Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






М011200 – химия мамандығы бойынша 1 курс магистранты Р.Б.Әлібаеваның зерттеу практикасының есебі





Зерттеу практикасының бірінші аптасы, зерттеу практикасының жалпы ережелерімен, атап айтқанда зерттеу пратикасының міндеті мен мазмұны, зерттеу практикасының ұйымдастырылуы, магистранттың міндеті, құқықтары, зерттеу практикасы бойынша өткізілетін есептің мазмұнымен таныстым. «Мектеп оқушыларына химия пәнін оқыту үрдісін арттыру әдістері» атты зерттеу тақырыбына сәйкес КазНИТИ-да тақырыпқа сәйкес Қазақстандық диссертацялармен танысып, білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану әдістерін жіктедім. Оқыту үрдісін арттыру әдістеріне талдау жасаудан бұрын «оқыту», «үрдіс» терминдеріне анықтама бердім. Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың еңбектеріне шолу жасадым.

Зерттеу практикасының екінші аптасы, зерттеу бағдарламасына сәйкес ғылыми жетекшім Е.Ж.Меңліғазиевпен бірлесе отырып, зерттеу жұмысының ғылыми негізін құрдық.. «Мектеп оқушыларына химия пәнін оқыту үрдісін арттыру әдістері» атты зерттеу жұмысының құндылығын, зерттеу жұмысының мақсат, міндеттерін, зерттеу жұмысының теориялық негіздерін, күтілетін нәтижені негіздедік.

Негізгі оқыту әдістері және жаңа педагогикалық технологиялар туралы ақпарат жинадым. Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі деп, мұның өзі педагогикалық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, оқыту әдістері және педагогикалық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында педагогикалық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Зерттеу практикасының үшінші аптасы, зерттеу жұмысыны барысында жинақталған ғылыми мақалалар, диссертициялық жұмыстарға, авторефераттарға талдау жасалынып, зерттеу жұмысына қажет мәліметтерді жіктедім. Оның ішінде: дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготеский, Л.В.Занков, Д.Б.Элькокин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В.ММонахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады. Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып - оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту текнологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және т.б. Оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж.Д.Қараев) жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г.Г.Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ.А.Әбдіғәлиев., Н.Н.Нурахметов), блоктық-модульдық технологиясын (М.Н.Жанпеисова) зерттеу жұмысына енгіздім.

Зерттеу практикасының төртінші аптасы, «Мектеп оқушыларына химия пәнін оқыту үрдісін арттыру әдістері» атты зерттеу жұмысымыздың алғашқы теориялық бөлімін курстық жұмыс түрінде рәсімдеп, химия пәнін оқыту барысында оқыту үрдісінің негізгі әдісерін белгіледік. Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы анықталып, зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері анықталды.

Зерттеу жұмысының тақырыбы аясында Алматы қаласы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық унверситетінде 12 сәуір, 2016 жылы өткен «Жастар және ғылым: бүгіні және болашағы» тақырыбындағы 69-шы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы «Оқыту үрдісін жетілдіруде ақпараттық технологияның тиімділігі» атты мақала жарияланды, 2016 жылдың 12 сәуірінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен «XVI Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференция жинағына «Ақпараттық технология - нәтижелі білім берудің көзі» атты мақала жарияланды.

Зерттеу практикасы барысында жасалынған жұмыстарды қорытындылап, зерттеу практикасының бағдарламасында көрсетілген есеп мазмұнына сәйкес есепті дайындалды.

 

Практика жетекшісі Е.Ж.Меңліғазиев

 

Ғылыми жетекшісі Е.Ж.Меңліғазиев

 

Магистрант Р.Б.Әлібаева

 

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

 

 

6М011200 – ХИМИЯ МАМАНДЫҒЫНЫҢ 1 КУРС МАГИСТРАНТЫ ӘЛІБАЕВА РОЗАНЫҢ ЗЕРТТЕУ ПРАКТИКАСЫНА АРНАЛҒАН

ЕСЕБІ

 

(11.04.2016 – 07.05.2016 ж.)

 

Алматы 2016ж

 

Date: 2016-06-08; view: 1172; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию