Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Леуметтану пәні бойынша 2 аралық бақылау тесттері





Азақстан Республикасы

Ауыл шаруашылық министрлігі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Философия кафедрасы

леуметтану пәні бойынша 2 аралық бақылау тесттері

 

1. Әлеуметтану ғылыми пән ретінде пайда болды:

A. XXI ғасырда.

B. XVI ғасырда

C. XIXғасырда.

D. XVII ғасырда.

E. IX ғасырда.

2. Әлеуметтік жүйенің жекелеген құрамдас бөлімдерінің әрекет етуі мен өзара байланысының заңдылықтарын зерттеуге бағытталған қандай социология?

A. қолданбалы социология

B. орта деңгейдегі социологиялық ілімдер

C. микросоциология

D. макросоциология

E. жалпы-теориялық социология

3. Тұлғаның әлеуметтік тұрғыда жетілуіне ықпал ететін Абай айтқан алғы шарттарды нұсқаңыз:

A. еңбек, өнеркәсіп, талап

B. талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

C. саясат, дін, мектеп

D. базар, байлық, рақым

E. өсек, өтірік, мақтаныш, еріншек

4. Мақсатты рационалдық ұғымын ғылымға енгізген:

A. Г.Спенсер.

B. Э.Дюркгейм.

C. Т.Парсонс.

D. П.Бергер.

E. М.Вебер.

5. Индивидтің немесе әлеуметтік объектінің бір деңгейдегі әлеуметтік топтан екінші топқа өтуі-ол:

A. Вертикальдік мобильділік.

B. Топтық мобильділік.

C. Горизонтальдік мобильділік.

D. Жеке мобильділік.

E. Құрылымдық мобильділік.

6. Белгілі бір тапқа тән сипатты белгілері жоқ, тап аралық жағдайдағы индивид:

A. Маргинал.

B. Конформист.

C. Антиконформист.

D. Нонконформист.

E. Рационалист.

7. Жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келетін жалпы мәдениеттің бір бөлігі-ол:

A. Контрмәдениет.

B. Этникалық мәдениет.

C. Субкультура.

D. Кәсіби мәдениет.

E. Басымдылық мәдениет.

8. Чарлз Хортон Кулидің концепциясы...

A. Әлеуметтік рөл

B. Әлеуметтік мәртебе

C. Иммитация теориясы

D. «Айнадағы мен» имиджі

E. Жеке мәртебе

9. Касталық стратификация жүйесі қай елде орын алған?

A. Америкада.

B. Үндістанда.

C. Англияда.

D. Грекияда.

E. Мысырда.

10. Шиеленіс теориясының өкілі кім?

A. Т.Парсонс

B. Р.Мертон.

C. О.Конт.

D. Р.Дарендорф

E. Г.Спенсер.

11. Төмендегі қолданбалы әдістердің қайсысы әмбебап болып есептелінеді:

A. Бақылау.

B. Эксперимент.

C. Социометрия.

D. Фокус-топ.

E. Сұрау.

12. Басым мәдениеттің нормалар мен құндылықтарына қарсы келмейтін нормалар мен құндылықтар жүйесі

A. Элитарлы мәдениет

B. Субмәдениет

C. Халықтық мәдениет

D. Бұқаралық мәдениет

E. Контрмәдениет

13. Индивидтердің бір-бірімен қарым қатынасын көрсететін жалпы түсінік:

A. Дискуссия.

B. Девиация.

C. Әлеуметтік интеракция.

D. Консенсус.

E. Конфликт.

14. М. Вебердің тұжырымдауынша «.....- әлеуметтік ортаның жемісі»?

A. Өнер

B. Техника

C. Білім

D. Дін

E. Әдебиет

15. Урбанизация бұл:

A. Индустриалдыға дейінгі қоғамнан индустралдыға, одан постиндустриалдыға көшу.

B. Орта өмірге қатысты артықшылықтардың болмауы.

C. Жүріс тұрыс немесе мәдениет элементтерін қабылдау.

D. Қалаларға көшу және құндылықтардың тұрғындар арасында таралуы.

E. Адамдардың қалаларға көшуі және қалалық құндылықтардың бүкіл тұрғындарға таралуы.

16. Бақылаудың қай түрінде әлеуметтанушы зерттелуші топтың күнделікті өміріне араласады:

A. Қосылған

B. Эксперименталды

C. Формалды

D. Далалық

E. Қосылмаған

17. Берілген тақырыпқа респонденттің ашық жауап бере алмайтын жағдайында қолданылатын сұрақ:

A. Дифференциаланған сұрақ.

B. Жеке сұрақ.

C. Аралас сұрақ.

D. Тікелей сұрақ.

E. Жанама сұрақ.

18. Күйеу,әйел, балалары міндетті түрде көрсететін отбасы формасы:

A. Гомогендік.

B. Нуклеарлық.

C. Көп ұрпақтық.

D. Туыстық.

E. Агрегаттық.

19. Төмендегі анықтамаларда келтірілген”қоғам” ұғымының қайсысы дұрыс?

A. Әлеуметтік өмір биологиялық процестерден өзінің мақсат көздегіштігімен және творчестволық сипатымен ерекшеленеді

B. Адам өзінің биологиялық табиғатынан бірегей тіршілік иесі

C. Әлеуметтік байланыстардың біртұтас жүйесі

D. Бір территорияда өмір сүретін,бірақ әлеметтк байланыстан тыс тұрған индивидтер

E. Әлеуметтік топтарды басқаратын белгілі бір органдардың болуы

20. Тұтас бірлік ретінде индивидтердің қызмет етуі:

A. Ұйым.

B. Каста.

C. Сословие.

D. Ұжым.

E. Страта.

21. Саяси партия-:

A. Саяси әрекеттің мақсаты

B. Саяси әрекеттің шарты

C. Саяси әрекеттің субъектісі

D. Саяси әрекеттің тетігі

E. Саяси әрекеттің объектісі

22. Отбасы – бұл....

A. күйеуі мен әйелінің, ата-анасы мен балаларының арасындағы қатынастар

B. бірін-бірі ұнататын адамдардың тобы

C. ата-бабалары бір адамдардың тобы

D. бірге тұратын адамдардың тобы

E. неке мен қандас туыстықтың негізінде, тұрмыстың ортақтығымен және өзара жауапкершілікпен байланысқан адамдардың бірлестігі.

23. «Жалпыланған басқа» концепциясының авторы:

A. Дж.Мид.

B. З.Фрейд.

C. А.Адлер.

D. К.Юнг.

E. Ч.Кули.

24. Қоғам-бұл психикалық арақатынас факторы негізінде біріктірілген индивидтердің жиынтығы” деп тұжырымдаған ғалым:

A. П.Сорокин

B. А.Шилз

C. Т.Парсонс.

D. Г.Спенсер.

E. М.Вебер.

25. Қоғамда шаруашылықты жүргізуді: натуралды, тауарлы емес (ойкономия) жәнеақшалай (хрематистика) типтеріне бөліп көрсетуге болады деп есептеген ғалым:

А. Платон;

В. Демокрит;

С. Эпикур;

D. Аристотель

E. Лукреций

26. Социология ғылымында адам бойындағы агрессивті мінез-құлықты зерттеу бағыты”драйв” терминін енгізген теориялық бағыт қалай деп аталады?

A. әлеуметтік агрессия ттеориясы

B. әлеуметтік әсер теориясы

C. фрустрация-агрессия теориясы

D. агрессияны әлеуметтік түсіндіру теориясы

E. әлеуметтіе жатсыну теориясы

27. Әлеуметтануда эмпирикалық тенденцияның қалыптасуына идеологиялық орта болған:

A. фатализм

B. футуризм

C. марксизм

D. функциялық

E. прагматизм

28. Құқықтық ақпараттық негіздің қайнар көзіне жататындар:

A. Мамандықты жетілдіру курстары

B. Заң білімдері университеттері

C. Бұқаралық ақпарат құралдары

D. Дөңгелек үстелдер, құқықтық семинарлар

E. Мектеп

29. Туа біткен статустың белгісі болады:

A. Этникасы.

B. Білімі.

C. Мамандық.

D. Экономикалық жағдайы.

E. Квалификация.

30. Анкета арқылы әлеуметтік зертеуді жүргізетін:

A. Оператор.

B. Монитор.

C. Интервьюер.

D. Актор.

E. Модератор.

31. Адамзат басына тұқымдық қасірет әкелетін не?

A. отбасының пайда болуы

B. адамзаттық рулық қауымға өтуі

C. ретсіз некелік қатынастар

D. қан араласушылыққа тыйым салу

E. рулық қауымнаң пайда болуы

32. «Экономика» терминін айналымға енгізген:

A. римдіктер.

B. гректер.

C. египеттіктер.

D. қытайлықтар.

E. үнділіктер.

33. Қандай әлеуметтік знрттеу белгілі бір ғылыми теорияны дәлелдеу не жоққа шығару мақсатында өтеді?

A. бақылау

B. фокус-топ

C. сауал

D. сұхбат

E. эксперимент

34. Гендерлік стратификация қандай белгілерге негізделген:

A. Нәсілдік.

B. Діни.

C. Жас шамасына байланысты.

D. Ұлттық.

E. Жыныстық.

35. Кім билікті басқаларға ықпал ету мүмкіндігі ретінде қарастырған

A. М.Вебер

B. Г.Спенсер

C. Р.Мертон

D. Т.Парсонс

E. Э.Дюркгейм

36. М.Вебердің ойы бойынша, Еуропадағы капитализмнің дамуына қай дін әсерін тигізді?

A. Буддизм

B. Протестанцизм

C. Католицизм

D. Ислам

E. Конфуцианство

37. Қоғам және қоғамдастықтар” еңбегінің авторы:

A. А.Шилз.

B. Т.Парсонс.

C. Г.Спенсер.

D. М.Вебер.

E. П.Сорокин.

38. Биліктің негізгі саяси институты болып табылатынды анықта:

A. Мемлекет

B. Қауымдастық

C. Қоғам

D. Ұлт

E. Тап

39. Іріктеменің қай түрінде зерттеуші адамдарды зерттеу мақсатына байланысты жинақтайды

A. Жүйелік

B. Мақсатты

C. Стратификациялық

D. Кездейсоқ

E. Ықтимал

40. Бұрынғы КСРО территориясында отбасылық-некелік қатынастарға байланысты әлеуметтану зерттеулері кімнің жетекшілігімен жүргізіледі?

A. В.Староверованың

B. Д.Лихачевтің

C. А.Сахаровтың

D. И.Конның

E. Т.Заславскаяның

41. Демографиялық сферадағы әлеуметтік өзара әрекет бұл:

A. Әртүрлі дін өкілдерінің арасындағы байланыс.

B. Адамдар жеке меншік иесі ретінде әрекет етеді.

C. Адамдар әке-шеше, бала рөлінде болатын қатынас.

D. Қала-ауыл, байырғы мен келімсек тұрғындар арасындағы байланыс.

E. Әртүрлі жас, жыныс, ұлт, нәсіл өкілдері арасындағы әрекет.

42. Кәсіподақтар мен партиялар...... жатады?

A. Әлеуметтік топтарға

B. Формальді емес топтарға

C. Формальді топтарға

D. Таптарға

E. Кіші топтарға

43. Идентификация-ол:

A. Өзіндік ұқсастықты сезіну.

B. Ойлау стилі.

C. механизмі.

D. Таным механизмінің ерекшелігі.

E. Әлеуметтік топ.

44. Болып жатқан процестер мен оқиғаларды тіркеуге негізделген социологиялық әдіс:

A. Сауалнама.

B. Социометрия.

C. Контент-анализ.

D. Бақылау.

E. Эксперимент.

45. Контрмәдениеттің мысалын табыңыз?

A. «Неведа-Семей» қозғалысы.

B. Экологиялық қозғалыстар.

C. Кәсіби қауымдастық.

D. Студенттер қауымдастығы.

E. Хиппилер қозғалысы.

46. Ойын ережелерін мәдениеттің қай түріне жатқызуға болады?

A. Ұлттық мәдениет.

B. Материалдық емес мәдениет.

C. Кәсіби мәдениет.

D. Маргиналдық мәдениет.

E. Материалдық мәдениет.

47. Стратификация теориясының негізі етіп адамдардың бірігуі алынған, яғни:

A. топтарға, мәртебелік дәрежелеріне қарай қарсы қойылған басқа да топтар

B. әлеуметтік жіктерге

C. қоғамдарға

D. мемлекеттерге

E. таптарға

48. Стигматизация теориясының авторы?

A. Ч.Кули

B. Дж.Мид

C. Г.Беккер

D. З.Фрейд

E. К.Хорни

49. Т.Парсонс қай бағыттың өкілі?

A. Символикалық интеракционализмнің.

B. Феноменологияның.

C. Этнометодологияың.

D. Экзистенционализмнің.

E. Функционализмнің.

50. Болашақ жайындағы ғылым:

A. Геронтология.

B. Футурология.

C. Феноменология.

D. Уфология.

E. Антропология.

51. Дін әлеуметтануының теориялық деңгейде объекті ретінде зерттейтіні:

A. Діни институттар, ұйымдар мен қозғалыстар қызметтері

B. Дінді тудырған қоғамдық қатынастар

C. Адамдардың мінез-құлқы мен діни санасы

D. Құдайдың ырқы

E. әлеуметтік жүйедегі жалпы дінді, оның ішкі құрылымын, онда болып жатқан процестерді

52. Әлеуметтануда страта категориясы қандай ұғымның синонимі ретінде қолданылады:

A. Қабат.

B. Деңгей.

C. Көптік сан.

D. Қоғамның бірлігі.

E. Әлеуметтік айырмашылықтар.

53. Адамның нақты анықталған құқықтар мен міндеттерге сәйкес қоғамдағы жағдайын қандай түсінік көрсетеді?

A. әлеуметтік мәртебе

B. әлеуметтік рөлі

C. әлеуметтік аскрипция

D. әлеуметтік бедел

E. әлеуметтік орын

54. Әлеуметтік институттың басты айырмашылығы:

A. Неғайбылдық, күтпеген шешім жасау

B. Ретсіздік, тұрақсыздық

C. Адын-ала болжам жасау, сенімділік, тұрақтылық

D. ездейсоқтық, тосыннан шешім жасау

E. Эксперимент мүмкіндігі

55. Қандай сауал жүргізу әдісінде сауалнаманың қасына таза конверт қосылады?

A. баспасөз арқылы сауал

B. таратылымды сауал

C. мекен-жайлық сауал

D. сұхбат

E. пошта арқылы сауал

56. Қазіргі қоғамдарға тән отбасының түрі-:

A. Пуналуалды отбасы

B. Шағын отбасы (нуклеарлық)

C. Толық емес отбасы

D. Патриархалды отбасы

E. Жұп отбасы

57. Мына аталғандардың қайсысы отбасы функциясына жатпайды?

A. Әлеуметтендіру.

B. Қорғау.

C. Саяси.

D. Репродуктивтілік.

E. Экономикалық.

58. Әлеуметтік дағдарыс жағдайында жаңа құндылықтардың ең бастысы және бір ғана “заң шығарушы” болып саналатын:

A. Қоғам

B. Тап

C. Партия

D. Мемлекет

E. Әлеуметтік топ

59. Легитимация- ол:

A. Девиация

B. Заңсыздық

C. Аномия

D. Делинквентілік

E. Мойындау, заңдастыру

60. Социологиялық зерттеу бағдарламасына сәйкес мақсатты түрде жүргізілетін әңгіме:

A. Интервью.

B. Бақылау.

C. Анкеталау.

D. Эксперимент.

E. Контент анализ.

61. Белгілі бір әлеуметтік мәдени ортаға сәйкес келетін тыйымдар мен шектеулер:

A. Санкция.

B. Табу.

C. Бақылау.

D. Сукцессия.

E. Мораторий.

62. Қоғам жөніндегі басқа ғылымдармен салыстырғанда әлеуметтанудың өзіндік ерекшеліктері неден көрінеді?

A. Оны тарихи тұрғыдан зерттеуден

B. Әлеуметтанудың тек өзіне тән зерттеу әдісі сан арнайы әдістемелігінің болуынан

C. Ондағы “әлеуметтік” және “қоғамдық” ұғымдардың теңестірілуінен

D. Қоғамның қызметін, дамуын әлеуметтік процестер мен құбылыстары арқылы зерттеуден

E. Әлеуметтану” терминінің нақты мағынада қолданылуынан

63. А. Шилз қоғамды социологияның пәні ретінде анықтайтын неше критериді көрсеткен?

A. 8.

B. 10.

C. 3.

D. 7.

E. 12.

64. Ұйымдардың қоғамды басқару функциясы ретінде нені қарастыруға болады

A. Жүйеленген мәліметтерді

B. Бақылау жүйесін

C. Басқарушы және басқарылатын жүйелерді

D. Есеп-қисап алу жүйесін

E. Жетілген басқару жүйесін

65. «Әлеуметтікмобилдіктерминін 1927 жылыәлеуметтануғаенгізгенкім?

A. И.Шумпеттер

B. М.Вебер

C. П.Сорокин

D. Г.Зиммель

E. Т.Парсонс

66. Қоғамды әскери және индустриялық(өнеркәсіптік) деп жіктеген ғалым...

A. Д.Белл.

B. Г.Спенсер.

C. Э.Дюркгейм.

D. О.Конт.

E. К.Поппер.

67. Саясатты әлеуметтік ықпал етушіліктің ерекше түрі деп анықтауға мүмкіндік берген өзіндік өзгешелікке не жатады?

A. Коррупция

B. Бәсеке

C. Мәжбүр етушілік

D. Ымыра

E. Билік

68. Қоғамға жат ауытқушылықтардың пайда болуының қайнар көзі не?

A. Қоғам дамуының ақиқат процесі мен адамдардың ізденіс-талап құқын жүзеге асырудын сәйкеспеуі

B. Тиімді құқықтық заң шығарудың болмауы

C. Құқықтық мемлекеттің болмауы

D. Әртүрлі әлеуметтік таптардың мүдделерінің сәйкеспеуі

E. Тілек пен шындықтың дөп келмеуі

69. Көптеген қала отбасыларына тән сипат...

A. Баланың болмауы

B. 2 баланың болуы

C. Кемінде 3 баланың болуы

D. Бір баланың болуы

E. 2-3 баланың болуы

70. Әлеуметтік әрекет-:

A. Аффективті жағдайдағы әрекет.

B. Саналы түрде басқаға бағытталып жасалған әрекет.

C. Жабық ортадағы индивидуалды мінез-құлық.

D. Эмоция әсерінен болатын әрекет.

E. Күтпеген, кездейсоқ әрекет.

71. Білім институттары жүйесін құрайтын-

A. Отбасы, жоғары оқу орны, нарық.

B. Мектеп, отбасы, фабрика (завод).

C. Отбасы, мектеп, мәдениет орындары, бұқаралық ақпарат құралдары

D. Кәсіптік-техникалық училище, ғылым.

E. Отбасы, ғылым, өндірістік кәсіпорын.

72. Болашақ қоғамның үлгісі

A. Әртүрлі үлгілердің конвергенциясы

B. Ағылшын-саксондық

C. Азиялық

D. Жаңа түріктік

E. Ресейлік

73. Бергер мен Лукман бойынша әлеуметтік институттар бұл:

A. Экстернализация.

B. Кез келген типизация.

C. Хабитуализация.

D. Специализация.

E. Стандартизация.

74. Қазақстан экономикасына шетел инвесторларының келуіне ықпал ететін басты фактор:

A. Саяси тұрақтылық

B. Алдыңғы қатардағы технологиялық негіз

C. Үлкен табиғи ресурстар

D. Географиялық орналасудың ұтымдығы

E. Тиімдіміндеттерібарашықжәнелибералдыинвестициялықсаясат

75. М.Вебер әлеуметтік әрекеттің төрт түрін көрсетті. Мына анықтама:

A. дәстүрлі экономикалық

B. мақсатты-рационалды

C. “Сыртқы ортадан белгілі бір мінез-құлық түрін күту және бұл күтілісті өз мақсатына жету құралы ретінде пайдалану” қайсысына тән?

D. аффективтілік

E. құнды-рационалды

76. У. Мак-Дугаллдың пікірінше адамның “мен”, “өзім” деген түсініктерін қалыптастыратын сезім

A. сүйіспеншілік сезім

B. қорқыныш сезімі

C. күндеу сезімі

D. эгоистік сезім

E. қызығушылық сезімі

77. Елге тұрақты өмір сүруге келу:

A. Иммиграция.

B. Эмиграция.

C. Миграция.

D. Интеграция.

E. Диверсификация.

78. Әлеуметтік институттардың қоғамдағы негізгі функциясы:

A. Жазалау.

B. Индивидтердің қарым-қатынастарын бақылау.

C. Әлеуметтік мәдени тәрбие.

D. Марапаттау.

E. Кәсіби дайындық.

79. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру қозғалысы қашан басталады?

A. XIX ғ.аяғы.

B. XX ғ.50-60 жж.

C. XIX ғ.ортасында.

D. XIX ғ. басында.

E. XX ғ.20-ж

80. Жалпы қабылданған үлгілерге сәйкес келетін индивидтердің мінез-құлқы:

A. Обскурантизм.

B. Ретризм.

C. Конформизм.

D. Пацифизм.

E. Нонконформизм.

81. Қарттардың билігі қалай аталады:

A. Аристократия.

B. Этнократия.

C. Идеократия.

D. Герантократия.

E. Меритократия.

82. Бірерадамның бірнеше әйелмен некеге тұруы қалай аталады?

A. Полигамия.

B. Полиандрия.

C. Потриархат.

D. Топтық неке.

E. Гомогендік неке.

83. Профессор ғылыми дәрежесін алу-:

A. Географиялық мобильділік.

B. Құрылымдылық мобильділік.

C. Көлденең мобильділік.

D. Кәсіби мобильділік.

E. Тік мобильділік.

84. Харизматикалық билік қандай қасиеттерге негізделген:

A. Консервативті

B. Жоғары мистикалық билікке ие адамға бағыну

C. Либералды

D. Демократиялық

E. Коммунистік

85. Құжаттарды санды талдау түріне жататын:

A. Фокус-тобы.

B. Контен-талдау.

C. Ішкі бақылау.

D. Сыртқы бақылау.

E. Дельфий әдісі.

86. Материалдық емес мәдениет саласына жатады:

A. Музыкалық аспаптар.

B. Ғимарат.

C. Киім.

D. Автокөлік.

E. Сенім.

87. Қоғамның қай түріне механикалық ынтымақтастық сәйкес келеді?

A. Дәстүрлі

B. Күрделі

C. Қарапайым

D. Индустриалды

E. Постиндустриалды

88. Ақпаратты жинауды ұйымдастырудың мәнісі неге саяды?

A. Кадрлармен қамтамасыз етуге

B. Бақылауға

C. Басқарудың жаңа формалары мен әдістеріне

D. Басқару мақсаттарын негіздеуге, міндеттерін жасауға және оларды жүзеге асыратын құралдарға

E. Басқаруды жетілдіру мен қолдауға бағытталған реттеуге әкеп соқтырады

89. Әлеуметтануға жатпайтын әдіс:

A. сауалнама.

B. бақылау.

C. тарифтік.

D. құжаттарды талдау.

E. эксперимент.

90. Ортадеңгейтеориясыныңавторы:

A. Р.Мертон.

B. Э.Гидденс.

C. Э.Дюркгейм.

D. М.Вебер.

E. Т.Парсонс.

91. Өзара байланыстың кәсіби сферасы:

A. Тұлғалар, жекеменшік елдері, жалдамалы жұмысшылар, ранти және т.б.

B. Адамдар туыстық рөлде болады.

C. Әртүрлі жыныс, жас ұлт өкілдері арасындағы байланыс.

D. Индивидтер оқытушы, дәрігер, шахтер, агроном ж.т.б. рөлінде көріну.

E. Адамдар мемлекеттік билік субъектісі немесе саяси институттар өкілі ретінде болады.

92. XX ғ 60-жылдардағы саясаттың экономикадағы басымдылығы туралы қорытынды жасаған:

A. А.Арон

B. Д.Истон

C. Э.Дюркгейм

D. Ф.Энгельс

E. К.Маркс

93. Білімнің беделін айқындайтын жағдай:

A. Білімнің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі

B. Қоғамның білім маңыздылығын мойындауы

C. Білімнің жалпылығы, тегіндігі

D. Материалдық сыйдың деңгейі

E. Моральдік қанағаттандыру деңгейі

94. Отбасы әлеуметтік институт ретінде қай кезде пайда балды?

A. Ұлыстың құрылу кезеңінде

B. Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде

C. Феодалдық құрылыс кезеңінде

D. Ұлттардың қалыптасу кезеңінде

E. Мемлекеттің шығу кезеңінде

95. Жеке адамның әлеуметтік жүйедегі нақты алатын орны:

A. Әлеуметтік рөлі

B. Жеке басының тәуелсіздігі

C. Жеке адамның диспозициясы

D. Әлеуметтік мәртебесі

E. Әлеуметтік жағдайы

96. Әлеуметтендіру процесіне қатысатын адамдардың, ұйымдар және топтардың атауы:

A. Әлеуметтендірудің объектілері.

B. Әлеуметтендірудің агрегаттары.

C. Әлеуметтендірудің агенттері.

D. Әлеуметтендірудің субъектілері.

E. Әлеуметтендірудің қызметкерлері.

97. Р.Мертон бойынша аномияның пайда болу себептері:

A. Мәдени дезорганизация.

B. Экономикалық және саяси институттардың келісімі.

C. Мәдени мақсаттар мен құралдардың келіспеуі.

D. Секуляризация.

E. Саяси дезорганизация.

98. Қазіргі кездегі құқықтық жағдайларға тән нәрселер

A. Халықтың құқықтық ақпарат алу деңгейінің төмендігі

B. Құқықты жоққа шығару

C. Халықтың құқықтық ақпарат алу деңгейінің жоғарылығы

D. Құқық мәселелеріне ықыластың болмауы

E. Құқық мәселелеріне ықыластың жоғары болуы

99. Этнос деген:

A. әлеуметтік ұйым

B. әлеуметтік қауымдастық

C. әлеуметтік институт

D. әлеуметтік ұжым

E. әлеуметтік қауымдастық

100.Т.Парсонстың пікірінше қайраткердің жалпы ережеге бағынуына немесе ерекше сәттерді ескеруіне қандай ”ауыспалы әрекет түрлері” куә болады?

A. ерекшелік-қосқабаттылық (диффуздық)

B. әмбебап-тәжірибелік

C. аффективтік-бейресми

D. мақсатқа жету-орындаттыру

E. мүдде-пайда

 

 

Date: 2016-05-13; view: 765; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию