Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Пайдалануға қол сұғатын қылмыстар





Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнде заңсыз құрылыстар тұрғызу, олардың айналасына немесе Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында қауiпсiздiк аймақтарын заңсыз құру, сол сияқты салынған құрылыстардың және теңiздегi кеме жүрiсiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету мен жою ережелерiн бұзу -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнiң немесе Қазақстан Республикасы айрықша экономикалық аймағының табиғи байлықтарына тиiстi рұқсатсыз жүргiзiлген зерттеу, барлау, игеру - бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады [12,б.57].

Жердi улау, ластау немесе улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсiмдiктердiң өсуiн, ынталандырғыштарды және өзге де қауiптi химиялық, радиоактивтiк немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және көму кезiнде оларды ұстау ережелерiн бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге қызметтiң зиянды өнiмдерiмен бiлдiру, адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтiруге, жердiң табиғи қасиеттерiнiң нашарлауына әкеп соқса, - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

Төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерiн бұзу. Кен өндiру кәсiпорындарын немесе пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын жобалау, орналастыру, салу, пайдалануға беру және пайдалану кезiнде жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда өз бетiнше құрылыс салу, егер бұл әрекеттер едәуiр зиян келтiруге әкеп соқса - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады. Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында жалпы экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттер жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне, мемлекетке iрi көлемде нұқсан, халықтың денсаулығына зиян келуiне әкеп соқса - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда адамдардың жаппай ауыруына немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер - үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Жер қойнаулары туралы қатынастарда туындайтын дауларды соттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешеді.

Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы жер қойнауын пайдалану және минералдық шикізатты ұқсату саласындағы дауларды тараптардың өкілдерінен құралған комиссия қарайды.

Комиссия мәмілелі шешімге келе алмаған ретте даулар аралық іс қарау тәртібімен қаралуы мүмкін.

Жер қойнауы және минералдық шикізатты ұқсату туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығына және жер қойнауы мен минералдық шикізатты ұқсату туралы заңының басқа ережелерін бұзғаны үшін деп екіге бөлуге болады. Жер қойнауы және минералдық шикізатты қорғау туралы кодексте (70-бап) "Жер қойнауын иелену, оған билік ету және оны пайдалану құқығын тікелей және бүркемелеу түрінде бұзатын мәмілелер заңсыз деп табылады" деп көрсетілген.

Аталған мәмілелерді жасауға, сондай-ақ жер қойнауы және минералдық шикізатты ұқсату туралы заңдарды басқадай бұзуға кінәлы адамдар заңда көрсетілген тәртіптік, материалдық, әкімшілік, қылмыстық жауапқа тартылады. Кінәлы адамның басқа жауапқа тартылуы оны материалдық жауаптылықтан құтқармайды [13,б.20].

Жер қойнауы... кодексінің, Жер кодексінен, Су кодексінен айырмашылығы сол, жер қойнауы және минералдық шикізатты ұқсату туралы заңдарды бұзғаны үінім жауаптылыққа тартудың түрлерімен бірге, сол жауаптылыққа жататын заң бұзушылықтың да түрлерін анықтап береді (Жер қойнауы кодексінің 70-74-баптары).

Бірақ, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапқа тарту тәртіптік, қылмыстық, әкімшілік заң бұзушылық туралы заңдарда көрсетілмесе қолданылмайды. Сондықтан экология туралы зандарда көрсетілген жауаптылықтардың жүзеге асырылуы үшін тәртіптік, қылмыстық және әкімшілік заңдарының тиісті нормалары қажет.

 







Date: 2016-06-09; view: 1417; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию