Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шалкиіз жыраудың дидактикалық сарындағы





толғаулары. Шалкиіз (Шалгез) жырау Тіленшіұлы (1965-1560) өмірінен мәлімет.Мұрасының зерттелуі.Шалкиіздің өзінен кейінгі ой мен сөз шеберлеріне әсері. Қазақ поэзиясының атасы — Шалкиіз жырау 1465 жылдар шамасында Жайық бойында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылса да, арабша оқып, хат таныған. Өзге түркі тілдес халықтарға қарағанда шығармалары қазақ арасында ең көп сақталған жырау есімі «Шалгез» аталып кеткен. (Сал — кез, Шәлі — киіз аталуы туралы аңыздар). Шын аты Телағыс екен. Қазір бізге белгілі Шалкездің мұрасы 760 жолдай. Оның 500 жолдайы қазақ арасынан, 260 жолдайы ноғайлар арасынан жиналған. Жырлары түгелдей азаматтық, әлеуметтік лирикаларға жатады. Шалкиіздің бір шоғыр жыры Темір биге арналады. «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқаны», «Тор балаң құсты қолға алып», «Арық хан», «Боз үстінде от жаққан», «Мен иемнің күнінде» т.б. Оның барлық толғаулары – заман, өмір, мораль туралы дидактикалық шешендік туындылар. Шалкиіз шығармаларынан айқын аңғарылатын сыр —оның логикалық жағынан жүйелі келуі. Жырау туындыларына ұйытқы болған оқиғалар аса көп емес, әйтсе де оның өмір кезеңдерін, дәуірге көзқарасын өлең-толғауларына қарап мол сезінуге болады. Шалкиіз жырларында суреттелетін адамдар —Темір, Азике, Мансұр, Арық хан және жыраудың өзі. Шалкиіздің өзін біз көбінесе лирикалық «мені» арқылы танимыз. Өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының да шашбауын көтермеген, турашылдығынан танбаған. Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпімді қуатымен ерек-шеленеді. Шалкиіз — көбі мақалға айналып кеткен талай афористік сөздердің авторы.(Жаман туған бар болса, жаман жолдас көп болса, жазаны содан көрерсің т.б.)Ел әңгімелерінің айтуынша, Шалгез батыр болған. Жауынгер, жорықшы жырау болғандығы оның өз шығармаларынан да көрінеді. Шалгез поэзиясы белгілі дәрежеде жаугершілік поэзиясы. Мұның куәсі жыраудың ескілік қаруы имек садақ пен қайқы қылыштан тым аулақ тұрмағанын көрсететін өлеңдерінен-ақ байқауға болады. («Аспанды бұлт құрсайды», «Балпаң-балпаң басқан күн», «Асқар, асқар, асқар тау» т.б.).Қазақ батырларының өзіндік орын-үлесін, белгі-ерекшеліктерін көрсететін «Ер Шобан» жырында Шалкиіз елдік, ерлік мәселелерін көтереді. Шын мәнісіндегі жыраулық поэзияны жасаушы болған Шалгез дидактикасын кейінгі жыршылар да азық етті.Сондықтан да жыраулық поэзияның гүлдену дәуірі Шалгезбен байланысты, өйткені ол — қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыс.

13. «Бақырғани кітабының» рухани маңызы “Бақырғани кітабы” [1] — түркі тілдес халықтардың 12 ғасырдан сақталған сопылық ағымдағы әдеби ескерткіштердің бірі. Авторы, сопылық ағымның ірі өкілі — Сүлеймен Бақырғани. Бақырғанидың сопылық мазмұндағы хикмет-өлеңдері кезінде ұлан-ғайыр Қыпшақ даласы мен Орталық Азияның түркі тілдес халықтарының арасында кеңінен тарағаны тарихтан жақсы мәлім болғанымен, ақын мұрасы тек 19 ғасырда ғана толық жинақталып, Қазан жәнеСтамбұл баспаларынан “Бақырғани кітабы” деген атпен бірнеше рет (1846, 1877, 1882, 1898 жылдары) басылып шықты. “Бақырғани кітабы” — бес бөлімнен тұрады.


· Бірінші бөлімі — көңіл-күй жырлары;

· екіншісі — сопылық идеясын насихаттауға арналған дидактикалық философиялық хикмет-өлеңдері;

· үшіншісі — Алланы мадақтауға арналған жырлары (“Меғрожнаме”);

· төртіншісі — “Ақыр заман көріністері” дастаны;

· бесіншісі — “Бибі Мариям” толғауы.

“Бақырғани кітабының” басты идеясы — оқырманын ізгілікке, имандылыққа, рухани тазалыққа үндеу. Ақынның айтуынша, әрбір адам рухани тұрғыдан кемелденген дәрежеге жетуі үшін Алланы (Хақты, абсолюттік рухты) толық танып-білуі тиіс. Ал, бұл биік мақсатқа жетуі үшін адам алдымен төрт асудан сүрінбей өтуі керек. Олар: шариғат (ислам заңдары мен әдет-ғұрыптарының жинағы), тариқат (сопылық ағымның идеясы, мұрат-мақсаты), мағрифат (мұсылмандықтың қағида-шарттарын танып-білу) және хақиқат (Хаққа жақындау). Бұл рухани асулардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Сондай-ақ осы төрт басқыштың әрқайсысы он мақамнан (тоқтамнан) тұрады. Аталған төрт сатының (басқыштың) қырық мақамын толық танып-біліп, жақсы игерген адам ғана Алланың (ақиқаттың) дидарын көруге мүмкіндік алады. “Бақырғани кітабы” жырларында сопылық идеяның негізгі қағида-шарттарына, сонымен бірге, адамның қоғамда атқаратын қызметіне гуманистік тұрғыдан түсінік беріледі. “Бақырғани кітабы” Алла сыйлаған өмірдің ләззатынан безбеуге, махаббат қызығын көруге, ғылым мен өнерді меңгеруге үндейді. Адамды сүю арқылы құдайды сүюге болатыны жырланған. “Бақырғани кітабының” “Бибі Мариям” атты бөлімінде пайғамбарлар, әулие-әнбиелер, әлемнің жаратылысы, т.б. туралы жазылған сопылық-дидактикалық сарындағы жырлар қамтылған. Мұнда Ғайса пайғамбар өз анасы Мариям бибімен өмір мен өлім, мейірімділік пен зұлымдық,жақсылық пен жамандық жайында әңгімелеседі. “Бақырғани кітабы” оқырман қауымды имандылыққа, ізгілікке, құдайға құлшылық етуге шақырады

14. Ахмет Иүгнеки. «Ақиқат сыйы»дастанының идеялық мазмұны. Ахмет Йүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдың соңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — орта ғасырлық ақын, хакім, ойшыл. Йүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен.
Ахмед Йүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмет жастайынан ілім - білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан - жақты зерттеп - танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл - ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмет Йүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең - жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “Һибуат - ул - хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбунасыр әл - Фараби, Махмуд Қашқари, Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.
«Ақиқат сыйы» дастанының мазмұнынан айқындалатын мынадай құндылықтар жүйесі бар. Біріншіден, Алла тағала – абсолютті құндылық. «Өліні тірі, тіріні өлі етеді». Бүкіл құдіреттің иесі ұлы бір Құдай. Екіншіден, бақыт жолы тек білім арқылы танылады. Құны жоқ бақыр мысқа теңелгенше, білім арқылы жоғары көтеріліп ғалым болуды үндейді. Үшіншіден, дүние соңында қанша жүгіруге болады? Байлық пен кедейлік тек Алланың ісі. «Күллі қатенің басы – дүниеқұмарлық». Төртіншіден, жомарттық пен сабырлыққа ұмтылу. «Алла сабырлылықты сүйеді, өйткені әр қасіреттің соңы қуаныш». «Жақсылықты үміт етсең, сабыр ет». Бесіншіден, қулық - сұмдық, сұмырайлық, жауыздық, арамдық пен қаныпезерлікті біріктіретін залымдықтан сақтану. Ғалымның еңбек етуінен, оқымыстының би билеп, ән шырқауынан, тақуаның сиынуды қойғанынан қорықты. Бейбастықтарды тыятын адамдардың қалмағанын, олардың көбейгенін қынжыла айтты.
Ахмет Йүгінекидің “Ақиқат сыйының” түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмет Йүгінеки мұрасының 14 — 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі — 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбдін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя - София кітапханасы қорында сақтаулы; 2 - нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр - Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя — София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының Маһмудов 1972 жылы алғаш жариялаған; “Ақиқат сыйының” үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдың ақырында, немесе 15 ғасырдың басында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ - Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты “Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі” деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки мұралары туралы дерек бар.









Date: 2016-06-09; view: 1644; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию