Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Иерархиялық желілер





 

Егер жергілікті желіде ерекшеленген компьютер – сервер болса, онда желі иерархиялық деп аталады. (2.5.сурет) жергілікті иерархиялық желілерде бір немесе бірнеше серверлер болуы мүмкін. Иерархиялық желілердегі сервер – бөлінетін ресурстардың тұрақты сақтау қоймасы. Сервердің өзі тек жоғарырақ – иерархия деңгейіндегі сервердің клиенті болуы мүмкін.

 

 

Файловый сервер


 

 

2.5Сурет –ЛВС иерархиялық құрылымы


Серверлер, әдетте, параллель жұмыс істейтін бірнеше процессорлары, сыйымдылығы үлкен винчестерлері, жоғарғы жылдамдықты желілік картасы (100 Мбит/с және одан да көп) бар жоғары өнімді компьютерлер болып табылады.

 

Серверде ақпаратты ұйымдастыру және сақтау тәсілін арнайы адам – желі әкімі белгілейді. Бірлесіп пайдаланатын информацияның сақталуы үшін жауапкершілік те оның мойнында.

 

Жергілікті иерархиялық желілерде деректерді қңдеу екі объект: клиент пен сервер арасында бөлінген. Клиент, жоғарыда айтылғандай, жұмыс станциясы; бұл сөзбен жұмыс станциясын пайдаланушыны да есепке алуға боалды. Бірақ, сонымен бірге жұмыс станциясынан сервердің ресурстарына қатынас құруды жүзеге асыратын арнайы компьютерлік программа да «клиент» деп аталады. Деректерді өңдеу кезінде клиент қандай да бір күрделі немесе мамандандырылған процедураларды орындау үшін серверге сұрату дайындайды, мысалы файлды шығарып оқу жазбаларды іздестіруді жүзеге асыру және т.б. Сервер өз кезегінде клиенттен түскен сұратуды өңдеп, оны орындайды да, қорытындысын клиентке қайта жібереді. Әдетте, сервер жалпы пайданудағы деректерді сақтауға, оларға қатынас құруды ұйымдастыруға және деректерді клиентке жолдауға жауап береді. Деректерді алған клиент оларды өңдеп,, өңдеу нәтижесін пайдаланушыға ыңғайлы түрде ұсынады.

 

Кейде деректерді өңдеуді сервер де орындайды.

 

Иерархиялық желілердің жұмысын басқаратын программалық жабдықтама екі бөліктен тұрады:

 

· серверде орнатылатын желілік операциялық жүйеден;

 

· жұмыс станциясындағы программалық жабдықтамадан,жұмыс станциясында орнатылғаноперациялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін программалар жиынынан. Сонымен қатар, әр түрлі жұмыс станцияларында бір желіде әр түрлі ОЖ орнатылуы мүмкін.

 

Үлкен иерархиялық желілерде желілік ОЖ ретінде UNIX пайдаланылады. Қазіргі кезде орта көлемдегі желілерде Windows NT желілік ОЖ-сі қойылады. Бұл жағдайда серверде Windows NT Server деп аталатын оның серверлік бөлігі, ал жұмыс станцияларында Windows NT Workstation клиенттік бөлігі орнатылады, немесе клиенттің программасы ретінде Windows XP пайдаланылуы мүмкін.

 

Серверді иерархиялық желілерде пайдалану тәсілдеріне байланысты серверлердің келесі типтерін ерекшелеуге болады:

 

· файлдық сервер –бірлесіп өңдейтін файлдарды,бірлесіп пайдаланатын программаларды сақтайтынжәне оларға пайдаланушылардың қатынас құруын қамтамасыздандыратын компьютер;

 

· деректер базаларының сервері –деректер базасы файлдарын басқару,сақтау,өңдеу және жұмысстанциясынан келіп түскен сұрату бойынша ақпараттар беру функциясын орындайтын компьютер;

 

· баспа сервері –желіні пайдаланушыға мүмкін және қолайлы баспа құрылғылары қосылатынкомпьютер, ол басылым сұратуларына қызмет етеді және оларды орындау кезегін ұйымдастырады;

 

· пошта сервері –онда жергілікті желі бойынша да сырттан модель бойынша да жіберілетін жәнеалынатын ақпараттар сақталатын компьютер. Оны пайдаланушы адам кез келген өзіне ыңғайлы уақытта атына келіп түскен ақпаратты қарап шығып, пошталық сервер арқылы өзінің хабарын жібер алады. (21 – 30)

 

Төменде 2.1. кестеде үш ең типті есептеу желілірінің топологиясының негізгі сипаттамасы келтірілген

 

2.1 Кесте – Есептеу желілерінің топологиясының негізгі сипаттамалары.

 

Сипаттамалары   Есептеу желілерінің топологиясы  
Жұлдыз Сақина Шина  
       
Кеңейтілу құны   болмашы орташа орташа  
Абоненттерді жалғау   Пассивті Активті Пассивті  
Тоқтап қалудан қорғау   болмашы болмашы жоғары  
Жүйенің мөлшері   кез келген кез келген шектеулі  
Тыңдаудан қорғану   жақсы жақсы болмашы  
Қосудың құны   болмашы болмашы жоғары  
Жоғары жүктемедегі жүйенің тәртібі жақсы қанағаттанарлық нашар  
Шынайы уақыт режиміндегі өте жақсы жақсы нашар  
жұмыстың мүмкіндігі    
         
Кабельді ажырату   жақсы қанағаттанарлық жақсы  
Қызмет ету     өте жақсы орташа орташа  

 

Date: 2016-01-20; view: 477; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию