Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Оқу сабақтарында балалардың дағдыларын, шеберліктерін есепке алу
«Ана тілі» сабақтарында мұғалім балалардың қаншалықты саналы, дұрыс оқуларын бақылай отырып, анықтай алады. Сыныптан тыс оқығандары бойынша әңгімелесу және өз беттерімен оқыған кітаптарынан түсінгендерін айтып беру балалардың оқуға қаншалықты ынталы екендігін, шығарманың идеясы мен мазмұнын қаншалықты терең түсінген-түсінбегендерін көрсетеді. Сонымен бірге оқуы кем балаға дұрыс, саналы және шапшаң оқу дағдысын қалыптастыруға, жетілдіруге уақытында көмектесу үшін, оны жүйелі түрде есепке алып отыру керек. Мұндай есеп әсіресе 1,2 және 3-сынып оқушыларына қажет. Мұғалім дағды мен іскерлікті (шеберлікті) есепке алу үшін бөлек дәптер арнайды. Онда әрбір оқушыға бірнеше жол орын береді де, сыныпта оқыған кезде жіберген кемістіктерін белгілеп қояды. Бірінші сынып үшін дағдылары мен шеберліктерін толық есепке алатын схема жасауға да болады. Мысалы:
Оқушылардың оқу кемістіктерін түзету үшін олардың себептерін анықтау қажет. Мұндай кемістіктер әр түрлі болады, мысалы: зейіннің тұрақсыздығынан, зейінін тұрақсыздандыра алмаушылық, буындап оқу дағдысының қалыптаспағандығынан(көбіне әріп тастап кету құбылысы), оқушының тіл кемістігі т.б. мұндай кемістіктерді жою барысында істелетін жұмыстар дұрыс оқу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі, оның қажеттілерін бекіте түседі. Мәнерлеп оқу алмау саналы оқуға олақтықтан туады, яғни демді дұрыс ала алмау немесе дикция кемістігі. Ал мәтінді шала ұғынудың өзі де түрлі –түрлі жағдайларға байланысты: ақыл-ой дамуының жеткіліксіздігі, сөздік қорының тапшылығы, оқушының ұқыпсыздығы т.б. Оқушының бойында қалыптасуға тиісті дағды мен шеберлік бағдарлама талабына сәйкес болуы үшін мұғалім аталған кемістіктерді жоюға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді.
Date: 2016-01-20; view: 1371; Нарушение авторских прав |