өзгеруі:

 

Газдалған сұйықтың (мұнай) қуысты ортадағы қозғалысы екі фаза үшін екінші реттегі жеке туындының екі сызықсыз дифференциалды теңдеу жүйесімен сипатталады.

мұндағы:

, - мұнай мен газ үшін сәйкесті қабаттың салыстырмалы өткізгіштігі - қуысты кеңістіктің мұнаймен қанығуы;

- еркін газдың салыстырмалы тығыздығы;

- мұнайдың көлемдік коэффициенті;

- қалыпты жағдай кезіндегі газдың мұнайда еруі.






Date: 2016-05-13; view: 356; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2019 year. (0.016 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию